Б.Жұмалиев атындағы орта
мектеп
Психологиялық
тренинг
Тақырыбы:
«Білімді
шәкірт – ұстаз еңбегінің
жемісі»
Өткізген:
Жуманова Нургул
Педагогтарға арналған
психологиялық «Білімді шәкірт – ұстаз еңбегінің жемісі»
тренингі
Мақсаты: өзара қарым-қатынас қабілеттерін
дамыту.
Міндеттері: қабылдарлық формада ашуды тарқатуға үйрету, өзара
түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар,
топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын
орнату.
Психологиялық
технологиялар: музыкалық терапия, ойын
терапиясы, арттерапия.
«Кел,
танысайық» ойыны.
Жүргізуші алақанын соғады, қатысушылар
бір-бірінің қолын қысады.
Жүргізуші қоңырау соғады, қатысушылар бір-бірінің
арқаларын сипайды.
Жүргізушілер сылдырмақты сылдырлатады,
қатысушылар мұрындарымен амандасады.
«Кішкентай ергежейлі»
ойыны.
Жүргізуші қатысушыларға кішкентай мейірімді
ергежейлінің рөлін ойнауды ұсынады. Жүргізуші қол соққанда,
қатысушылар қолдарының шынтақтарын бүгіп, саусақтарын алдыға қарай
созып «У» дыбысын қатты қорқынышты дауыспен
айтады.
Егер жүргізуші қолын ақырын соқса, «У»
дыбысын ақырын айтады. Өздеріңіздің мейірімді ергежейлі
екендеріңізді ұмытпаңыздар, аздап қана
қалжыңдаймыз.
«Кенгуру»
ойыны.
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір кенгуру тұрып
тұрады, екіншісі – оған арқасымен тұрады, сосын отырып
тұрады. Екі қатысушы да қолдарынан ұстайды. Әрбір жұптың міндеті
осы тұрғыда, қолдарын айырмай, бөлмені секіріп, айналып шығу.
(Қатысушылар рөлдерімен алмасады, сосын жұптарымен
алмасады).
«Кеме»
ойыны.
Қатысушылар екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы
тұрады. Бұл өзен жағалаулары. Қатарлардың ара қашықтығы қолдары
бір-бірлеріне тимеуі керек. Өзенге кеме көзін жауып жүзіп
келеді. Оның қозғалысы ақырын немесе жылдам болуы мүмкін.
Жағалаулар қолдарымен кеменің қозғалысына ақырын көмектесуіне
болады. Кеме жолды өзі таңдайды; айналуына, бұрылуына,
оралуына болады. Соңында кез келген жағалаудың шетіне тұруы қажет.
Осы кезде басқа кеме жолға шығады.
«Алақанға жан бітір»
ойыны.
Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын
салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз .....
салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып
жазу. Соңында неге олай атағандықтары туралы айтып
беру.
«Құпия дос»
ойыны.
Әрбір қатысушыға 5 бланкілі ашық хат
(открытка) ұсынылады. Әрбір қатысушы 5 ойыншыға тілек жазулары
керек. Ашық хатты әдемілеп безендіреді. Хат кімге арналғандығын
жазады. Кімнен екені жазылмайды, құпия болып қалады. Ашық хат пошта
жәшігіне салынады. Келесі күні жүргізуші жәшікті ашып, хатты хат
иелеріне тапсырады.
«Сіздің мінезіңіз қай құсқа
ұқсайды?» әдісі
Тест: "Сіздің мінезіңіз қай құсқа
ұқсайды?"
Табиғатта өмір сүріп жатқан тірі денелердің
барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Бір қызығы, құстардың мінезі
мен адам болмысы ұқсайды екен. Төмендегі тестің көмегімен қай құсқа
ұқсайтындығыңызды анықтаңыз:
1. Таңғы асқа нені
қалайсыз?
А)
Бір стақан қара шәй, кофе немесе шырын
Ә)
Асылған жұмыртқа немесе бутерброд
Б)
Кешеден қалған тамақты жылытып жеймін
2. Демалыста жұмыс күндеріндегідей ерте
тұрасыз ба?
А)
Иә, бұл әдетке айналып кеткен
Ә)
Жоқ
Б)
Әр кезде әр түрлі
3. Уақытты минутына дейін сағатқа қарамай дәл
анықтай аласыз ба? Бұл тапсырманы орындау үшін жақындарыңыздан
көмек сұраңыз. Нәтижесі төмендегілердің қайсысына сәйкес
келді?
А)
Бір минутты артық айттым
Ә)
Бір минутты кем айттым
Б)
Дәл таптым десем болады
4. Тәуліктің қай уақытында біреумен ұрысасыз
немесе өзіңізден-өзіңіз ашулана бастайсыз?
А)
Кешке қарай, шаршай бастаған кезде
Ә)
Таңертең, ұйқым қанбаған кезде
Б)
Нақты айта алмаймын
5. Жұмыссыз болған жағдайда, ұйқыға нешеде
жататын едіңіз?
А)
Шамамен түңгі 00-де
Ә)
Түңгі 1-де
Б)
Сағат 22.00 болғанда
6. Төмендегілердің қайсысынан оңай бас
тартасыз?
А)
Кешкі шәйден
Ә)
Таңертеңгі кофеден немесе шәйден
Б)
Маған шәй мен кофенің қай уақытта ішілетіні маңызды емес. Көңілім
қашан қаласа, сол кезде ішемін
7. Әдеттегіден 1 сағат ерте тұру керек болса,
ұйқыға да ерте жатасыз ба?
А)
Шынымды айтсам, жоқ
Ә)
Иә, әрине
Б)
Жоқ, әдеттегідей ұйықтай беремін
8. Таңертең оятқыш шырылдаған кезде қандай
сезімде боласыз?
А)
Мені ашуландырмайды
Ә)
Оны терезеден лақтырып жібергім келіп тұрады
Б)
Барлығы ұйқымның қанған-қанбағанына байланысты
Жауабы:
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
|
А
|
0
|
0
|
3
|
6
|
6
|
3
|
6
|
3
|
|
Ә
|
3
|
3
|
6
|
3
|
0
|
6
|
0
|
6
|
|
Б
|
6
|
6
|
0
|
0
|
3
|
0
|
3
|
0
|
0-18 ұпай
арасы: Жарқанат. Дәрігерлер адам баласына
жарқанаттың күн тәртібінің сай келетіндігін айтады. Бұл типке
жататын жандар қан тамырлары мен жүрек ауруларымен мүлдем ауырмайды
деуге болады.
21-33
ұпай: Үкі. Үкілердің миы түнде жақсы жұмыс
істейді. Алайда дәрігерлер осы қасиеттерінің арқасында
денсаулықтарының жақсы болмайтындығын айтады. Олардың үнемі қан
қысымдары артып, жүрегі қысылады.
36-48
ұпай: Көгершін. Мінезі жарқанат пен үкінің
ортасында. Басқаларға қарағанда сыртқы ортаға жылдам үйренеді.
Бірақ күйзеліске жиі тап болады.