Открытый урок в 7 классе. Тема: "Көксерек"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Открытый урок в 7 классе. Тема: "Көксерек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Открытый урок по казахской литературе в 7 классе.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

Балалар мен үлкендер

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:


Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.1.1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау;

7.1.2.1.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан мазмұндау., түсіну

Сабақтың мақсаты

М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


3 мин


















Ұйымдастыру кезеңі

а) түгелдеу

ә) оқу құралдарын түгелдеу`

б)Психологиялық ахуал

«Сиқырлы айна» әдісі

Мақсаты: оқушылардың сабаққа деген қызғушылығын арттыру.

Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру үшін «Сиқырлы айна» әдісін қолданамын.Оқушылар жұптасып, бір - біріне мінездерінің жақсы жақтарын айтады.

Оқушыларды «Пазл» әдісімен қиылған суреттерді құрастыру арқылы 3 топқа топтастырамын.(1,2,3 топ)

Ауызша қолдау.





ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Wordwall» платформасы арқылы үй тапсырмасын тексеру


Оқушылар « Көксерек » фильмі бойынша білгендерімен сәйкестендіру жүргізеді.





ҚБ:Күнделік бағалау әдісі арқылы бағалаймын. Әрбір дұрыс жауапта 1 ұяшық бояйды.



Сабақтың ортасы



5мин











5 мин



















7мин


















5мин




1.1Жаңа тақырыпқа байланысты материалдарды оқу, бейнебаянды мұқият көріп, тыңдау

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең биік тұлғасы - Мұхтар Омарханұлы Әуезов.

Ол – қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман-эпопеяның авторы қазақ әдебиетінің өркендеуіне үлес қосқан ұлы тұлға.

«Көксерек» — адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма. Бұл әңгіме

1929 жылы жазылған. Адам қолында өскен, бірақ адамға қиянат еткен, оның ет-бауырын езіп, жара салған көкжал сол адам қолынан өлім тапты. «Көксерек» тұңғыш рет «Жаңа әдебиет» журналында жарияланды (1929, №2-3). Көптеген шетел тіддеріне аударылды. 1977 жылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеке кітап болып шықты. Шығарма бойынша «Көксерек» фильмі түсірілді, қазақ, неміс, орыс тілдерінде спектакльдер қойылды.

1-тапсырма . Топтық жұмыс.

Шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.


1. Басталуы - Сайдағы қасқырлар апаны. Екі аяқтылардың індегі бөлтіріктерге қиянаты.
2. Байланысы -
Көксеректің ауыл тұрғыны болуы, оның ауылда өсуі,мінез-құлқындағы қасқырға тән ерекшеліктері.
3. Дамуы -
Көксеректің Ақ қасқырмен қосылып төңіректегі ауылдарды шулатуы. Қорадағы қойларды жаралауы.
4. Шарықтау шегі -
Көксеректің ызаға бой алуы. Құрмаштың қазасы
5. Шешімі -Аққасқаның Көксерекпен айқасы.Көксеректің өлімі. Құрмаштың әкесінің Көксеректі басқа теуіп,
Құрмашын жоқтауы

Оқушылар бейнероликті назар салып көреді.





Оқушылар М.Әуезов туралы жаңа мәліметтермен танысады.















Әр топқа шығарманың әр бөлігін беріп , топпен оқып,талдап жалпы шығарма мазмұнын меңгеріп,шығарманың құрамдас бөліктерін табады.

































ҚБ:Күнделік бағалау әдісі арқылы бағалаймын. Әрбір дұрыс жауапта 1 ұяшық бояйды.



Дескриптор:

-шығарма мазмұнын түсінеді-1 балл

-топпен оқып талдайды-1 балл

-шығарманың құрамдас бөліктерін табады-1 балл








https://www.youtube.com/watch?v=prCKesT_8sc





7-сынып

Қазақ әдебиеті

Арман ПВ баспасы

Жұптық жұмыс. Мысалы:

Аңшы

Қырағы,сақ

Атады, көздейді, аулайды.

Қансонарда аңға шығады

Мерген.

Қасқыр

Жыртқыш,қомағай

Ұлиды, шабуылдайды,жортуылдайды

Қасқыр- түз тағысы

Бөрі,көкжал

Сыныптағы оқушы деңгейіне қарай жұптастырып, оқушылар синквейн әдісі бойынша « қасқыр», « аңшы» сөзіне 5 жолды өлең құрастырады.

ҚБ:Күнделік бағалау әдісі арқылы бағалаймын. Әрбір дұрыс жауапта 1 ұяшық бояйды. Дескриптор:

-Синквейн құрастырады

Дұрыс жауап -1 балл











Сергіту сәті

«2 шындық 1 өтірік» әдісі

Жеке жұмыс

«Wordwall» платформасы арқылы жұмыс жасайды.


Оқушылар ретімен 2 шындық, 1 өтірік айтады. Бірін-бірі қайталамау керек.Қалғандары табу керек.

Оқушылар интербелсенді тақта арқылы фортунада түскен сұрақтарға жауап береді.








Дескриптор:

Сұрақтарға дұрыс жауап береді -1балл









https://wordwall.net/ru/resource/67415067



Сабақтың соңы


5 мин

Кері байланыс. «Күнделік » әдісі

бойынша өтеді.




Бағалау:




Үй тапсырмасы: М. Әуезов.

« Көксерек » әңгімесін оқып, мазмұндау.

Оқушылар сабаққа кері байланыс жасайды.

Бүгінгі сабақтан алған әсерімен бөлісіп,күнделік бойынша жинаған балл сандарын санайды.











Оқушылардың қолындағы

«Күнделіктегі» боялған ұяшықтарды санау арқылы бағалаймын.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
19.08.2024
258
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі