жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отынның энергиясы
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.1 А Жылу құбылыстары |
Мектеп: Жамбыл атындағы орта мектеп |
||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Мамырқұлов Б. |
||
|
Сынып: 8 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау. Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану |
||
|
Сабақтың мақсаты |
-Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтайды; -Отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсіндіреді; -Отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептейді; |
||
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу және түсіну. Қолдану |
||
|
Бағалау критерийлері |
|
||
|
Тілдік мақсаттар
|
Физикалық терминдердің жазылым мен айтылымда қолданады Физика сабағында қолданатын тірек сөздер: Отын, жану, жану жылуы, меншікті жану, қыздыру Диалогқа қажет дәйек сөздер:
|
||
|
Құндылықтарға баулу
|
Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алуын, есептер шығару қабілетін жеке және топтық жұмыс арқылы дарытамын |
||
|
Пәнаралық байланыс |
Математика, химия, информатика |
||
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім |
Энергия. Жылу мөлшері. Табиғаттағы жылу берілу |
||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 8мин |
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгелдеу 2.Психологиялық ахуал. «Күн сәулесін төгеді»
3.Алдыңғы білімдерін
еске түсіру. Физикалық
диктант. 4. Көрсетілім (Сыныппен жұмыс) (балауыз жағу), оқушылармен диалог жүргізу арқылы сабақ тақырыбын ашу. Бұл оқушылардың тыңдылым, логикалық ойлау және жоғарғы деңгейде ойлау, проблемаларды шешу дағдыларын қалыптастырады.
С -көрсетілім барысында біз не көрдік? -не себепті балауыз оты сөнді? -Қай жағыдайда от сөнбейді? (тапсырманы тез орындайтын оқушыларға) -отты төңкерілген шыны ыдыспен жапсақ не көреміз? көрсетілімде көрінгендей жану кезінде оттек жануды қолдайды және отын жанғанда энергия бөлінетініне көз жеткіздік. Бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрылымдастырылады 5.Топтарға бөлу, топ ережесін қайталау. «Пазл» әдісі бойынша МҰНАЙ, ГАЗ, КӨМІР үш топқа бөлемін. «Пазл» әдісін пайдаланып оқушылардың логикалық ойлауын,топта жұмыс істеу, ынтымақтастық проблемаларды шешу, абстрактылы ойлау дағдыларын қалыптастыру |
Слайд Көрсетілім балауыз, сіріңке, шыны ыдыс Суреттер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 20мин |
1 тапсырма Мәтінмен жұмыс: Әр топқа оқулықтан мәтін беріледі. Мәтінді оқи отырып оқушылар топ ішінде талқылайды «Ассосация әдісі» (Топтық жұмыс) Оқушылар топ ішінде отынның энергиясы мен жану жылуы туралы ақпаратты жазып шығады.
Қалыптастырушы бағалау түрі: өзара бағалау Қалыптастырушы бағалау тәсілі: «Бас бармақ» әдісі Кері байланыс түрі: өзіндік рефлексия 2
тапсырма «Дұрыс бұрыс »
әдісі «Үлгіге қарап есепті шығару»
(Жеке жұмыс) Мұғалім тақтаға бір есепті шығарып көрсетеді және оны бір оқушы шығарылу жолын түсіндіреді қалған оқушылар дәптерге жазады. Пазлдың артында әр топқа есептер беріледі. Оқушылар есептерді жеке шығарады. 1.1000г антрацит толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?
2.Қарағанды көмірінің 1000г-ы толық жанған кезде бөлінетін жылу мөлшерін анықтаңдар?
3.Массасы 200г керосин толық жанғанда қанша энергия бөлінеді?
( тапсырманы тез орындайтын оқушыларға )
Өз – өзін бағалау үшін оқушыларға есептің шығарылуын және жауабын слайдта көрсетемін. 3-тапсырма РАФТ кестесі. Сілтемедегі ақпаратты қолданып, елімізде мұнайдың, газдың, көмірді үнемдеу, энергияның тиімділігін арттыру туралы ойларын қорытады. Дәптерге керек мәлеметтерді жазып отырады. Топ пікірлері тыңдалады. Оқушылардың сыни ойлауын, жазу дағдыларын дамытады.(Топтық жұмыс) (Рөл (мәтіннің кімнің атынан жазылатыны), Аудитория (мәтіннің кімге арнап жазылатыны), Форма (мәтін қандай түрде жазылатыны (хат, азыз, өтініш, алғыс, түсініктеме хат, өлең т.б), Тақырып (мәтін не туралы болады? мәтінге арқау болатын тақырып).
4Тапсырма Зерттеу тапсырмасы. (жеке жұмыс) 1. Бір тал сіріңкемен ағаш жаңқасын тез тұтатуға болады, неге үлкен кеспекті тұттандыруға болмайды? ( тапсырманы тез орындайтын оқушыларға ) Қайың кеспек толық жанғанда қанша жылу мөлшерін бөліп шығаратынын қалай есептеп табуға болады? Ол үшін қандай шамалар белгілі болуы керек?
|
Мәтін Қосымша 1 Оқулық
Тақта
АКТ Слайд
Мәтін www.google.kz
Қосымша 2
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы |
(Жеке
жұмыс) Кері байланыс
парағы Рефлексия «ойды аяқта» әдісі -бүгін мен білдім........... -мен үйрендім............ -қиындық тудырды......... -қолымнан келді.............. -менің білгім келеді......... Үйге тапсырма Екі азық түлік заттарының меншікті жану жылуы көрсеткіштерін жазып, колориядан Дж-ға айналдыру, пайдасы мен зияны туралы мәлімет дайындау. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасын сақтау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
І. «Тапсырма» тәсілі Оқушылардың қажеттіліктеріне және күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалар пайдаланылады ІІ. «Қарқын» тәсілі Тапсырманы анағұрлым жылдам орындайтын оқушыларға танымдық қажеттілігін қанағаттандыру үшін тапсырма ұсынылады ІІІ. «Қорытынды» тәсілі Оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарын тапсырма орындау барысында анықтайды. Мұғалім нұсқау бере отырып, өзіндік рефлексия жасауға бағыттайды IV. «Бағалау» тәсілі Бағалау критерийі арқылы оқушылар өзін-өзі бағалап, өз оқуына түзету енгізу туралы ойланады |
|
Партада оқушылардың дұрыс отыруына, сынып тазалығына, интербелсенді тақтамен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесіне көңіл бөлу. Оқу мақсатымда еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алуын, есептер шығару қабілетін жеке және топтық жұмыс арқылы дарытамын |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Сабақтың және оқу мақсатын менің ойымша дұрыс құрдым. Оқушылар сабақ барысында отынның жану процесі туралы түсінік алады, яғни оттек болмаса жану процесі жүрмейтініне көз жеткізеді. Тақырыпқа байланысты отын энергиясының, меншікті жану жылуының белгіленуін, өлшем бірлігін, формуласын түсінеді. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша 1
Массасы 1 кг отын
толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы
отынның меншікті жану жылуы деп атайды.
q – отынның меншікті жану жылуы. Өлшем бірлігі 1 Дж/кг.
Кез келген массасы m отын толық жанғанда бөлінетін Q жылу мөлшерін
есептеу үшін q меншікті жану жылуын жанған отынның массасына
көбейту керек.
Қосымша 2
Көмір: Қазақстанда тас және қоңыр көмірдің мол қорлары бар. Республикада 200-ге жуық көмір кен орыны барланған. Қазақстан көмірінің жалпы геологиялық қоры 164,4 млрд. тонна шамасында бағаланады, оның ішінде: тас көмір 17,6 млрд. тонна, қоңыр көмір 92,8 млрд. тонна. Барланған қорлар 60 млрд. тонна шамасында, баланстан тыс қорлар 19,3 млрд. тонна. Олардың 63%-ы тас көмір (оның кокстелетіні 17%), 37% – қоңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан (Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен). Ірі кен орындары – Шұбаркөл (қоры 2,2 млрд. тонна), Борлы (0,5 млрд. тонна), Самара (1,3 млрд. тонна), сондай-ақ, Теңіз-Қоржынкөл көмір алабы (шамамен 2,7 млрд. тонна). Торғай энергетикалық қоңыр көмір алабының қоры 52 млрд. тонна, оның барланғаны 7 млрд. тонна. Оңтүстік Қазақстанда Іле және Төменгі Іле қоңыр көмір алаптары орналасқан. Іле алабының геологиялық қорлары 14,8 млрд. тоннаға бағаланады, барланған қоры 0,9 млрд. тонна. Төменгі Іле алабының геологиялық қоры 9,9 млрд. тонна, оның 3 млрд. тоннасы барланған. Шығыс ҚазақстандаҚаражыра (Юбилейное) (қоры 1,5 млрд. тонна), Кендірлік (1,6 млрд. тонна, барланғаны 250 млн. тонна) кен орындары белгілі. Кендірлікте көмірден басқа жанғыш тақтатастар бар. Оның жалпы қоры 4 млрд. тонна, барланғаны 20,3 млн. тонна. Қазақстанның батысындағы ең ірісі – Мамыт қоңыр көмір кен орны. Жалпы геологиялық қоры – 1,5 млрд. тонна, оның 0,6 млрд. тоннасы барланған.
Қазақстан Республикасының бүкіл дерліктей аумағын қара металл кендерінің алып кентастық аймағы ретінде қарастыруға болады. Мұнда оның бүкіл әлемге белгілі барлық генетикикалық және өндірістік, оның ішінде бірегей түрлері кездеседі. Қазақстанда кара металл кентастарының 1000-нан аса кен орындары мен кен білінімдері анықталған. Темір, хром, марганец пен титан кентастарының кен орындары игерілуде. Балансқа алынғаны 17 кен орны, баланстан тыс 11 кен орны бар. Темір кентасының жиынтық қоры 17 млрд. тонна. Оның 93% мөлшері бес ірі кен орында: Қашар, Сарыбай, Соколов, Әйет, Лисаковта шоғырланған. Бұл кен орындарының барлығы Солтүсік Қазақстанда (Торғай ойысының солтүстік-батыс бөлігінде) орналасқан. Орталық Қазақстанда пайдаланылып келе жатқан Батыс Қаражал, Үшқатын мен Кентөбе кен орындарының барланған қоры 300 млн. тоннадан асады. Оңтүстік Қазақстанда Иірсу (қоры 327,7 млн. тонна) мен Абайыл (28,3 млн. тонна) кен орындары барланған. Батыс Қазақстанда (Солтүстік-Шығыс Аралмаңы) ең ірісі – баланстан тыс оолитті қошқыл теміртас кентасты Көкбұлақ кен орны (1,9 млрд. тонна), сонымен қатар титан-магнетитті кентастарының болжамдық қоры 1 млрд. тонна болатын Великов ірі кен орны бар. Қазақстан хромит кентасының қоры бойынша әлемде екінші орында. Балансқа алынғаны 21 кен орны (шамамен 230 млн. тонна). Қорлардың барлығы Кемпірсай кенді ауданында (Мұғалжар тауы) шоғырланған. Аса ірі хромит кен орындарының қатарына Алмас-Жемчужина кен орны жатады (қоры 100 млн. тоннадан асады).
Бұл алапта кобальт-никель кенінің де бай қоры бар. Қазақстанда марганец кентастарының баланстық қоры 400 млн. тоннадан асады. Болжамдық қорлары 850 – 900 млн. тонна деп бағаланады. Қорлар негізінен (99%) Орталық Қазақстанның Атасу кенді ауданында шоғырланған (Батыс Қаражал, Үшқатын, Үлкен Қытай, Қамыс кен орындары). Қаратау, Байқоңыр, Кіндіктас, Жетісу Алатауындағы көмір-кремнийлі тақтатас қабаттарында орналасқан ванадий кендері мен Батыс және Солтүстік Қазақстандағы, жердің беткі қабаттарында жатқан титан кендерінің де маңызы аса зор.
Мұнай
-
«Шеврон-Тексако» (Теңіз)
-
ҚӨБ консорциумы (Қарашығанақ)
«Қазмұнайгаз» Қазақстаннын, ең ірі ұлттық мұнай компаниясы. Осы компаниялардың жұмыс істеу нәтижесінде мемлекетіміздегі мұнай өнеркәсібінің даму каркыны жылдан-жылға өсу үстінде.
1970 жылдары республикамыздағы барлық мұнайды үш облыс (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) өндіретін, казір 6 облыс өндіріп отыр.
Көш бастаушы Атырау облысы.
Өндіріс ауданынан тұтынушыға темір жол аркылы цистернада және Каспий теңізі арқылы танкермен тасымалданады. Бірақ негізгі бөлігі құбыр арқылы тасымалданады. Мұнай тасымалдауда кұбырдың рөлі тиімді болғандықтан жыл өткен сайын оның үлесі артуда.
Құбырдың мұнайды өткізу мүмкіншілігі жоғары. Диаметрі 83 см болатын құбыр жылына 10 млн тонна өткізе алады. Сонымен бірге өрт шығу қаупі құбырларда сирек болады. Қазақстандағы магистральді мұнай құбырының ұзындығы 7000 км-ден артық. Ең ірілері Атырау-Новороссийск, Атырау-Самара, Атасу- Алашаңкоу және Омбы-Павлодар-Шымкент.
Мұнайды мұнай өңдейтін зауыттарда (МӨЗ) өңдейді. Мұнай өңдейтін зауыт көбінесе тұтынушыға негізделген. Қазақстанда 3 ірі мұнай өңдейтін зауыт (Атырау, Павлодар, Шымкент) және кішігірім отын жанар-жағармай зауыты Қарашығанақта жұмыс істейді.
Табиғи газ — Жер қойнауларында органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы.
Табиғи газ пайдалы қазбалар қатарына жатады. Табиғи газ қабаттарда (жер қойнауларында) орналасқанда газтәрізді күйде - жекелеген шоғырлар (газ кендері) түрінде немесе мұнай-газ кенорындарының беткі бөлігіндегі арнайы газды қабат (шапка) ретінде немесе мұнайда, кей жағдайда суда ерітілген күйде де болады. Қалыпты жағдайда (101,325 кПа және 15 °C) табиғи газ тек газтәрізді күйде болады. Сондай-ақ табиғи газ табиғи газ гидраттары түрінде кристалл күйінде де кездесе береді. Таза табиғи газдың иісі мен түсі болмайды.
шағым қалдыра аласыз
ұрақтар
келесідей:





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген