Серикбаева Асем Кыстаубаевна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Жанкелдин ауданы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-сінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Оян қазақ! – ұлтты оятқан сөз, ұрпақты оятар жол
Құрметті әріптестер! Қазақ халқының тарихында ел рухын оятқан, халық санасын серпілткен, ұлттың ұлы мұратын арқалаған тұлғалар аз емес. Солардың ішінде халқының тағдыры үшін күрескен, жүрегін ұлтына арнаған, саналы ғұмырын азаттық жолына бағыштаған қайраткер Міржақып Дулатұлының орны ерекше. Оның «Оян, қазақ!» атты кітабы — ғасырлар тоғысындағы қазақ ұлтының оянуына жол ашқан рухани манифест, ұлттық намыстың айғағы.
1909 жылы Уфа қаласында жарық көрген «Оян, қазақ!» — отарлық езгідегі елдің еңсесін көтеріп, намысын қайраған, рухын серпілткен еңбектердің бірі. Бұл туындының негізгі мақсаты – ұйқыдағы елді сергіту, қараңғылықтағы халықты ояту, әділетсіздікке төзбеуге шақыру. Сондықтан да бұл кітап жай ғана әдеби шығарма емес, тұтас ұлттың ұраны, азаттыққа бастайтын жолдың алғашқы қадамы болды. Ақынның әйгілі өлең жолдары бүгінге дейін әр қазақтың жүрегінде жаңғырып келеді:
Көзіңді аш! Оян, қазақ! көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп, Қазағым, енді жату жарамасты.
Бұл жолдарда ұлт тағдырына алаңдаған азаматтың жан айқайы жатыр. «Көтер басты» – тек физикалық әрекет емес, рухани серпіліс, намысты ояту, ел болашағына бейжай қарамауға үндеу. Ақын халқына қарата: «Оян, қазақ!» деп айтқанда, ол қараңғылықты, надандық пен бейқамдықты меңзеді. Себебі надандық – ұлттың ең үлкен жауы. Ол білімсіздіктен, рухсыздықтан туындайды. Міржақып осыны терең түсінді және өз замандастарына: «Жерің кетіп барады, тілің әлсіреп барады, рухың сөнгелі тұр – енді оян!» деді. Міржақып Дулатұлының бұл еңбегі саяси үндеу, рухани төңкеріс болды. Ол — көркем поэзия арқылы халықтың намысын қайраған, бостандыққа бастар жолды көрсеткен тарихи туынды. Халық бұл еңбекті қолдап, оны қолдан-қолға таратты. Тіпті, тарихшы ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің айтуынша, «Оян, қазақ!» кітабы сол кездегі мешіттерде, молдалар арасында кеңінен таралып, халыққа рухани азық болған. Ал алаштанушы Тұрсын Жұртбайдың дерегі бойынша, қазақ отбасылары ұзатылған қыздың жасауына Абайдың кітабымен бірге Міржақыптың «Оян, қазақ!» еңбегін де қосып беруді дәстүрге айналдырған. Бұл - кітаптың халық санасындағы орнын айқындайтын айрықша белгі.
Міржақып Дулатұлы тек ақын
емес, ұлт ісінің жанашыры болды. Ол халықты тек өлеңмен оятқан жоқ,
нақты істермен де үлгі көрсетті. Ашаршылық жылдары ел ішіндегі
мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін алғашқы қайырымдылық қорын
ұйымдастырғандардың бірі болғаны — соның айғағы. Ол «ояну» ұғымын
тек рухани серпіліс деп емес, қоғамды жаңғырту, елге нақты пайда
тигізу ісі деп түсінді. Міржақыптың ғасыр бұрынғы
«оян» деген дабылы бүгінде де
өзекті. Егер ол кезде бұл үндеу ұлтты отарлық езгіден азаттыққа
шақырса, бүгінгі «Оян,
қазақ!» — рухани жаңғырудың,
зияткерлік дамудың, ұлттық болмысты сақтаудың ұранына айналды.
Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның жастары үшін бұл үндеу
білімге ұмтылу, ғылымды меңгеру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу,
елге адал қызмет ету деген қасиетті мұраттармен
үндеседі.
Ұлттың болашағы – біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың қолында. Сондықтан сананы ояту, рухты тәрбиелеу – әр ұстаздың қасиетті міндеті. Біздің қолымыздағы бор мен кітап, жаңа технология мен жасанды интеллект – ұлттың ертеңін қалыптастыратын ең қуатты құрал. Сол себепті әр мұғалім «Оян, қазақ!» идеясын шәкіртінің жүрегіне сіңірудің жолын табуы тиіс.
Әр сабақ – ұлт рухын жаңғыртудың алаңы. Сабақ барысында оқушылардың тарихи санасын қалыптастырып, Алаш арыстарының еңбегін таныту, олардың күресін тек өткеннің тарихы емес, бүгінгі елдік сабақ ретінде ұғындыру – ұстаздың миссиясы. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ана тіліміздің қадірін арттыру, салт-дәстүрді сақтау мен ұлттық мерекелерді мазмұнды өткізу – «ояну» идеясының нақты көрінісі. Білім мен ғылымға баулу – еркін ойлы ұрпақ тәрбиелеудің басты шарты. Міржақып Дулатұлының «Білім – еркіндіктің кілті» деген ұстанымын басшылыққа ала отырып, оқушыларды ізденімпаздыққа, ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту – ұстаздық еңбектің өрісі. Сондай-ақ, жас ұрпақтың бойында азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру аса маңызды. «Мен елім үшін не істей аламын?» деген сұрақ әрбір жас жүректің өмірлік ұранына айналуы тиіс. Рухани тәрбие – ұлттың өзегін сақтайтын іргетас. Абайдың даналығын, Ыбырайдың ізгілігін, Ахмет пен Міржақыптың ұлтқа қызмет ету рухын үлгі ету арқылы оқушылардың бойына елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті ұялату – ұстаздың асыл парызы.
Құрметті әріптестер! «Оян,
қазақ!» — бұл ғасырлар тереңінен жеткен ұлттың ұраны ғана емес, әр
мұғалімнің жүрегінен шығатын үн болуы керек. Себебі елдің ертеңін
оятатын да, болашақты қалыптастыратын да — ұстаз! Бүгінгі заманда
бала ояну үшін, ең әуелі мұғалім ояу болуы шарт. Егер біз
ізденімпаз болсақ — шәкірт те ізденеді. Егер біз жаңашыл болсақ —
шәкірт те жаңалыққа ұмтылады. Ал егер біз ұйықтап кетсек — ұлттың
ойы да мүлгіп қалады. Кейде өз әріптестеріме, өзіме сұрақтар
қоямын.
Неге біздің мектебіміз әлі Қазақстанның 100 үздік мектебінің
қатарына кіре алмай отыр?
Неге жасанды интеллектіні біз ойлап таппаймыз?
Неге жаңа әдіс пен технологияның бастамашысы біз болмаймыз? Бұл
сұрақтар – кінә арту емес, ояту!
Егер әр ұстаз «Мен елдің болашағын оятуға үлес қосам» деп күн сайын
өзін дамытса, әр сабағын ізденіспен өткізсе — міне, нағыз ұлттық
ояну сол!Ұлтты ояту — үлкен ұраннан емес, ұстаздың кішкентай
ізденісінен басталады. Бала көзінен жалын, жүрегінен үміт көргіміз
келсе, біреуден өзгерісті күтпей, өзімізден бастауымыз қажет. Сонда
ғана «Оян, қазақ!» сөзі – өткеннің ұраны емес, бүгіннің әрекетіне
айналады.
Бір ғасыр бұрын Міржақып Дулатұлы «Оян, қазақ!» деген ұраны арқылы ұлтты оятты, сананы серпілтті, азаттықтың шамын жақты. Ал бүгінгі біздің міндет — сол шамның сөнбеуіне қызмет ету. «Оян, қазақ!» — рухани серпіліс пен ұлттың жаңғыру жолындағы мәңгілік ұран. Біз, ұстаздар қауымы, сол ұранның аманатын арқалап, ұрпақ санасын оятып, елінің ертеңі үшін қызмет етеміз. Себебі, қазақтың болашағы – көзі ашық, санасы сергек ұрпақтың қолында!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз