Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзін-өзі тану. Білім-ақиқат бастауы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану. Білім-ақиқат бастауы.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Өзiн-өзi тану сабағы


Мектеп: Құлыншақ Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебінің өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі

Тақырып: Білім ақиқат бастауы

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: жақсы әдет, мейірім, достық.

Мұғалiм: Серікбаев Срайыл

Сынып: 3


Сабақ мақсаты:.

Балаларды жақсы мен жаманды ажырата білуге және

өмірде білімді қолдана білуге үйрету.

Міндеттері:

Білімділік: Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

Дамытушылық: Білімге,оқуға қызығушылықтарын арттыру

Тәрбиелік: Жақсы оқуға,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу


Ресурстар

Сабақ барысы:

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: ойын

Пәнаралық байланыс: дене шынықтыру

Көрнекі құралдар: дәптер,үнтаспа

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен «Сәлем!» деп амандасады.

Тыныштық сәтi.

б) Тыныштық сәті-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін... Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой! Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

а)Адам айналасын қалай таниды?

ә)Өмірге құштарлық дегеніміз не?

Шаттық шеңбері

3.Дәйексөз.

Сабақтың тақырыбының мәнін ашу мақсатында дәйексөзді сұраққа берілген жауаптарды толықтыру арқылы түсіндіремін.


4.Әңгiмелеу (сұхбат).

Сабақ тақырыбымен таныстыру.

Білімді деп кімді айтамыз?

Білімді болу үшін не істеу керек?


5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Ойын Оқушылардың білім туралы мақал-мәтелдерді білуін байқау мақсатында «Алғырлар мен Білгірлер»атты ойын ұйымдастыру.

Ақыл тозбайтын тон,... (Білім таусылмайтын кен.)

Білімдіге дүние жарық,... (Білімсіздің күні-ғаріп.)

Мәтінмен жұмыс

Оқушыларға білімнің адам өміріндегі мәнін ұғындыру мақсатында әңгімелеу жұмысы жүргізіледі.

«Білім мен байлық» әңгімесін оқушылар әңгімелейді.

Тапсырма «Мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып,мақал-мәтелдерді жалғастырып айтыңдар»

Оқу-білім....,

Білім-өмір...

Дәптермен жұмыс

-Дәптердегі тапсырмада берілген «Білім мен байлық» кестесіне әңгіме мәтіні бойынша білімнің байлықтан артықшылықтарын салыстырып тауып жазу.

-Жұмбақтарда айтылған ойдың мәнін ұғынып,шешуін табу.

Білім: сені ақылды етеді, көп білесің, сауатты адам боласың, көзің ашық, көкірегің ояу болады.

Ашық дала,қара дән,

Сепкен дәнін түсінуге жараған (әріптер)



6.Топпен ән айту.

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған түсініктерін Ә.Дүйсенбиевтің

әні: Б.Ғизатов.«Біз өмірдің гүліміз»өлеңі арқылы білдіреді.

Зеңгір көктен

Нұрын төккен

Ортақ біздің күніміз,

Жайнап өскен

Жайдарл ы өскен

Біз өмірдің гүліміз



7.Үй тапсырмасы.

Дәптерге білім туралы мақал мәтелдер жазып келу.


8. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.


-Міне,балалар,білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндік.

Білім оқу арқылы жинақталғанын ұғындық.Білім арқылы өмірдің ақиқатына көз жеткізесің.Өйткені білім-ақиқат бастауы.

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бас бармақ саалынған суреттер  арқылы бағалау.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
622
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12