400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өзгертілген командалық ойын. Ойын кезінде көшбасшылық дағдыны қалыптастыру" тақырыбына ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыу пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 2-бөлім Өзгертілген командалық ойын

Мектеп:№

Күні:

Мұғалім аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ойын кезінде көшбасшылық дағдыны қалыптастыру

Оқу мақсаты


5.2.2.1 ­ көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді түсіну

Сабақ мақсаты

Сабақ кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды. Ойын техникасын ретімен орындай алады.

Бағалау критерийі


Ойын кезінде көшбасшылық дағдыларын көрсетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Біледі, түсінеді, қолданады.

Тілдік мақсаттары




Пәнге қатысты сөздік пен терминдер: Пас, жүгіру, доптар ,ойын алаңы, бағана, палнка.

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар: Қорғаныс допты қағып әкетсе, не болады? Егер қарсылас команда добы

бар басқа команда ойыншыларынан үш түрлі түсті таспаны шешіп алса не болады?

Құндылықтарды дарыту

Сабақ кезінде бір-біріне деген әділдік, жауапкершілігін арттыру.

Пән аралық байланыстар

Физика пәнімен байланыстыру.

АКТ пайдалану дағдысы

Ойынның әдіс тәсілдерінің түрлерін бейне жазылымнан көрсету.

Алдыңғы меңгерілген білім

Ойынның қабылдау техникасын үйрету



Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттері

Ресурстар

Сабақтың басы

Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, кезекшіден баянат қабылдау, сабақтың тақырыбымен мақсатын айтып түсіндіру, қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, саптық жаттығуларды орындау, алаңда жүру және жүгіру жаттығуларын жасау. Тыныс алу жаттығуларын орындап, топқа бөліп, жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Әр жаттығу үшін кең,

таза бос кеңістік.

Ысқырық, секундомер.


Сабақтың ортасы













Тапсырма:

Кешенді эстафета (допты алып жүру/допты беру, допты шығыршыққа лақтыру, жұптасып допты беру).

Білім алушылар санына қарай 3-4 командаға бөлінеді. Әр команда өзіне капитан тағайындайды. Сол капитан әр ойыншынының мүмкіндігіне қарап станцияларға бөледі. ( Әр білім алушы кезекпен капитан болады).

Кешенді эстафета

  1. Бірінші білім алушы 10 м қашықтыққа дейін допты алып жүруді орындайды және екінші білім алушыға допты береді.

  2. Екінші білім алушы допты 5 рет нәтижелі соққымен шығыршыққа тастайды, одан кейін допты алып жүру арқылы 10 м қашықтықты қайта жүріп, сөреге жетіп, допты үшінші білім алушыға береді.

  3. Үшінші және төртінші білім алушылар допты жұпта оң және сол бүйірлерімен 10 м қашықтықты қозғалыс арқылы жүріп отырып, бесінші білім алушыға береді.

  4. Бесінші білім алушы допты алып жүріп, екі қадам жасау арқылы шығыршыққа допты салады. Добы шығыршыққа түскен жағдайда орнына оралады, сонымен эстафета аяқталады.

Егер добы шығыршыққа түспесе, шығыршыққа доп нәтижелі түскенше 3 рет допты лақтырады, 3 ретте де добын шығыршыққа түсіре алмаған жағдайда орнына қайта оралады.

Дескриптор:

допты алып жүруді орындайды;

доппен пас беруді орындайды;

допты шығыршыққа тастауды орындайды;

жұпта қозғалыс арқылы доп беруді орындайды;

тапсырманың ретімен орындалуын бақылайды.







Әр жаттығу үшін кең,

таза бос кеңістік, секіру ұяшығы.

Ысқырық, секундомер, секіру алаңы.


Сабақтың соңы

Сапқа тұрғызу, тыныс алу жаттығуларды жасап, бастапқы қалыпты келтіру, оқушыларды бағдаршам әдісімен бағалау, үй тапсырмасын беру.




Саралап оқыту- көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?


Бағалау-Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын қадағалау

-Оқушының мүмкіндігін ескере отырып деңгейлік жатттығулар беремін.

-Қабілетті оқушылырға тапсырмаларды күрделендіріп, әлсіз оқушыларға көмектесу үшін жеңілдетілген тапсырмаларды ойластырып беремін.


-Байқау, тыңдау, сұрақ қою.

-Өзара бағалау .

-Мақтау-мадақтау, ыммен

бағалау әдісін қолдану.

-Денсаулық пен қауіпсіздік ережелерін үнемі түсіндіру.

-Салауатты өмір салтын насихаттау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
553
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі