Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспар жазу үлгісі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Мектеп:
Күні:
№: 1
Мұғалім:
Сынып: 5
Оқушылардың саны:
Сабақтың тақырыбы: Мен өзімді танимын
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: білім іздеу, шыншылдық, өз-өзіне адал болу
Сабақтың мақсаты: оқушыларға өзін тани білудің маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу Білімділік: оқушыларға білім іздеудің маңыздылығын түсіндіру Дамытушылық: оқушылардағы шыншылдық қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды өз – өзіне адал болуға тәрбиелеу |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 1.bilim-all.kz 2.https://kk.wikipedia.org |
Сабақтың барысы:
5 Т – ережесі:
Жағымды көңіл – кйге
келу. «Нұрға
бөлену». |
|
2. Дәйексөз «Өзіңді өзің танысаң – істің басы» Шәкәрім Құдайбердіұлы (Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады) Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Ш. Құдайбердіұлы қазіргі Семей облысында 1858 жылы, 11 шілде күні дүниеге келеді. Сұрақтар: 1. Өзіңді өзің тану деген не? 2. «Өзіңді өзің танысаң – істің басы» дегенді қалай түсінесің? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? |
|
3. Оқиға айту. (Мұғалім сыйы) Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі болып табылады. Құндылықтар – адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер мен жай-күйлер. Құндылықтар: Ақиқат Сүйіспеншілік Дұрыс әрекет Ішкі тыныштық Қиянат жасамау Ақиқат – бұл өзгермейтін, өмірдің негізгі қағидасы: барлық жаратылыстан өтетін рухани бастау, барлық жаратылысқа тән, бірыңғай мән. Ол уақытқа: өткенге, бүгінге және болашаққа тәуелді емес. Дұрыс – әрекет – бұл борыш пен жауакершілікке, ішкі ар – ұждан дауысына сәйкес мінез – құлық. Сүйіспеншілік– бұл таза, риясыз және шүбәсіз сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын жасампаз қуат. Ішкі тыныштық – ақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең табиғаты. Қиянат жасамау – ешкімге оймен, сөзбен, әрекетпен қиянат жасамау. Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болады.
Сұрақтар: 1. Жалпыадамзаттық құндылықтар дегеніміз не екен? 2. Ақиқат дегенміз не? 3. Риясыз сүйіспеншілікті қалай түсіндіңіздер? 4. Дұрыс әрекет құндылығына тән әрекеттер? 5. Ішкі тыныштықтың мәні? 6. Қиянат жасамау құндылығының мәні? |
|
4. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс: Оқушылар 3 топқа бөлінеді: 1 – топ: «Әділдік» 2 – топ: «Ақиқат» 3 – топ: «Шыншылдық» Тапсырма: «Шындық шыңы - ақиқат» тақырыбында жоба қорғау. (нақыл сөздер, өлең, сурет) |
|
5. Топпен ән айту «Мейірімді болайықшы
ағайын» |
|
6. Үй тапсырмасы. 1. №1 - сабақ. Дәптеріндегі суреттерді бояу. 2. Келесі сабақ. №2, Василий Сухомлинский «Сенің өзің» әңгімесін оқып келу. |
|
7. Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|
Тексерілді: _______________
«____»______________________
Пән: Өзін – өзі тану
Мектеп:
Күні:
Сынып: 5
№: 2
Мұғалімі:
Оқушылардың саны:
Сабақтың тақырыбы: Мен өзімді танимын
Құндылығы: Сүйіспеншілік.
Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет ету, жанашырлық, шынайылық.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға өзін тани білудің маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу Білімділік: оқушыларға адамдарға риясыз қызмет жасаудың маңыздылығы туралы түсінік беру. Дамытушылық: оқушылардың бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды шынайылыққа тәрбиелеу |
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 2. https://www.zharar.com/kz |
Сабақтың барысы:
5 Т – ережесі:
Жағымды көңіл – күйге
келу. «Нұрға
бөлену». |
|
2. Үй тапсырмасын тексеру. 1. №1 - сабақ. Дәптеріндегі суреттерді бояу. 2. Келесі сабақ. №2, Василий Сухомлинский «Сенің өзің» әңгімесін оқып келу. Сұрақтар: 1. Өзіңе өзің қызмет ету дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Қанағатшыл болуға үйренудің маңызы қандай? 3. Жақсы қасиеттерді шыңдаудың қандай пайдасы бар? 4. Өзің күнделікті немен шұғылданасың? |
|
3. Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту) “Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп”. Бауыржан Момышұлы. Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Сұрақтар: 1. Сүйіспеншілік энергиясы қалай беріледі? - Сөзбен, көзқараспен, күлімсіреумен, жанасумен, іспен, түсінісумен, оймен. 2. Жүрегіміздегі сүйіспеншілік гүлінің ашуына не ықпал етеді? - Біз тек риясыз қызмет еткенде ғана жүрегіміздегі риясыз сүйіспеншілік гүл жарады. 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз? |
|
4. Оқиға айту. (Мұғалім сыйы) Жаратылыс табиғаты. Бір адам судан бір құлап-бір тұрып шыға алмай
тұрған шаянды көреді. Шаянды құтқару ниетімен адам қолын созғанда
шаян оны шағып алады. Адам шаянды сонда да судан құтқаруға
тырысады, бірақ шаян қайта шағады. Мұны көрген біреу жақындап
қайта-қайта шаққан шаянды несіне құтқарасың деп ақыл айтады. Сонда
жаңағы кісі: “Шағу шаянның табиғатында бар нәрсе. Менің
табиғатымда болса сүю бар. Неге шаянның табиғатында шағу бар деп
мен өзімнің сүю табиғатымнан бас
тартайын? 770 ₸ - Сатып алу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |