жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өзендердің гидрологиялық режимдері
|
Қысқа мерзімді жоспардың тарауы: Күні: Сынып: |
Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Өзендердің гидрологиялық режимі.
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
8.3.3.4. Өзендердің гидрологиялық режимін түсіндіреді (Қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде)
|
|
Сабақтың мақсаты |
Барлығы: Қазақстан өзендерінің гидрологиялық режимін біледі, судың химиялық құрамын,судың агрегаттық күйлерін атай алады; Басым бөлігі: Өзеннің қату әрекеті, өзен ағып өтетін жер бедері туралы мәлімет беріп, картада көрсете алады; Кейбірі: Қазақстан өзендерідің қоректенуін сипаттап, термин сөздерге түсінік беріп, өзендердің шаруашылық үшін маңызын анықтай алады. |
|
Бағалау критериі |
|
|
Тілдік мақсаттар |
Оқылым-айтылым: Оқушылар мәтінмен танысады, өзендердің гидрологиялық режімі, ерекшеліктерін және маңыздылығын зерделейді. Тыңдалым-жазылым:Өзен туралы бейнематериалды көріп, бір-бірінің пікірлерін тыңдайды және тірек сызба құрастырады, жұмыстарына қысқаша сипаттама береді. Пән бойынша сөздер мен терминдер: қату, гидрологиялық режім, қоректену, су шығымы, су қоймасы. |
|
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтарына: қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім құндылығын дәріптеу. Өзін-өзіне және айналадағы адамдарға құрмет: Оқушылар топтық жұмыста өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрмет пен қарау, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету, қарым-қатынас жасау қабілеті, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау. Ұлттық құндылықтар: Қоршаған ортаның адам үшін маңыздылығын үйрене отырып, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке тарту. |
|
Пәнаралық байланыс |
Химия – эрозия құбылыстарын, судың химиялық құрамын белгілі бір заңдылық бойынша үйренуде; Математика – кейбір өзен аңғарларының элементтерінің көрсеткіштерін салыстырғанда және есептегенде. Биология – флорасы мен фаунасын анықтау. |
|
Алдыңғы білім |
Гидросфераның құрамдас бөліктері. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Дереккөздер, ресурстар |
|
Сабақтың басы 8 мин |
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу, «Топтық ережесін» еске түсіру, Шаттық шеңбері: «Құмырадағы су» әдісі арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып шаттық шеңберін құрастырамыз. Ол үшін қағаз кеспелерге «Өзен жүйелері», «Өзен алаптары», «Өзендердің режимі» сөздері жазылған кеспелерді тарату арқылы оқушыларды 3 топқа біріктіру. Әр топ өздернің топ атауының мағынасын айтады. Үй тапсырмасын пысықтау. «Сұрақты ұстап ал!» әдісі арқылы мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Осы әдіс бойынша үй тапсырмасы пысықталады. 1.Жердің су қабығының аталуы?/ гидросфера/ 2.Тіршілік көзі ? / су / 3. Судың химиялық құрамы ? / Н2О/ 4.Жер шарында неше мұхит бар? / 4/ 5. Табиғи арнамен ағатын су көзі./ өзен/ 6. Қазаншұңқырдағы су / көлдер/ 7. Судың агрегаттық күйлері /газ,қатты, сұйық/ 8. Емдік қасиеті бар сулар ./ минералды сулар/ 9. Жер бетіне жақын жатқан су. / грунт суы/ 10. Ауыз судың ғылыми атауы / артезиан суы/
|
Оқушылар қолына құмыра алып ішін жақсы тілектерге толтырып, өздерінің басынан құяды.
«Өзен жүйелері», «Өзен алаптары», «Өзендердің режимі» сөздері жазылған кеспелер
|
|
Сабақтың ортасы 27 минут |
Жаңа сабақ. «Миға шабуыл» әдісі арқылы. Өзен туралы бейнефильмді көреді және әр топ өздерінің атауларына сипаттама береді. Оқулықпен топтық жұмыс. 1-тапсырма «Постер қорғау» әдісімен қорғайды. І топ: Өзеннің қату әрекеті, эрозияның түрлері, өзен ағып өтетін жер бедері туралы мәлімет беру. ІІ топ: Өзен аңғарының негізгі элементтері мен түрлерін сипаттау. ІІІ топ: Өзеннің қоректену көзі мен гидрологиялық режимінің байланысын талдау. Дескриптор 1.Өзен эрозиясы түрлерін анықтайды 2. Өзен аңғарының негізгі элементтері мен түрлерін сипаттайды 3. Өзеннің қоректену көзі мен гидрологиялық режимінің байланысын талдайды. 2-тапсырма Дәптермен жұмыс: «Сандар сөйлейді» әдісімен берілген үлестірме қағазға сандардың сипатын ашу, анықтау. 85 мың- Қазақстандағы өзендер саны 38 млн км3 - ын тұщы су. 1054 м- Анхел сарқырамасы 6992км- Нил өзені 4248км- Ертіс өзені 75 м3/сек-Ертіс өзенінің су шығыны 2428км- Жайық өзені 1200г/м3 - Сырдарияның лайлылығы 488 млн м3 – Жем өзенінің жылдық орташа ағысы 2212 км-Сырдария Дескриптор 1.Қазақстандағы өзендер санын біледі; 2.Тұщы су қорын біледі; 3.Қазақстандағы су қорын біледі; 4. Өзендердің қату және қоректену әрекетін түсіндіре біледі. 3-тапсырма «Дұрыс немесе Бұрыс» әдісі Ітоп: 1.Атырау – өзеннің теңізге құятын бөлігі. Д 2.А.И. Воейков «Өзендер-климаттың өнімі» деп атады. Д 3.Өзендер қоректену сипатына байланысты алтыға бөлінеді. Б 4.Эрозия - Судың ластануы. Б 5. Эстуарий өзен аңғарына жатады. Б ІІ топ: 1.Өзендер шаруашылық үшін маңызды. Д 2.Аңғарлар халық тығыз қоныстанған аймақ. Д 3.Терасса ауыз су өндіру үшін қолданылады. Б 4.Каньон- жазықтық аңғар. Б 5. Саңылау-екі жағы тік құламалы аңғар.Д Дискриптор 1.Қазақстан өзендерінің қоректену сипатын біледі; 2 Өзендердің қоректену көзі мен режимінің байланысын талдайды; 3 Өзендердің шаруашылық үшін маңызын біледі. |
Оқулық , үйлестірме қағаздар
|
|
Сабақтың соңы 5минут |
Кері байланыс: С=Қ +Қ+ Қ 1.Қ – ең қызық болған кезең 2.Қ – ең қиын болған кезең 3. Қ- ең құнды болған кезең
|
|
|
Саралау- сіз оқушыларғақандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану |
|
1.Мұғалімнің көмегіне және сыныптастарының көмегін қажет ететін оқушыларға: «Постер қорғау» әдісінде жеңіл сұрақтар қою арқылы Өзеннің қоректену көзі мен гидрологиялық режимінің байланысын талдау тапсырмасы беріледі. 2.Мұғалімнің көмегіне аса сүйене бермейтін оқушыларға: «Сандар сөйлейді» әдісі бойынша Қазақстан өзендірінің шығымы, ұзындығы, ағымы туралы тапсырма беріледі. 3.Қабілетті оқушыларға: «Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақтар қою, логикалық тұжырым жасауға бейім, сыни ойлай білетін тапсырма беріледі. |
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын – ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалаудан тұрады. Қалыптастырушы бағалауда оқушылардың білім алғандығының дәлелдерін жинауға бағытталған сыныпішілік оқу үдерісін ұйымдастырамын. Қазақстандағы өзендердің гидрологиялық режимі, өзендердің шаруашылық үшін маңызын талдау және жинақтау нәтижелеріне қарай тексеру 1.Оқушылардың тақырыпты меңгеруі; 2.Картамен жұмыс жасай алуы; 3.Сұрақтарға белсенді жауап беруі; 4.Өзара талдауы,тақырыпты өз ойымен толықтыруы; |
Оқушыларға электронды оқулықпен жұмыс орындағанда қәуіпсіздік ережелері ескертіледі. Оқу құралдарын тиімді пайдалаану. |
Қалыптастырушы бағалау парағы
Оқушының аты-жөні: Сыныбы:
|
Тапсырмалар реті |
Жетті |
Талпынды |
Үнсіз қалды |
|
|
№1 тапсырма: Үй тапсырмасын сұрау. «Сұрақты ұстап ал!» әдісі |
|
|
|
|
|
№2 тапсырма: Миға шабуыл. Бейнефильм Үштілділік |
|
|
|
|
|
№3 тапсырма: «Постер қорғау» әдіс Оқулықпен жұмыс |
|
|
|
|
|
№5 «Сандар сөйлейді» Дәптермен жұмыс |
|
|
|
|
|
№4 тапсырма: «Дұрыс немесе Бұрыс» |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кері байланыс: С=Қ +Қ+ Қ
1.Қ – ең қызық болған кезең
2.Қ – ең қиын болған кезең
3. Қ- ең құнды болған кезең
шағым қалдыра аласыз






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген