жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өздік жұмыс
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
Тәрбие және тұлғаны әулеметтендіру кафедрасы
Сын тұрғысынан ойлауға негізделген тілдік дағдыларды меңгеруге
байланысты тапсырмалар.
Өздік жұмысы
Тыңдаушы: Нұрекешова К.К
Жетекші: Тойымбекова Ж.Б.
Тәрбие және тұлғаны әулеметтендіру
кафедрасының аға оқытушысы
Жұмысты өткізу мерзімі:
18.09–29.09.2017
Қарағанды, 2017
Оқыту – бұл жекелеген құбылыс немесе дағды емес, оқушылардың қабілеттері мен дағдыларын жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені. Қабілеттер мен дағдылар оқу үрдісінде белгілі бір дәлелдерді талқылап, қарастыруды қажет ететін сын тұрғысынан ойлауға негізделген тапсырмаларды орындау барысында көрініс табады. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттер мен құндылықтарды және түрлі әрекеттер сияқты әр түрлі өлшемдерді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау – өзіндік және жеке ойлау. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау болып табылады. Сонымен, сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады .
Мен алдағы уақытта өз сабақтарымда оқушылардың сыни ойлауларын дамыту мақсатында «Аралас, жұптас, қозғалма, ой бөліс», «Ой шақыру», «Миға шабуыл», «Венн диаграммасы», «Кластер», «Бес жол өлең» стратегияларын қолданамын.Оқушылардың топта бір-бірін, өзін-өзі және топтардың өзара бірін-бірі сыни тұрғыдан бағалауы кезінде «Екі жұлдыз, бір тілек», «Стикердегі диалог», «Білемін. Білдім. Білгім келеді» әдістерін қолдануды мақсат етіп отырмын.
Оқушылардың тез ойлап, тез ой алмасулары үшін және оларды топқа бөлу үшін «Аралас, жұптас, қозғалма, ой бөліс» әдісін қолдану керек деп ойлаймын. Ал «Ой шақыру» әдісі арқылы оқушылар белгілі бір мәселенің шешімін табуда өздерінің бар білімдерін еске түсіріп, оны практикада қолдана алды. Сонымен қатар, теориялық материалда берілген ұғымды бір-бірімен пікірлесе отырып, талқылай алды. Оқушыларға өздерінің сөздік қорларын, байланыстырып сөйлеулерін дамытуға лайықталған «Бес жол өлең» әдісін қызығушылықпен орындатуға болады. Сабақта көріп талқылаған бейнетаспадағы екі сабақ түрі бойынша ойларын жинақтап, екі сабаққа өздерінің сыни көзқарастарын білдіру үшін «Венн диаграмасы» әдісі арқылы топтық жұмыс жасайды. «Кластер» әдісіне тоқталып кетсек, оқушылар сабақта бір-бірінің пікірлерін жинақтайды, жүйелейді, нақты тұжырымдар жасау арқылы сыни тұрғыда пікірлесулерін қалыптастыратын топтық және диалогтік жұмыстар жасай алады.
Міне, осының негізінде оқушыларға сын тұрғысынан ойлау не екендігін ұғындыру мақсатында төмендегі сабақтың үлгісін ұсынып отырмын: «Оқытудың тиімді әдістері мен оқытуды ұйымдастыру формалары». Ол сабақ «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының әдістемесін түсіндіру мақсатында құрылды. Онда сабақ мақсатына сай табыс критерийлерін анықтап, әрі қарай түрлі тапсырмалар орындатылады. Бұл сабақта оқушыларға сын тұрғысынан ойлаудың анықтамасын бірден бермей, оны оқушылардың өздері орындалған жұмыстар арқылы ұғынуларына, бір-бірімен пікірлесе отырып түсінулеріне жетелеу қажеттілігін негізге алу қажет.
Сонымен, сабақтарымда оқушылардың бір-бірімен диалог арқылы сын тұрғыда ойлануды, талқылауды, белгілі бір шешім қабылдауды қажет ететін топтық, жұптық және өздік жұмыстарын ұйымдастырдым. Жұптық жұмыста екі оқушы өзара сыни пікірлесуге түседі. Мұнда диалог арқылы бір-бірінің білімін толықтырады, қатесін түзетеді, сол арқылы дұрыс шешім табады. Бұл бір-бірін бағалауда да өте тиімді.
Ал топтық жұмыстар арқылы бірнеше оқушылар өзара диалогке түседі. Диалогке түсуде әркім сыни ойлайды, бір-бірінің жауабын сыни көзбен қарауға үйренеді.
Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Соның бірі «Аралас, жұптас, қозғалма, ой бөліс» стратегиясы. Онда өткен тақырып бойынша теориялық материалды еске түсіріп, бекіту және жаңа сабақпен байланыстыру мақсатында диалогқа түсті. Онда оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, өткен материал бойынша білімдерін толықтырады. Өзінің және өзгенің білім деңгейіне сыни баға беруге мүмкіндік алады. Ал «Ой шақыру» стратегиясы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы өткен сабақтан мысал ретінде тоқталар болсам, бейнетаспада бейнелеген сабақты үзінділер арқылы көрсетіп, топта өзара талқылаулар жасайды. Онда олар оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекеттерін көріп, не бейнеленгенін, қандай тәсілдер қолданылғаны жайында ойланды, мұғалімнің қолданған әдіс-тәсілдерінің қандай мақсатта қолданып жатқандығын, оның оқушыға және мұғалімге не беретіндігін сыни көзқараста бақылап, ортақ ой қозғайды, ортақ пікір айтады, басқа топқа жариялайды.
Сабақ негізінен алдын-ала түсіріліп алынған сабақтың бейнетаспасы бойынша жүреді. Ол жалпы білім беру мектептердегі 4-сынып оқушыларымен ұйымдастырылған «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясына сай бастауыш сынып мұғалімінің өткізген сабағы, ал екіншісі, 3-сынып оқушыларымен басқа мұғалімнің өткізген «Дәстүрлі сабағы». Бұл сабақтарды жоғарғы буынды оқушыларға үзінділер арқылы көрсетіп, «бұл үзіндіде не көрді, ол не үшін қажет, оның тиімділігі неде, мұғалім қандай әдіс-тәсілдер қолданды, неге мұғалім осындай тапсырма берді, оқушылардың әрекеттері туралы не айтуға болады» деген сияқты түрлі сыни тұрғыда ойлауды қажет ететін сұрақтар қоямыз. Ал оқушылар ол сұрақтардың жауабын топта талқылап, белгіленген уақыт ішінде өз ойларын жариялайды. Мұнда оқушылар практикалық тұрғыда бастауыш сыныпта ұйымдастырылып өткізілетін сабақты көруге мүмкіндік алады. Жалпы сабақ барысындағы оқушы мен мұғалімнің әрекеттерін, олардың арасындағы қарым-қатынасты көріп, әдістемелік тұрғыдан тәжірибе көреді.
Ойлау процесі жазу кезінде көрінеді, себебі жазып жатқан адам әр кезде белсенді. Ол әр уақытта өзіндік ойлайды да, өзінде бар білімнің барлығын қолдана алады. Ол өзінің айтқандарын нақтылай түсу үшін дұрыс дәлелдер келтіре біледі. Міне, осыны негізге ала отырып, туындаған ойларын, өз көзқарастарын жазып отыруларын талап етіледі. Онда оқушылар не көріп, не түсінгендіктерін жазып отырады. Бұл өз кезегінде оқушылардың сын тұрғысынан ойлауларын дамытуды көздейді. Бір жағынан оқушылардың ойларын тек ауызша баяндап қоймай, жазу әрекеттерін де дамытуға маңызы зор. Бұдан оқытушы ретінде қай оқушының жазбаша сөйлеулері қаншалықты дамығанын және жалпы сауаттылықтары қандай екендіктерін анықтауға мүмкіндік туады.
Сонымен қатар, соңынан екі сабақты көріп, талқылап, негізгі ерекшеліктерін анықтағаннан кейін, өз ойларын «Венн диаграммасы» арқылы қорытындылап, топтық жұмыс ретінде орындайды. Ол үшін оларға «Салыстыру сұрақтары» ұсынылды. Берілген сұрақтар да сыни тұрғыдан оқушылардың терең ойлауларын талап ететіндей құрылуы тиіс.
Жалпы тәжірибеден өту барысында өткізілген барлық сабақтарда да сын тұрғысынан ойлау кеңінен жүріп отырады. Сабақ барысында қолданған тапсырмалар нақты оқушылардың сыни ойлауларын дамытуға арналған. Мысалы, оқушылар келесі сабақтарда да сын тұрысынан ойлауды дамытуға арналған бірнеше тапсырмалар орындайды.
Сол сияқты осы «Ой қозғау» стратегиясын суретпен жұмыс барысында қолдануға болады. Онда оқушылар сюжетті суретке қарай отырып, онда не бейнеленгені туралы топта бір-бірімен пікір алмасу арқылы диалогқа түседі және сыни тұрғыда негізгі идеяны, ойды тауып, ат қояды. Суретті топта талқылап, үйде эссе жазуға дайындайды. Эссе жазу үшін нақты критерийлер берілуі тиіс. Мысалы:
Критерийлер:
-
А-4 парағымен 2 бет жазу керек.
-
Эсседе бір ой бірнеше рет қайталанбау керек.
