жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ою- өрнектер»
Қарағанды облысы «Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
Тақырыбы: «Ою- өрнектер»
4 «А» сынып оқушысы Марс Аружан Ерланқызы
Жетекші: Сарсенбаева Асылгул
Мусаевна
Ғылыми жобаның аңдатпасы
Ұсынылып отырған ғылыми жұмысты негізінен шығу тарихына мән бере отырып, үйде жүргізілген бақылаулар нәтижесінде жинақталған материалдарды құрайды.
Ғылыми жұмыста ою - өрнектің шығу тарихы, оның түрлері туралы айтылған.
1
Жоспар
-
Ою-өрнек туралы жалпы мәлімет
-
Ою-өрнектің түрлері
-
Зерттеу жұмысы
-
Ою-өрнекті қолдану
-
Қорытынды
-
Пайдаланылған әдебиеттер
2
Мақсаты: Ою-өрнектер туралы жалпы мағлұматтар жинау; ою-өрнектің тарихына зерттеу жасау және оның маңыздылығын көрсету; ою-өрнектерді дәріптеп ұрпақтарға жеткізу.
Міндеттері:
-
Ою-өрнектердің шығу тарихын білу;
-
Эскизін салу;
-
Ою-өрнектердің түрлерімен танысу;
-
Ою-өрнектердің жасалу жолдарын көрсету;
-
Ою-өрнектердің киім және үй жабдықтарында қолдануын анықтау.
Тақырыптың өзектілігі: Халқымыздың ою-өрнектерге байланысты деректер ежелгі замманнан бастап түрлері, мазмұны, ұлттық рухани қазына ретінде кеңінен зерттелген. Осы ою-өрнектер туралы мәліметтермен танысу арқылы көптеген қызықты жағдайаттарға көз жеткізуге болады.
Күтілетін нәтиже: Ою-өрнектерді зерттеу нәтижесінде негізгі ерекшеліктері айқындалып, пайдасы және адам өміріне деген қажетіліктері айқындалады.
3
1. Ою-өрнектер- өте ежелгі өнер. Тарихи-ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі замандардан келе жатыр. Қазақстан аумағында ою-өрнектің ең қарапайым элементтері Андронов дәуірінен бастау алған. Ою-өрнек түрлі геометриялық пішіндерден құралып, зерлеу, дәнекерлеу, оймалау, кестелеу, құйма-жапсыру арқылы жасалады.
Ұлттық ою-өрнектің белгілі жүйелері қазақ халқының қалыптасуына қазіргі Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл орта ғасырлық архитектуралық ғимараттардағы көкөніс және геометриялық ою-өрнектерден (Бабажы қатын күмбезі 10-11 ғасырлар Айша бибі кесенесі, 11-12 ғасырлар. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, 13-14 ғасырлар т.б) айқын көрінеді.
2. Ою-өрнектердің түрлері
Ою-өрнектердің атауы мен түрлері өте көп. Көп
ғалымдар бүгінге дейін 200-дей түрін анықтаған. Ою-өрнектің
мазмұндық ерекшелігі бар. Тарихы мол өнер. Дөңгелек-ай,
құсқанаты-оюы еркіндік, азаттық, бейбітшілік, қошқар мүйіз
оюы-молшылық, байлық-мазмұны берілген. Ою-өрнек ерте кезден-ақ
жазу, сызу болмаған кезден дамыған. Адамдар ағашқа, тасқа, сүйекке
салған. Заманға қарай ою түрлері өте жақсы
дамыған.
Ою-өрнектердің түрлері үш топқа бөлінген:
-
Өсімдік типтес ою-өрнектер (гүлі, жапырағы, сабағы, дәне)
-
Зооморфтық ою-өрнектер (жануар, аң-құс, балық)
-
Космогониялық өрнектер (дөңгелек, ирек, шимай,торкөз)
4
Мүйіз»
— қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл
элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз»ою-өрнек кейде ұсақ
кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты
нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет,
алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданады. Мүйіз
элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз»,
«қырықмүйіз», «маралмүйіз», «өркешмүйіз», «қошқармүйіз»
т.б.
түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши) мен түрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, ожау, жүкаяқ, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай, садак), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.
«Қошқармүйіз»
ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле
түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын
долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады.
Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі
аңғарылады.
Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.
3. Қолданылуы
«ҚОШҚАРМҮЙІЗ» ою - өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қоюдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. Бұл оюдың түрі үй жиһаздарында текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде қолданылады.
5
«СЫНЫҚМҮЙІЗ» морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою - өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай - ақ әр түрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды.
4. Зерттеу жұмысы
Ою-өрнектің жасалу жолдары. Практикалық жұмыс
Қажетті құралдар:
-
Қарындаш
-
Ақ қағаз
-
Төсеніш қатты қағаз
-
Сызғыш
-
Циркуль
-
Қайшы
-
Желім
Мынау қошқармүйіз оюы. Бұл ою
қошқардың мүйізіне ұқсайды. Өздеріңіз суретте көріп отырғандай.
Оюды ою үшін қағазды, қарындашты, қайшыны, желімді қолдандым.
Енді қағаздан ою-өрнектің оңай жасалу жолдарын түсіндірейін: шаршы
түрінде қағаз алып, үш рет бүктедім. Сосын тік үшбұрыш пайда болды.
Бүктелген қағаздың бітеу қырынан бастап қошқармүйіз үлгісінің бір
сыңарын ғана сыздым. Содан кейін қайшымен сызық бойымен қырқып
алдым. Ою қиған кезде, яғни қию үстінде қайшыны тік ұстап, қайшыны
қайта-қайта алмай үздіксіз қырқып шығу
қажет.
6
Сонда ойған оюым өте жақсы шықты. Сөйтіп ою-өрнектің эскизін сызу керек екендігіне көз жеткіздім. Ол үшін симметриялық түзу жүргіздім. Симметрия дегеніміз- ою –өрнектің екі жағының тең болуын атайды екен. Ою-өрнекте бір элемент екі рет қайталанса мұны ритм дейді екен. Ал бұйымға салынатын ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы-колорит деп аталатындығын түсіндім.
5. Қорытынды.
Осы жобаны орындаудағы мақсатым халқымыздың қолынан шыққан қолөнер туындыларын, ұлттық ерекшеліктерін, ою-өрнек өнерін жете түсіндім. Бұл біздің ата-бабаларымыздан келе жатқан өнер. Осы қолөнерді сүйіп, ғажайып сырларын оқып-үйрену арқылы адамға тән қасиеттерді қастерлей білуге үйрететіндігіне көз жеткіздім. Қорытынды нәтижесі бойынша ою-өрнектерді қиып алынған практикалық жұмыс барысының жинақталған суреттері құрайды.
-
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Андроновтың кітапшасы.
-
Белгілі ғалым Л.Н.Гумилев көшпелілер жайында мақаласынан. Асанова, Балнұр. Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы .
-
Нұршайықов Ә. Өмір өрнектері: Әдеби күнделіктер.
4. Ғаламтор
7
Мен Марс Аружан Ерланқызы Қарағанды облысы
«Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 3 «А» сынып оқушысы
Жетекшім
Сарсенбаева Асылгул Мусаевна
Ғылыми жобаның аңдатпасы
Ұсынылып отырған ғылыми жұмысты негізінен шығу тарихына мән бере отырып, үйде жүргізілген бақылаулар нәтижесінде жинақталған материалдарды құрайды. Ғылыми жұмыста ою - өрнектің шығу тарихы, оның түрлері туралы айтылған.
Міндеттері:
-
Ою-өрнектердің шығу тарихын білу;
-
Эскизін салу;
-
Ою-өрнектердің түрлерімен танысу;
-
Ою-өрнектердің жасалу жолдарын көрсету;
-
Ою-өрнектердің киім және үй жабдықтарында қолдануын анықтау.
Тақырыптың өзектілігі:
Халқымыздың ою-өрнектерге байланысты деректер ежелгі замманнан бастап түрлері, мазмұны, ұлттық рухани қазына ретінде кеңінен зерттелген. Осы ою-өрнектер туралы мәліметтермен танысу арқылы көптеген қызықты жағдайаттарға көз жеткізуге болады.
Күтілетін нәтиже:
Ою-өрнектерді зерттеу нәтижесінде негізгі ерекшеліктері айқындалып, пайдасы және адам өміріне деген қажетіліктері айқындалады.
Зерттеу жұмысы:
Бұл ою қошқардың мүйізіне ұқсайды. Оюды ою үшін қағазды, қарындашты, қайшыны, желімді қолдандым. Енді шаршы түрінде қағаз алып, үш рет бүктедім. Сосын тік үшбұрыш пайда болды. Бүктелген қағаздың бітеу қырынан бастап қошқармүйіз үлгісінің бір сыңарын ғана сыздым. Содан кейін қайшымен сызық бойымен қырқып алдым. Ою қиған кезде, яғни қию үстінде қайшыны тік ұстап, қайшыны қайта-қайта алмай үздіксіз қырқып шықтым. Әрине бірінші қиғанда ойдағыдай әдемі шыққан жоқ. Оюды қию жолдарын бірнеше рет қайталады. Содан кейін ғана әдемі шықты. Бұл өнерде көп еңбекті талап етендігін түсіндім.
Қорытынды.
Осы жобаны орындаудағы мақсатым халқымыздың қолынан шыққан қолөнер туындыларын, ұлттық ерекшеліктерін, ою-өрнек өнерін жете түсіндім. Бұл біздің ата-бабаларымыздан келе жатқан өнер. Осы қолөнерді сүйіп, ғажайып сырларын оқып-үйрену арқылы адамға тән қасиеттерді қастерлей білуге үйрететіндігіне көз жеткіздім. Ою-өрнектерді қиып алынған практикалық жұмыс барысының жинақталған суреттер құрайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Андроновтың кітапшасы.
-
Белгілі ғалым Л.Н.Гумилев көшпелілер жайында мақаласынан. Асанова, Балнұр. Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің тарихы және теориясы .
-
Нұршайықов Ә. Өмір өрнектері: Әдеби күнделіктер.
4. Ғаламтор
8
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген