Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өюы көптің өрнегі көп

Материал туралы қысқаша түсінік
Ою-өрнек қазақ даласына оқу - сызу пайда болмай тұрып дүниеге келді десе де болады. өткен ғасырда ою-өрнекпен адамның ойын, немен шұғылданғанын тіпті хан мен бай, кедей іс-әрекеттерінде осы арқылы ұғуға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнек түрлері. Сегіз жапырақ құрақшасын тігу.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Ою үлгілерін компьютерге түсіріп, сызып, бояудың әдіс-тәсілдерін меңгерту,алған білімдері арқылы VII қысқы Азияда ойындарындағы спортшыларымыз сияқты 7 қырынан көрсетуге, жинақтауға дағдыландыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен көрсетуге ықпал ету, сарамандық іс-әрекеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Өз халқының салт-дәстүрін құрметтей білуге, ұлтының ерекшеліктерін түсінуге, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Технология сабағында компьютерді пайдалану.
Кіріктірілген сабақ.
Пәнаралық байланыс
: ЭВМ, сурет, музыка, тарих, әдебиет,математика,сызу, геометрия.
Сабақтың құрал-жабдықтары: қайшы,желім,сызғыш,бояулар, қарындаш,өшіргіш,түрлі-түсті қағаз,картон,бор,қағаз,мата,ине,жіп
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер,матадан тігілген ою үлгілері, суреттер,буклеттер, тест сұрақтары.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
.
1. Оқушыларды сабаққа даярлау,түгендеу.
2. Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.Қызығушылығын ояту.
Өткен сабақты сұрақ-жауап арқылы қайталау,бекіту.

ІІІ.Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Оюы көптің өрнегі көп,
Өрнегі көптің ермегі көп» ,яғни ою үлгілерін компьютерге түсіріп, сызып, бояудың әдіс-тәсілдерін меңгеру.
Экранға назар аудару.
IV Мағынаны ажырату.

VII қысқы Азияда ойындары Астана мен Алматы қалаларында 30-қаңтар мен 6-ақпан аралығында өтті. Ондағы біздің нышанымыз «Азия барысы» болды. Енді сол Қазақстанның барысы сияқты біздің спортшыларымыз 7 қырынан көріне білді. Сондықтан сендер бүгінгі сабақта өз бойларыңдағы барлық күштеріңді, қайсарлықтарың мен алғырлықтарыңды Қазақстан барысы сияқты 7 қырынан көрсетуге тырысуымыз керек.
Ою-өрнек қазақ даласына оқу - сызу пайда болмай тұрып дүниеге келді десе де болады. өткен ғасырда ою-өрнекпен адамның ойын, немен шұғылданғанын тіпті хан мен бай, кедей іс-әрекеттерінде осы арқылы ұғуға болады. Ою-өрнекті белгілі бір адам немесе қолөнер шеберлері ойлап тапқан жоқ, оны халық ойлап тапты. Қолөнер шеберлерінің арнайы шеберханалары болған жоқ. Олар үйдің не даланың кез келген жерін ыңғайлап, сол жерді шеберханаға айналдырған.

Ою-өрнек түрлері төрт топқа бөлінеді
1.Өсімдік тектес ою-өрнектер.
2.Жануар тектес ою-өрнектер.
3.Геометриялық фигуралар тектес ою-өрнектер.
4.Ғарыш әлеміне байланысты ою-өрнектер.

Қазақтың ою-өрнегін салып, қиып үйренбей қолданбалы өнерді игеру мүмкін емес. Сондықтан оюды өзіміз ойып үйренуіміз керек. Халқымызда «Өз үйінде ою оймаған адам, кісі үйінде сызу сызады»- деген мақал бар. Осы мақалдың өзі ою оймаған кісінің өзге өнерді де игере алмайтындығын көрсетеді. Енді ою-өрнек, шеберлік, өнер туралы мақал-мәтелдер айтсақ.
1.Өнер сыры – өрнекте.
2.Ою ойғанның ойы ұшқыр.
3.Ою ойған сызу да сызады.
4.Үлгісі көптің өрнегі көп,
Өрнегі көптің ермегі көп.
5.Өнерсізден құт қашады.
1) Ою-өрнек дегеніміз – сөзіміз латын тілінен алынған «орнамент» мағынасы сәндеу, әсемдеу.
2) Композиция дегеніміз – өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру.
Мысалы: көлемі шағын бұйымға ірі өрнек салмайды.
3) Симметрия дегеніміз –ою-өрнектің екі жағының тең болуы. Мысалы: кітаптың екі бетіндей.
4) Колорит дегеніміз –ою-өрнектің бояу түрлерінің ою-өрнектің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы.
Мысалы: қара түсті қызыл, ақ, сары түстердің ашуы.
5) Ритм дегеніміз – ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі
- Балалар, сендер осы ою-өрнектерді танып білдіңдер десе болады. Енді ЭЕМ арқылы жұмыс жасаймыз.Компьютерді іске қоспас бұрын техника қауіпсіздігін еске түсірейік.
1.Кабельдердің қосылған орындарына тиюге;
2.Жұмыс істеп тұрғанда экранға ,монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге;
3.Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураларды тоқ көзіне қосуға,үзуге;
4.Кітап,дәптер және тағы басқа заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға;
5.Су киіммен,су қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тыйым салынады.
Компьютермен жұмыс жасағанда PAINT графикалық редакторды пайдаланамыз. Іске қосу үшін мына командаларды орындаймыз: БАСТАУ – БАҒДАРЛАМА – СТАНДАРТТЫ – PAINT. «Paint» (ағылшын сөзі) –қазақша сызып, бояп үйрену деген мағынаны білдіреді.
Оюдың екі түрін сызып және бояймыз.

САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС
Сегіз жапырақ құрақшасын тігу
Жұмбақ шешу.
1.Таптым, таптым тап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға.
(түйе, түйетабан, ботакөз, өркеш)
Қазақ оюының ең бір кең тараған үлгісі
(сынық мүйіз)
2.Қыз есімімен аталатын өрнек.
(Ботакөз)
3. Арқалаған тауы бар,
Іші толған қоры бар.
(түйе)
V. Ой толғаныс кезеңі.
Ал енді балалар бүгінгі сабақты қорытындылай келе, мына кестені толтырамыз.

Білемін

Білдім

Білгім келеді

VІ Қорытындылау, бағалау
VІІ. Үйге тапсырма беру
Ою-өрнекті қағазға қиып үйрену, ою-өрнек туралы 5 жолды өлең жазу.(мата әкелу)














































Құдайкөл жалпы орта білім беру мектебі

















«Оюы көптің өрнегі көп,

өрнегі көптің ермегі көп»

























Өткізген : Сайран А





2012-2013 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
393
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12