-
Автордан мысалдар келтіріп, өз пікірімен жазылуы тиіс.
-
Жеке түйінді қорытынды пікір болуы қажет.
-
Мұқият әрі қатесіз жазылуы керек?
Сонымен қатар, оқушыларға эссе жазуда ескеретін ескертпені ұсынамыз.
Ескерту: Өз тұжырымымен өмірден алып және бүгінгі қараған сабақтарды көз алдарыңа елестете отырып, сонымен қатар педагогикалық практикадан өткендегі іс-әрекеттердің бәрін бір-бірімен байланыстырып, теориялық мәтінді қайталамай жазу қажет.
-
Егер интернеттен алынбай, тек өз сөздеріңмен, жан-жақты мазмұнды ойда, тұжырымды түрде жазылса, онда ең жоғары балл қойылады.
-
Егер интернеттен алынып, автор сөзімен беріліп, өзіңіздің жеке ойыңыз байқалмаса, онда ол ең төмен бағада бағаланады.
Тағы келесі бір сабақта осы «Ой шақыру» әдісін мына тапсырма барысында қолдануға болады: «Жалпы «Сөйлеу» дегеніміз не? Оны қалай талдауға болады?». -Қазір онда осы ұғымды топта талқылаңыздар, содан кейін өз ойларыңызды постер арқылы жазып түсіндіріңіздер, - деген тапсырма беруге болады.
Келесі бір қолдануға болатын стратегия – «Венн диаграммасы». Олар оқушылардың алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйретеді. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
Қорыта айтқанда, ойлаумен білім алуды байланыстыра бағыттайтын оқыту технологиясы – сын тұрғысынан ойлауды дамыту екендігіне көзім жетті. Өйткені, белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны білім алуға бағыттайтын білімнің биік белестеріне көтерілуіне жол ашады. Бұл тұжырымдамам осы СТО технологиясының кез-келген стратегияларынан көрінеді. Оқушыларға әрі қарай ойын, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге ынталандырады.
Қазіргі қоғамдағы мұғалім – жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек.
Сол қазіргі қоғамдағы мұғалімдердің бірі – бастауыш сынып мұғалімдері. Өйткені мектеп табалдырығынан жүрексіне аттаған балдырғандарды жылы шыраймен қарсы алып, алғаш қолына қалам ұстатып, оңы мен солын танытып, ақ пен қараны айыруда, қоршаған ортаны танып, табиғатты қорғауды үйретіп, өмірге нық қадам басуда да бастауыш сыныптың алар орны ерекше.
Сонымен, берілген сабақтарда осы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерімен бірігіп жүргізілетінін байқауға болады . Онда алдымен осы топ оқушылардың күнделікті сабақтарға қатысуы, араласуы, ой бөлісуі, жауабы және берілген білімді қабылдаулары бойынша білім деңгейлерін «жоғары», «орташа», «төмен» деңгейге жатады деп әр оқушыны өзіне анықтап алады. Сол бойынша дайындаған тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай жоспарланып отырады. Әрине, бұл тапсырмалар бәріне де бірдей беріледі. Онда «сен мына тапсырманы орында немесе мына тапсырмаға сенің шамаң келмейді» дегендей сөздер айтылмайды. Нәтижесінде оқушы өз шамасына қарай орындайды, ал оқытушы олардың орындап отырған жұмыстарын бақылап, кімнің қандай деңгейде жұмыс жасап жатқандықтарын және жазбаша жұмыстарын тексере отырып, соңынан жиынтық бағасын қояды.
Келешекте оқушылардың сауаттылықтарын дамыту үшін нені біліп, нені меңгеру керек екендіктерін түсіндіру, меңгерту және жалпы оларды ауызша да, жазбаша да сауаттылыққа қалай үйрету қажеттігін ұғындыру, сонымен қатар, оқушылардың ауызша және жазбаша сауаттылықтарының деңгейін анықтауды басты мақсат етіп алдым. Ол үшін тапсырмаларды деңгейлеп беруді жоспарладым. Бұл оқушылардың өз деңгейлеріне сай білім алып, одан әрі күрделі тапсырманы орындауға деген ынталарын дамытты, әрі өздерін сынауға мүмкіншілік алды. Нәтижесінде өзіне қиындық туғызған тапсырмалардың орындалу барысын іздейді, ойланады, басқалармен пікір алмасады.
Сонымен, осы өздіндік жұмысын орындау барысында оқушылардың деңгейлерін көтеру үшін, біраз іздену керектігін, әрі тапсырмаларды жеңілден қиынға қарай құру қажеттігін түсіндім. Алдағы уақытта үлгірімі төмен оқушылармен жұмыс түрлерін жетілдіру қажет деген ой түйдім.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген