жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
өздік анализ
Өздік анализ
Қарағаш орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Ваисова Асем Сериккалиевна
Сабақ 6 «Б» сыныбымен қазақ тілі пәні бойынша өтілді. Бұл сынып оқушыларының қазақ тілі сабағынан білімдері жақсы деңгейде. Сыныпта 6 оқушы бар. Оның төртеуі жақсы, екеуі орташа оқиды. Қазақ тілі пәні бойынша оқу үлгерімі біреуі «5», үшеуі «4», екеуі «3» –ке оқиды.
Бағдарлама бойынша «Оқу еңбек аясы» бөліміне 10 сағат берілген, рет саны бойынша үшінші. Сабақтың тақырыбы: «Мектеп формасы»
Сабақтың мақсаттары:
-
«Лексикалық тапсырмалар арқылы қалау райын бекіту»
2. берілген тақырыптар бойынша танымдылық қабілттерін арттыру
3. Оқушыларды өз бетімен білім алып, тақырып мағынасын ашуға, ой түйіндеуге, адамның ғылыми тұрғыдан ұғынуға тәрбиелеу.,
Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ әдісі : сұрақ – жауап, түсіндірмелі, жекелей, топтық жұмыс,
постер қорғау, «хаттар ұяшығы» , формативтік бағалау
синквейн құру т.б
Алдыма қойған міндетім: Сабақ барысында бірнеше тәсілдерді қолданып, оқушылардың терең білім алуларына жағдай жасау. Оқушылардың іздену,ойлау шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Қазақ тілі сабағында Кембридж технологиясының негіздерін қолданып, қысқа мерзімді сабақ жоспары /ҚМЖ/ Блум таксономиясының деңгейлері бойынша құрылды. Мен бүгінгі сабақта алдыма қойған мақсатыма жеттім .
24.11.2015ж Сыныбы: 6 «Б»сынып Пәні: қазақ тілі
|
Сабақтың тақырыбы: |
«Мектеп формасы» |
|
Сілтеме |
Қазақ тілі 6 «Б» сынып оқулығы. Әдістемелік құрал. |
|
Жалпы мақсаты |
«Лексикалық тапсырмалар арқылы қалау райын бекіту» |
|
Оқушылар үшін оқу нәтижелері |
Қалау райын жақсы меңгерту. Сөздік қорын байыту; Өздерін-өздері бағалау арқылы сыни тұрғыдан ойлауы дамиды ,шығармашылықпен жұмыс жасай білуге үйренеді. |
|
Негізгі идеясы |
1. Жұмысты жұп немесе топпен орындау оқушылардың барлығын дерлік белсенділендіреді. 2. Кері байланыс арқылы оқышы бір-бірін үйретеді. 3. Әр сабаққа жаңалық енгізу жұмыс тиімділігін арттырады |
|
Орындалатын әдістер |
3. « Синквейн» 4.Топтық зерттеу. 5. Формативті бағалау
|
|
Сабақ кезеңдері |
Уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушы іс-әрекеті |
|
Кіріспе бөлім |
3 минут 7мин |
Ұйымдастыру. А)Оқушылармен амандасу. Б) Галстук пен төс белгі арқылы топқа бөлу ойыны «Амандасу»ойыны/ Үй жұмысын тексеру. Жұпқа бөліп, сұрақтар арқылы. В) сабақтың тақырыбын мақсатын айту. |
Сабаққа назар аударады. 1.« Сағат тілімен достар» жағымды ахуал. Психологиялық жағынан дайындалады. Б/Оқушылар галстук пен төс белгіге қарап, топтарға бірігеді.Топ ережесін сабақ бойы ұстанып отыру. Дәптерлеріне тақырыпты жазып алады. |
|
Жаңа сабақ |
3 минут |
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «ребус» қолданамын. Мектеп фомасы туралы не білеміз? Әр топқа ойлануға 1минут уақыт беріледі |
Әр топ ойласып, өзіне берілген тапсырманы ауызша айтып шығады. |
|
Оқулықпен жұмыс |
4мин 10 минут |
1тапсырма. Диалогты рөльге бөлініп, оқу.
|
қосалқы тапсырманы іштей оқып, топта талқылайды. Постер құрады |
|
|
3минут |
Формативті бағалау 2 жұлдыз 1 ұсыныс арқылы бағалау
|
Топтар бірін бірі 2 жұлдыз 1 ұсыныс арқылы бағалауды жүзеге асырады. |
|
|
1 минут |
Сергіту сәті |
Жаттығу жасап бой сергітеді. |
|
|
5 минут |
Акт модулі бойынша грамматикалық тапсырмаларды орындау |
Әр оқушы тақтаға шығып, берілген сөйлемдердегі бос орындарға жалғауларды қою. |
|
Жаңа сабақты жинақтау |
4 мин |
«Синквейн» әдісі арқылы |
Сөйлем құрау |
|
Бағалау |
2 мин |
Өзін-өзі бағалау парағын жинап,жиынтық бағасын шығарамын. |
Оқушы өзін-өзі бағалайды |
|
Кері байланыс |
2мин |
«Хаттар ұяшығы» |
Оқушы стикерге сабақтан алған әсерін жазып хаттар ұяшығына жапсырады. |
|
Үйге тапсырма |
1мин |
4-тапсырма . 152-бет |
|
Сабақ тақырыбы: «Қазақ хандығына 550 жыл»
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: қазақ хандығы
құрылуының тарихи оқиғалар тізбегін еске түсіре отырып, танымдарын
арттыру;
Тәрбиелілік: тарихи ұлы
тұлғалардың ерліктерін насихаттай отырып, отансүйгіштікке
тәрбиелеу;
Дамытушылық: өткенді еске түсіре
отырып, болашаққа бағдар беруге баулу.
Сабақтың
көрнекілігі: слайд шоу
(«Қазақ елі» видео ролик, қазақтың ұлы хандары мен батырларының
фото суреттері, Қазақстан еліндегі батырларға арналған
ескерткіштердің фото суреттері, халық күйлерінің
жазбалары)
1. Сабақтың
барысы:
- Құрметті, оқушылар. Бүгінгі
тәрбие сағатымыздың тақырыбы
« Қазақ хандығының 550 жылдық
мерейтойына арналады».
- Қазақстан Республикасы
Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2015 жылғы
Жолдауы қалай аталады? (Нұрлы жол болашаққа бастар жол»
Жолдауы).
- 2015 жылы қандай атаулы
мерейтойлар тойланады? (Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан
халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70
жылдығы).
«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу
тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе
жатқан халық» - деп президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей
бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік
жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам
жасау бүгіннен басталады.
2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу
мен Талас өзендерінің
арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550
жыл толады. Бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға
болды. Ол ұлан - байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын
қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық аумағын біріктіруде,
қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып
қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші
рөл атқарды.
Ата - бабаларымыз бізге
бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті.
Қазақстанның арғы - бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне
осында.
Бүгінде ел арасында «қазақ мемлекеттілігі қай дәуірден басталады?», «қазақ хандығы қашан құрылды?» немесе “қазақ хандығының құрылғанына қанша жыл?” деген сауалдар көптің көкейіндегі сауалдардың біріне айналды. Себебі, биылғы жылы еліміз Қазақ хандығының негізі қаланғанына 550 жыл толуын кең көлемде атап өтпекші. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мәлімдеген болатын.
![]()
Елбасы өз сөзінде: «1465 жылы сұлтандар Керей мен Жәнібек алғаш рет хандық құрып, біздің тарихымыз қазақ мемлекеттілігін осы кезден бастайды. Мүмкін, бұл термин біздің қазіргі түсінігіміздегі, бүгінгі шекарамыздағы бүкіл әлемге танымал және беделді болғанымыздай мемлекет бола алмаған да шығар. Бірақ, сол замандағы басқа барлық мемлекеттер туралы да осылай айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде мемлекетіміздің негізі қаланғандығы, ал біздердің ата-бабалар ұлы істерін жалғастырғанымыз» деген еді.
Тәуелсіздігімізге биыл 23 жыл толғалы отыр. Егемен ел атанғалы бері қазақ хандығының мерейтойы алғаш рет аталып өтпек. Сондықтан да бұл қазақ елі үшін тарихта қалатын ең маңызды мереке болмақ.
1 -
жүргізуші: Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың
тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл.
/Қ. Р. Гимні орындалады./
2 - жүргізуші: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап,
саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары - Керей мен
Жәнібектің үлесіне тиді.
Оқушы:
Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.
Армандай асқар,
Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.
1 -
жүргізуші:
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі
тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.
Ия, сонымен Керей мен
Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.
2 жүргізуші:- Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек.
/Тарих пәнінің мұғалімі Мұталхан Мұратбекке
береміз/
Оқушы: Мұхаммед бен Уәли былай дейді:
«Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп
шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының
кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну
шеңберінен шығып, отанынан кетіп қалғанды жөн көрді. Олар
бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға
шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғолстанға апаратын
жолды таңдап алды.»
Оқушы:
М. Х. Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол
Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей
одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы
алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы округін
берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді. Онда
үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға
көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200
мыңға жетті. Олар енді өзбек - қазақтар деп аталатын болды. Қазақ
сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады. Бәрін де Алла
біледі.»
870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465 - 1466 жылдары.
1 -
жүргізуші:
1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен
етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда
құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген
ынта - үмітін жүзеге асырды.
2 - жүргізуші:
Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың
қазақтың мақтанышына айналды.
Оқушы:
Жер ұйықты іздеген Асан Қайғы бабамыз Жетісуда болған кезде:
«Жетісудың ағашының басы жеміс екен» десе, екі сұлтан келіп
орналасқан жер Шу туралы: «Ей, Шу, атыңды теріс қойыпты. Мына ну
қамысың елді ешбір жұтқа бере қоймас» деген екен.
Оқушы:
Ғасырдың құрдасы,
Ақындар жырлаған,
Көненің сырласы
Тарихты тыңдаған.
Шежіре шертеді,
Көшесі, әр тасы,
Ғажайып ертеңі,
Жетісу алқасы.
/«Қазақ елі» видео ролик/
Қорытынды.
Құрметті ұстаздар
қауымы және оқушылар бүгінгі іс шараға қатысқандарыңызға үлкен
рахмет.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Өз тарихын білмеген халық, өзін
де сыйламайды» деген. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын
әрқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік.
Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,
Бір мүдде бір мақсат алдына қойғаны.
Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,
Тәуелсіз мәңгілік ел болу арманы,- деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Еңбек етсең
ерінбей, тояды қарның тіленбей Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік
құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Еңбектің адам өміріндегі
мәні туралы түсінік беру; еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; Көрнекіліктері: слайдтар Тәрбие
сағатының өту барысы: Психологиялық дайындық Үлкенге де "Сіз",
Кішіге де "Сіз". Бар адамға құрметпен, Бас иеміз біз. Шаттық
шеңбері Ән: Болайықшы осындай. Сөзі мен әні –А. Меңжанованікі.
Жақсы бала еңбекшіл, Ер азамат болады. Қиындықты жеңіп кіл, Құшағы
гүл толады. Еңбекшіл осындай, Болайықшы, досы-ай! Таза бала
мұнтаздай, Сүйсінеді қараған, Ұқыпты деп бұл қандай, Жақсы көрер
бар адам. Мақал: Еңбек – бәрін жеңбек Әңгімелесу: Еңбек адамға не
үшін қажет деп ойлайсыңдар? Еңбекқор деп қандай адамды атаймыз?
Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар? Адамға
өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар? Ауа, су, тағам.
Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден
еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқасы да
адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттармен
толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен
келеді.
Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/tarbie/2421-enbek.html?Like
©
www.ZHARAR.com
Еңбек түбі ― береке»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың еңбек түрлері
туралы білімдерін кеңейту; ұғымдар
қалыптастыру. Сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
ой өрісін дамыту; ұжымдық сезімін дамыту. Оқушыларды
еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, үнемді болуға тәрбиелеу.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықтарын ояту: Шаттық шеңбері
А) Гүл өсірсең, терлеп,
Мұның аты ― еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты ― еңбек.
Сабағыңды жөндеп,
Әзірлесең еңбек
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.
Ә) Жалғасын тап ойыны.
Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Еңбек етсең емерсің.
Еңбек ер атандырар.
Б) «Қайдан келдің бауырсақ?» қойылымын тамашалау.
• Нан дастарханға қандай еңбекпен келеді?
ІІ. Мағынаны тану.
Топтық жұмыс.
1 топ. Сурет бойынша ой еңбегін ажыратып жапсырмалайды.
2 топ. Сурет бойынша дене еңбегін ажыратып жапсырмалайды.
3 топ. Еңбек туралы бес жолды өлең құрастыру.
Әңгімелесу.
Әрине еңбек еткен соң еңбектің ақысы болады.
• Ақысы не?
• Ақша қалай келеді?
• Ақша не үшін қажет?
• Ақша тапқан соң қажеттілікке жұмсау үшін не істеу керек?
• Шашып төгіп ұстау керек пе?
• Үнемдеу керек, дұрыс айтасыңдар, ендеше қазір біз топтық жұмысқа
көшеміз.
Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер: «Жақсы жұмыс
–жанға тыныс», «Еңбек түбі – зейнет», «Еңбексіз өмір – сөнген
өмір», жұмбақтар.
Жүру
барысы:
Мұғалім: «Жүздің көркі – көз, ауыз көркі –
сөз, сөздің көркі – мақал», – дейді халық. Мақалдар адам
тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен
түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі –
мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен
бірге халық өмірінің
шежіресі.
1-оқушы:
Еңбек мұратқа
жеткізер,
Жалқаулық абыройды
кеткізер
2 –
оқушы:.
Сақалын сатқан
кәріден,
Еңбегін сатқан бала
артық.
3 – оқушы:
Еңбектін көзін
тапқан,
Байлықтың өзін
табады.
4 – оқушы:
Асылзат.
Еңбек етпесен елге
өкпелеме,
Егін екпесең, жерге
өкпелеме.
5 – оқушы:
Ерінбесең, еңбегің
өнеді.
6-оқушы:
1. Еңбексіз мал дәметкен –
қайыршылық.
2. Еңбектен қашқан, дөңбекке
жолығады.
3. Еңбек етпеген
азады..
4. Қолы қимылдағанның аузы
қимылдайды.
5. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті
болар.
3-оқушы:
1. Орайы келсе, орақ
ор,
Кезі келсе, кетпен
шап.
2. Еңбек – адамның екінші
анасы.
3. Ерінбеген етікші
болады.
4. Керек тастың ауырлығы
жоқ.
5. Еңбекке үйренем десең,
ерінбе.
Өнерге үйренем десең,
жерінбе.
Келесі айналым: Жүргізуші мақалдың алғашқы
жолын оқиды, әрі қарай ойынға қатысушылар қолын көтеріп
жалғастырады.
1. Еңбегің қатты болса,…(татқаның тәтті
болар).
2. Еңбек түбі – береке,…(көптің түбі –
береке).
3. Істегенің еліңе жақсы,…(үйренгенің өзіңе
жақсы).
4. Отынды шапқпнға жақтыр,…(малды тапқанға
бақтыр).
5. Ексең егін,…(ішерсің
тегін).
6. Етік тіге алмаған,…(біз
таңдайды).
7. Көсеуі қысқаның,…(қолы
күйер).
8. Берген – алар,…(еккен –
орар).
9. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның
тіленбей).
Ең аз ұпай алған ойыншы ойыннан
шығады.
Екінші айналым: Екі ойыншының біреуі мақал
айтады. Екіншісі соның ішіндегі бір сөзге мақал айтады. Сосын
кезектеседі. Мүдірген оқушы
жеңіледі.
1-оқушы:.
Еңбек ет те
мақтан,
Ойнап күл де
шаттан.
2-оқушы.
Ойнап сөйлесең де, ойлап
сөйле.
2-оқушы:
Ердің атын еңбек
шығарар.
1-оқушы:
.
Ерді намыс
өлтіреді,
Қоянды қамыс
өлтіреді.
1-оқушы:
Ерінбесең еңбегің
өнеді.
2-оқушы:.
Еңбегі көптің өнбегі
көп.
2-оқушы:.
Жері семіздің – малы
семіз.
1-оқушы:.
Мал өсірсең, қой
өсір,
Пайдасы оның
көл-көсір.
Ойын соңында жеңімпаз анықталып, оған
сыйлықтар
тапсырылады.
Мұғалім: Сонымен оқушылар, мақалдың
өміршеңдігі мен қолдану аясының кеңдігінің сыры
неде?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – «Еңбек бәрін
жеңбек». Тақырып төңірегінде бірнеше сұрақтар қойылып, әңгімелесу
жүргізіледі. - Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар? -
Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз? - Өздерің қандай еңбекпен
айналысқанды ұнатасыңдар? - Адам бойында қандай қасиеттер болғанда
жетістіктерге жетуге болады? Слайд арқылы «еңбектің пайдасы» деген
сөзге топтастыру жасау. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді,
жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге
үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.
Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім толықтырып,
адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні
түсіндіріліп, өзін - өзі тану пәнін мектеп бағдарламасына енгізуге
ұсыныс жасап, осы жолда аянбай еңбек еткен еңбекқор
ж
Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/tarbie/2420-enbek.html?Like
©
www.ZHARAR.com
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген