МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оюлар

Материал туралы қысқаша түсінік
жоба арқылы оқушылардың әрі қарай дамуына көп ықпал етеді. Қазақ халқының ою-өрнегінің шығу тарихын толық меңгеріп,өздері күрделі ою-өрнек элементерін сызып құрастырады. Мақсаты: Болашақ ұрпақтарымызды ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет салаларына енгізе отырып, осы өнерді қайта жаңарту, оған жаңа мазмұн беру. Міндеті: Ұлттың дүниетанымын, ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде пайдалана білу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
690
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Түсінік хат. 

Ою - өрнек қазіргі кезде ұмыт болып бара жатыр. Қазіргі уақытта түскиіз, бітпес орнына кілем ілініп, сырмақ орнына кілем жайылады. Халықтық педагогика ерте бастан еңбекке, ұлттық қолөнерге жас ұрпақты жас ерекшеліктеріне қарамай баулыған. Сол себепті мен сәндік қолданбалы өнерге үйретуге өз бағдарламамды дайындауға жөн көрдім. 
Ою-өрнек ерекшелігімен эстетикалық ләззәт береді. Сәндік, әсемдік, әдемілікті білдіреді. Оқушыларды қолөнерге баулу арқылы еліне, жеріне, өнеріне деген сүйіспеншілігін арттырады деген сенімдемін. Ұмыт болып бара жатқан өнерді қайта жандандырып, оның шығу тарихын, қалай пайда болғанын балаларға толық түсіндіру. Ою-өрнектің көнеден келе жатқанын дәлелдейтін бұйымдар арқылы сәндік қолданбалы өнерге баулу. Бұл өнер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер. Шебер әр бір жасаған үлгісіне ат қойып отырған және ұғым сыйғызған. Шебер ғана ою-өрнектің тілін білген. Бүгінгі біздер, ұрпақ ою тілін түсінуге тырысуымыз керек. 
Ою - өрнектермен танысқан оқушылардың дүниетанымы, өзін қоршаған орта және сұлулық туралы түсінігі артып, шеберлік қабілеті дамиды. 
Өз жобамда жаңа түр, жаңа мазмұн енгізу басты мақсатым. 


















Жоба:

Осы жоба арқылы оқушылардың әрі қарай дамуына көп ықпал етеді. Қазақ халқының ою-өрнегінің шығу тарихын толық меңгеріп,өздері күрделі ою-өрнек элементерін сызып құрастырады. 

Мақсаты: 
Болашақ ұрпақтарымызды ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет салаларына енгізе отырып, осы өнерді қайта жаңарту, оған жаңа мазмұн беру. 

Міндеті: 
Ұлттың дүниетанымын, ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем рухани қазына ретінде пайдалана білу. 


Күтілетін нәтиже: 

Казіргі кезде халқымыздың қолөнерін, ұлттық салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін бағалап, қызығушылығын арттыру. Оқушыларға өздері оқып үйренген ою-өрнек негіздерін іс жүзіндегі маңыздылығын көрсетіп, олардың практикада алған білімдерін өмірде қолдануы. Жасалған бұйымдарды мектепішілік және аудандық көрмелерге шығару. 














Жобаның өзектілігі:
Ою-өрнекпен жұмыс істеудің оңай тәсілін таба білу, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Бастауыш сатыдағы оқу - тәрбие үрдісінде білім мазмұнын жаңарту, ақпараттандыру арқылы, әр оқушының дара ерекшеліктерін нақтылай отырып, шығармашылық мүмкіндігін дамыту мақсатында «Жаншуақ» лагерінің демалушыларына арналған «Сиқырлы оюлар » атты арнайы жобаның бағдарламасы құрастырылды. 

Бағдарламаның негізгі мақсаты: 
Оюмен жұмыс жасауда түрліше композициялық шешім жасауға, түрлі- түсті заттардың көлемін беруге немесе әсем сәндік жұмыстар кестелеп тігуді үйрету. 

Міндеттері: 
• Эскиз салу; 
• Түстердің сәйкестігін айқындау; 
• Тиімді кестелеу әдісін үйрену; 
• Композиция құрылымын анықтау; 
• Шеберлікті арттыру; 
• Әсемдік пен сұлулықты айқындау ;



Бағдарламаның нәтижесі мен қорытындысы: 


1. Бүгінгі таңда халқымыздың ежелден жемісі үзілмей келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі жас ұрпақты ұлттық , сәндік қолтаңбалы қолөнерінің тұнығынан сусындатып, халық шеберлерінің тамаша шығармаларымен таныстыра отырып талғам деңгейін, сұлулық іздеуге құштарлығын танытады. 
2. Ою өрнек өнерін көркем, эстетикалық талғаммен әсемдік пен сұлулықты бағалай, өрнектеп, әшекейлейді. 











Өрнектерді орындау кезінде қойылатын талаптар. 

1. Қауіпсіздік ережесін мұқият есте сақтау. 
2. Жүргізілетін жұмыстың жеңіл жақтарын қарастыру. 
3. Жасалған жұмыстың өзіне әкелетін пайдасы барлығына көз жеткізу. 
4. Жасайтын жұмыстың қоғамға немесе өзіне әкелетін пайдасы барлығына  көз жеткізу. 
5. Қоғамға және өзіне ұнамды , жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білу. 
6. Ұлттық ою-өрнекті өз нақышына келтіріп орындай білу. 

Оқушы нені білу керек? 
- Ою-өрнектің шығу тарихын 
- Оның сан –алуан түрлерін. 
- Қыр-сырын. Жасалу жолдарын. 
- Ою-өрнек туралы мәліметтерді. 

Оқушы нені үйрену керек? 
- Ою-өрнектің эскизін салу. 
- Сызбасын түсіру және ою-оюды үйрену. 

Нені меңгеру қажет? 
- Ою-өрнектің өзіне тән қолданылатын 
жерін әр оюдың тілін жетік меңгеруі қажет.














Тақырыптық жоспар 

Тақырыптар

Сағат

саны

Мерзімі

Ескертулер

1

Ою-өрнек. Оның шығу тарихы

1



2

Оюлар әлеміне саяхат

1



3

Ою-өрнек дегеніміз не?

1



4

Ою-өрнек түрлерін топтастыру

1



5

Ою-өрнектердің орындалу тәсілдері, үйрету әдістері

1



6

Ою-өрнек үлгілерін жасау, қағазда ою, сызу,қию әдістері

1



7

Өздігінен өю-өрнек жасау

1



8

«Мүйіз» элементінен ою-өрнек жасау

1



9

«Мүйіз» элементінен ою-өрнек жасау

1



10

«Мүйіз» элементінен ою-өрнек жасау

1



11

«Аққу», «Құс қанаты» элементінен ою-өрнек жасау

1



12

Шаршы ішіндегі ою

1



13

Жастықша бетін ою-өрнекпен әшекейлеу, сәндеу

1



14

Жастықша бетін ою-өрнекпен әшекейлеу, сәндеу

1



15

Қорытынды. Көрме ұйымдастыру

1










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!