400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

“Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте”

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл эсседе өзімнің туған тілімнің құндылықтары жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

“Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте”

Қазақ тілі-менің туған тілім.Әр халықтың ең үлкен байлығы оның тілі.Ең алдымен әр адам өз ана тілін құрметтеуге тиіс.Себебі,сол жағдайда ғана өзге елдер сенің ана тіліңді құрметтейді.Сондықтан өз тілімізді құрметтеу-ең басты міндеттердің бірі.”Өзге тілдің бәрін біл” деген сөздің мағынасы-өзге тілді білу арқылы білімінді арттырып,сол алған білімінді тиімді пайдалану.Тіл арқылы ұлтымыздың мәдени мұрасы,ежелден сақталып келген салт-дәстүр,әдет-ғұрыпымыз сақталады.Қазақ тілі-ата-бабамыздан сақталған асыл мұра.Сол мұраны сақтап,одан әрі дамыту біздің басты міндетіміз.Туған тілім маған көптеген мүмкіндіктерді беретін баға жетпес асыл мұра.Ол арқылы ойымды еркін жеткізіп,білімімді әрқашан дамытуға тырысамын.Сондықтан өз тіліңді білу-басты қағидалардың бірі.

Мен өз ана тілімді жақсы көремін,және оны мақтан тұтамын.Мақтан тұтуымның бірнеше себептетері бар.Біріншіден,қазақ жеріміздегі көрнекті зиялы тұлғаларымызды мақтан тұтамын.Олардың бірі,асыл тұлғамыз,Алаш партиясының өкілі, Міржақып Дулатұлы.Міржақып Дулатұлы-жәй ғана тұлға емес,қазақ жеріне өшпес із қалдырған адамдардың бірі.Оның өмірбаянын оқу арқылы өзіме күш жігер аламын.Мәселен,Міржақып Дулатұлының ең әйгілі еңбектерінің бірі-“Оян қазақ” атты тарихи шығармасы.Бұл еңбектің қазақ жеріне жарыққа шығуы оңай болған жоқ.Себебі,соңау замандағы қазақ жерін басқарған адамдар тарапынан қатты қысымға алынды.Осы көрсетілген қысымға қарамастан, Міржақып Дулатұлы қазақ жеріне қандай да болсын еңбегім сінсің деген мақсатта еңбегің жарыққа шығарды.Бұл тарихи тұлғамызды есіме алған сайын,жүрегім елжірейді.Қазақ елінінің мәдени мұрасын сақтауға өшпес із қалдырған алтын тұлғамыз.Екіншіден,Қазақстанымыздағы алтын қолмен жазылған тарихи маңызы бар қазақ кітапханаларын үлгі тұтамын.Себебі,еліміздегі әр кітапхана мен үшін үлгі тұтарлық мемлекеттік мекеме.Мысал келтіре кетсем,Қазақстандағы ең әйгілі кітапхана-Абай атындағы Абай облыстық әмбебап кітапханасы.Бұл кітапхана несімен ерекшелінеді?Кітапхана 4 мыңнан астам сирек кездесетін кітаптармен танымал.Сонымен қатар кітапханада қазақ қоғамына ереулі еңбегі сінген Абай Құнанбайұлы,Мұхтар Әуезов,Қаныш Сәтбаев сынды тұлғалар болған.Бұл жәй ғана кітапхана емес-тұлғаларымыздан қалған мұра.Тұлғаларымыздың өз қолдарымен жазған кітаптарі қазақ қоғамында сақтап қалуы тиіс.Осы арқылы,еліміздің мәдени маңызы бар кітаптарді сақтап қалуымыз қажет.Үшіншіден,еліміздегі қазақ мұғалімдерін үлгі тұтамын.Себебі, асыл ана тілімізді,ерекше қазақ әріптерін оқытқандардың бірлері және бірегейі.Оқушыларға өздерінің адами қасиеттері мен әлеуметтік қасиетерін тереңінен түсіндіреді.Соның арқасында біздер тұлға болып қалыптасамыз.Мұғалімдердің оқушыларға беретін әдеби шығармашылық қабілеттері өте мол.Мұғалім-тек білім беруші ғана емес,өмірге жол көрсетуші адам.Мұғалімге құрмет көрсету әр оқушының міндеті.Өзімнің асыл-әжем мықты,үлгі тұтар қазақ тілінің мұғалімі.Ол кісіден үйренген заттарым өте көп.Мені адамгершілікке,өмірге деген көзқарасымды жақсартқан кісілердің бірі.Әжеме деген алғысымды өмірімнің соңына дейін айтуға дайынмын.Сондықтан қазақ қоғамында мұғалімдердің еңбектері әрқашан ерекше.Ұстаздарымызды әрқашан мақтан тұтып,құрметтеп жүрейік.

Қорытындылай келе,болашақ журналист ретінде қазақ тіліміздің мәдени мұрасын одан әрі дамытқым келеді.Тек қана Қазақстанда ғана емес,өзге елдерде қазақ тілін оқытуды ұсынар едім.Болашақта,туған тілімізді сақтау және оны одан әрі дамыту мақсатында,көрнекті өкілдеріміздің атына байланысты кітапханаларды көбейтіп,сол арқылы адамдарға ұлттық тілімізді кеңінен танытқым келеді.Қазақ тілі-мәдени құндылық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 сәуір
14
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі