«Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік» Сынып сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік» Сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
«Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік» 9-сыныпқа тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мұғалімнің аты жөні



Күні:


Сынып:



Тәрбие тақырыбы

«Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік»

Мақсаттары:


Оқушыларды жауапкершілік түсінігімен жан-жақты ақпараттандыру, әрекеті мен өз өміріне жауапты екендігін ұғындыру, жауапкершілік дағдысын меңгерту.


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті


Оқушының әрекеті


Ресурстар




І Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері:

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – еңбек.

Сабағыңды жөндеп,

Әзірлесең еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек!

Негізгі бөлім.

  1. Жауапкершілік жөнінде әңгіме-сұхбат жүргізу. Ол төмендегі сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.

  • Жауапкершілік дегеніміз не?

  • Оны қандай уақытта сезінеміз?

  • Жауапкершіліктің адамда жағымды қасиетті қалыптастыруға әсері бар ма? Қандай?

  • Өз өміріме жауапкершілік алу дегенді қалай түсінесіз?

  • Жауапкершілік ала білетін адамның бойынан қандай қасиетті байқауға болады?

  1. Жауапкершілік жөнінде қысқаша лекция . (5-минут).

Жауапкершілік— бұл адамның өз әрекетіне жауап беру, міндетін орындау қабілеті.

Ондай адамға сеніп іс тапсыруға болады, ол оны ойдағыдай орындап, адамды ұятқа қалдырмайды.

Адамда үнемі таңдау болады. Сіз өзіңізге жауапкершілік ала аласыз, немесе өзгені кінәләуңызға да болады. Мұндағы ең негізгі сөз: «Өміріңде кез келген міедетті орындауды, бақылауды өз мойныңа алғым келмесе де, оның соңғы нәтижесін өзің көресің». Әлемде нақты бір заңдылық бар.Оны сен білсең де, білмесең де ол жұмыс істейді.

100 пайыз жауапкершілік алу қаншалықты маңызды? Адам өз өміріне толығымен жауапкершілік ала білсе, ол болып жатқан оқиғаны дұрыс бағалап, соған әрекет етеді.Оның нәтижесін де дұрыс болжай алады. Бақылау мен жауапкершілік ала білген адамның өмірінің сапасы да жоғары болады.

  1. «Соқыр мен жетекші» жаттығуы.

Мақсаты: Өзіне жауапкерлік ала білуге үйрету.

Қажетті құралдар: Орындықтар, көз байлайтын орамал.

Нұсқау:Жұпқа бөліну. Орындықтардың жылан іспеттес ирелендетіп қойып, оның арасымен біреуінің көзін байлап, екіншісі сол орындыққа шалындырмай өткізу қажет. Кезекпен қайтала         йды. Орын алмастырады.

Жаттығу жасаланып болған соң талқылау жүргізіледі.

  • «Соқыр» рөлін ойнағанда қандай күйде болдың?

  • Жетекшіңе қаншалықты сендің?

  • Өзіңнің қанда екендігіңді білдің бе?

  • Сен өзіңе жауапкершілік алғанда қандай күйде болдың?

  • Досыңның саған қорықпай сенуіне қандай күйде болдың?

  • Сен өзіңді қай уақытта жақсы сезіндің? «Соқыр» рөлінде ме, әлде «жетекші» рөлінде ме?

Оқушылар бірлесе отырып, қорытынды пікір шығарады.

  1. «Жауапкершілік» жаттығуы.

Қажетті құрал: Сөйлем жазылған ақ парақ. (оқушы санына қарай таратылады).

Нұсқау: Сөйлемді аяқта.

  • Жауапты адам болу дегеніміз…

  • Мен өз жауапкершілігімді… көрсетемін.

  • Мен үшін ең қиын жауапкершілік, ол …….

  • Жауапкершілігі бар адамды мен… танимын.

  • Менің жауапкершілігім көбейген сайын, өзімді….. санаймын.

  • Мен мынандай ….. жауапкершілік алудан қорқамын.

  • Мен өз өміріме жауаптымын, себебі…

  • Мен өз мақсатыма жету үшін, мен…. жауапкершілігін ала аламын.

Әр сөйлемді бірнеше нұсқамен толықтырсаңыз да болады.

Оқушы тапсырманы орындап болғаннан кейін осы жайында пікір алмасады, талқылайды, ой түйеді. Жұп-жұппен бір-бірінің қолынан ұстап тұрып, соңғы сөйлемді екі реттен қайталап, «ант» береді.

 

  1. «Мен өз әлемімнің қожайынымын» жаттығуы.

Нұсқау: Қазір-бір-бірлеп орынан тұрып, омыртқаны тік ұстап, екі иықты түзулеп, үлкен қуаныш және мақтанышпен: «Мен-өз әлемімнің қожайынымын. Өмрімнің әр сәтіне жауапкершілік пен алдағы арманымның да жүзеге асуын өз міндетіме аламын», деген сөзді айтып, алдыға бір қадам жасау керек.

  1. «Арманға апаратын басқыш» медитациясы.

Нұсқау: Баяу әеун қойылады. Ыңғайлы отыру. Арқаны орындық арқалығына сүйеуге де, немесе бос ұстауға да болады.Көзді жұму. Мұрынмен тыныс алу, қолды іштің тұсына қойып, онда ауа толтырылғанын сезіну. 3 секундқа ауаны ұстап тұру. Сосын мұрын арқылы тыныс шығару. (Жаттығуды 3 реттен жасау, екіншісінде 5, үшіншісінде 7 секунд ұстау). Көз алдыңызға 10 басқышты елестетіңіз. Соның ең жоғары жағында сіздің арманыңыз тұр. Әр басқышта жазылған сөз ол сіздің арманға жетуде қуат беріп, көңіліңізге сенім ұялататын ғажайып сөздер. (Тренер мектеп оқушыларына 10 жауапкершілік дайындайды.) Бірінші басқышта «Мен бас банкирмін» сөзі жазылған.Әр міндетті айтқан сайын оқушы оны іштей 3 реттен қайталау керек. Білім, сана, тәрбие,ақыл, сенім, талап,адал, жақсы-қарым-қатынас, ұқыптылық, еңбекқорлық.

Міне арманның да төріне шығу! Швардцнигер алатын жеңісін алдымен көз алдына барлық бөлшегіне дейін келтіре алады екен. Ата-анаңның мақтанып тұрғанын, өзіңе бүкіл зал қошемет көрсетуп жатқанын…. Сондай жасай алғаннан кейін бүкіл жарысқа қатысады екен. Ұйқыға жатқанда Емтихан, ҰБТ-қатысып отырғаныңды,шыққаныңды, кешке «125» ұпай алғаныңды елестет. Енді ақырын көзімізді ашамыз да бұрыңғы қалпымызға келеміз.

 

Қандай сезімде болдыңдар?

 

Қорытындылау.

Рефлексия.







Білім алушылар мұғаліммен сәлемдеседі, бірге шеңбер құрып, өлең шумақтарын қайталайды









Оқушылар сұрақтарға жауап береді













Бейнероликті тамашалайды












Мақалдардың жалғасын табады









Оқушылар дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.













Оқушылар топтық жұмысты орындайды, әр топ өз жұмысын қорғайды


Оқушылар топтастыру тапсырмасын орындайды




Ән шырқайды















































https://www.youtube.com/watch?v=wgyEUIN5ePw






https://wordwall.net/ru/resource/52238950/%D0%B5%D2%A3%D0%B1%D0%B5%D0%BA-%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB-%D0%BC%D3%99%D1%82%D0%B5%D0%BB-%D0%B6%D0%B0%D0%BB%D2%93%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B%D1%80


https://wordwall.net/ru/resource/48625947/%D0%B5%D2%A3%D0%B1%D0%B5%D0%BA-%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B-%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB-%D0%BC%D3%99%D1%82%D0%B5%D0%BB%D0%B4%D0%B5%D1%80




https://www.youtube.com/watch?v=63zHoDoEGrs

























































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2024
1165
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі