Материалдар / Өзін-өзі тану пәні 2-сынып "Кешіре білуді үйренеміз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өзін-өзі тану пәні 2-сынып "Кешіре білуді үйренеміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін -өзі тану пәнінің мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2021
699
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзiн-өзi тану» сабағының жоспары.

Мектеп:Подстепный жалпы орта білім беретін мектебі

Мерзімі: 2021 жыл

Тақырып: № 20 Кешіре білуді үйренеміз.

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: әдептілік, сыйластық, әділдік,

Мұғалiм: Жунусова Гулзада Тыныштыбаевна

Сынып: 2 «в»

Оқушылар саны: 15

Сабақ мақсаты:кешіре білу туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-кешірімді болу,кешіре білу,кешірім сұрай білуді сыйластық ұғымымен байланыстырып ұғындыру;

- оқушы бойындағы әдептілік қасиеттерін дамыту;

- оқушыларды әділ болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)


Сабақ барысы:

  1. 1.Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, « Өзін –өзі тану » сабағының ережесін

« 5 –Т » қайталау.( 5 т:тәртіп,талап,тыныштық, тазалық, татулық)

Жағымды күйге ену Тыныс алуға зейін қою. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен  9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

2.Үй тапсырмасын тексеру

20 «Өткел» мәтінін оқу 64-68 бет

1. Әңгімеде кешіруге бірінші болып кім қадам жасады?

2 «Кешірімді болу» дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Әңгіме неліктен «Өткел»деп аталған?


3.Дәйексөз. Кешірім-ізгіліктің белгісі. Халық даналығы

1.Кешірім сұраған кезің болды ма?

2. Нақыл сөзді қалай түсінесің?


4.Әңгімелеу. Кешірім.

Жолдас қызық ойын көрсетіп,інісін таңдандырмақ болды.Қант салынған тәрелкені маңдайына қойып,басын щалқайтқан күйі кесесіндегі шайын іше бастады.Жалғыз аузын ашып,ағасының тірлігіне қызыға қарап қалды. Кесесіндегі шайын ішіп тауысқан Жолдас маңдайындағы тәрелкені ала бергенде қолынан түсіп кетіп, ортасынан қақ бөлінді.Қант кесектері бытырап, жан-жаққа шашырады.

-Оһо,-Жалғастың көздері бақырайып,тәрелке сынықтарын қолына алды.-Апам ренжиді екен.

Ісінің насырға шапқанын байқаған Жолдас қас пен көздің арасында қандай сылтау табарын білмей абыржып қалды.Кенет көздері қуаныштан жарқ етіп,ас үйге қарап айқайлап жүгіре жөнелді.

-Мама,мама! Жалғас қант салғышты сындырып қойды.

Ағасының жалақорлығына шыдай алмаған Жалғас:

-Өтірік айтады!Сындырған өзі,-деп шарасыздықтан жылап жіберді.

-Өтірік соқпа!Мама,ол маған жала жауып тұр.

-Ағаңа қараулық жасағаның жарамайды,балам.Қолыңмен істегеніңді мойныңмен көтер.

Көп ұзамай бұл оқиға ұмытылып кетті.Тоңазытқыштан салқын су ішпекші болған Жолдас аңдаусызда бір шөлмек айранды сындырып алды,далаға зып берді.Сәлден кейін ас үйге кірген Жалғас быт-шыты шыққан шөлмекті,еденде төгіліп жатқан айранды көрді.Осы сәтте баспалай аңдып тұрған Жолдас апасына жүгірді.

-Тағы да бүлдіргенсің...

Апасының қасындағы ағасын көрген Жалғас болған жайды түсіне қойды.

Ағасының жалақорлығы Жалғастың жанына қатты батты.Қайткенде де өтірігін бетіне басқысы келді.Бір күні кешкісін Жалғас іс тігіп отырған шешесіне жүгіріп келді.

Мама,Жолдас көкем Алматыдан әкелген әдемі гүл салғыштың тас-талқанын шығарды.

-Өтрік!көрші бөлмеден Жолдас атып шықты.-Өтірік айтады,қазір сізге қалай сындырғанын айтып беремін.

Жалғас жымия күлімсіреп еш сызат түспеген бүп-бүтін гүл салғышты шығарды.

-Құлыным-ау сынды деген гүл салғышың аман ғой.

-Сонда қалай ?-Жолдас тұтығып қалды.

-Көрдіңіз бе,апа Жолдастың қулығын?!Қант салғышты да, айранның шөлмегін де сындырған осы.Қараулығына шыдай алмай бүгінгі әдейі істеп

едім.

-Әй,балам-ай, «біреуге ор қазба,өзің түсесің»дегенді білмеуші ме едің?

Мамасы мойнына су кетіп,сәлбірейіп тұрған Жолдасқа зілсіз зекіді.Жалғас ағасын аяп кетті.

-Апа,ол енді өтірік айтпайтын шығар.

-Әрине,тек сенен кешірім сұрасын.

Жолдас інісінің шаттанған күлкісіне қарауға бата алмай,ақырын ғана қолын

созды.

-Кешір,Жолдас! Енді ренжітпеймін.



5.Шығармашылық іс-әрекет, жеке жұмыс

3-тапсырма

Тиісті сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып,сөйлемдерді аяқтаңдар.


6.Топпен ән айту. Ән: Дос болайық, бәріміз!

Өлеңін жазған: Х.Талғаров Әнін жазған: И.Нүсіпбаев

Әрқашан дос біргеміз, .

Ажырамас іргеміз

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!

Қайырмасы:

Дос болайық,бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.

Қайраттанып қарышта,

Озып шыққан жарыста,

Батыл бас,жас ұлан!

Самға биік алысқа,

Жұлдыздарға ,ғарышқа

Бойда күш тасыған.

Қайырмасы:

Отан біздің панамыз,

Аман жүрсін анамыз,

Нұрлы күн сөнбесін.

Бақыт болып жанамыз,

Жарық біздің санамыз,

Қара бұлт төнбесін.



7.Үй тапсырмасы.

21 «Жаман жолдас» мәтінін оқу. 69-70 бет


8 Сабақтың қорытынды сәтi. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады.Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!