Ою ойнағанның ойы артық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ою ойнағанның ойы артық

Материал туралы қысқаша түсінік
Ою-өрнектің шығу тарихы, олардың түрлеріне тоқталып, өз ұлтымыздың өзіндік қол –өнерін жас ұрпаққа үйрету арқылы баланың бойына ұлттық тәрбиені сініру, танымын кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

54 «Айгүл» бөбекжай-бақшасы





















Кіріктірілген ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті

Тақырыбы: «Ою-ойғанның ойы артық»





Өткізген: Мектепалды «Күншуақ» тобының тәрбиешісі Альдешева Қ.Б.

















Тақырыбы: «Ою-ойғанның ойы артық»

Мақсаты: Ою-өрнектің шығу тарихы, олардың түрлеріне тоқталып, өз ұлтымыздың өзіндік қол –өнерін жас ұрпаққа үйрету арқылы баланың бойына ұлттық тәрбиені сініру, танымын кеңейту. Танымдылық және зияткерлік дағдыларды дамыту: Пішіндерді тануға, геометрлиялық денені жасауды үйрету.

Шығармашылық дағдыларды дамыту: Шығармашылық әрекеттерде нәтижеге жетуге ұмтылуға дағдыландыру.

Коммуникативтік дағдыларды дамыту: сөз өнеріне баулу арқылы қазақ халқының құндылықтарына құрмет таныту.

Денсаулық дағдыларын дамыту: Еңбек ету барысында денсаулықты және салауатты өмір салтын сақтауға дағдыландыру.

Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды дамыту: Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы даму мүмкіндіктерін ашу. АКТ көмегімен жүнді тазалау және бұйымдар мен заттар жасалу жолдарын көрсету.

Ресурстар: Интерактивті тақта (ұлттық заттарды, ою түрлері) Интерактивті тақта (ЖИ-мен жұмыс) Қағаз, желім, қайшы(шығармашылық жұмыстар үшін) Киіз үй, сандық, көрпешелер, қазақтың ұлттық киімдері, ыдыс-аяқтар, ою-өрнектер.

Іс-әрекет барысы:

  1. Кіріспе бөлім:(АКТ, Коммуникативтік дағдылар)

Балалар ортаға Құрманғазының күйімен шығады, қонақтармен амандасады. Интерактивті тақтадан ұлттық құндылықтар суреттері, ою-өрнектер көретіледі.Тәрбиеші балаларға айналасында көріп тұрған ұлттық құндылықтар туралы сұрақтар қояды.

  • Ою-өрнектер қандай топтарға бөлінеді?

  • Қандай заттардан оюларды көреміз?

Балалардан ою-өрнектер туралы мақал –мәтелдер, жаңылтпаштар сұралады. (Оюлары бар көрпешелерге дөңгеленіп отырады)

Жаңылтпаштар:

Арай: Ою, ою керек,

Бояуы қою болу керек.

Мақсат: Ойналмаған ойын бар,

Ойылмаған ою бар.

Медина: Ою, ою, ойым барды,

Ойналмастан ойын қалды.

Орындалмай ойымдағы,

Ойылмады ою дағы.

Орашолақ олақпын ба?

Оя алмадым оюларды.

Мақал –мәтелдер:

Алау: Ою ойғанның ойы ұшқыр.

Аяулым: Ою ойған-сызу да сызады.

Тәрбиеші ою-өрнектердің шығу тарихы және мағынасы туралы аңыз айтып береді.

-Ою деген балалар жазу, сызу болмаған кезде өздерін қоршаған дүниені тасқа, киімдерге бейнелеген. Ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасып дамып келе жатқан керемет өнер. Оюлар мағынасы жайында мынадай аңыз әңгіме бар. Баяғыда алысқа ұзатылған қыз артында қалған ауылына кестеленген кішкене орамалды керуеншілерден сәлемдеме ретінде беріп жібереді. Орамалдың бетінде ұшқан құс пен жаңа бүршік атып келе жатқан гүл бейнелепті. Мұны көрген ата-анасы: -Е, қызымыз әуедегі құстай емін, еркін жайраңдап өмір сүріп жүр екен, -деп мәз болысады. Арада көп жылдар өткен соң, керуеншілер әлгі қыздан тағы да орамал әкеледі. Онда орамалдың шегі бүрмеленіп, ортасына жүресінен отырған адам бейнесін кестелепті. Мұны көрген ата-анасы: -Қызымыз сауық-сайраннан, бостандығынан айырылып, торға түскен торғайдай болып отыр екен, жолдасы қатал адам екен өзінен төмен ұстайтын көрінеді деп қынжылыпты. Міне, ою-өрнектерді сөйлетіп ою арқылы ерте кездерде ойларын білдірген екен.

Күтілетін нәтиже: Балалар оюдың түрлері мен маңыздылығын түсініп өз ойларын білдіре алады.

Негізгі бөлім: (Денсаулық, әлеуметтік эмоцоналды дағдыларды дамыту)

Зерттеу орталығы. «Киіз басу» Интерактивті тақта арқылы «Жүнді тазалау және бұйымдардың» жасалу жолдарын көрсету. Тәрбиеші: Балалар, ұлттық қолөнер бұйымдары негізінен киіз үйдің жабдықтары, текеметтер, алашалар төрт түлік малдың терісінен, жүнінен жасалады екен. Жүннен жасалған бұйымдар мықты, шыдамды, жылы, тұрмысқа қолайлы, денсаулыққа пайдалы, алып жүруге ыңғайлы және жеңіл, емдік қасиеті бар. Тұрмысқа арқан - жіп, бау, ноқта, көген, киіз, текемет, сырмақ, алаша, кілем әртүрлі дорбалар – барлығы дерлік жүннен жасалады. Қылшық жүндер мен ешкінің қылынан, түйенің шудасынан алашаға арқау, күзеу жіптерін иіреді. Қойдың күзем жүнінен, қозының жүнінен киіз басады. -Алдымыздағы жүн бірнеше рет жуылып күннің көзіне кептірілген, жүнді көлденен және тігінен біркелкі етіп төсейміз де үстін матамен жауып сабынды суды себеміз, қолымызбен басамыз. Жүн әбден басылған соң үстіне оюымызды салып матамен жауып сабынды суды себелеп тағыда жақсылап басамыз. Осылайша ою салынған әдемі киізіміз шығады, оны көрмеге қойып ұлттық құндылықтарды танимыз. Балалар киіз басуды үйренеді. Ойын: «Ою-өрнекті құрастыр». Ойынның шарты: Балаларға оюларды көрсетіп атайды және қиылған бөліктерін сандар арқылы тауып құрастырады.

Сергіту сәті

Ал, балалар тұрмайық,

Ою-өрнек сызайық.

Түйетабан, ботагөз,

Қойізі мен ирек, су.

Құсқанаты, жауқазын,

Ою-өрнек әлемі

Қылқаламды алайық,

Әдемі сурет салайық!

«Сиқырлы оюлар» ойыны

Ойынның шарты: Балалар кубикті лақтырып, қандай ою түсті сол оюдың атын атап кілемше бетінен тауып секіріп шығады.

Шығармашылық орталықта

Экраннан сәукеленің жасалу жолы толықтай көрсетіліп түсіндіріледі. Балалар ақ қағаздың бетіне салынған сәукеледегі ою-өрнекті ұсақтап қиылған қағаз бөлшектерімен желімдеп әсемдейді және конус тәрізді етіп сәукеле жасайды.

Күтілетін нәтиже: Балалар жүннің тазалау және бұйымдар жасалу жолдарын түсініп, өз қолдарымен киіз басып көреді. Денсаулыққа пайдасын түсінеді. Шығармашылық дағдылары дамиды.

Қорытынды бөлім: «Киіз деген не?» және «Киізге оюларды не үшін, қалай орналастырады?» деген сұрақтар талқыланады.Балалар өз киіздерін көрсету үшін ортаға шығып, көрмеге қатысады.Балалар арасында топтық жұмыс жүргізіліп, «Жүннің қандай пайдасы бар?» деген сұрақ талқыланады.

Күтілетін нәтиже: Балалар киізге оюларды орналастыруды сұрақтарға жауап беруге үйренеді.

Жалпы күтілетін нәтиже:

Балалар жүннің пайдасы және оюлардың түрлері, шығу тарихы туралы кеңірек мағлұматтар алады.

Танымдық, шығармашылық,денсаулық сақтау, әлеуметтік дағдыларды жетілдіреді. АКТ және ЖИ арқылы оюлардың шығу тарихы мен қолдану тәсілдері туралы ақпараттар алады. Өз ойларын еркін жеткізіп,бір-бірін тыңдайды, топпен жұмыс істеуді үйренеді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.02.2025
188
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі