Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оттектің жалпы сипаттамасы, физикалық, химиялық қасиеттері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік – Оттектің табиғаттағы таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері бойынша, тіршілік үшін маңызы туралы білім беру; 2. Дамытушылық –оқушылардың дүниетанымдық ой-өрісін дамыту; 3. Тәрбиелік: қоршаған орта және ауаның тазалығы туралы экологиялық тәрбие беру;
Материалдың қысқаша нұсқасы











Сабақтың тақырыбы:  Оттектің жалпы сипаттамасы, физикалық,  

                                            химиялық қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

1.                  Білімділік – Оттектің табиғаттағы таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері бойынша, тіршілік үшін маңызы туралы білім беру;

2.                  Дамытушылық –оқушылардың дүниетанымдық ой-өрісін дамыту;

3.                  Тәрбиелік: қоршаған орта және ауаның тазалығы туралы экологиялық тәрбие беру;

Сабақ түрі: Аралас сабақ;

Әдіс-тәсілі: деңгейлік тапсырмалар орындау, тірек-сызбалармен жұмыс,  сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: физика, биология, география;

Көрнекі құралдар: тірек-сызба, карточкалар

Сабақ барысы:  

I.                  Ұйымдастыру кезеңі. 

                        Тақырыпты ашу

                                     Иісі де, дәмі де жоқ ұсталмайды,

 Ол болмаса, тіршілік өмір де жоқ.

Ол болмаса, отын да тұтанбайды,

                     Қалады қарауытып көмір боп шоқ.      (оттек)

Сабақтың тақырыбы «Оттек» екенін айту, мақсатымен таныстыру

II.               Үй тапсырмасын тексеру:

Бейорганикалық қосылыстар тақырыбына қатысты тапсырмалар орындау

                                                         1 тапсырма

Химиялық элементтердің таңбаларын жазып, латынша атауын атаңдар.

                     Кремний                       Мырыш                            Темір

                     Сынап                           Мыс                                  Азот

                     Алтын                           Қорғасын                         Күміс

2 тапсырма

Берілген қосылыстардың валенттігін жазыңдар.

K Cl                    P H                     Fe O                  H S

Ba O                   CaO                    P O                   Al O

Fe  S                   Mn O                  K P                    P Cl

3 тапсырма

Реакция теңдеулерін аяқтап, коэффициенттерін қойып, теңестіріңдер, типін анықтаңдар.

Fe + S                                            Mg + O                  

H2 + Cl2                                                                 Cu O + H2SO4

CaCO3                                                                     Fe + Cl   

III.           Жаңа тақырып

 Жалпы сипаттамасы:     

Жай зат. Оттектің молекуласы екі атомнан тұрады.

Химиялық белсенді және де ең көп таралған элемент.

Аr( O2)= 16

Валенттілігі II

Жер қыртысында қосылыс түріндегі оттектің массасы 49,13%

Жер қыртысында қосылыс түріндегі оттектің массасы 49,13%

Физикалық қасиеттері.

Оттек – иіссіз, түссіз, ауадан сәл ауыр газ. Суда нашар ериді. ХVІІІ ғасырда тәжірибе жүзінде ағылшын химигі Дж.Пристли мен швед ғалымы К.Шееле оттекті бос күйінде алып, оның ауаның құрамдас бөлігі екенін дәлелдеді.

Оттектің 1 литрінің массасы 1,43 г. Оттек суда аз ериді. Оттек -1830С сұйылады, -2180С-та қатады.

Алынуы.

1.Табиғатта күн сәулесі әсерінен жүретін әйгілі фотосинтез процесі кезінде, жасыл өсімдіктер оттекті бөліп шығарады.

2.Өнеркәсіпте оттекті көп мөлшерде сұйық ауаны айдау арқылы алады.Өнеркәсіпте алдымен ауаны шаң-тозаңнан, ылғалдан және көмір қышқыл газдан тазартады. Одан соң ауаны қатты қысып, суытады. -2000С-та азот пен оттек сұйық күйге ауысады. Енді азотты оттектен бөліп алу үшін, аздап қыздырады. Алдымен -1960С-та азот қайнап бөлініп шығады. Ал оттек сұйық күйде қалады. Өнеркәсіпте оттекті көп мөлшерде сұйық ауаны айдау арқылы алады. Сұйық оттекті арнайы екі қабырғалы термостат – Дьюар ыдысына құйып сақтайды. Газ күйіндегі оттекті көкшіл түске боялған болат баллондарда 1-1,5 кПа қысымда сақтайды.

3.Лабораторияда оттекті құрамында оттек мол болатын әрі қыздыру кезінде тез айырылатын күрделі заттардан: калий перманганаты, калий хлораты, су, т.б. алады.

2 KMnO4                 K2MnO4+ MnO2+O2

 калий перманганаты   калий манганаты

2 KСlO3                 2KСl + 3O2

 калий хлораты     калий хлориді

Химиялық қасиеттері  

Жарық пен жылу бөле жүретін реакциялар жану реакциясы деп аталады. Қыздырғанда оттек көптеген металдармен және бейметалдармен әрекеттеседі.

1.     Көмірдің оттекпен әрекеттесуі:

C + O2 = CO2

2.     Күкірттің оттекпен әрекеттесуі:

          S + O2 = SO2

      3. Фосфордың оттекпен әрекеттесуі:

         4P + O2 = 2 P2O5

      4. Металдардың әрекеттесуі:

         3Fe +2O2= Fe3O4

IV.           Жаттығулар орындау

1. Судағы H2O, құмдағы SiO2 , глюкозадағы C 6H 12O6  оттектің массалық үлесі қанша екенін есептеңдер.

 2. P→ P2O5                                                            Al→ Al2О3                              

     K→ K2O                                                                                  Mg→ MgO

V.               Қорытындылау.

VI.           Бағалау.

VII.        Үй тапсырмасы:



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2018
721
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12