Өз шығармашылығымнан

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өз шығармашылығымнан

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғат, Тәуелсіздік туралы өлең жолдары керек болар,,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Табиғат лирикасынан

Табиғатпен үндесу



Кең құлашпен құшақ жая керілдім

Табиғаттың тылсымына берілдім

Сырыңды айтшы, сен табиғат маған бір

Мен де сенің тынысыңа берілдім.

Алғандайсың бар жанымды баурап сен

Кең алқапты, шалқар далаң неткен кең!

Жырыңды айтшы мен ұғайын табиғат

Жел үнімен оңды – солды есілткен.

Сыбырлайды құлағымның түбінен

Сыбдыр желдің дыбысынан үркінем

Жақындашы мен жетейін бір саған

Үн шығарам араласа күлкіммен

Сырың сондай түсініксіз бір маған

Бірде тыныш, бірде шусың арбаған

Бірде қуып жел тұрғызсаң далаға

Бірде үнсіздік күллі әлемді жаулаған.

Тырс – тырс еткен жас тамшылар ағады

Әр тамшыда не сыр барын, кімдер қалай ұғады?

Сол тамшылар жерге тиіп домалап,

Сеңге айналып, ағын су боп ағады.

Ағын судан ұшан теңіз қиырсыз

Толқындардың толқын жолын қағады,

Бірде ашуға, бірде күйге шақырған

Толқындарың қайда ғана барады?

Аспаның бар мөлдіреген көгілдір,

Сол аспаннан күн сәулесін төгілдір

Жылу сыйлап, барша әлем жүзіне

Мұң түспесін сәулеңе де сенің бір.

Не айтасың, нені керек етесің,

Көңіл – күйдің түрлі әуенін шертесің

Өмірдегі тіршіліктің иесі

Түсініксіз сырды әрдайым шертесің.

Сыр шертсең де, мұң шертсең де өз еркің,

Тыныстауға мүмкіндікті бер еркін,

Ешкашанда құлазымай, жасымай,

Келтіргейсің күллі әлем, сен, көркін!







Тәуелсіз еліме


Тыныштықтың берекелі таңдары,

Мен өзіңді мәңгілікке таңдадым

Жағылсын тек жақсылықтың шамдары,

Ата берсін, тәуелсіздік таңдары.

Таң атынан күн батады шырайлы,

Түндеріміз тыныш болсын нұр – айлы

Тыныштық тек, тыныштық еліміздің

Болсын әркез күні менен ыл, айы.

Тәуелсіздік тың мағына жасаған

Берік болсын, қазақ елім, босағаң

Мерейің мен махаббаты бір шексіз

Аман болсын Отан – ана, өз анам!

Күнім көкте, жырым жерде шашылсын,

Әрбір жанның бақ – мерейі ашылсын,

Қатыгездік, арамшылдық жойылып,

Дұшпанымның көкірегі басылсын.

Көк туымыз желбіресін мәңгілік,

Мақтанышпен біз айтайық ән қылып,

Ту астында абыроймен еңбек қып,

Сарбаздарың жасай берсін мәңгілік.

Әнұраны қазақ елдің жыр басы

Бар әлемге жас ұрпағың жырласын

Болсын әркез жыр менен сыр өзіңе

Сырын айтар адал жандай, сырласың.

Тәуелсіздік бір белгісі тілімде

Тілімізді қадірлеп те жүріңдер

Тіл өшпесе,мәңгі жасар, қазақта

Міне, осыны барлығыңда біліңдер.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
612
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі