Өзін-өзі тану пәнінен
«Махаббаттың» құндылығын волонтерлік іс-шаралар арқылы
ашу
Өмірдің бар
жақсылығының негізі махаббат екендігі барлығына мәлім. Өзін-өзі
тану сабағында махаббат сезімі туралы, оның неге әкелетіні,
бұл өмірде неге қажетті екені сияқты сұрақтар жиі талқыланады.
Махаббат сөзінің түсінігін кеңейту, ол туралы өзіндік ой
дамыту бағытында өзін-өзі тану сабағы арқылы мектебімізде жол
тапқан «Біз біргеміз!» атты еріктілер тобы. Өзінің өмірлік мәнін
сезіндіру, «Махаббат» құндылығын тереңдеп ашу мақсатында түрлі
іс-шаралар,кездесулер мен акциялар оздырылады. Неліктен
еріктілердің жұмыс бағытында ең басты құндылық махаббат? Себебі бұл
құндылық әр мейірімді іс-әрекеттің жетелеуші факторы. Махаббат –
бақыт, шаттық, қуаныш, сүйіспеншілік, жақсы көру, құштарлық, сезім,
түсінісу, өзара сыйластық, ізгілік, адамгершілік, жаны ашу,
қайырымдылық, нәзіктік, шыдамдылық, мейірімділік, төзімділік және
т.б. түсініктерге тән адамның барлық сезімдері мен іс-әрекеттерін,
қасиеттері мен сапаларын қамтиды. Сондықтан, «Біз біргеміз!»
еріктілер тобының басты құндылығы ол – Махаббат. Махаббат құндылығы
– өмір нәрі деген ой жай ғана сөз емес екенін еріктілер өздері
жасаған іс-әрекет арқылы білді деп санауға да болады. Жеке
тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық пайдалы
жұмыстарға жақындатып, орындау арқылы дамытуға болады. Қоғамдық
жұмыс түрлері өте көп. Соның бірі- еріктілік. Дүниежүзінің көптеген
дамушы елдерінде еріктілер жұмысы қоғамдағы басты өзін-өзі реттеу
жүйесі болып саналады. Еріктілік- риясыз жақсылық жасау. Көмек
беру, қоғамға пайдасын тигізу т.б. іс-әрекеттер жеке тұлғаның
қоршаған ортаға және өзіне деген сүйіспеншілік сезімін оятып
дамытады. Оған куә оқушылардың осы саладағы жұмыс тәжірибесі. Сол
сияқты, Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі «Біз
біргеміз!» еріктілер тобының өз жұмыс ерекшеліктері бар. Еріктілер
жұмысына оқушыларды тарту арқылы, оларды қоғамдық маңызды
мәселелердің шешімін табуға үйретеді. Қазіргі ұтқыр да, тез
ауыспалы уақытта жетіспей жататын қасиеттер, оның ішінде тұлғаның
рухани-адамдық сапаларын, жақынға деген мейірімділік, қамқорлық
секілді құндылықтарды дамытуға жол ашады. Еріктілік – адамның өз
еркі арқылы таңдалатын қызмет. Кез-келген риясыз еңбек жұмыстары
еріктілік деп аталуға әбден лайық. Еріктілер жұмысының тиімділігі
«Біз біргеміз» еріктілер топ басшысының әр-түрлі іс-шараларды
ұйымдастыру барысында ынталандыру дәрежесіне байланысты. Кез-келген
риясыз қызмет біздің жүрегімізден бастау алады. Біздің мектепте
еріктіліктер жұмысының басында 9,10-сыныптар жүреді. Әлеуметтік
мекемелерге жүргізген әр сапарлар, мектептегі белгілі оқиғалармен
бірге, байланыста жүреді.
Бұл – іс-шаралар, әрі
мектепішілік акциялар негізінде жүзеге асады. Солардың ішінде
айрықша айта кететін, мектебіміздің дәстүрге айналған іс-шаралары:
«Жақсылық күні», «Егде қарттар күні», «Отбасы күні», «Жылы құшақ
күні».
Еріктілер дегеніміз кім? бұл
сұраққа жауап өте көп, бірақ өз басымыздан өткізген шағын
тәжірибеміздің аясында батыл жауап бере аламыз.
Ол:
Еріктілік қызмет жұмысы өз
ішінде белгілі бөлімдерден тұрады.
1-бөлім:
Рақым
2-бөлім:
Игілік
3-бөлім:
Балама
1-бөлім
Рақым
(Сапарлар)
-
Орал қаласында орналасқан
Онкодиспансерлік орталық
-
Облыстық отбасылық үлгідегі
балалар үйі
-
Егде және мүгедек жандар үшін
медициналық әлеуметтік мекеме
Айта кететін бір жайт,
еріктілер жұмысының көп бөлігі әлеуметтік мекемелермен бірге
жүргізіледі. Әсіресе , ерікті көмек көрсетудің көп кездесетін түрі
моральдық және психологиялық демеу болып
табылады.
Біздің еріктілер бар
ынталарымен берілген тапсырмаларды тиянақты орындауға күштерін
салады, себебі жұмыстарының қарқынды дамығанын қалайды. Айта кету
қажет, еріктілер өздерінің топтағы жұмыстарын ынталандырып қана
қоймай, өз табыстарының мәртебесін түсінеді.Адамдар тарапынан
берілген алғыс, еріктілер үшін алға бастайтын күшпен
пара-пар.
2-бөлім.Балама
(Мектепте өткізілген
іс-шаралар)
«Біз біргеміз» еріктілер
тобының әр жұмысы мектеп қабырғасында жүзеге асады. Еріктілердің
ұйымдастырған шаралары мектеп ұжымы мен оқушыларды бір-біріне
жақындастырады. Еріктілер қызметі азаматшылдыққа, адамгершілікке
тәрбиелей отырып, тек қоршаған ортаның қамын ғана емес, өзге
адамның қиындығын түсінуге үйренеді.
3-бөлім.
Игілік.
-
Мектептің еріктілер тобымен
жаттығу (теория мен тәжірибе) жұмыстары.
-
Ақпараттық стендтердің
рәсімделуі, плакат, видео және үлестірмелі парақтар
дайындау.
-
Қатысушылар үшін еріктілердің
топтық сағаттары.
-
«Менің қуанышымның амулеті»
атты шығармашылық шеберханасы.
Келесі сөз болатын бөлім –
Игілік деп аталады. Онкодиспансер орталығына барған кезде бізді
әрдайым емделушілердің психоэмоционалдық күйлері алаңдатады.
Сондықтан әр кездесу тек эмоционалдық сезімдер сыйлау,а
бағытталады.
Бұған еріктілер мен
емделушілердің арасында өтетін ауызша сөйлесу, психологиялық
ойындар, оның ішінде, «Мейірім тізбегі», «Қуаныш бөлшегі», «Менің
бойтұмарым» секілді ойындар кезінде, бір-бірлерімен жақын
қарым-қатынас орнатады. «Біз біргеміз» еріктілер тобы қандай
қасиеттермен ерекшеленеді?Бұл қасиеттер белсенді ерікті мүшелерінде
сатылай қалыптасады. Ол жеке тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.
Сонымен, еріктілердің негізгі
қасиеттері:
Жалпы адамгершілік
құндылықтар:
-
Сенім
-
Адалдық
-
Парыз
-
Әділдік
-
Махаббат
-
Жан дүние
тыныштығы
-
Шындық
Еріктілерді тұрақты
ынталандыру барысында психологиялық демеу берудің маңызы зор. Әр
түрлі әлеуметтік деңгейдегі және жас мөлшері өзгеше жандармен жұмыс
уақытында кез-келген тұлғаның ішкі ынталандыруын қалыптастыратын
эмоционалдық шығындар талап етіледі. Топта туындаған мәселелердің
шешімі ішкі сенім мен өзара түсінісу әсерімен шешіледі. Оқу
үрдісіне байланысты еріктілер өз топтары үшін жұмыс уақытын
белгілейді, жақсы нәтижеге жету үшін уақытын өздері анықтап, бар
күші мен қуатын жұмсайды.
Сондықтан еріктілердің кезекті
акцияға қатысуы өздерінің графиктері бойынша жүзеге асады. Мұндай
кесте несімен пайдалы?Ол біздің мектептің оқушыларына уақытын
тиімді пайдалануына мүмкіндік береді. Әр кездесуден соң,
еріктілердің эмоциялық күйін тексеру мақсатында рефлексия
жүргізіледі. Рефлексия қорытындысы бойынша өзіне жетіспейтін
тұстарын анықтайды. Бірақ ненің қауіпті екенін түсінеді. Бірақ
олардың жүрегіне үміт ұялататыны олардың үнемі бірге болып,
бір-біріне демеу көрсете алатынын сезеді, себебі барлық адам бір
ауамен тыныстап, өмірді сүйіп, қадірлейді. Орал қаласындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің белсенді еріктелер тобының жұмысын
халықаралық ұстаздар құрамынан химия пәнінің мұғалімі
мистер Пол Скофильлд жүргізеді.
Еріктілердің нәтижелі жұмысы бағытында осы жылы Орал қаласында
орналасқан Онкодиспансерлік орталық атынан арнайы мақтау қағазымен
марапатталды.
Еріктілер құрамындағы
мүшелерді әлсіз адамдарға көмек көрсету, жылулық пен қамқорлыққа
зәру жандарға демеу беру әрекеттері біріктіреді. Барлық
емделушілерге жан дүниесіндегі жылылықты беру оңай нәрсе емес,
бірақ олар барлығының жүрегіне үміт отын ұялата алғандарына шын
қуанышты. Қалыптасып келе жатқан жеке
тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді
дамуы үшін еріктілердің жұмыс тәжірибесі өте
тиімді.
«P. S.»
Бұл шаралар өте
қажет,
себебі сенімділікті
арттырады.
А. Жусупкалиева,
10с
Мен өзіме өмірге қажетті
көп
жаңалықтарды
алдым.
Н. Жумагамбетова,
7b
Мен өзіме өмірге қажетті
көп
жаңалықтарды
алдым.
Н. Жумагамбетова,
7b
Біздер осы жұмыс арқылы
өмірді бағалау
мен жақсы көруді
үйрендік.
А. Абдугалиева,
10е
Осы игі жұмыстар адам
бойындағы
адамгершілік құндылықтарды
оятады.
А. Валиева,
10с
Әрбір игі іс адам бойындағы
қасиеттерін
ашады. Соның бірі -
Мейірімділік.
Д. Олюнина,
8d
Орал қаласындағы Назарбаев
Зияткерлік мектебі
Өзін-өзі тану мұғалімі:
Бабикенова Айнур Алипкалиевна