400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

"Отырар кітапханасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар "Отырар кітапханасы"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: Отырар кітапханасы

Күні: 17.04.2023

Мұғалімнің аты-жөні:Аханова Г.Н

Сынып: 6 (Ә,Б)

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;

Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.

Сабақ мақсаты:

  1. «Отырар кітапханасы» мәтінінде көтерілген мәселені айқындайтын жетекші, нақтылау сұрақтарын құрастырады;

  2. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, дәлелдейді;

  3. Үстеулердің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдерімен алмастырып, қолданады.

Тілдік мақсат:

Диалог құрауға немесе мәтін жазуға арналған тірек сөздер: Мәңгілік ел тарихы,тарих қойнауы,Отырар кітапханасы,Әл Фараби,ұлы дала,т.б.

Пәнаралық байланыс:

Қазақстан тарихы 3-бөлім. XIII – XV ғасырдың I жартысындағы Қазақстан. Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы тақырыптары арқылы байланысады.

Алдыңғы білім:

Александрия кітапханасы

Бағалау критерийі:

  • Мәтінде көтерілген мәселені айқындайтын жетекші, нақтылау сұрақтарын құрастырады.

  • Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.

  • Ақпаратты негіздеп дәлелдейді. Үстеулердің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдерімен алмастырып, қолданады.

Сабақ жоспары:

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Басталуы

Амандасу.

«Нұрға бөлену» тыныштық сәті әдісі

О қушыларға тақырыпты ашпас бұрын, «Үш сурет,бір мағына» әдісімен суреттер көрсетіледі.









Иә,балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз «Отырар кітапханасы». Оқулықтың 166 бетін ашамыз.

Интербелсенді тақта


Тыныштық әуені


https://youtu.be/JDI5-Fx08MA


Ортасы

1-тапсырма:


Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы «Отырар кітапханасы» мәтінін түсініп оқу.

Сұрақ-жауап :

Отырар кітапханасына кітап қалай жиналған?

2. Отырар кітапханасы неге әлемдегі екінші үлкен кітапхана

атанған? Біріншісі қайсы?

  1. Сендердің ойларыңша, Отырар кітапханасы табылуы мүмкін бе?

  2. Кітапхана жайлы тағы қандай қызықты деректер білесіңдер?!

2-тапсырма:

Отырар кітапханасы туралы қызықты мәліметтер мен фактілер туралы видеоролик көрсету.




3-тапсырма:

Берілген үстеулерді кестеге мағыналық түрлеріне қарай топтастырыңыз.

Үстеулер: Бүгін, кеше, ертең, кеше, ертелі-кеш, анда-санда, ілгеріде, әрде, кері, жоғары, төмен, жолшыбай, онша, сонша, оншалық, соншалық, бірден, тез, жылдам, бірте-бірте, әдейі, жорта, қасақана, ең , әбден, ылғи, тіпті, тым, жоқ, нық, мүлдем.

4-тапсырма:

«Фишбоун» әдісі арқылы тақырыпты тереңірек түсінеді.Постерге топтар өз позицияларын қорғап,дәлелдеп жазады.






Дескриптор:

  • Балық басына тақырыпты жазады;

  • Балық қаңқаларына «нені түсіндім?», «не үйрендім?» , «бүгінгі сабақ қалай өтті?», «сабақтың артықшылықтары» «кітапхана туралы не білдім?» сұрақтарына жауап жазады.

  • Балық құйрығына түйінді ойды жазады. Үлгі: Отырар кітапханасы-әлемдегі ең үлкен екінші кітапхана.





Оқулық












Ютуб


https://youtu.be/PkE8kKV6EHs










Кесте








«Фишбоун» әдісі

постер


Аяқталуы

Үй тапсырмасы:

Берілген устеуге байланысты деңгейлік тест тапсырмаларын орындап келу.

Рефлексия : «Өзіңді бағала» әдісі

Деңгейлік тест тапсырмасы


«Өзіңді бағала»



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
17.04.2023
629
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі