"Өзге ұлт өкілдеріне тиімді инновациялық
технологияларды пайдалану арқылы қазақ тілін
үйрету жолдары”
Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім деңгейін көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазіргі заман педагогінен тек өз мамандығының терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық- психологиялық сауаттылық, саяси –экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Сонда ғана заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін, оқу мен тәрбие ісіне белсене қатысатын, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұстаз бола алады. Әрбір педагог өз жұмыс тәсілі мен формасын,өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты соңғы жылдары жиі пайдаланылып келе жатқан жаңа ұғымдардың бірі – инновация. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді колледж өміріне кеңінен енгізу жас маманның саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады.
Шын мәнінде, инновация (in-nove) латын тілінде XVII ғасырдың ортасында пайда болады және жаңаның белгілі бір салаға енуін, және осы саладағы бірқатар өзгерістердің пайда болуын білдіреді. Сонымен, инновация дегеніміз, бір жағынан, қайта құру, іске асыру, енгізу процесі, ал екінші жағынан - бұл тақырыпты емес, белгілі бір әлеуметтік тәжірибеге инновацияны айналдыру қызметі.
«Инновациялық білім беру технологиясы» дегеніміз не? Оқушыларға берілетін қазіргі заманғы мазмұн пәндік білімді игеруді ғана емес, сонымен қатар қазіргі бизнес-тәжірибеге сәйкес келетін құзіреттілікті дамытуды да қамтиды. Бұл мазмұн жақсы құрылымдалған және заманауи байланыс құралдары арқылы берілетін мультимедиялық оқу материалдары түрінде ұсынылуы керек.
Оқытудың заманауи әдістері-бұл материалды пассивті қабылдауға ғана емес, оқушылардың өзара әрекеттесуіне және оларды оқу процесіне тартуға негізделген құзіреттілікті қалыптастырудың белсенді әдістері.
Қашықтықтан оқыту формаларының артықшылықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақпараттық, технологиялық, ұйымдастырушылық және коммуникациялық компоненттерді қамтитын заманауи оқыту инфрақұрылымы.
«Инновация» - бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті.
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір оқытушы үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық, басқа оқытушыға үшін өтілген материал тәрізді. Инновацияны «жаңашыл», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп қарауға болады. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.
Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі – оқу орнында арнайы пәндерді оқыту. Екіншісі - өмірді оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу мен оқыту – егіз ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту – тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі, жүйелі түрі. Оқыту арқылы тәрбиенің саналылығын, руханилығын, әсемділігін, адамгершілікке баулу жолын, еңбекшілігін, т.б. айқындар толықтыруға болады. Оқыту – тәрбиенің интеллектуалды түрі. Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.
Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың әдістері неде?
қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.
жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді. Инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады.
Жаңа оқыту технологиясының түрлері көп. Кейбіреуін атап айтатын болсақ, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (оқушылардың белсенділігі жоғарылап, өздерінің күштеріне деген сенімдері арта бастайды), М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» (оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық потенциалын дамытуға бағытталған), Ж.Қараев пен Ж.Кобдикованың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесі» (деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дамыта оқыту идеясы жүзеге асырылады).
Сонымен қатар оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген инновациялық педагогикалық технологияларды айта кететін болсам төмендегідей:
-
дамыта отырып оқыту әдістемесі
-
тірек және тірек конспектілер арқылы оқыту
-
деңгейлеп оқыту технологиясы
-
тесттік жүйемен оқыту
-
иммитациялық әдіс
-
мультимедия мүмкіндіктерін қолданып оқыту
-
ойын технологияларын қолдану
-
дискуссия сабақтары
-
интеграциялық сабақ
-
топпен жұмыс
-
панорама сабағы
-
проект әдісі (жоба)
-
рольдік ойындар
-
лекция – семинар сабақтары
-
проблемалық оқыту әдісі
-
«миға шабуыл» әдісі
-
бинарлы сабақ
-
экскурсия сабағы
-
ынтымақтастық технологиясы
-
жеке адамға бағдарлы
-
дөңгелек үстел
-
дебат сабақтары
-
саяхат сабақтары
Қорыта келгенде, инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:
-
әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
-
білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
-
өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
-
аналитикалық ойлау қабілетін дамыту;
-
қазіргі экономикалық мәселелерді зерттей білуге үйрету
Білім алушылар әлемнің кез келген аумағында білімін әрі қарай жетілдіруге, еңбек нарығында сұранысқа ие қызметтерді атқаруға және жаңа технологияларды меңгеруге қабілетті, аса белсенді болуы тиіс. Оқу үдерісінде өріс алған интерактивтік оқыту әдістері де студенттердің белсенділігін арттыруға орасан зор ықпал етеді. Мұндай әдісті қолдану барысында білім алушылар өзінің өмірлік тәжірибесіне, жеке ой-пікіріне, біліміне сүйенеді.
Ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап дамуы, маман даярлауға да заманауи талаптар қояды. Қоғамның мүддесінен шығатын, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман даярлау кез келген жоғары оқу орнының ең басты міндеті екені айқын. Бұл орайда оқытушы-профессорларға үлкен сеніммен қатар, орасан зор жауапкершілік те жүктеледі. Студенттерді әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес оқыту қажет. Маман дайындаудың жаңа бағыттағы өзгерістері шығармашылық тынымсыз ізденісті, ұтқырлықты талап етеді.
Оқытудың білімге бағдарланған дәстүрлі түрін құзыретті-бағдарланған оқыту түріне алмастыру әдісінің де ғылыми-әдістемелік негізі назар аударуға тұрарлық. Мұнда сабақ барысы пәннің мазмұнына және мамандық бағытына қарай бес бөлікке бөлініп оқытылады: өзін-өзі жетілдіру құзыреттілігі, құқықты құзыреттілік, коммуникативті құзыреттілік, бейімділік және дағдылар, білім.
Инновациялық оқыту технологиясы ғылыми-педагогикалық қызметтің айрықша үлгісі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін кәсіби біліктілікті мамандардың тәжірибесін жұмылдыру қажет. Яғни, оқытушы өзінің кәсіби мамандығын педагогикалық шеберлікпен және шығармашылықпен ұштастырып, іскерлік дағдыны қалыптастыруы тиіс. Кез келген ұстаз заманауи инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. Студенттерді кез келген жағдайға бейімделіп, инновациялық жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана алатындай деңгейде тәрбиелеу қажет. Білім алушылардан мұндай даярлықты талап ету үшін, оның ең басты көрсеткіштерін айқындау қажет.
Біріншіден, таным тұрғысынан қызығушылықты қалыптастыру қажет. Әрбір маман өзінің болашақ мамандығын жақсы көріп, кәсіби шеберлігін дамытуға ұмтылып, кәсіпкер-маман ретіндегі жеке біліктілігін арттырып, нарық сұранысына сәйкес өсуге бағытталуы тиіс.
Екіншіден, маман білімінің мазмұны, мамандығының практикасымен ұштасуы қажет. Яғни, студент оқу үдерісі барысында жалпы мәдениеттілік және әдіснамалық дайындықтан өтіп, білім жүйесінің жалпы теориялық негіздерін меңгеруі тиіс. Оқу үдерісінің теориялық негіздері және жеке тұлға теориясының негіздері ұштасқанда ғана білім алушылардың инновациялық әрекеттері нәтижелі болатындығы айқын.
Сонымен қатар, үшіншіден, мамандарға бейімділік дағдыларын сіңіру қажет. Сабақты қалыптасқан әдіс бойынша біркелкі өткізбей, әр сабақ сайын ғылым мен техниканың, педагогикалық өлшемдердің озық тәсілдерін пайдалана отырып, ерекше өткізуге болады. Сонда студент әр сабақта әр түрлі жағдаяттық тапсырмаларды орындай отырып, бейімділік өлшемдерін меңгереді. Мұндай студент болашақта қандай ортаға тап болғанына қарамастан, өз ісіне ғана қажетті инновациялық технологияны таңдап, әрі сол ортаға өз болмысын бейімдей отырып әрекет етеді.
Болашақ маманның танымдылық қабілеті әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаға тез кірігуімен, өзін кәсіби тұрғыда жүзеге асырудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануымен, заманауи инновациялық технологияларға қызығушылық танытуымен ерекшеленеді. Бұған келешектегі маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны танып-білуі, кәсіптік білімін өз тәжірибесінде қолдануы, инновациялық технологияларды зерделеуі және оларды меңгеруі жатады.
Инновацияның өлшемдік бірліктері оқытудың әдістемелік мақсат-міндеттері, оқу үдерісі, оқытудың нәтижесін бағамдаумен анықталады. Оған болашақ маманның жүйелі оқу-тәрбие үдерісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, студенттермен тығыз қарымқатынас орнатып, біртұтас ғылыми- педагогикалық үдерісті зерделеуі және сабақтың нәтижесі жоғары болуы үшін қажетті жаңа техно- логияны таңдауы тиіс.
Сонымен қатар жоғарыда аталған инновациялық технологияларды мүмкіндігімізше өз пәнімізде қолдансақ, болашақ маман сапалы білім, саналы тәрбие алатынына және мемлекетіміздің өркендеп, өсуіне өз үлестерін қосатындарына сенімдіміз.
Әдебиеттер тізімі:
Н.Амирғалина. «Білім берудің инновациялық технологияларының бірі- тірек конспектілері».
// Білім. Алматы, № 4, 2019 ж.
Г.Амандыкова. «Шет тілін оқыту әдістемесі». Алматы, 2017ж.
Ж.Садуова «Инновациялқ технологияларды білім беруде қолдану».// Білім. Алматы, № 5, 2016 ж.
Г. Такишева. « Модулдік оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі», // Білім. Алматы,
№ 4, 2012 ж.
Н.Байтерекова. «Мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдалану». // Білім. Алматы, № 4, 2018 ж.
І.Мухамбетова. «Инновациялық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану». // Білім. Алматы, № 3, 2016 ж.
4
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Өзге ұлт өкілдеріне тиімді инновациялық технологияларды пайдалану арқылы қазақ тілін үйрету жолдары”

шағым қалдыра аласыз