Овердрафт (ағылш. overdraft – жоспардан тыс) – төлем шамасы тапсырыскер шотындағы қаражаттың қалдығынан асып түскен жағдайда банктердің қысқа мерзімді несие беруінің негізгі нысаны. Бұл ретте банк тапсырыскердің шотынан қаражатты талап етілген төлем мөлшерінде есептен шығарады‚ яғни тапсырыскерге қаражаттың қалдығынан асып түсетін сомаға (төлем сомасы мен тапсырыскердің шотындағы қаражат сомасының арасындағы айырмаға) өзінен-өзі несие береді. Овердрафт нәтижесінде банкте дебеттік сальдо пайда болады. Овердрафт тапсырыскердің шотына түскен барлық соманы акцептісіз тәртіппен бағыттау арқылы өтеледі‚ оның кәдуілгі несиеден өзгешелігі осынысында. Әдетте‚ овердрафтты пайдалану құқығы оның талаптарын белгілейтін шарт бойынша неғұрлым сенімді тапсырыскерге беріледі.
Овердрафт алудың артықшылығы:
-
кассалық ажырауларды болдырмау үшін заемдық қаражаттарды пайдалану мүмкіндігі;
-
кепілдерді ресімдеу қажеттілігінің жоқтығы;
-
сіздің ағымдық шоттарыңыз бойынша айналымдарды талдау;
-
сіздің компанияңыз үшін лимит тағайындауға өтінімді қарастырудың оңайлатылған сұлбасы;
-
ақшаны қысқа мерзімде алу.
Овердрафтқа лимит алуды қалайтын клиенттердің, овердафт бойынша лимит тағайындауға өтініммен жүгінген күнге дейінгі ретті 3 ай ішінде оң кредиттік тарихы және тұрақты түсімі бар банктік (ағымдық) шоты болуы керек.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Овердрафт
Овердрафт
Овердрафт (ағылш. overdraft – жоспардан тыс) – төлем шамасы тапсырыскер шотындағы қаражаттың қалдығынан асып түскен жағдайда банктердің қысқа мерзімді несие беруінің негізгі нысаны. Бұл ретте банк тапсырыскердің шотынан қаражатты талап етілген төлем мөлшерінде есептен шығарады‚ яғни тапсырыскерге қаражаттың қалдығынан асып түсетін сомаға (төлем сомасы мен тапсырыскердің шотындағы қаражат сомасының арасындағы айырмаға) өзінен-өзі несие береді. Овердрафт нәтижесінде банкте дебеттік сальдо пайда болады. Овердрафт тапсырыскердің шотына түскен барлық соманы акцептісіз тәртіппен бағыттау арқылы өтеледі‚ оның кәдуілгі несиеден өзгешелігі осынысында. Әдетте‚ овердрафтты пайдалану құқығы оның талаптарын белгілейтін шарт бойынша неғұрлым сенімді тапсырыскерге беріледі.
Овердрафт алудың артықшылығы:
-
кассалық ажырауларды болдырмау үшін заемдық қаражаттарды пайдалану мүмкіндігі;
-
кепілдерді ресімдеу қажеттілігінің жоқтығы;
-
сіздің ағымдық шоттарыңыз бойынша айналымдарды талдау;
-
сіздің компанияңыз үшін лимит тағайындауға өтінімді қарастырудың оңайлатылған сұлбасы;
-
ақшаны қысқа мерзімде алу.
Овердрафтқа лимит алуды қалайтын клиенттердің, овердафт бойынша лимит тағайындауға өтініммен жүгінген күнге дейінгі ретті 3 ай ішінде оң кредиттік тарихы және тұрақты түсімі бар банктік (ағымдық) шоты болуы керек.
шағым қалдыра аласыз













