КІРІСПЕ
Ерте заманнан зергерлер алтын мен күмістен әйелдер әшекейін жасады. Оларға қымбат тастардан, маржаннан көздер орнатқан. Қазақ әйелдерінің омырау әшекейлеріне тікбұрыш пішінді өңіржиек, доға тәрізді тұмарша немесе бойтұмар жатады. Қыздардың шаш ұшына байланатын әшекейі шолпы деп аталған. Зергерлер бұдан басқа да шаш салпыншағын – шашбауды, сондай-ақ білезік, жүзік, сырға, қапсырма, ілгек, сәукеле әшекейі – шілтірді, түйме мен түрлі түйреуіш жасаған.
Қазіргі қолданыста балаларға арналған қазақи нақыштағы шаш бұйымдары, алқа, белдіктер өте аз. Бұл қазақ мәдениетін көтерудегі өзекті мәселелердің бірі деуге болады. Сондықтан, біз, жобаның тақырыбын «Ұлттық нақыштағы бұйымдар» деп таңдадық.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Тәуелсіздік алып, жеке мемлекет болып өмір сүріп жатқанымызға 30жыл толса да, дүкен сөрелерінен балаларға арналған қазақи нақыштағы шаш бұйымдарын, алқа, белдіктерін көп кездестірмейміз. Сол себепті жоба мақсаты нарықтағы шаш бұйымдарына қазақи рең беру, мектеп оқушыларына арналған заманауый ұлттық стильде әшекейлер әзірлеу. Нарықтық заман талабына сай кәсіпкерлік білімдерін кеңейту.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1) Алқа, шашбау, белдік туралы мәлімет жинақтау
2) Ою-өрнек түрлерімен танысу, оюлы алқа, белдік, шаш бұйымдарының үлгілерін жасау, ұсыну.
3) Сауалнама жүргізу.
Зерттеу жұмысының болжамы: Оқушылар арасында қазақ өнеріне деген қызығушылықтары артады, оюлы бұйымдардың мән-мағынасына үңіліп, өздерінің ұлттық брендтерін қалыптастырады.
Ғылыми жобамыздың зерттеу кезеңдері:
-
Ою-өрнектер, және оның жасалу жолдары туралы мәліметтер жинастыру
-
Ұлттық әшекей түрлерімен танысу.
-
Өскемен қаласынан және ауылдағы дүкен сөрелерінен қазақи нақыштағы шаш бұйымдарын іздестіру.
-
Қазіргі қоғамда қолданыста жүрген шаш жинағыштардың қай түрі ыңғайлы, әрі көп пайдаланылатынын оқушылар мен ата-аналар арасында зерттеу.
-
Бұйымды ою-өрнекпен әрлеу
Ғылыми жобамыздың жаңашылдығы: Қазіргі заманғы оқушылардың шаш қою үлгілерімен қатар, шашқа жасайтын сән үлгілері, оны жинайтын қазақи нақыштағы шаш бұйымдары арқылы әсемдікке тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрімізді күнделікті өмірге енгізу.
Зерттеу
нысаны:
Қазіргі кездегі қолданыста
жүрген шаш бұйымдары, алқа,
белдіктер.
Зерттеу пәні:
Ұлттық нақыштағы бұйымдар
Жобада қолданған әдіс-тәсілдер
Сұхбат, сауалнама, бақылау
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Әшекейлер туралы жалпы түсінік. Әшекей - киімді, тұрмыстық бұйымдарды безендіруге пайдаланылатын, сәндік үшін жасалынатын бұйымдар және зат, бұйымның бетіне салынатын ою-өрнек, түрлі нақыштар.
Мұндай әшекей -нақыштар жүн бұйымдарының (текемет, сырмақ, алаша, қоржын т.б.), киіз үйдің бау-басқұрларының, ат жабдықтарының (былғары тоқым, кежім, жабу), құрылыс-сәулет орындарының (есік, маңдайша, ұстын, жақтау, дуал және т.б.), киім-кешектердің, ыдыс-аяқтар мен жиһаздардың, қару-жарақтардың т.б. өн бойында қолданылады. Қазақта әшекейленбеген зат, бұйым жоқ деуге болады, себебі қазақ қолөнер шеберлері ұлттық нақыштағы әшекейлерді өңдеп, түрлендіріп, жетілдіріп қолданып отырған. Кәсіби деңгейдегі шеберлер қазақ даласының әр өңірінде болған.
Әшекей тағылатын түрлеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді.
-
Басқа тағатын әшекей түрлері: шеке, самай, маңдай, құлақ, мұрын, бұрымға тағылатын әшекейлік заттар.
-
Шекеге тағылатын әшекей түрлері: шекелік.
-
Самайға тағылатын түрлері: сырғалық, айшық, жақ моншақ, сырға.
-
Маңдайға тағылатын әшекей түрлері: күміс теңгелер, шырмауық.
-
Құлаққа тағылатын әшекей түрлері: сырға, бет моншақ.
-
Мұрынға тағылатын әшекей түрлері: зере, зерен, зейір, зер.
-
Бұрымға тағылатын әшекей түрлері: шашбау, шашқап, шолпы, шашқа тағатын түйреуіштер, шашмоншақ.
-
Мойынға тағылатын әшекей түрлері: алқа, бойтұмар, моншақ, тұмарша, әйкел, ділда алқа, тұмар.
-
Кеудеге тағылатын әшекей түрлері: өңіржиек, түйреуіш.
-
Қолға тағылатын әшекей түрлері: білезік, мөр, сақина, балдақ, жүзік.
-
Киімге тағылатын әшекей түрлері: түймелер, қапсырмалар, жапсырмалар, белдік, белбеу, тана, танакөз, тал моншақ.
Өңіржиек – кеудеге тағылатын
әшекей зат. Дәстүрлі қазақ қоғамында өңіржиекті мереке күндері
қыздар мойын-омырауына сән ретінде таққан. Өңіржиек төртбұрышты
немесе дөңес етіп жасалған бірнеше күміс тілікшеден тұрады, олардың
арасы қатар түскен бірнеше жіңішке шынжырмен шығыршық арқылы
жалғасады. Қазақ шеберлері тілікшелерді жұқа немесе арасын қуыс
етіп, ортасына ақ балшық толтырып жасайды.
Халық арасында кейде
қыз-келіншектер киетін қырмызы шапанның алдыңғы екі өңіріне жиектей
салынатын өрнекті де кейде Өңіржиек деп атайды. Өңіржиек секілді
бұйымдар (алқа, шолпы, т.б.) халықтың эстет. талғамын, әсемдікке
құштарлығын
көрсетеді.
Қ
ай елдің
тарихи фильмін тамашаласаңыз да, хан мен сұлтандардың, батыр мен
жауынгерлердің белінен жалпақ белдікті көресіз. Хандық дәуірде ол
адамның дәрежесін көрсететін бедел белгісі саналса, одан
беріректегі халық белдікке ерлердің мықтылығын, күштілігін
білдіретін атрибут ретінде қараған. Расында белінен белдік
тастамайтын сол уақыттағы ерлердің барлығы дерлік айбынды,
намысшыл, сайыпқыран, сұсты, кемеңгер, ержүрек, батыл, бірсөзді
болған.
Қ
азақ қызын
қорғап, періштедей аялайтын халық. Қыз баланы кішкентайынан әдепті,
инабатты етіп тәрбиелеуге тырысамыз. Жат жұрттық екенін біле тұрсақ
та, оларға үй шаруасын үйретіп қана қоймай, сыпайылық, сабырлылық,
тәкәппарлық сынды мінездерді бойына дарытуға талпынамыз. Біздің ата
бабаларымыз да бойжеткендерін пәле-жаладан, жамандықтан аулақ
ұстап, сақтандырған. Бұрынғы кезде қазақ қыздарының қос бұрымы
қараса көз тоймайтындай еді. Шашына түрлі әшекей таққан қыздар
көркіне көрік қосқандай еді. Тағатын әшекейлері тек сән беріп
қоймай, олардың әрқайсысының өзінің сыры
болатын.
2.2 Ою-өрнек түрлері, оның жасалу жолдары.
Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі.
Халқымыздың дәстүрлі қолөнері – қайнар бұлақ, сарқалмас қазына, бай мұра.
Бұл ұлттық санадағы сұлулыққа деген іңкәрліктен пайда болған эстетикалық талғам,зерделі зергерлер әсем бұйымдарды дүниеге әкеліп, сұлулықтың санадағы бейнесін жасаған. Сол арқылы ұрпақты тәрбиелеп, көркем дүние меңгеріп,одан әрі жетілдіре берген. Бұл бұйымдар адам қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, олардың өнер әлемі жайындағы көзқарасынан да хабардар береді. Шынайы шеберлердің туындылары ғасырлар елегінен өтіп, бізге жетті.
Ою-өрнек түрлі геометриялық пішіндерден құралып, зерлеу,дәнекерлеу, оймалау, кестелеу, құйма-жапсыру әдістері арқылы жасалады
Қазақта ең көп тарған тұрмыста
көп қолданылатын өнердің бірі – ою – өрнек өнері. Әрбір ою-
өрнектің мазмұнында терең мағына жатыр. Ою – өрнекке қарап отырып,
ата – бабамыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дүниетанымын, танымдық
қабілеттерін, әлеуметтік – экономикалық жағдайын білуге болады.
Жалпы ою-өрнектерді мотивтеріне қарай өсімдік тектес ою-өрнек,
зооморфтық ою-өрнек, геометриялық ою-өрнек , космогониялық ою-өрнек
деп бөледі.
Ерте заманда жазу-сызу болмағанда ата-бабамыз өз ойын табиғаттың
әсем көріністерін тасқа, сүйекке, ағашқа ойып қашап түсіріп
отырған. Заман ағымына қарай шебер ата- әжелеріміздің қолөнер
бұйымдарын бейнелеуде стильдік ерешеліктері өзгеріп, енді ою-
таңбалар киізге, алашаға, кілемге т.б заттарға салынатын болған.
Осындай қолөнер бұйымдарына салынған таңбалар арқылы халық белгілі
бір ұғым түсініктерді аңғарып біліп отырған.
Мысалы
қазақ халқының ерте кезден бергі әдет- ғұрып салты бойынша бөтен
жерге алыс ауылға күйеуге ұзатылған қыз баланың белгілі бір
уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс екен.
Сәлемдемеде жас келіншек өзінің күйеуге шыққаннан кейінгі тұрмыс
жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт болған. Осы салт бойынша
тұрмысқа шыққан бір қыздың үйіне жіберген сәлемдемесінде бойы
сорайған ұзын және өте жіңішке әрі арық адам бейнесі кестеленіп
салынған және оның жанында тұрған адам дөп- дөңгелек адам тұрпаты
бейнеленсе, қызыдың ата- анасы жат - жұртқа ұзатылған баласының
«отырса опақ, тұрса сопақ» болған мүшкіл халін түсінген. Ал басқа
бір ретте күйеуге ұзатылған қыздан «құсмұрын» бейнесі салынған
сәлемдеме келсе ата-анасы одан баласының барған жерінде құстай
ерікті, басы бостандықта, жағдайы жақсы екен деп қабылдаған.
Сондықтан ұзатылған қыздан сәлемдемеге құстұмсық жүзік келсе немесе
құстұмсық ою-өрнекті тұскиіз, басқұр сияқты заттар келсе ауыл-
аймағы қуанып той жасап атап өтуді әдет е
ткен.
Олардың аса маңызды элементтері: қошқар мүйіз, құс таңдай, түйе
табан, үш жапырақты, бес жапырақты, т.б. Ою-өрнектің геометриялық
элементтері шаршы, ромбы, жұлдызша түрінде), сондай-ақ, көкөніс
өрнектері (гүл, жапырақ, бұтақ түрінде) ағаш ұқсатуда, әсіресе үй
жиһазы мен ыдыс-аяқтарда, музыка аспаптары мен аңшылық
қару-құралдарында сақталып қалды.
Халық ою-өрнегінің сан алуан түрлері әйел әшекейлерінде (сақина,
сырға, бойтұмар, білезік) кездеседі. Ал сәулет өнерінде зооморфтық
пен көкөніс өрнектері (сыңар мүйіз, кұсмойын, түлкі бас, арқар
мүйіз, т.б.) басым
болады.
ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
3.1 Зерттеу бөлімі сұхбаттан басталды.
Қайырбекова Аружанның апасы Оразбекова Сәтемхан Сәукетайқызынан сұхбат алдық.Ол 1957жылы Күршім ауылында дүниеге келген.Қазір жасы 60-та.
-Сіздердің кездеріңізде қандай шаш бұйымдары болды?
-Біздің кезімізде көбінесе шашымызға атлас лентасын және бантик байладық.
- Шашбау, шолпы тақтыңыздар ма?
- Жоқ. Бірақ біздің аналарымыз тағып жүргені есімде.
- Аналарыңыздың шашбаулары неден жасалды? Кімдер жасады?
- Күмістен, темірден жасалған түрлері болды. Оны зергерлер жасады.
- Сұхбатыңызға рахмет.
2) Өскемен қаласынан дүкен сөрелерінен қазақи нақыштағы шаш бұйымдарын қарастырдық. Нәтижесінде қазақи бұйымдардан тек зергерлік бұйым шашбаудың екі түрі ғана кездесті.Басқа қазақи нақыштағы шаш бұйымдары жоқ.
3)Мектептегі қазақ сыныптарының қыздарынан сауалнама алдық.
Сауалнама:
Қай шаш бұйымын күнделікті пайдаланасың? (қосымша 1)
Мектепте 48 қыз бала бар.

Сауалнама нәтижесінде 44%- буғыш, 35%-шаш қыстырғыш, 10% шаш жинағыш пен шаш қадағышты пайданатыны белгілі болды, Ал шашбау мен шолпыны мүлдем қолданбайтыны анықталды.Себебін анықтасақ- шашбау мен шолпыны мектепке тағу ыңғайсыздық туғызатыны, және сатып алу қымбатқа шығады. Сол себепті қоғамға ыңғайлы, бағасы арзан шаш бұйымдарына қазақи рең беруді қолғаалдық.
3)Мектеп оқушыларының аналарынан сауалнама алдық. Сауалнамаға 10 ана қатысты.
Егер қазақ оюымен өрнектелген
шаш бұйымдары өндірісте болса, қызыңызға сатып алар ма едіңіз?
(қосымша 2)
Зерттеудің нәтижесінде бұл ою-өрнек түрлері атадан балаға қалған үлкен өнер болғандықтан, сол өнерді меңгеру, әрі оны қолдану әр қазақтың міндеті деп білемін.
Сол себептен қазіргі қолданыстағы шаш бұйымдарын ұлттық ою-өрнектер арқылы сәндеуді қолға алдық.
3.2 Ою-өрнектермен сәнделген шаш бұйымдарының түрлері:

Қазақи нақыштағы шаш жинағыштары. (Ободок) Бұларды жасауда қолданылған ою-өрнек түрлері: Қошқар мүйіз элементтері және құсқанаты оюының элементтері пайдаланылған.Пішіндері 8бұрыш және қошқар мүйіз.
2,4 бүктеу арқылы жасалады. Тастар арқылы әсемделген.

Қазақи нақыштағы шаш буғыштар.(Резинка) Бұларды жасауда қолданылған ою-өрнек түрлері: Қошқармүйіз оюы.Пішіндері: тұмарша, шаршы.

Қазақи нақыштағы шаш қадағыштары
Пішіні: Дөңгелек
Қолданылған ою түрі: Қошқармүйіз.1бүктеу арқылы ойылады.

Қазақи нақыштағы шаш қыстырғыштар. Пішіні: Ромб және жүрекше. Қолданылған ою түрі: Қошқармүйіз, түйетабан.

Қазақи нақыштағы шашқап. Қолданылған ою: Қошқар мүйіз элементтері.
3.3 Мерекелік іс-шараларға арналған оюлы бұйымдар
Әр мереке сайын біз-мұғалімдер, оқушылардың жарқырап, ерекшеленіп тұрғанын қалаймыз. Сонымен қатар қазақ стилінде, Қазақстан мемлекеті болғандықтан, еліміздің бір белгісі болғаны бала үшінде, атан-ана, мұғалім үшін де үлкен рух пен сенімділіктің белгісі. Сол себепті өзімнің оқушыларыма «Бастауышпен қоштасу» кешіне арнап қыздарға бантик пен оюлы алқа, ұлдарға белдік жасадым.
ҚОРЫТЫНДЫ
Біздің ата-әжелеріміз мал шаруашылығымен айналысып малдың жүнінен, терісінен, сүйегінен тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаған. Күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды ойлап, тауып отырған. Соның бірі киізден жасалған баспана. Зерттеу жұмысында осы киіздің бүгінгі күндегі өңделген түрін ала отыра қыздардың өміріне қажетті қазақи нақыштағы шаш бұйымдары жасалды.
Қазіргі кездегі шашқа тағатын қазақи нақыштағы бұйымдардың ішінен тек зергерлік бұйымдарды ғана дүкен сөрелерінен көретініміз анық. Біз жасаған шаш бұйымдары осы бұйымдардың ізін жалғастырар жаңа үлгі деп білеміз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1)Қасиманов.С. «Қазақ халқының қолөнері». Алматы: «Өнер», 1995ж.-24 бет
2) Қазақстан Ұлттық энцеклопедиясы. Бас редакторы Ә.Нысанбаев- Алматы
3)М.Ш. Өмірбекова «Қазақ халқының дәстүрлі өнері», Алматыкітап, 2004ж
4)Шаңырақ энциклопедиясы
5)Интернет желісі
Қосымша 1
Сауалнама:
Мектеп оқушыларының қазақ қыздарына арналған сауалнама үлгісі:
Қай шаш бұйымын күнделікті пайдаланасың?
А) Шашбау Ә) Шаштеңге Б) Шаш буғыш
В) Шаш жинағыш Г) Шаш қыстырғыш Д) Шаш қадағыш
Қосымша 2
Мектеп оқушыларының аналарына арналған сауалнама үлгісі:
Егер қазақ оюымен өрнектелген шаш бұйымдары өндірісте болса, сатып алар ма едіңіз?
А) Иә Б) Жоқ
11
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оюлы шаш бұйымдары

шағым қалдыра аласыз