400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 29 материал табылды

"Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте"

Материал туралы қысқаша түсінік
ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, қазақ тілінің көркемдігі мен байлығын бала бойына дарыту. Туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту, өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

Мақсаты: ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, қазақ тілінің көркемдігі мен байлығын бала бойына дарыту. Туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту, өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, буклеттер,тапсырма сұрақтары.

Барысы:

Сәлеметсіздер ме, құрметті тәрбиешілер және балалар. Сіздер бүгін «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі», «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген болатын. Мемлекеттік тілді үйрене білу, дамыту - баршамыздың міндетіміз әрі парызымыз.

Ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бар. Бәрі тату, бір-бірін сыйлап өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім.

Тіл қасиетті, құдіретті және киелі. Бұл қасиеттер адамның бойына ананың ақ сүтімен келеді. Тіл халқымыздың қазынасы.

Ана тілім, жүрегісің анамның,

Жүрек-ана, мен өзіңнен таралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

Кез келген мемлекеттің рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.

Тіл - халықтың жаны да, сәні де. Оның өткендегісін байыптап, бүгінгісін біліп қана қоймай, келешегін де күн ілгері көре білетін өздерің.

Ән: Анамның тілі.

Балалардың тіл туралы жаттаған өлеңдеріне кезек берейік.

1-Болат Іңкәр:

Ана тілім - бала шағым, өркенім,

Ана тілім - болашағым, ертеңім.

Ана тілім - сайын далам, жер, көгім,

Ана тілім - арман, ойым, өрнегім.



2-Мақсат:

Біліңіз!

Жақсы біліңіз!

Ұстаңыз есте ұдайы.

Қашанда

Ана тіліміз -

Қазақтың басты құдайы.

3-Қырықбай Ардақ:

Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім.

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма

Ана тілім - ардақ тұтар алтыным.

4-Ізбасар Гулиса:

Өссе тілім-мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім- мен де бірге өшемін.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

- Ал, енді, балалар біздер екі топқа бөлінейік. /балаларды екі топқа бөлу/

I. Сұрақ - жауап.

  1. ҚР Тәуелсіздік күнін қашан атап өтеміз? (16 желтоқсан)

  2. Әнұранның авторлары кім? (Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев)

  3. Қазақтың үш биі кімдер? (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

  4. ҚР мемлекеттік тілі. ( Қазақ тілі)

  5. ҚР тұңғыш Президенті (Н.Назарбаев)

II. Мақал-мәтел. Яғни, жазылған мақал-мәтелдердің,сөздердің жалғасын табу, тіл туралы мақал-мәтелдер шығады.

3. Жұмбақтар.

  1. Сүйексіз жаратқан,

Жұртты аузына қаратқан. (тіл)



  1. Өңшең тістің арасында бір патша. (тіл)



  1. Әрі сүйексіз, әрі тиексіз. (тіл)

IV. Мақал - мәтелдің түсіп қалған сыңарын табу.

  1. Бас кеспек болса да,...кеспек жоқ. /тіл/

  2. Айтылған сөз-атылған... тең. /оқпен/

  1. ... сөз-жарым ырыс. /жақсы /



« Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл-





Өз тіліңді құрметте!», - деп ақын ағамыз Қадыр Мырзалиев жырлағандай ана тілімізді құрметтейік!

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Бауыржан Момышұлы.

Ана тілімізді құрметтеп сүйе білейік. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29.10.2018
878
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі