жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өзін-өзі тану пәнінің апталығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«БЕКІТЕМІН»
Бірінші проректор
______________А.Н.Алдабек
«____»____________ 20___ ж.
ДƏРІС КЕШЕН
Педагогика жəне психология факультеті
Арнайы жəне əлеуметтік педагогика кафедрасы
Пəн атауы: Девиантология
Пəн коды: Dev 2213
Dev 2213 (4 жылдық,күндізгі)
Dev 2213 (2 жылдық,сырттай)
Мамандық, шифры:
Кредит саны
5В012300 Əлеуметтік педагогика жəне өзін-
өзі тану
2
Алматы , 2012

Тақырып №1 "Девиантология" пəні, міндеттері мен мақсаты.
1. Девиантты жəне делинквентті мінез-құлық. Девиантты мінез-құлықты психологиялық-
педагогикалық түзету əдістері.
2. Девиантологияның басқа ғылыми пəндермен пəнаралық байланысы. Кəмелетке
толмағандардың девиация мəселесіне арналған теориялық зерттеулері.
3. Қазақстан Республикасындағы кəмелеттік жасқа толмағандармен психо-коррекциялық
жəне тəрбие-профилактикалық жүргізілетін жұмыс жағдайы мен бағыты.
Тарихи тереңдікке бойлай отырып, біз адамдардың іс-əрекеттерінің іздерін
байқаймыз, қазіргі қоғамдық ғылыми тілмен айтқанда девианнты мінез-құлық (өзіне-өзі қол
жұмсау, нашақорлық, басқаларға деген агрессивті іс-əрекет, қылмыстық).
Негізін салушы факт ретінде мынаны қарастырған жөн: девиантты мінез-құлық – бұл
тарихи да, микроəлеуметтік те, əлеуметтік-психологиялық та жəне сонымен қатар
жекелік –
тұлғалық та қасиеттер туындайды. Ғылыми пəндердің салаларының біреуі де осы
құбылыстарды айқындайтын қажеттер мен қоғамдық іс-əрекеттерінің алдын алатын
шараларды толық қамтымайды. Тек қана əлеуметтану, психология, тарих, этнография,
құқықтану, педагогика, психиатрия, генетика жəне т.с.с. ғылымдар девиантты
құбылыстардың өлшемдерінің анализін жасап, алған мағлұматтарды ұйымдастыра алады.
Осының барысында психология ғылымы
тұлғалық дəрежеде девиантты мінез-құлықты нақты
генезис ретінде айқындап («предевиантты синдром» деп суреттейді), оның
ресоциализациясы мен емдеудің негізгі жақсы амалдарын ұсынады.
Берілген бөлімнің негізгі міндеті – «мінез-құлықтағы ауытқушылық (девианттылық)»
түсінігін анықтау. Девиация қоғамдық қалыптасқан нормалардан жəне қалыптасқан
стандарттардан (моральды, əлеуметтік, заңдық) ауытқыған мінез-құлық деп саналады.
Психоллогияда адамның белсенділік деңгейін
анықтау үшін іс-əрекет, қарым-қатынас, тану
сынды түсініктермен қатар «мінез-құлық» термині кең қолданылады. Кез-келген мінез-
құлыққа баға беру əрдайым қандай-да бір нормамен салыстыруды қажет етеді. Өкінішке
орай, қандай қоғамды алмасаңыз да, оның мүшелерінің барлығы жалпы нормативті
талаптарына бірдей толық бағынатын қоғамды таппайсыз. Ауытқушылықтар əртүрлі
формада болады:
дарындар, аскеттер, қылмыскерлер, əулиелер жəне т.б.
Əлеуметтануда мінез-құлықтағы ауытқушылықтардың пайда болуының бірнеше
бағыттарын бөліп көрсетеді. Н.Смелзердің жазуынша «девиантты мінез-құлықтың іс-
əрекеттері қоршаған қоғамның қалыптасқан нормалары мен типтеріне еш сай емес». Кейбір
зерттеушілер осы түсінікті анықтауда басқа қосымша белгілерді ұсынады. Роберт Мертон
«Əлеуметтік құрылым жəне аномия»
атты еңбегінде мінез-құлықтағы ауытқулар
қоғамның қойған мақсаттары мен оларға қол жеткізудің арасындағы келіспеушіліктердің
болуынан туындайды. Яғни, адамдар аномия күйіне əртүрлі жолдармен түседі: немесе
конформизммен, немесе мінез-құлқындағы ауытқушылықтың əртүрлі түрлерінің болуымен.
В.Фокс девиантты мінез-құлық тəртіп бұзушының өзінің артынан түрмеге қамалу немесе
басқа жаза түрлеріне əкеліп соғатын нормадан ауытқуды
айтады. Бұл анықтамалар
«девиантты мінез-құлық» туралы түсінікті əлдеқайда тарылтады, өйткені əлеуметтік-
құқықтық сфераның кішкене ғана бөлігін қамтиды. XX ғ. басында, бихевиористтердің мінез-
құлықты психологиялық ғылымның пəні деп жариялағаннан кейін, адамның мінез-құлқы
туралы елестер кең түрде тарала бастады. Мінез-құлықтың психологияның негізін
салушылардың бірі Джон Уотсон (1931ж.) мінез-құлық туралы
былай деген: «мінез-құлық –
жұмыртқаның ұрықтану кезінде пайда болатын, үздіксіз белсенділік ағыны, сонымен қатар
ол ағзаның дамуына қарай күрделенуі».
Индивидтің мінез-құлқын зерттейтін қазіргі пəнаралық байланыстар күйі,
қызметтестік емес, қарсыластық сияқты. Қазіргі таңда кең тараған талпыныстардың бірі
болып психология мен психопатологияның қарама-қайшылығы табылады. Яғни, сау жəне
ауру психикалық іс
-əрекет мəселелерінің бөлініп қарстырылуы. Девиантты мінез-құлықтың
айқын бір мысалы болып нашақорлық заттардың қолданылуы табылады. Оның
психологиялық мəселесі (нашақорлыққа психологиялық тəуелділік) жəне медициналық
(нашақорлықпен қиянат ету), физикалық тəуелділік-наркомания. В.Д.Менделевичтің бұл
күрделі мəселеге деген ғылыми əдістемесі қызықты да дəлелді. Көптеген көзқарастардың тар

профессионалдылығын ескере отырып, ғалым «девиантты мінез-құлық психологиясының»
ғылмыдық жүйеде алатын орнына өзіндек көзқарасын білдіреді.
Автор қалыпты жəне гармониялық мінез-құлықтың құрамын бөліп көрсетеді:
психикалық процесстердің теңгерілуі (темперамент құрамасы), адаптивтілік жəне өзін-өзі
өзектендіру (мінез-құлықтық ерекшеліктер), имандылық, жауапкершіліктік, ұяттылық (жеке
тұлғалық деңгейде). Норма да, аномалия да осы тұлғалық үш
элементтен бастамасын алады.
Өзінің көзқарастарының негізгі деңгейін ескере отырып, В.Д.Менделевич өз кітабында
келесі анықтама береді: «Адамның девиантты мінез-құлқы – бұл қоғамда қалыптасқан
нормаларға қарсы келетін, психикалық үрдістердің теңгерілмеуінде айқындалатын, адаптивті
емес, өзін-өзі өзектендіру үрдісінің бұзылуы кезінде пайда болатын, өзінің мінез-құлқының
қадағалауында эстетикалық жəне мінездік қарсылық білдіргендегі іс
-əрекеттер жинағы
немесе бөлек бір іс-əрекет».
Қазіргі кезде девиантты мінез-құлықты зерттеу екі бағытта қарастырылады: біріншісі
психикалық денсаулық нормасынан ауытқыған мінез-құлық (невроздар, психосоматикалық
бұзылыстар, патологиялық күй жəне т.б.); екіншісі - заңдық, мəдени жəне əлеуметтік
нормалардың бұзылуымен байланысты мінез-құлық, яғни «əлеуметтік – дезадаптация -
оқшаулау». Девиацияның айқындалуының ерекше түрлеріне делинквентті (
құқықтық
қарсылық) жəне криминалды (қылмыстық) мінез-құлық жатады. Психологиялық сөздікте
девиантты мінез-құлық – «адамның қоғамда қалыптасқан нормаларға сай келмейтін іс-
əрекеті» деп берілген. Сондықтан да мінез-құлықтағы ауытқушылықтар келесі ғылыми
пəндерді оқытады: психология, педагогика, психиатрия, ал əлеуметтік құбылыс ретінде – бұл
əлеуметтану, құқық, əлеуметтік психология пəні болып табылады.
С.А.Беличева девиантты
мінез-құлықтағы əлеуметтік ауытқуларды келесі түрде
топтастырады:
а) дүниеқорлық бағдарлар: заң бұушылық, жаман іс, қаржылық, дүниеқорлық, материалды
тұрғыда иемдену жолындағы қылмыстық істер. Олар: ұрлау, тонау, алдау, арбау жəне т.б.;
б) агрессивті бағдарлар: тұлғаға қарсы бағытталған іс-əрекеттер. Олар: балағаттау, тіл тигізу,
ұрып-соғу, өлтіру, зорлау жəне т.б.
с)
əлеуметтік –пассивті типтер: күнделікті өмірдің активті жағынан қамту, азаматтық
міндеттерден табылу, жеке жəне əлеуметтік мəселелерді шешуден бас тарту. Олар:
жұмыстан, сабақтан бас тарту, үйден кетіп қалу, араққа салыну, нашақорлық, токсикомания,
суицид жəне т.б.
Дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалар санынынң өсуі, оқушылар
арасында əлеуметтік девиациясы бар балалардың көбеюі. «Девиантология
» курсын енгізуді
қажет етті. Берілген курс бойынша студенттерді: мінез-құлқы мен дамуында девиациясы бар
балалармен жұмыс жасауды үйрету, сонымен қатар оларды тəрбиелеу мен оқытуда дұрыс
жағынан бару; болашақ мұғалімге психология жəне педагогикалық түзету жұмыстары
əлеміне дұрыс жол таңдау; сондай балалрмен жұмыс істеудің қиындықтарын көрсету; қиын
тəрбиеленетін жеткіншектермен жұмыс істеу негізімен
таныстыру. Мінез-құлқындағы
девиациясы мен дамуындағы кемшіліктері бар жеткіншектермен жүргізілетін тəрбиелік-
профилактикалық жəне түзету-реабилитациялық жұмыстар осы уақытқа дейін əкімшілік-
жазалау концепциясымен жүзеге асады. Сонымен қатар, шет елдердің тəрбиелейтін
мекемелерінің практикасы, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің өзгеруі,
мақсатты бағытталған психологиялық жəне педагогикалық зерттеулер бұл əкімшілік-жазалау
бағыттың тиімсіздігіг көрсетті. Енді, девиантты
мінез-құлқы бар жеткіншектер мен балалрға
жалпыға бірдей білім беретін орта мектептерде де түзету жолдарының профилактикасы мен
психологиялық жəне педагогикалық көмектің көрсетілуінің тиімділігі дəлелденді. Əкімшілік-
декларативті концепцияның орнына күзету-қорғау парадигмасы (ювенальды психология)
келуі тиіс. Бұл бағыттағы негізгілері адаптация, компенсация, реабилитация, түзету болып
табылады. Бірақ превентивті психология мен түзету педагогика
орнығу стадиясында тұр
(дефектологиямен салыстырғанда).
Сондықтан да, психология жəне педагогика саласының түзету табиғаты мен негізін
анықтау үшін арнайы білім беру мекемелерінің педагогикалық жұмыстарына, превентивті

психология жəне əлеуметтік педагогика саласындағы ғылыми зерттеулерге назар аудару
керек.
1 тақырыпқа арналған сұрақтар:
1. «Девиантологияның» басқа ғылымдар салаларының арасындағы пəнаралық байланыс.
2. В.Д.Менделевичтің ауытқушылық мінез-құлықтың мəселелеріндегі ғылыми
зерттеулері.
3. С.А.Беличеваның девиантты мінез-құлық классификациясы.
4. ҚР-дағы жеткіншектердің тəрбиелеу-профилактикалық жəне психологиялық түзету
жұмыстарының күйі.
Тақырып
№2 Мінез-құлықтың ауытқуына қатысты шет ел ғалымдарының
ұстанымдары.
1. Əлеуметтік норма жəне əлеуметтік ауытқы.
2. Девиантылықты түзету жолдары мен механизмдері.
3. Э.Дюркгеймнің «аномиясы», Ч.Ломброзоның "туа біткен қылмыскер" атты
тұжырымдамалары. Құбылыстану жəне маргиналды мінез-құлық түрлері.
4. Девиантты мінез-құлық классификациясы (Н. Смелзер, Р. Мертон, У. Шелдон, Я.И.
Гилинский
т.с.с.).
Балалардың жəне жеткіншектердің мінез-құлқындағы ауытқушылық деп оның өзіне
назар аудартатын жəне тəрбиешілердің сенімін тудыратын еркешеліктері мен оның
көріністерін айтамыз (ата-аналарының, мұғалімдерінің, қоғамының). Бұл мінез
ерекшеліктері жалпы қабылданған қалыптардан, талаптардан ауықуды ғана білдірмейді,
сондай-ақ болашақта жасалатын қателіктердің, адамгершілік, əлеуметтік, құқықтық
нормалардың, заң талаптарының бұзылуының негізін қалайды
, осы мінез-құлық
субъектісіне, оның тұлғасының дамуына, оны қоршаған адамдарға, жалпы қоғамға əлеуетті
қауіп төндіреді.
Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден бұл
психологиялық денсаулық нормасынан ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір əлеуметтік-
мəдени нормаларды, əсіресе құқықтық норманы бұзатын антиəлеуметтік іс-əрекеті.
Социологияда девиантты мінез-құлықтың себебін түсіндіру үшін бірнеше
бағытқа
бөліп қарастырады. Р.Мертон Э. Дюркгеймнің түсінігіндегі «аномия» ұғымын (бұл дегеніміз
бұрынғы нормалар мен құралдардың нақты жағдаймен сай келмеуі, ал жаңаның əлі де қоғам
жағдайында нақтыланбағандығы) қолдана отырып, ауытқымалы мінез-құлықтың себептері
деп қоғамның ұсынып отырған мақсаттары мен оны жетістікке жеткізетін құралдардың
арасындағы байланыссыздық. Келесі бағыт конфликт теориясы аумағында туындаған
. Осы
теорияға сүйінетін болсақ, мəдениетті мінез-құлық қандайда бір мəдениет нормасына
негізделмесе ауытқушылықты мінез-құлық болып табылады (А.Коэн).
Əлеуметтенуда девиантты мінез-құлықтың шығу тегі Э.Дюркгеймнен бастау алады,
ал оны жеке ғылыми бағыт ретінде Р.Мертон қарастырған. Олардың ұсынып отырған
«аномия» ұғымы нені білдіреді? Бұл ұғымның негізгі шығу тегін
ертедегі əдебиет көздерінен
де кездестіруге болады. «Көне грек тілінде anomos деген «заңсыздық», «қалыпсыздық»,
«басқаруға көнбейтін» дегенді білдіреді. Бұл ұғымды Еврипид пен Платонның, ХVI
ғасырдағы ағылшын тарихшысы У.Лембейрдтің, франсуз философы мен əлеуметтанушысы
Ж.М.Гюйоның жəне т.б. əдебиет көздерінен кездестіруге болады. Аномия ұғымы -
əлеуметтік біркелкілік сезімінің бұзылуын немесе тіпті əлсіреуін
білдіреді. Осы аномия
ұғымына көптүрлілік пен қарама-қайшы пікірлердің өзі бүгінгі күні «аномия» ұғымына
тарихилықтан тыс біркелкі түсініктің жоқтығын көрсетеді. Осыған байланысты Э.Дюркгейм
мен Р.Мертонның пікірлерін қарастырсақ.
Ең алғаш рет əлеуметтік тұрғыдан девиация ұғымына түсінік Э.Дюркгеймнің ұсынған
аномия теориясынан көрініс тапты. Ол бұл теорияны өзінің классикалық зерттеулерінде
өзіне-өзі қол жұмсаудың негізі ретінде қолданды. Ол өзіне-өзі қол жұмсаудың себебі
«аномия» деп аталатын көрініс деп санады. Ол адам өмірін реттеуде ережелер маңызды
рөлге ие екенін, нормалар олардың мінез-құлқын басқаратынын, олар басқа адамдардан не

күту керек екенін жəне олар өздерінен не күтетінін де біледі деп көрсеткен. Адамдардың
өмірлік тəжірибесі (яғни қанағаттанулары мен өкініштері) кішкене болса да əлеуметтік
нормамен қамтылған өздерінің күткен нəтижелеріне сəйкес келеді. Дегенмен де кризистік
немесе радикалды əлеуметтік үзілістерде өмірлік тəжірибе барлық əлеуметтік нормаларды
қамитын идеалға сай кемей қалады. Нəтижесінде адамдар адасушылық
пен əлеуметтене
алмаушылық сезімін басынан кешіреді. Э.Дюркгейм өз еңбегінде күтпеген кезде
экономикалық жағдайдың күрт төмендеуі немесе жоғарылауы өзіне-өзі қол жұмсаудың
қалыпты жағдайдан жоғары болуына алып келеді деп көрсеткен. Əлеуметтік нормалардың
бұзылуы, адамдардың бағыт-бағдарларын ұмытуы бұлардың барлығы девиантты мінез-
құлыққа сəйкес келеді деп көрсеткен.
Р.Мертон ауытқымалы мінез-құлықтың
себебі адамдарда бір ерекше қасиеттің
барында емес, керісінше өздерінің тап болған əлеуметтік жағдайына қалыпты түрде жауап
беруі нəтижесінде пайда болады деген. Əлеуметтік көзқарас бойынша ауытқымалы мінез-
құлық мəдени ұмтылулары мен əлеуметтік құрылымдық құралдарды олардың
қанағаттандыруы арасындағы сəйкессіздік.
Р.Мертон əлеуметтік құрылымдағы əлеуметтік жағдайларды əртүрлі адамдардың
мəдени құндылықтар мен нормаларға бейімделуіне
байланысты өзінше топтар жіктемесін
көрсеткен:
1. конформдік тип - қоғамдық тұрақтылықтың деңгейі жоғары болған сайын бұл
типтегі адамдардың мəдени жəне ұжымдық құралдарға сəйкес бейімделуі кең таралған. Бұл
девиантты емес мінез-құлыққа жататын жалғыз тип.
2. инновациялық тип - мəдени құндылықтардан, тиым салынған əрекеттерден аттап
жиі билік пен байлыққа апаратын жаңа құралдарды қолдану яғни инноватикалық
əрекеттің
нəтижесі көріне бастаса, əлеуметтік нормадан ауытқу да пайда болады.
3. ритуализм - нақты бір мəдениеттің мақсатын жоққа шығарады, бірақ əлеуметтік
құпталған мақсаттарды орындайды, оларға тəн қасиет əрекетсіздік немесе білгілі бір тəртіп
көлемінде əрекет ету тəн. негізгі мəдени мақсаттардан бас тарту негізінде қауіптер мен
қолайсыз жағдайлардан қашуға тырысады.
4. ретритизм - ұжымдық құралдардағы
мəдени мақсаттарды жоққа шығару. Бұл
типтегі адамдар міндетті түрде қоғамдық ортада өмір сүреді, бірақ оған қаңғыбастар,
қоғамнан аластатылғандар, ішімдік қолданылатындар, наркомандар жатпайды. Мұндай
типтегі адамдар ұжымдықтан гөрі жеке даралыққа бейім адамдар болады.
5. бүлік - адамдарды қоршаған əлеуметтік құрылымның шегінен шығуына апарады
жəне оларды жаңа түрі өзгерген əлеуметтік құрылымды жасауға итермелейді. Бұл
бар
мақсаттар мен стандарттардан аластатылуға алып келеді. Сонымен қатар құндылықтардың
асыра бғалануымен сипатталады. Мұндай əлеуметтік құрылым аномияға жəне девиантты
мінез-құлыққа əкеп соқтырады.
Көбінесе девиантты мінез-құлыққа бейім келетін жасөспірімдер. Себебі жасөспірімдік
кезең - ең қиын, əртүрлі бұзақылықтардың пайда болатын жəне сонымен қатар достық
нормаларды игеруіне сəтті кезең болып табылады.
Жасөспірімдік кезеңдегі
девианттық мінез-құлық жалпы заңдылықтарға бағынады –
жасөспірімдердің девиантты мінез-құлықты болуына ешқандай себеп жоқ. Бірақ əртүрлі
топтағы адамдардың əлеуметтік- экономикалық теңсіздігі, мүмкіншіліктерінің теңсіздігі
жасөспірімдер мен жастардың санасына психологиялық əсер етеді.
Əр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Бұл
баланың “мені” қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқрас қалыптасады.
Жасөспірімдік
кезең ол балалықтың бір жасерекшелік этапы болып табылады.
2 тақырыпқа арналған сұрақтар:
1. Əлеуметтік норма жəне əлеуметтік ауытқы.
2. Девиантылықты түзету жолдары мен механизмдері.
3. Э.Дюркгеймнің «аномиясы», Ч.Ломброзоның "туа біткен қылмыскер" атты
тұжырымдамалары. Құбылыстану жəне маргиналды мінез-құлық түрлері. Девиантты мінез-
құлық классификациясы (Н. Смелзер, Р. Мертон, У.
Шелдон, Я.И. Гилинский т.с.с.).

Тақырып №3 Жасөспірімдердің отбасы мен мектептегі педагогикалық жəне
əлеуметтік жолдан ауытқуының теориялық-əдістемелік негіздері. Кəмелетке
толмағандардың девиация мəселесіне арналған теориялық зерттеулер.
1. Құқықтық əлеуметтендіру жəне жасөспірімнің жеке тұлғасы.
2. Мектептік дезадаптацияның психологиялық-педагогикалық факторлары. Əлеуметтік
орта жəне кəмелетке толмаған балалардың девиантты мінез құлқы.
3. «Киын» жəне «қиын тəрбиелі
» ұғымдар мағнасы. Ресей ғалымдарының
ауытқушылықты мінез-құлық сипаттамасы (С.А. Беличева, Е.В. Змановская, В.Д.
Менделевич, Ю.А. Клейберг, Д.И. Фельдштейн т.б..).
4. Кəмелетке толмағандарды құқықтық əлеуметтендіру барысындағы отбасы мен
құрдастарының рөлі. Отандық зерттеушілердің девиантттық мінез-құлыққа қатысты
ұстанымдары мен көзқарастары (Ш.Е. Джаманбалаева, Д.К. Казымбетова,
А.Н. Тесленко,
М.С. Керимбаева, Г.А. Джакупова, А.Т. Акажанова т.б.).
Мінез-құлықтағы ауытқушылық табиғаты əртүрлі. Мінез-құлықтағы бұзылулар
тұлғаның ерекшеліктерімен тығыз байланысты болып келеді. Абрумова А.Г., Жезлова Л.Я.
əлеуметтік-психологиялық тұрғыда қалыптасқан, девиантты мінез-құлықтың типтік
классификациясын ұсынады. Олар балалар мен жеткіншектердің девиантты мінез-
құлқының
4 негізгі түрін бөліп көрсетеді:
1. Тəртіпке қарсы мінез-құлық;
2. Əлеуметке қарсы (қоғамға қарсы);
3. Делинквентті (құқықтыққа қарсы);
4. Аутоагрессивті мінез-құлық.
Девиантты мінез-құлықтың тəртіпке қарсылық типіне оқыту-тəрбиелік мекемелердегі
қалыптасқан тəртіп пен режимді бұзу, Мысалы: сабақтан күнделікті қалу, үйге берілген
тапсырмаларды орындаудын бас тарту жəне т.б.
Антисоциальды мінез-құлыққа қоғамда қалыптасқан тəртіптерді қабылдау мен
орындаудан бас тарту, оқу мен еңбек іс-əрекеттеріне мойынсұнбау, үйден кету, жыныстық
қатынасқа ерте жастан кіру, ішімдік ішу, нашақорлық, токсикалық заттарды қолдануды
жатқызуға болады.
« Делинквентті мінез-құлық» түсінігі жеткіншектердің құқықтықты бұзу əрекет
жасағанда ғана қолданылады. Бұған басқа адамдардан ақша талап ету, тартып
алу, жеке
көліктерді ұрлау сынды əрекеттер жатады. Бұндай жағдайда түзету мен аурудың алдын алу
мақсатында қазіргі таңдағы диагностикаларды пайдалану керек. Сонымен қатар, балалрдың
тұлғалық дезадаптациясы мен іс-əрекеттің бұзылуының ауыр формаларының
профилактикасы қажет. Оларға əртүрлі этиологиялық психопаттық секілді күйлері,
психопатияның кейбір формалары мен мінездің акцентуациясы, тұлғаның патомінездік
психогенді келісілген реакцияларын
жатқызуға болады.
Мінез-құлықтың патологиялық емес формаларына микро-əлеуметтік салақтық пен
мінездік бас тарту, қарсы шығу, өтірік жасау, құрдастарымен топтасу, эмансипация, үйден
қашу,сексуалды қызығушылықтар, жастық жезөкшелік т.б. сынды реакциялар лайық.
Тəрбиелеудің қолайлы жағдайларында жеткіншектердің айтылған ерекшеліктері əлеуметтік
жағымды əрекетпен алдын-алу мүмкіндігі туады. Əлеуметтік қолайсыз жағдайларда бұл
ерекшеліктер
керісінше өршіп, негативті бағыт алады.
Психологияда «қиын» бала деген бірауызды түсінік жоқ, оның тұлғалық дамуы мен
іс-əрекетін түзету жəне диагностика жасауда бірауыздық келіс жоқ. «Қиын жеткіншек
түсінігі кең тараған əлеуметтік стереотип формасын алған. Ең алдымен «қиын» сөзінің
түсінігін «қиын тірбиелілік» деген түсініктен бөліп алу керек. Қиын тəрбиелілікке тəрбиелеу
белсенділігіне
қарсылық туғызу жатады. Ал оның туындауының себептері өте көпсалалы:
физикалық жəне ақыл-ой дамуының дефекттері, педагогикалық байқаусыздық, темперамент
жəне басқа да тұлғалық ерекшеліктер мен асоциалды мінездің ауытқулары жатады.
Тəрбиелік белсенділікке қарсылық білдіру тек қана жеткіншектің мінез-құлқының
ауытқушылығы мен санасына, сонымен қатар əлеуметтік салақтықтан ғана емес. Ол
педагогикалық байқаусыздықтан, яғни оқыту
мен тəрбиелеу үрдісінде жеке жұмыс жасай

алмаудан да туады. Мысалы: аса дарынды оқушы оқу үрдісіндесінде өзінің шапшаңдығымен,
мұғаліммен бəсекелестігімен, қарапайым түсіндірумен келіспеуден, қарсы шығуымен
тежеліс туғызады. Оқу процессінде туындайтын қарама-қайшылықтар, оқытушымен тікелей
қақтығысқа айналып, қиын тəрбиеленетін түрге айналады.
« Қиынның» мінездік ерекшеліктері:
1. Далада өзінше бір құрылған, өз нормалары, түсініктері, ерекше сөздері, лақаб аттары
мен беделді
адамдары бар топқа қосылу.
2. Мектеп, жанұя тарапынан көрсетілген тəрбие үрдісіне белсенді қарсы тұру,
əлеуметтік түсініктерді қабылдамау. Ол тек қана жаман оқып қана қоймай, оны мақтан
тұтады; арақты жай ғана ішпей, жай ғана темекі тартпай, абайсыздан боқтамай, осының
барлығымен мақтанады.
3. Өзіндік сана процессінің қалыптасуының қиындығы. Ол не болмаса өзінің
іс-
əрекетіне өзіндік баға бере алмайды, немесе өзін формальды емес тобы тарапынан
бағалайды, немесе психологиялық қорғаныс түрлерімен жақсы қолданады.
Қиын тəрбиеленетін жеткіншекте, сиқырлықта сияқты бала кезінің психологиялық
жəне педагогикалық, медициналық жəне биологиялық, əлеуметтік мəселелері байланысады.
Қазіргі таңдағы ресейлік əлеуметтануда Я.Н.Гиллинскийдің позициясы қызығушылық
тудырады. Я.Н.Гилинскийдің айтуынша, девиациясының бастамасы
болып қоғамдағы
əлеуметтік теңсіздік, əртүрлі əлеуметтік топтардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру
барысындағы мүмкіншіліктердің арасындағы өте үлкен айырмашылықтың болуы табылады.
Əлеуметтану ғылымында тұлғаның əлеуметтік механизмдері мен сферасының
айырмашылықтарын көрсетеді. Əлеуметтану механизмі – бұл құрал арқылы адал əлеуметтік
ақпараттарды қабылдай алады. Психологтардың пікірінше, олардың қатарына сендіру,
үйрену, көндіру, еліктеу, басқару, үйрету жəне т.б.
сыныды қасиеттер жатады.
Əлеуметтану жүйесі - əлеуметтік тəжірибені игеруге көмектесетін əлеуметтік
институттар. Оларды макро ортаға бөледі (əлеуметтік қарым-қатынас жүйесі) жəне микро
ортаға бөлінеді (жанұя, мектеп, достық жəне басқа да қарым-қатынас түрлері).
Əлеуметтану институттары – арнайы құрылған немесе нақты қалыптасқан мекемелер
жəне істер жүйесі. Олардың мақсаттары мен міндеттеріне оқыту мен тəрбиелеу арқылы
индивидті дамыту.
Əлеуметтену институтының алғашқысы жəне ең маңыздысы – ол жанұя.
Яғни,жанұяның жеке тұлғаның қалыптасуында ерекше рөл атқаруы. Адамды сезіну
сезімталдығы, эмоционалды қабылдау, сезгіштік жəне басқа адамға деген жанашырлық –
осының барлығы жанұяда қалыптасады.
Құқықтық əлеуметтенудің негізгі агенттері болып жанұя мен мектеп табылады.
Балалар мен жеткіншектердің сананың қалыптасуындағы негізгі психологиялық механизмі –
персонификация. Балал үшін мінездік жəне құқықтық дəстүрлер ата-анасының бойынан
көрінеді. Қоғамдық ортада өзін қалай ұстау керек, қандай жағдайды қалай қабылдау керек
осы іс-əрекеттерді ол ата-анасынан біліп, солардың əрекеттеріне еліктеп, қайталайды. Ата-
анасына деген, кейіннен ұстазына деген жағымды қарым-қатынасты ұстанған бала қарым-
қатынас процессінің нақты мазмұнын ғана
ұғынып қоймай, оның құбылыстарға, пəндерге
т.с.с. тікелей қатысы бар екенін ұғынады. Осылайша негізгі түсініктер категориясы, жақсы
мен жаман туралы түсінік, əділетілік туралы түсініктер қалыптасады.
Мектептегі құқықтық əлеуметтену екі бағытта қалыптасады. Біріншіден, бұл арнайы
сабақтардағы тікелей құқықтық əлеуметтенудің түсініктемесі, яғни оқушыларға мемлекеттің
құрылымын, қауымның өміріндегі құқықтың орны мен функциялары туралы
, азаматтардың
құқықтары мен міндеттері туралы түсініктеме беру. Екіншіден, құқықтық əлеуметтенудің
мақсаты болып оқушылардың ішкі істер басқармасы құқықты қорғаушы кездесулері, яғни
оқушыларға заңға бағынушылықтың маңызы түсіндіріліп, заңға бағынбағандағы болатын
соттық тергеу іс-əрекеттерімен таныстырылады. Біздің мемелекетімізде құқықтық
əлеуметтену тек мектеппен шектелмейді. Ол барлық жоғарғы оқу орындарында
жалғастырылып, студенттер заң психологиясы мен
құқық негіздері сияқты пəндерді оқиды.
Қиын жеткіншектің тұлға ретінде қалыптасуында негізгі фактор болып отбасының
жағдайы табылады. Ата-аналар көп жағдайларда жеткіншекпен əңгімелесуді ауырсынып,

кей-кезде ғана «дұрыс» тəрбиелеуге кірісіп, айғайлап, түсініктемелер талап етеді. Осындай
ата-анлардың балалармен қарым-қатынасы кездейсоқ болып мінезделеді. Н.С.Конның
айтуынша, жеткіншектердің мінез-құлықтарының əлеуметтік жəне психологиялық
аспектілерінің барлығы қазіргі жəне өткен шақтағы жанұялық жағдайларымен тікелей
байланысты болып келеді. Əке мен ананың тəрбиелеудегі келіспеушіліктер жеткіншекке
жақсы мен жаманның
не екндігін де, бұл жағдайда кімдікі дұрыс екендігін де, ата-ананың
қайсысын тыңдауды шешу қиындық тудырады.
Ата-анаға деген сый мен құрметті ренішпен немесе жанашырлық сезім тудырумен
айтуға болмайды. Құрмет қарым-қатынастың арқасында өседі. Жеткіншектер ата-анасының
сөздері мен іс-əрекеттерін олардың кəсіптік дəрежелері мен білім деңгейлерімен
салыстырады. Жасөспірімідк шақта ата
-аналардан балалрына деген ерекше психологиялық
жəне педагогикалық мəдениет талап етіледі. Балаларына істеген істерінде еркіндік беріп,
шешім қабылдауында дұрыс кеңес беріп, белсенді атсалысу керек.
Үлкендер жиі барлығын балаларының орнына жасай салуға асық тұрады, немесе
олардың іс-əрекеттерін қадағалап, кірісіп отырады. Мұндай жағдайда жеткіншекте көнуден
басқа амал қалмайды. Бұдан, өмірде кездесетін түрлі
жағдайлармен бетпе-бет кездескенде
тұрақсыздықтың болуы туындайды.
Психологиялық қарым-қатынас атмосферасы, жанұялық конфликтті жағдайлардың
жиілігі балаға теріс əсер береді. Бұндай күйде балалар біреудің айтқанымен жүруге тез көніп,
ішкі күйзелісінен арылу үшін көп теріс жағдайларға үшырауы мүмкін. Жанұялық
қақтығыстар əртүрлі болады – түсініспеушіліктер, ұрыстар, жеткіншекке деген ата-ананның
мейірімінің жетіспеушілігі. Өмірлік этаптарда осы
факторлардың əрқайсысы жағымсыз
жағын тигізуі мүмкін.
№3 тақырып сұрақтары
1. Мінез-құлық девиациясын түсінідіретін шетел концепциялары.
2. «Қиын» жəне «қиын тəрбиеленетін» сөздері қандай мағына береді?
3. Мінез-құлық девиациясын зерттеудегі орыс ғалымдарының көзқарастары?
Тақырып №4 Жасөспірімдердің əлеуметсізденуіндегі формалды емес криминогенді
топтардың орны.
1. «Топтық динамика» ұғымы. Формалды емес
жəне жас жеткеншек топтары, олардың
құрылу механизмдері мен сипаттамалары.
2. Құндылықты бағыттар мен жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауы. Маргиналдармен
аутсайдерлер айырмашылықтары.
3. Ресей ғалымдарының зерттеулері. Балалық жəне жасөспірімдік эгоцентризм. Жасөспірім
топтарының криминогендік бағыттарының ерекшеліктері.
4. Топтық түзету-дамыту жұмысының дəстүрлі жəне дəстүрлі емес формалары. Топтағы
«Мен-мендік» ұстаным.
Психологияда «топтық
динамика» деген ұғым бар. Топтық динамика бұл – белгілі
бір жағдайда нақты индивидумдардың арасындағы қақтығыстарды бəсеңдетіп, оларды толық
қанағаттылыққа əкеледі.
Апаттық жəне формальды емес жеткіншектер мен жасөспірімдер топтарының
құрылу механизмдері 2 блокты мəселелерден тұрады: 1) Жасөспірім дəстүрлі əлеуметтік
топтан қалайша бас тартады? 2) Неге олар əлеуметтікке қарсы бағытталған апаттық топтарға
бірігеді? Өзін - өзі айқындау,
өзін - өзі тұрақтандыру, өзіне - өзі баға беру қажеттіліктерін
қанағаттандыру нəтижесінде жіктеу 3 топқа бөлінеді: 1 – мүмкіндік бар; 2 – олар шектеулі; 3
– мүмкіндік мүлдем жоқ. Жастардың арасында алғашқы бөлінулер пайда болды. Олар
«қабілетті жəне қабілетсіз», «жақсы жəне жаман», «тəртіпті жəне тəртіп бұзушылар», деп
бөлінеді. Қабілетсіз, үлгермейтін жəне тəртіп бұзушы атағын алғандар (стегматизация) оны
ақтауға тырысады
.
Мұндай қиын заманда жеткіншектер қорғаныссыз. Қорғанысты қайдан іздейді?
Жанұядан ба? Ата – ана үшін ол кішкентай бала емес. Мектепте ма? Ол жерде ол кімге
керек? Милицияға ма? Күлкілі...

Үлкендер тарапынан көңіл бөлмеудің жетіспеушілігі. Жеткіншектің құрдастарынан
құрылған топ іздеп, соған қосылуына əсер ететін факторлар бірі ғана. Тағы бір негізгі
мотивтердің бірі – формальды емес қарым – қатынас іздеу, эмоцианалды тұрақты қарым –
қатынас іздеу. Жеткіншектердің құрдастарымен кең эмоцианалды қатынасқа қол жеткізу,
формальды емес топтардағы қарым – қатынас келесі қажеттіліктерді қанағаттандыруға негіз
болады.
1)
қауіпсіздікте (қорғанысты);
2) жүйкелік – психикалық қақтығысты шешу;
3) түсінушілікте, аяныштылықты;
4) достықты (өзін - өзі ешкім керек емес деп сезінуде);
5) тəуелсіздікте, үлкендерден автономияда, өзімен - өзі болуда;
6) жағымды баға алуда, құрдастарының арасында сыйлы болуына (жекелік
статус иемдену);
7) Көпшіліктің шоғырында болуда (əлеуметтік статус иемденуде);
8) жаңа ақпарат алуда;
9) Эмоцианалды айырмашылыққа
жетуде.
Ұжымда аутсайдерлер пайда болды. Аутсайдерлік – жеткнішектерді бір – біріне
тартып, жақындастырады. Жалпы бұл қоғамға қарсы, мүмкіншіліктің шектеулігімен пайда
болған, қарсылық пен өзін - өзі тұрақтандырудағы іс - əрекет əлеуметтік – психологиялық
шынайылық болып табылады. Яғни, аутсайдерлік - əлеуметтік тығырыққа тірелген, жəне
содан шығуға талпынған адам. Осының артына қақтығыстың 3 түрі жүреді: 1) жеткіншек пен
мұғалімнің, жеткіншек
пен тəрбиелеушінің, жеткіншек пен ақылшының арасында; 2)
жеткіншек пен сынып ұжымының арасында, жеткіншек пен топ арасында, жеткіншек пен
бірлестік арасында; 3) жеткіншек пен жанұясы арасында. Егер туған қақтығыстар дер кезінде
шешімін таппаса, жеткіншек негізгі əлеуметтік институттарынан ығыстырылып,
шығарылады. Мұның психологиялық ерекшеліктеріне, жеткіншектің үй қамауында отыра
алмай, өзіне тең болатын топтар іздеуі, кіреді. Ол
топты өзі сияқты балалардың арасынан
табады. Осылайша сабақтан қашушылар апаттық – жеткіншектік топтар құрылады.
(қарсылық: «мен бəрібір ешнəрсе түсінбеймін»), қаңғыбастар тобы. (жанұяның
түсінбеушілігі мен сенбеушілігіне қарсы: «тек қана ұрып – соғады, ештеңені де түсінгілері де
келмейді»), сабақ пен еңбек етуден бос топтар (кəсіптік емес, жалақысы аз жұмыстар).
Іс-əрекеттердің негізгі түрлерінде болатын
жол болмаушылықтар (оқуда, мамандық
алуда) өз күшіне сенімділіктің орнына өзін-өзі түсіруге айналады, өзін-өзі бағалаудың
орнына керексіздік пен зиян келтірушілікке айналады. Осының барлығы жеткіншектің
күнделікті көңіл – күйіне айналып оның өмірінің əрдайым сəтсіздікке əкелуіне айналады.
Формальды емес топтарда өзін-өзі қалыптастыруда басқа да амалдар жүреді.
Зерттеушілер оларды 4 түрге топтастырады;
1)
негізгі əлеуметтік міндеттердің орындалмауы;
2) қоғамда қалыптасқан мінез – құлық стандарттарын орындамау;
3) моральді міенз – құлық;
4) құқықты бұзу.
Өзін-өзі тұрақтандыруда топтың қай бағытты таңдауында топтың құрамы, топтың
көшбасшысы, қылмыстық дəстүрлеріне байланысты болады. Бастапқыда формальды емес
топтардың ассоциалды мақсаты болмауы мүмкін. Қоршаған ортаға қарсылық білдіру,
жеткіншектердің мінез-құлықтарының ерекшеліктері мен іс
-əрекеттерінде анық көрсетілген
қарсылықпен білінеді. Оның барлығы жеткіншектердің киімі мен сөйлеу барысында ерекше
сөздер қолдануында байқалады. Жеткіншектердің сөздері ауыр, өздерінің негізгі
мағыналарынан ауытқыған, басмқа тілден алынған иірме сөздер болып табылады.
В.В.Луиевтің айқындап көрсетуінде, жеткіншектердің қылмысты топтары
«мектебінен» мыңдаған, миллиондаған балалар өтеді. Сол кезде қалыптасқан қарсылықты
мінез – құлық кейбіреулерінде
ұзақ жылға дейін, ал кейбіреулерде өмір бақи сақталған.
Тұлғаның əлеуметтенуіндегі ең жағымды сəттердің өзінде жеткіншектік өмірбаян
санада сақталып, кейінгі мінез – құлықтық іс - əрекеттерінде ауыр тиеді. Бұдан қиын
қылмыстар мотивациясының қылмысты – психологиялық анализі дəлел болады.

Тарихқа сүйенсек, шетел тарихы да, адамның қажеттіліктері мен мотивациясынан
жауап таппаған санаға деген тікелей əрекеттердің əсерлілігі аз. Балалық шағы мен сүрген
өміріндегі қалыптасқан қажеттіліктер мен əдеттер, санада жерге енген егін сияқты тез өсіп,
қалыптасады.
Қазіргі таңда апатық жеткіншектік топтардың көптеп көбеюіне байланысты, сол
топтарда қалыптасқан негіздердің арасында белгілі бір байланыссыздық
пайда болған.
Осының барлығы келесі себептермен айқындалатын міндеттермен түсіндіріледі. Біріншіден,
белгілі бір жағымсыз əлеуметтік жағдайларда апаттық жеткіншектік топтарда, келесі
мəселелер дамып, əрмен қарай өсе береді: ішімдік ішу, нашақорлық, жезөкшелік,
қылмыстық. Екіншіден, жасерекшелік жаттығуы, əлеуметтік бақылаудың əлсіздігімен
айқындалады. Ал бұл, өз ретінде өсіп келе жатқан жеткіншектердің əлеуметтену процесінің
негізгі функцияларының бұзылуы болып
табылады. Үлкендердің мейірім сенімділік, көмек
беруге əрдайым дайындық, адалдық, еңбек сүйгіштік, əлеуметтік жауапкершілік, əділеттік,
заңға сый көрсету жəне таға басқа қасиеттері мұрамен берілмейді. Бұл қасиеттерді мінездің
құқықтық əлеуметтік процесте, тəрбиеде үлкендермен араласуда қалыптастыруға болады.
Үлкендер, яғни осындай қасиеттер иелері, олардың бағалылығын түсініп, жеткіншектерге
беруге тырысады. Егер де жеткіншектер тек қана
өз құрылған топтарының адамдарымен
ғана, өз қатарластарымен ғана араласса, онда олар мəдени əдет – ғұрыптармен қалыптсақан
бір-біріне деген сыймен, мінездік – құқықтық бастау алған мінез-құлықты иегер алмайды.
Жағымсыз əлеуметтік жағдайларда жеткіншектер тобы бірте-бірте аяқталады, ол
кейінне қарсы топтарға айналады.
Топтардың жағымсыз дамуының бірінші этапында балалардың олармен байланысы
терең емес, кездейсоқ
, топтар əлсіз, басшысыз болады. Мұндай топтардың мүшелері «қиын»
жеткіншектер. Олар сабаққа деген қарым-қатынасының жағымсыздығымен,
бұзықтықтарымен, кескінді, девиантты мінез-құлықпен (темекі тарту, ішімдік ішу,
нашақорлық, майда ұрлық, қаңғыру) айқындалады.
Екінші этапты, егер топ ыдырап кетпесе, ол тұрақталып, адам саны азайып,
басшылары пайда болады. Сабаққа деген немқұрайлық оқытушыларға деген, жақсы
оқушыларға
жəне жалпы мектепке деген жағымсыз қатынасқа дейін өседі. Мұндай
топтардың мүшелері жиі тек жаман қылықтар көрсетіп, жаман істер ғана жасап қоймай, заң
бұзушылыққа көшеді. Ұрлық пен бұзушылық жасау.
Деформацияның үшінші этапында топ өзінің ассоциялды мінез – құлқын
анықтайтын өздеріне қалыптастырған заңдылықтарымен өмір сүре бастайды. Топтың
басшысы болып, көбіне жазалауды көріп шыққан бала
болады. Мектеппен байланыс мүлдем
үзіліп, девиантты мінез-құлық ауыр қылмысқа айналады (ұрлау, тартып алу, біреуге тиісу,
автокөліктер ұрлау жəне т.б). Сонымен топ криминагенді болып қалыптасады.
Криминагенді топтардың өз мүшелеріне жүргізілетін, басқару механизмі келесі
түрде іске асады; Басымдық көрсету, ал кейіннен уақыт өткізудің бірнеше түрі ғана қалады;
ішімдік ішу, ішімдікке
ақша табу үшін ұрлық жасап, араласу, бір-бірімен төбелесу, зорлау.
Осының барлығы тұлғаның азғындаушылығына əкеледі. Егер жасөспірім осындай топтарда
ұзақ тұрып қалса, оның арты құқықты əлеуметтенудің жағымсыз негативті салдары сол
күйінде қалып қояды.
№4 тақырыбына арналған сұрақтар
1. «Топтық динамика» дегеніміз не?
2. Жасөспірімдер жəне жеткіншектер топтарына білім беру механизмдері
.
3. Жеткіншектердің аутсайдерлік жəне маргиналдық мінездемелерінің салыстырмасы.
Тақырып №5 Ауытқыған мінез-құлық генезисіндегі əлеуметтік пен биологиялықтың
арақатынасы.
1. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы биологиялық жəне əлеуметтік ғылыми
тұжырымдамалар (Ч. Дарвин, Ч. Ломброзо, У. Шелдон, К. Лоренца, Ф. Гальтон т.б.).
2. Ауытқушылықты мінез-құлық детерминациясы.

3. Девиантты мінез-құлықтың пайда болудағы əлеуметтік негіздер. Психогенетикалық
зерттеулер. Кəмелетке толмағандардың қылмыстық мінез-құлқын анықтаудағы
биоəлеуметтік факторлар. Жеке тұлғаны əлеуметтендіру жолдары.
4. Қылмыстық мінез-құлық генезисіндегі биологиялық пен əлеуметтіктің өзара қатынасы.
«Девиант» жəне «делинквент» ұғымдары.
Девиантты мінез-құлықтың салдарының түсініктемесі осы əлеуметтік-
психологиялық құбылыстық табиғатының пайда болуымен тығыз байланысты
. Адамның
мінез-құлқында əр түрлі деңгейлер компоненттері байланысады; биологиялық,
психологиялық жəне əлеуметтік. Осыған байланысты биологиялық детерминанттардың
(салдар) негізгі жəне біркелкі концепциялары бар; психологиялық факторлар
концепциялары жəне де əлеуметтік – девиантты мінез-құлықты толығымен əлеуметтік
тұрғыда түсіндіреді.
Адамдардың мінез-құлқына əсер ететін қоғамдағы процестер мен əлеуметтік топтар,
ең алдымен əлеуметтік тұрғыда қарастырылады
. Берілген бағыттың атақты тұлғалары О.
Конт, Г. Тард, А. Кетле, Э. Дюркгейм, М. Вебер, Т. Парсонс, Р. Мертон.
Əлеуметтік девиациялардың обьективті факторлары ретінде келесілер қабылданады:
əлеуметтік қарым-қатынастың қатынасушыларының арасындағы айырмашылықтар мен
күткенді орындамау. (Т. Парсонс); берекенің бөлінуінде, тепе – теңдіктің жəне тұлғалық
қасиеттің арасында болмауы. (П. Сорокин) девиантты субмəдениет пен
үйрету
нормаларының əсері. (Р. Клауард, Л. Оулин). Осылайша, ерте кезден бастап девиантты
субмəдениетке түскен тұлға, соған криминалды, кикілжіңге байланысты девиантты мінез-
құлық формасын көрсетеді. Қарастырылған обьективті əлеуметтік факторлардың
қатарында мінез – құлықтың субьективті мəселелері əрекет етеді. Девиациялық
стигматизация теориясына (Э. Лемерт, Г. Беккер) сəйкес қоғамның өз (яғни, əлеуметтік
топ) Тұлғаға абстрактылы ережелері
бар (бастапқы девианттылық) нақты адамға өз іс -
əрекеттеріне сəйкес жарлықтар ілумен байланыстырады. Кейіннен атақ қалыптасады, ол өз
қатарында девиантты рөлді алуды талап етеді (қосалқы девиация).
И.Горман стигмалық 3 типін бөліп қарастырады: Физикалық стигма (туа біткен
анамлия); еріктің дефекттері (ішімдікке салыну, нашақорлық, жан аурулары); нəсілдік
стигмалары (қаралар).
Ресей зерттеушісі Ю.А.
Клейберг жеткіншектер девиациясын зерттей отырып,
девиантты мінез-құлықты тұлғалық мəселе нормаларға қатынасы арқылы көрсетеді. Оның
анықтауы бойынша «ауытқушылық мінез-құлық» – бұл əлеуметтік нормаларды өзгертетін
спецификалық түрлер, бұлар үшін ерекше қолданылады: алып бейімдемелер, мода, іс -
əрекет жəне т.б. Жеткіншектердің девиантты іс-əрекеттері белгіленген мақсатқа жету,
орынғу сияқты анықталады.
Осылайша, əлеуметтік жəне
əлеуметтік – психологиялық теориялар девиантты
мінез-құлықты əлеуметтік процестер деп белгілі бір тұлға мен қоғамның ішіндегі қарым-
қатынас нəтижесі деп қарастырады.
Келесі тұлғаның мінез-құлқына əсер ететін негізгі факторладың бірі болып
биологиялық жағдайлар, яғни кез-келген сыртқы жағдайлар қатынастың табиғи негізі
болып табылады. Биологиялық шарттарға кіретіндер: мұралық – генетикалық
ерекшеліктері, индивидтің туа
біткен ерекшеліктері (жатырдағы алынған қасиеттері),
импритинг (онтегенездің ерте этаптарында байқалады).
Биологиялық факторлар жəне тұлғаның келесі мінездемесін анықтап көрсетеді.
1. Онтогенез процесінің жекелігі
2. Гендерлі (жыныстық ерекшеліктері)
3. Жасерекшеліктері
4. Физиологиялық құрылымы
5. Денсаулық пен төзімділік
6. Жүйке жүйесінің типологиялық құрылымы мен күйі
Табиғаттың биологиялық анықтамасы мен девиантты мінез – құлықтың салдарының
көне тарихы бар.XIX ғ
. италиан психиатр, дəрігері жəне криминалист Ломбразо (1836 –
1909) био - əлеуметтік теория ұсынды, ол теорияда адамдардың қылмыстық іс-əрекетін

оның анотомиялық құрылымымен байланыстырған, оның негізгі зейін аудару обьетілері:
бас, ми, мұрын, құлақ, шаштың түсі, жазуы, татуировка, терінің сезімталдылығы,
қылмыскердің психологиялық құрылымдары. Антропометриялық əдісті қолдана отырып
зерттеуші «туа бітен қылмыстық типтің» 37 мінездемесін бөліп көрсетті. соның ішінде
астыңғы жақтың шығыңқылығы, пұшық мұрын, сақалдың аздығы, құлақтың басқа жақта
орналасуы.
Кейіннен И. Ломбразо
теориясын ғылыми тұрғыдан іске жарамсыз деп қабылдады.
Берілген бағыттың басқа бір көрнекті өкілі, американ дəрігері, жəне психолог
Уильям Шелдон (1898–1984) ол темпераменттің типтерімен адамның соматикалық
құрылым типтерімен байланысты дəлелденген. Ғалым негізгі дене құрылымының 3 түрін
бөліп көрсетті: Эндоморфты, мезомофты, эктоморфты, ол 3 темперамент түрлерімен
байланысады.Висцератопия, соматотопия, церебротопия. Олардың үйлесімділігі бұл
психотип. Мысалы соматотопияға
келесі мінездеме сай. Қанағаттануды қажет ету
белсенділік басшылыққа ұмтылу, тəуекелге бару, агрессивтілік. Керісінше церебротопия
ұстымдылық, сезімталдылық, жалғыздыққа бейімділік байқалады.
Колрад Лоренцтің этнопсихологиялық жағынан зерттеуі (1903 – 1989ж) адамның
мінез-құлқының əртүрлі фемомендерін түсіндіреді. Мысалы агрессия. алдымен өмір сүру
үшін күрес инстинкті . «Агрессия, өнім инетиптілерінің айқындалуымен қатарлас жүретін –
бұл инстинкт басқалар арқылы кез –
келген жағдайда жүре береді. Адамның биологиялық
детерминант мінез-құлқын негізгі түрде зерттеу бірнеше салаларда іске асады. Биологияда,
медицинада, криминологияда, физиологияда, жəне ерекше – генетикада.
XIX ғ ғасырдың атақты ғалымдары Фрэненс Гальтон (1822 – 1911) мен Грегор
Мендельдің (1822 – 1884) аттарымен психогенетиканың даму бастамасы сəйкестендіріледі.
1954ж олар психогенетикамен немесе евгеника саласындағы ашқан зерттеулерін жарыққа
шығарды. Кейінгі жылдары Ф
. Гальтон алғашқы рет блинцивті жəне статистикалық
əдістемелерді қолдана отырып, жеке дара айырмашылықтарының жүйелік бақылауын
жүргізді. Оның еңбектері интелект детерминантты зерттеулердің басмтамасы болды.
Тұлғалық мінездемелер мен мінез – құлықтар аз деңгейде зерттелді.
Тағы да бір ескере кететін зерттеулер, əлемнің көптеген мемлекеттерінде
жүргізілген экстроверсия мен невротизмді зерттеулер. Мысалы, америка, австрлаия жəне
европада (199г).
Швед ғалымы Ненси Петрсонның қиғаш кескіндер əдісімен жүргізілген
15000 туысқандық жұптарды зерттегенде, ол мынадай 2 негізгі қорытынды берді.
1. Невротизм мен экстроверсияның құрамдары онтогенездің толық жүргізуіндегі
генетикалық шарттастықпен мінезделеді.
2. Жастың үлкенінен тұқым қалдыру көрсеткіштерінің төмендегі (нейротизм негізінде).
XX ғасырдың 60 – жылдардың ортынсында У. Петерсон генетикалық зерттеулер
нəтижесінде ер адамда Y – хромосомаларының басымдығы олардың қылмыстық зорлыққа
бейімдейді (қамаудағыларда бұндай анамалия 15 ретке дейін жоғары). Г. Айзенг тұқым
қуалаушыларды зерттегенде мынадай қорытындыға келеді. «экстраверттер нитроверттерге
қарағанда қылмыс жасауға бейімдірек болып, ал бұл, өз кезінде генетикалық деңгейімен
түсіндіріледі. Сол зерттеулерде жеткіншек заң бұзушыларды бас миының маңдай
бөліктерінің дамуында артта қалушылық байқалған. Бұл нейрофизиологиялық бұзылысқа
əкеліп, соңында құқыққа қайшылық іс -
əрекет туғызады.
Жүйке – жүйесінің құрылымы адамның темпераментін айқындайды – оның
психикалық өмірінің динамикалық құрлылымын көрсетеді. Нью-Йорктің лангитюдті
зерттеулер сəбилер өмірінің бір жылын зерттегенде оның өмірінің бірінші айында
прелетальді жағдайларымен босану ерекшеліктері рөл атқарады. Динамикалық мінездеме
сферасындағы генетикалық бейімделген жекелік (яғни темпераменттік) 9 айлық жастан
бастап көріне бастайды.
А. Торгерсеннің зерттеулері бойынша, 6 жастағы
темпераменттің қиын
синдромдарынының 5 компоненттерінде олар үлкен генетикалық құрылымы бар: əлсіз
реакция, реакцияның үлкен интенсивтілігі, төмен ырғақтық бұл кезде қиын бейімделушінің
жанұялық ортада қалыптасса, жағымсыз көңіл – күй жеке ортада қалыптасады.

Жалпы зерттеулердің нəтижесінде тұқыммен ауытқушылық мінез-құлықтың белгілі
бір формасы берілмейді. (мысалы қылмыстық), ал девианттылықтың қалыптасуын
айқындайтын белгілі бір жеке – типологиялық құрамалар (импульсивтілік жəне басшы
болуға ұмтылыс).
Сонымен ішкі биологиялық процестер ауытқушылық мінез-құлықтың
қалыптасуында белгілі бір рөл атқарады. Олар біздің қоршаған ортаға деген
раекцияларымыздың күші мен мінезін айқындап көрсетеді.
Ауытқушылық мінез-құлықтың
биологиялық негіздерін дəлелдейтін фактыларға қарамастан, олар белгілі бір əлеуметтік
ортада ғана іске асады. Əлеуметтік жағдайлардың өзі ағзада биологиялық өзгерістер
енгізіп, мысалы жүйке жүйесінің реактивтілігі мен горманалды төмендік айқындайды.
№5 тақырып сұрақтары.
1. Тұлғаның ауытқушылық мінез-құлқының детерминизациясы деген не?
2. Девиантты мінез-құлықтың əлеуметтік детерминанттарын айтып бер?
3. Девиантты
мінез-құлықтың биологиялық қатынасының негізгі теориялары.
Тақырып №6,7 Жасөспірімдердің қылмысқа бару себептері.
1. Қылмыстық мінез-құлықты анықтаудағы биологиялық факторлардың алатын орны.
Қылмысқа бару мотивтері.
2. Формальды емес криминогенді топтар. Субмəдениет жəне девиантты мінез-
құлық.Ішімдікке салыну, нашақорлыққа бейімделу, құмар ойындармен шұғылдану т.с.с.
ауытқылар түрлері.
3. Кəмелетке толмағандардың
қылмыстылығы жəне превентивті жұмыстар. Жасөспірімнің
«криминалдылығы». Социопатиялық тұлға (А. Айхорн, Н. Мак-Вильямс, В.В. Ковалев т.б).
Қазақстан Республикасындағы арнайы жабық балалар мекемелері. Жасөспірім мен қылмыс.
Балалар мен жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқын əлеуметтік бақылау.
Мінез-құлықтың ауытқуы немесе əлеуметтік бейімдеумешілік деп мінез-құлықтың
əлеуметтік жағымсыз формаларының пайда болуын айтады
. Бұл формалар қаншалықты
əртүрлі болғанымен, олар əрдайым басқа жеткіншектермен, үлкендермен, жаман-жаман
қатынастармен мінезделеді. Бұны ұрыста, төбелесте немесе мысалы агрессивтілік пен
бағынбаушылық, жағымсыз іс- əрекет жəне өтірікшілікпен байқатады. Олар солай ақ қоғамға
қарсы жəне құқыққа қарсы əрекеттер мен яғни, сабақтан қашу, қаңғыру, бұзықтық жасау,
ұрлық жасау т.б əрекеттермен айқындатады.
″Қиын″ жеткіншектердің мінез-құлқының негізгі дефекттері адамдар арасындағы
қарым-қатынас нормаларына деген (қарсылық, жағымсыздық, өтірік сөйлеу, тəрбиесіздік,
қарсылық көрсету жəне т.б) оқу жұмысындағы қарсылықтар (жалқаулық, əр-нəрсеге
көңілінің болмауы, интеллектуалды бəсеңдік, танымдық қызығушылықтардың болмауы,
жəне басқалары) жəнеде екі түрлі қасиеттердің біркелкі көрінуі.
″Қиын″ жеткіншектерге педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстары дер кезінде
жүргізілмесе, олар құқық бұзушылық пен əлеуметке қарсы мінез-құлыққа тұрақтылық
категориясына кетуі мүмкін. Заң бұзушы жеткіншектердің типалогиялары олардың
əлеуметке қарсы топтар мен мінез–құлық дефекттері құрылымының атқаратын рөлінде
құрылады.
1. Əлеуметке қарсы топтардың ұйымдастырушылары əлеуметке қарсы мінез-құлыққа
тұрақтылық комплекстері бар жеткіншектері (қатыгездік, агрессивтілік, деспоттық қандайда
болсын жолмен басшылыққа өту
жəне т.б.);
2. Примитивті қасиеттер басшылғына бағынушылар (танымдық, жыныстық, ішімділік,
нашақорлықтың, ішімдіктік нашақорлықтың жəне т.б);
3. Тұрақсыздар – аморальді жəне позитивті туындамалар арасында конфликтті
сезінушілер. Олар өзінің мінез-құлықтарының жағымсыз екенін біледі, бірақ өзімшілдік пен
болған əрекетке тойтарыс бере алмау қоғамға қарсы жасауға мəжбүрлейді;
4. Еріксіздер өздерінің мінездік қасиеттері жоқ
адамдар, яғни толық конформистер жəне
біреудің талаптарын орындаушылар;

5. Аффективтілер əрдайым ренжішін фрустрация сезімінде болатын, өздерін жоғары
санап,əрдайым қарсылық көрсетіп, қоршағандарға жағымсыз мінездерін көрсетіп, қарсы
шығатындар жəне т.б;
Жеткіншектердің жанұялық бейберекеттікпен мектептің сəтсіздіктерден туындаған
эмоционалдық ыңғайлылдық оның барлығының орнын толтыруды талап етеді. Себебі қандай
адам өзін қабылдамайтын болса, ол туралы жаман айтатын қоғамда өмір сүре алмайды.
Бұл
адам үшін өте ауыр күй. Жеткіншектердің эмоционалды қанағатанбаушылықтың орнын
толтыру жолдастық топтарда тұрақтану жүзеге асады. Ал мектеппен жанұядан қол үзу
адамда жақсы шешімдердің бірі болады. Жеткіншектер топ болып қылмыстар жасау үшін
құрылмайды. Олар араласуға, достасуға, жаңа таныстықтар үшін топтарға қосылады. Ал
топтың жаман арнаға бұрылуы, ашық басқа топтарға еліктеп, басқарушыларының
жаман
бұзық, қатыгез жасөспірім болғанда бұрылады. Ол басқарушы жеткіншек болуы мүмкін,
бірақ жиі басқарушылар болып жасы кəмелеттен асқан өмірді көріп қалған жасы үлкендеу
жігіт болады. Оның түсінігінше нағыз еркектік қасиеттерге жаман сөйлеу, ішімдік ішу, ақша
болмаса оны қылмыс жасап ұрлау арқылы табуға болады деген түсінікте болады.
Жеткіншектің бұндай топта болуы,
оның осындай қоғамға қарсы іс-əрекет жасайтын
қылмыскер болуына əкеп соғады. Қоғамдық институттардан (жанұя, мектеп) қол үзу, өз
қажеттілігін топтан табу, əрдайым ішімдік ішіп, бұзықтықтар жасап, өздеріне қоғамға қарсы
шығушылар деп қалыптасуына əкеледі.
Көбінесе жеткіншектер қылмыс жасауға топтың əсер етуімен, топтық мотивпен
орындаумен, достары үшін жасап, олардың алдында ұятқа қалмау
əрекетімен топта беделді
орынды иелену үшін барады.
Жасөспірімдердің қылмыстық іс-əрекеттер негізінде бірнеше мотивтер бар. Солардың
негізгілерінің бірі тұрақтану мотиві топта өз орнын табу. Олардың қатарына «осы мотивтері»
жатқызылады, бір жағынан жеткіншек топқа «Мен барлығы сияқтымын» дейді, ал басқа
жағынан «Мен тұлғамын» дейді. А.И. Долгов, осы мотивтің мазмұнын ала
отырып, былай
дейді. «Мен барлығы сияқтымын» деген мотив дəстүрлісі, тұрып жатқан ортаны, достарына
еліктеушілікті («олар жай болса, менде сондаймын», «олар не істесе, мен де соны істеймін»)
топтан қалмау, достарының алдында беделін түсірмеу сияқты сипатталады. Сонымен қатар,
қылмыстық жасауды ұлғайтады. Келесі жағында «Мен тұлғамын» деген басқа топтар.
Алдында жəне бөтендер алдында іске
асады, ал өз тобында өте сирек кездеседі.
Зорлық қылмыс, бұзақылық, қылмыстық шабуыл жасау негізінде гиперкомпенсация
атты психологияның механизмі жатыр делінген. Ол кəмелет жасқа толмаған қылмыскерлер
үшін де сай А.Р. Ратимов пен Г.Х. Ефремованың айтуынша өзін-өзі толыққанды емес деп
сезінулерінен арылу үшін, өзіне жəне басқаларға, қоғамға қарсы заң
бұзушылық ісі арқылы
болса да өзінің тұлға екенін дəлелдеу. Жеткіншектердің мінез-құлқының келесі мотивтер
классификациясы ұсынылады:
1. Биологиялық мотивтер, ағзаның физиологиялық өмір сүруін қамтамасыз етеді (жиі
жеткіншек өзін, ішкіш ата-анасын, өзінен кіші іні-қарындастарын асырайды: тамақ ұрлау,
отын т.б)
2. Инфантильді мотивтер, өзін-өзі асырау мотивінің болмауы, гедомистикалық
мақсатпен,
яғни қызық оқиғалар іздеумен сипатталады. Мысалы, топта уақыттың қызықты өтуі үшін
киоск тонау; тоналғанды ұқыптамайды, тамақ пен ішімдіктердің қалғанын басқаларға
таратып бересалады;
3. Референтті топқа еліктеу реакциясы қарамағында тұрақтану мотивтері, мұнда топтық
түрлі заң бұзушылық əрекеттер байқалады;
4. Материялды қамтамасыздану мақсатындағы дүниеқорлық мотивтері;
5. Жалпылама мотивтер, туыстар мен жақындарының жеке
керек-жарақпен қанағаттандыру.
Мысалы, өзі немесе інісі үшін велосипед, қарындасына ойыншықтар ұрлау т.б.
6. Агрессивті мотивтер, бұзақылыққа қатыгездігіне кекшілдікке, өлтіруге жəне т.б. əкеліп
соғады. Бағыты бойынша, деференцивті жəне дефференцивті емес болады.

7. Қорқыныш мотивтері, екі жақты болуы мүмкін а) топтық мүшелеріне немесе басшысына
психологиялық күшпен бағынушылық; жəне б) күштеп бағындыру жəне қорқыту мен
бағыну.
Дəл осы жерде мотивтер шайқасы анық көрінеді, субъекті іс-əрекеттерінің қоғамға
қарсы екенін түсіне тұрып өз іс-əрекеттерін бағындыра алмайды. Жеткіншектердің
қылмыстық топтарының ішімдікпен бір ерекше байланысы
– көп салалы. Тік жəне
қайтымды.
Еңбектік-емдік профилакториялық емделушілердің арасындағы жүргізілген
зерттеулердің нəтижесі бойынша мынандай қортынды шықты, Ішімдікті жеткіншек жаста
қабылдағандардың алкогольдық аурулары 2-3 ретке дейін тез дамиды, ал кəмелеттік жастан
кейін қабылдағандарда ондай шапшаңдық байқалмайды. Ішімдікке салынып кеткен
жеткіншектер əрдайым ұсақ ұрлықтар жасап, əр жерге жүк тасушы болып жұмыс жасап
,
қайыр тілеп əлеуметке қарсы криминалдық топтар құрайды.
Жеткіншектердің типологиясы олардың алкогольге деген көзқарасы мен қатынасы
жəне оны ішу матевациясы арқылы анықталады.
Ішімдікке салынған адамдар сияқты, барлық токсикамандарға топтарға бірлесіп
токсинді заттарды пайдаланып, сатып алып, оны сақтау тəн. «Топпен бірге» таксинды
заттармен улану қорқынышы оңай өтіп, токсиндік галлюцинациялар қызығырақ бастан
кешіріледі. Бұндай күйде жеткіншектерге əр нəрсені қабылдаудың басымдылығы, мінез-
құлқының топтан тəуелді болуы тəн. Сондықтан да токсикамандар тəжірибелі
көшбасшылардың қолында əр түрлі ауыр қылмыстарға итермелеуге лайықты адамдар болып
табылады. Токсинді заттар немесе оларды алмастырушылар мен медициналық дəрі-
дəрмектер үшін токсикамандар қылмыстың қандайда болмасын түрін жасауға дайын.
Токсинді заттарды қабылдау токсикамандарды өлімге
алып келуі жиі кездеседі.
Токсикамандар тобын жеткіншектердің шағын қылмыстық топтарына жатқызуға болады.
Нашақорлық – төтенше күрделі əлеуметтік-жағымсыз құбылыс. Бұл құбылыстың
құрамына есірткі заттарын жасау, сақтау жəне сату кіреді. Бұл халықаралық сипатқа ие
болған, қылмыстық бизнестің ең табысты саласы болып табылады. Бұл жүйеде есірткі
заттарын қолдануда ең негізгі орынды жеткіншектер алып,
осы кəсіптің қылмыстық
субъектісі болады. Бұл жерде жалғыз дара жұмыс жасамайды. Көбінесе нашақорлар тобын
ересек адам немесе темір тордың арғы жағында болып келген жас жігіт басқарады. Бұл топқа
тəн: жасырынудың айқын көрінуі, топтағы орындардың нақты бөлінуі, өз заңдары мен өз
мінез-құлық ережелері, ақпарат алмасу сигналдары. Көп жағдайларда есірткі заттарымен
айналысатын
, есірткі жасап, сатып сақтайтын адамдардың барлығын нашақорлар, есірткі
заттарын қолданады деп есептейді. Олардың арасында есірткі заттарын пайдаланатындары
кездесе де, барлығы нашақор емес. Есірткі заттарын таратушы адамдар тобы, өздері есірткі
заттарын пайдаланбайды. Олар тек есірткі заттарын дайындайды, сақтайды, сатады жəне
басқа адамдарды нашақорлар қатарына қосуда, олардың есірткі заттарынан тəуелді болуында
жұмыс
жасайды. Бірақ нашақорлық міндетті түрде топтық қылмыстарды туғызады.
Ең əйгілі топтық қылмыстар:
1) Опиумдық макты заңсыз егу жəне өсіру, үйді, оңтүстікті маньчжурлық сора жəне басқа
да тыйым салынған заттармен айналысу, құрамында нашақорлық заттары бар есірткі
заттарын қабылдау.
2) жасырынған нашақорлық тобы арқылы есірткі заттарын басқа аймақтарға жіберу,
тасымалдау.
3) нашақорлықтың əсері
бар дəрі-дəрмектерді алуда жалған рецептерді қолдану;
4) дəрі-дəрмектерді дайындауға арналған рецептерді жəне есірткілерді сату;
5) есірткілерді қабылдайтын жерлерді ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету, ыңғайлы
жерлер тауып беру;
6) есірткілік мастық күйінде топтық қылмыстар жасау немесе есірткі сатып алу үшін
қылмыс жасап ақша табу (тонау, ұрлау, т.б. қылмыстар)
7)
синтетикалық есірткілер дайындайтын астыртын зертханалар құрып, «винт» типті
есірткі (үйреншіктік тудырмайды) дайындау.

Есірткімен айналысатын топтар арасында ашық жəне жабық соғыстар жүріп тұрады
(қылмыстық жүйедегі аймақтарды бөлісу, сату аймақтарын бөлісу сияқты). Бұндай
қақтығыстарда көптеген адамдар қаза болып, бұндай соғыстарда өз өмірлерін құрбан етеді.
Кəмелетке толмаған қылмыскерлер бұл жерде – майда теңгелер секілді.
Первентивті шаралар жəне олардың жіктеулері.
Зерттеулердің нəтижелері бойынша, жеткіншектердің қылмыстары үлкендердің
қылмыстарына
қарағанда «нəзіктеу» келеді. Ең бірінші – ол сол жердің аймақтық басшылық
орындарының аймақтық деңгейіндегі (жіліншіктің) жалпы əлеуметтік, экономикалық,
ұйымдастыру шаралары. Алдын алу жұмыстар деңгейін оқу орындары мен орындардағы
қызметтегі адамдармен ұйымдастыру керек. Бұл жұмыстар жалпы шаралармен қоса арнайы
мақсатты бағытталған психологиялық-педагогикалық жеткіншектердің қылмыстарының
топтық жəне жекелік арнайы-криминологиялық істердің алдын-
алу шаралары болып
табылуы тиіс.
Жалпы шаралардың құрамына, жалпы оқу үдерісінің сапасы, оның ұйымдастырушылық
сапасы, методикалық деңгейлері кіреді. Бұл – оқу жоспарының нақты орындалуы, сабақтан
белгілі бір себепсіз қалудың алдын-алу, оқушылардың күнделікті сабақтан кейінгі
уақыттарын ұйымдастыру, мəдени іс-шараларды ұйымдастыру т.с.с. Жалпы шараларға
сонымен қатар тəрбиелеу іс-шаралары да
кіреді. Бұған тек қана оқытудың тəрбиелеу рөлінің
маңыздылығы ғана, сонымен бірге мұғалім мен оқушылардың тұлғааралдық қатынастары да
кіреді.
Арнайы психологиялық-педагогикалық шаралар:
психодиогностикалық: оқуға келетін контингентті зерттеу, олардың арасынан
қылмыстыққа бейімдерін анықтау (қиын жəне педагогикалық сапасы төмен оқушыларды,
учетта тұрған, сонымен қатар алдында сотталған, арнайы мектептер мен колониялардан
келген
оқушылар), олардың достық қарым-қатынастарын мектепте жəне мектептен тыс
айқындау;
психокоррекциялық: осы оқушылармен құқықтық тəрбие жұмыстарын үнемі жүргізіп,
сонымен қатар ол жұмыстарды топтық жəне əкімшілік етіп, олардың тұлғааралық қарым-
қатынастарын бақылау;
психопрофилактикалық: жеткіншетердің жанұядан ығыстырылған топтық заң
бұзушылық əрекеттерінің алдын-алу шараларын үзбей іске асырып отыру; оқу орнынан тыс
жерлерде де үнемі бақылау жүргізіліп отыру.
Аталған шаралардың нəтижелі болуы, жеткіншектердің қылмыстық шараларды іске
асырумен айналысатындардың психологиялық-педагогикалық білім деңгейлеріне, терең
біліммен жəне профилактикалық жұмыстардың негізгі принциптерін ұстануға байланысты.
Жеткіншектердің қайталанбалы қылмыстарымен күресудің негізгі бағыттарының бірі
арнайы оқыту-тəрбие мекемелерден жəне тəрбиелік-еңбектік колониялардан келген
жасөспірімдердің əлеуметтік қоғамдық қарым-қатынастарын
қамтамасыз ету. Бұл мəселе
қиынға соғады, себебі бұндай мекемелерден қайтқан балалардың көбісі ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған жетім балалар. Оларды күтетін ешкімдер жоқ. Жұмысқа тұрғызу
мен үй беру мəселелері аса шешіле қоймайды.
6 тақырыпқа арналған сұрақтар.
1. Жеткіншектердің заңға қарсы мінез-құлықтарының ерекшеліктері.
2. Асоциалды топтардың типтері.
3. Қылмыстық істердің негізгі мотивтері
мен классификациасы.
4. Алкоголизм, токсикомания, наркомания жəне арнайы первентивті шаралар.
Тақырып №8 Ауытқы мінез-құлықты жасөспірімдердің жекелік жəне жас
ерекшеліктері.
1. Кəмелетке толмағандардың ерекшеліктерін зерттеудегі теориялық тұжырымдамалар С.
Холл, З. Фрейд, К. Левин, Э. Шпрангер, Г. Силливен, Э. Эриксон, Л.С. Выготский, Д.Б.
Эльконин т.б.).

2. Мінез акцентуациясы. Жыныстық дамудың негізгі кезеңдері. Жас ерекшелік дағдарыстар,
олардың мəн мағынасы.
3. Девиантты мінез-құлықты зерттеудегі превентивті психология мен педагогика. Есею
жəне ересек адамның əлеуметтік рөлін қабылдау мəселесі. Құндылықты бағыттар мен
жасөспірімдердің өз-өзін бағалауы.
4. Гендер мəселелері жəне психосексуалды денсаулық. Мектеп психологының ауытқы
мінез-құлықты ажыратудағы қолданатын
əдіс-тəсілдері.
Девиацияның тағы да бір негізгі мəселелерінің бірі – жеткіншектер психикасының жас
ерекшеліктері. Ең бірінші болып, бұл жаңа əлеуметтік құбылысқа - жеткіншектік даму
кезеңіне назар аударған Я.А. Коменский болған. Адам табиғатына сай, ол өсіп келе жатқан
жасөспірімдердің өмірін əр қайсысы 6 жылға бөлінген 4 жасерекшелік кезеңі етіп
қарастырады. Есею шекарасын ол 6-12 жылмен анықтайды
. Оның айтуынша, есею ес пен
елестің дамуын іске асыратын мүшелері – тілі мен қол арқылы сипаталады.
Келесі, жеткіншектердің жасерекшелік даму кезеңіне назар аударған Ж.Ж. Руссо
болатын. Өзінің «Эмиль» атты романында ол адам өмірінде белгілі орны бар психологиялық
мағынаны атап көрсетті. Ж.Ж. Руссо, жеткіншектік жасты екінші рет дүниеге келу» деп
мінездеме берді, осы кезеңнің келесі ерекшелігі – сана-сезімнің өсуін бөліп көрсетті. Бірақ
жеткіншектік кезеңнің ғылыми зерттемесін с. Холл өзінің 1904ж. жарық көрген «Взросление:
его психология, а также связь с физиологией, антропологией, социологией, сексом,
преступностью, религией и образованием» атты еңбегінде көрсетті.
Холлды жеткіншектік жас психологиясының «атасы» деп атады. Себебі, ол осы
құбылысты
түсіндіретін тұжырымдаманы ұсынған, сонымен қатар жеткіншектік кезеңмен
тығыз байл. Мəселелерді айқындап көрсеттің немістік романтизм философиясы мазмұнында
Холл жеткіншектік кезеңдерді сана-сезім кризисі етіп көрсетті («құйын мен басымдылық»
кезеңі), осыдан өткеннен кейін адам «жекелік сезімін» сезінеді. Холл өзінің мəдени адам
тарихындағы романтизм эпохасына теңейді яғни жеткіншектік кезең – балалық шақ пен
есейу
күйімен арасындағы құбылыс.
Жеткіншектік жастық теориялық модельдері батыс психологиясының бағыттарында
көрсетілген. З. Фрейд пен А. Фрейдтің (психоанализ), К.Левин (гештальтпсихология) жəне Р.
Бенедикт (бихерверизм) теорияларын өз арасында айырмашылықтары көп болса да, оларды
бір нəрсе біріктіреді: бізге теориялары барлығы онтогенетикалық дамудың жалпы моделі-
эволюциялықтан шығады. Дəл осы жерде, жалғыз пункте, жеткіншектік кезеңнің
батыстық
мазмұндағы ерекше теориялары: психикалық даму үдерісі түйсігіне эволюциялық модельдің
қарасытыруылында ағзаның ортаға (қоғамға) бейімделуі қарастырылады.
Бірақ та «əлеуметтік ортаның» факторлары бихевиоризм, гештальтпсихология,
психоанализ жəне басқа да батыс теориялары əр түрлі түсінік береді.
Жеткіншектік жасты зерттеуді Э. Шпрангердің теориялары ерекше орын алады. Оның
айтуынша жеке адамның ішкі дүниесі табиғи жəне
əлеуметтік детерминантарға ешқандай да
қатысты емес. Жеткіншектік фаза, оның шектеуінше 14-17 жас аралығындағы, балалық
тəуелділіктен арылуға ұмтылу кризисімен түсіндіріледі. Берілген жастың жаңанегізгі
қасиеттері ретінде «Меннің ашылуы, рефлекссиянық болуы, өзінің жекелігін түсіну.
Шпрангердің теоретикалық негіздері Ш. Бюллермен нақтыланған. Оның айтуынша,
жеткіншектік кезең - ұл баланың есею кезеңіндегі жағымсыз фаза. Мінездемелік қырлары:
қорқыныштық, ашушаңдық, қатігездік
, мақсатсыз ұрыс, өзі жасауға ұмтылу. Бірақ бұл
қасиеттердің барлығы физикалық жəне психикалық амалдармен тұрақтандырылдмаған.
Əлеуметтік ортаның факторларының психоаналитикалық дəстүрлері ішкі-отбасылық
қарым-қатынаспен тығыз байланысты. Бұл бағыттың басында З. Фрейд тұрған. Ол барлық
қажеттіліктердің сексуалды алғаш негіздердің либидо энергиясын, яғни дамудың бірге
жүретін барлық өзгерістердің қозғаушы күшін айтады. Жеткіншек кезеңіндегі
сексуальдық
өзгерістерді психологтар ең алдымен объекттің өзгеруімен байланыстырады: отбасы
мүшелерінен - отбасынан тыс қарм-қатынастарға.
Эволюциялық концепция əлеуметтік сəттерді орталық жағдайы ретінде сипаттаған.
Бірақ орта жағдайларды да көрсетеді. Осы жерде сұрақ туындайды. Менің ықпалы көбірек –
жеткіншектік жастың теориялық келесі дуализмнен құтылу үшін əрекеттері.

Осындай əрекеттердің бірін Г.С. Салливел қолдайды. Ол əрекетке келтіруші
бастамалары ретінде биологиялық қажеттіліктерді емес, əлеуметтікті қарастырады.
Жасерекшелік даму теориясын ғалым фрейдистік антологиясымен қарастырады, бірақ даму
негізі болып оның айтуынша тұлғааралық қарым-қатынас болып табылады.
Салливеннің теориясының арқасында жеткіншек психологиясы қарым-қатынас генезисі
сынды мəселеге айланды.
Э.Эриксон адам өміріндегі
сегіз стадияны басқаларымен тығыз байланыста бақылап
келеді. Жеткіншектік кезең өмірлік циклдің бесінші стадиясына келеді. Эго – ұқсастылық
пен ұқсастылықтың диффузиясының дамуы. Бұл стадия тұлғаның дамуында үлкен өмірлік
кризиспен мінезделеді. Бұл кризиске дамудың үш тармағы əкеп соғады: бұл қарқынды
физикалық өсу жəне жыныстық даму (физиологиялық революция) «мен басқалардың көзінде
қалай көрінетінін табу» сынды
уайым «мен кішілік», өзінің кəсіби мамандығын табу
қажеттілігі.
Жеткіншектік ұқсастылық кризисінде дамудың өтіп кеткен барлық негізгі сəттері қайта
тұрады. Жеткіншек енді барлық ескі мəселелерді саналы, іштей дайындалып, оның таңдауы
өзіне де, қоғамға да маңызды екенін ескере отырып жасау керек. Сонда əлемге деген
қоғамдық сенімділік, жауапкершілік, белсенділік жаңадан үйренгендері барлығы тұлғаның
тұтастығын қалыптастыруда.
Ф.Элкиннің, У. Уистлидің, Э. Доуананның, дж. Адельсонның (60-80жж) эмпирикалық
зерттеулері қатарында жеткіншектік жасты «кризис даму» қолайлы кезең ретінде мінездеуге
амалдар жасалған. Тұтас алғанда жеткіншектік кезеңнің негізгі теорияларында, бірінші топ
теорияларына қарағанда, жасерекшелік кризистері кəдімгі құбылыс болып қарастырылады,
ал олардың жоқтығы сəтсіз дамудың белгілері.
Жеткіншектік жасты бөлек бір кезең
ретінде қарастыруға болмайды, оны даму
динамикасында қарастыру қажет. Себебі оны бөле отырып, балалық онтогенезінің
заңдылықтарына сүйенбей, жеткіншектің психикалық ерекшеліктерін айқындау мүмкін емес.
Зерттеу барысында (Л.С. Выготский, А.Н. Леньтев, Д.Б. Эльконин жəне т.б.) мынаны
анықтаған: жеткіншектік жастың негізгі іс-əрекеті болып қарым-қатынас нормаларын ұғыну,
осының арқасында
ол қоғамдық іс-əрекет барысында одан əрі дамуын жалғастырады.
Осылайша, жеткіншектік кезеңді зерттеу - əлі күнге дейін өте күрделі аяқталмаған көп
салалы процесс. Əлі күнге дейін оның барлық ерекшеліктерінің біркелкі түсінігі жоқ,
психологтар арасындағы кемшіліктер таусылмады.
Соматикалық жəне жыныстық дамудың ерекшеліктері кейінгі жылдары еңбек пен
денсаулыққа онша байланысты емес, əлеуметтік дамудың да
тұтастылығын айқындайды.
Жынысқа байланысты сұрақтар балаларда жеткіншек жасқа дейін пайда болады. Өтпелі
кезеңде бұл қызығушылықтар жеке жəне басым болып. Бұл психофизиологиялық үдерістерге
де, жеткіншектің пубертатты əрекеттерді қабылдауынада байланысты.
Жыныстық жетіу адамның ер немесе əйел жынысына биологиялық тұрғыда ғана емес,
əлеуметтік жағынан да қарастырылатын, нəтижесінде осыған əкеліп соғатын үдеріс. Баланың
жыныстық
дамуы оның жалпы дамуынан бөлінбей туғаннан бастап үздіксіз жүреді. Бірақта
белгілі бір кезеңде бұл даму қарқынды жүріп кішкене мерзімнің арасында толық жыныстық
жетілу келеді. Бұл кезең жыныстық жетілу кезеңі (немесе пубертатты) д.а.
Жыныстық жетілу белгілерінің көріну деңгейіне сай жыныстық жетілудің 5 сатысын
айқындатады. Бірақта ең негізгі физиологиялық та басқа да тұрғыдан
қарастырады. 2 негізгі
кезеңді алған жөн: біріншісі 8-9 дан 12-13 жасқа дейін; екіншісі 12-13 тен 17-18 жасқа дейін.
Жыныстық жетілу орталық жүйке жүйесінің белсенділігінен басталып, оның артынша
эндокринді желең өседі. Физиологиялық тұрғыда жыныстық жетілудің 1 кезең эндокринді
жүйенің жүйке жүйесінің белсенділігімен түсіндіріледі; 2 кезең – клетка, талшықтар,
органдардың орталық жүйке жүйесіне келетін импульстармен түсіндіріледі.
Жыныстық жетілудің 1-ші кезеңінде
белгілі бір уақыт аралығында эндокриндік
орталықтар-гипоталамус пен гипофиздің – көретілу белсенділігі өз деңгейіне жетпеген екені
байқалады. Бұның барлығы эндокринді жүйедегі бөлек буындар əрекетіне байланысты.
Жоғарғы жақтағы буындардың төменде орналасқан буындарға жауап беруге дайын
болмауынан. Барлық реттеуші жүйелер реттелуші буынның жауабына ретеуші буыннан

шыққан жауап сəйкес келсе ғана нəтижелі жұмыс беретіні барлығына да мəлім. Керісінше
жағдай олардың іс-əрекетінің бірі біркелкі болмағанда жұмыс жүрмейді, осының барлығы
орталық жүйке жүйесінің күйі мен мінез құлқының бұзылуына əкеледі. (Ү-ҮІ сыныптар).
Қолайлы жағдайларда қоздырғыштың күші мен жүйке жүйесінің оған калтт, реакциясы
арасында белгілі бір байланыс бар
. Ол байланыс жасерекшелік жəне жекелік
ерекшеліктермен сипатталады. Жеткіншектік жаста бұл байланыс бар. Ол байланыс
бұзылады. Орталық жүйке жүйесінің қарқынды жұмысынан. Орталық жүйке жүйелер бұл
кезеңде қоздырғыштық тежелу ықпалына байланысты, сондықтан да жеткіншектер сыртқы
əрекетке көтеріңкі қарқынды реакция береді.
Барлық осы орталық жүйке жүйесінің айқындалуының барлығына жеткіншектің
маңызды деген шаруаға да
көңіл бөлмеуі, қойылған бағаға да мəн бермеуі. Ата-аналар
баласының «сəнсіз», «немқұрайлы» болып кетуіне мазасызданады. Басқа жағдайларда
жеткіншек маңызды нəрсеге көңіл бөлмей, болмайтын бір затқа қатты ашулануы мүмкін.
Қыз балаларда көңіл – күйлік бұзылыстар – бұл ренжігіштік, көңіл-күйінің
ауыспалылығы, жылап қалу, ұл балаларда мінез-құлықтың өзгеруі жəне қимыл қозғалыс
реакциялары (шулы, бұзықтық
, бір орнында тыныш отыра алмауы). Сабақта жауап берулері
мағынасыз, жалпыланған, жеткіншектің сөз қорының таусылып қалғаны сияқты, сөйлегені
бəсеңдетіледі. Бұндай кезеңде шаруашылық басым боп (қозғалыстың мазасыздық,
ұйқышылдық немесе керісінше үлкен қозығушылық). Негізінде 2 мəселе: 1-і бөлек
органдармен жүйелердің бірлескен жұмыстарының бұзылуы, 2-і – күнделікті өсіп жатқан
ағзаға белгілі бір заттардың жетіспеушілігі.
Жыныстық жетілудің 2
кезеңінде (Ү-ҮІІ) сыныптар орталық жүйке жүйесі мен
эндокринді орталықтар жəне жыныстық бездер арасында байланыстың тұрақталынуы. Бұл
кезеңде дене мүшелерінің өсуімен қатар (салмақтық өсу), жыныстық органдардың дамуы,
жыныстық жетілудің түрлі көріністері болып. Оқушының жалпы күйі мен өзін сезінуде
өзгерістер пайда болады.
Жыныстық бездер дененің барлық клеткаларына əсер етеді. Əсер етудің 2 бағытын
бөліп көрсетеді. Біріншіден, ұлдар мен қыздарда қосымша жыныстық көріністер айқындала
бастайды, жеткіншек басқа жыныстық полға қызығушылық танытады:екіншідегі жыныстық
бездері өздері-ақ жүйке орталықтарына əрекеттер жасайды, яғни сексуалды мінездің барлық
ақпараттары жеткіншек үшін маңызды болып тұр. (бұрын тек білім ғана болған), ал ал енді
нақтыланды, белгілі бір жүйеге бірлеседі, маңызды
бола бастайды (əдемі сырт келбет,
жыныстық мінез қулық ерекшеліктері жəне т.б.). жалпы жыныстық жетілудің 2-ші кезеңінде
көңіл-күйі, мінез т.с.с. өзгереді.
Осылайша, жеткіншектік жастың бөлініп көрсетілуі адам өмірінің жеке кезеңі ретінде
көрсетіліп, жыныстық жетілу кезеңінен бастап есейуі деп қарастырылады.
Акселерация нəтижесінде жыныстық жетілу қазіргі жағдаятта бірнеше жыл ерте
жүріп
жатыр. Осыған орай балалық пен үлкендіктің арасындағы уақыт аралығын ұлғайтып,
психологиялық жəне əлеуметтік есею кейінірек жүріп жатыр.
№ 8 тақырыптың сұрағы
1. Жеткіншектік жас ерекшеліктері туралы ғалымдардың ғылыми еңбектері.
2. Жыныстық жетілудің негізгі этаптары.
3. Девиантты мінез-құлықты анықтаудағы мектеп психологтарының міндеті.
Тақырып №9 Девиантты мінез-құлық жəне бұқаралық ақпарат
құралдары.
1. Девиантты мінез-құлық жəне Бұқаралық ақпарат (БАҚ). БАҚ тұжырымдамалары:
əлеуметтік үйрету, когнитивтік əлеуметтендіру, сəйкестендіру, пайдалану мен қамтамас ету.
2. Шет ел ғалымдарының БАҚ – ның жағымды жəне жағымсыз əсерлері туралы
көзқарастары. БАҚ тұжырымдамалары (А.Бандура, М.Маклюэн, Х.Хьюсман, Э.Бэрон т.с.с.).
3. Бұкаралық мəліметтердің ауытқымалы мінез-
құлықтың қалыптасуына тигізетін ықпалы.
Қазіргі таңда қоғамның алаңдатарлық мəселелерінің бірі девиациялық мінез-құлқы
анықталған жеткіншектер санының өсуі. Асоциалды, қатігезді, деструктивті аддиктивті,

мінез-құлықтың айқындалу процесстеріне бұқаралық ақпарат құралдары (БҰҚ) үлкен рөл
атқарады. Əсіресе теледидар, компьютер ойындары, бейнефильмдер жəне т.б.
БҰҚ-ң жағымсыз жақтарын қолдайтындар адамдардың өздерін басқыншы қылып
көрсетіп, жағымсыз мінез-құлық көрсетуі, басқаларға еліктеуден туындайды дейді. М.
Хьюсман зерттеушілер тобымен бірлесіп телебағдарламалар мен басқыншылық арасындағы
корреляцияны 20 ж. бойы зерттеген (
Бэрон. Агрессия). Олардың анықтаулары бойынша 30
жастағы жасаған қылмыстың ауырлығы 8 жаста көрген телебағдарламаларға сəйкес келеді.
Басқыншы мінез-құлықтың қалыптасу механизмі (БҰҚ) келесі түрде беріледі:
телебағдарламаларға аса қатты қызығушылық таныту – басқыншы қиялдар – өзін
кейіпкермен теңестіру мəселелердің шешімін басқыншы амалдармен шешіп, адамдарға əсер
ету басқыншы іс-əрекеттерді қайталау-тұлғааралық қатынастарда мəселелердің шешілуінде
басқыншылықты пайдалану
– басқыншылық əдеттер – əлеуметтік жəне оқу бейімдердің
дамымауы – фрустрация – телебағдарламаларға аса берілу.
Бақылау арқылы басқыншы мінез-құлықтың қалыптасуы біршама амалдарды орындау
арқылы іске асады: біріншіден, көрген нəрсе қызықтырып, шынайы болып көрілуі керек;
екіншіден, көрген нəрсе басқыншылық ретінде қабылдануы керек; үшіншіден, агрессия
еліктелінеді, көрермен өзін басқыншылармен теңестіреді. Келесі бір айта кететін нəрсе,
нəтижесінде басқыншы адам өз мақсатына жетіп содан рахат алады. Ал бұл көрермен үшін
маңызды.
БҰҚ-ң девианты мінез-құлыққа əсер етуін зерттеу үшін оған зерттеушілік жағынан
қарап, ғылыми-психологиялық теорияларды білу қажет. Осыған келесі теориялық
бағыттарды жатқызуға болады:
1. Əлеуметтік үйрету теориясы, негізін салушы Н. Бандура мен əріптестері,
бихевиористік психология
негізінде пайда болған. Берілген теорияға сəйкес, адам қоршаған
ортасына қарап іс-əрекет модельдерін бойына сіңіреді. БАҚ бұл орны ерекше, себебі
көрсетіліп жатқан көріністер реттеудің бастамасы болып табылады. А. Бандура өз
зерттеулерінде ересек адам қуыршақты балғамен ұру арқылы баланың өзін-өзі ұстау
бастамасының əлсіздеуіне басқыншылықты тудыруды көрсетеді. Балалардың ересек
адамдардың қуыршақты ұруды
бақылауы, кейпінен ересектердің өздеріне көрсетіліп, бірақ
бейнекамераларға түсіріледі. Артынша бейне таспаны қараса, балалар мен ересектердің іс-
əрекеті ұқсас келеді екен, яғни балалар іс-əрекетті дəл қайталайды. Осылайша, зұлымдық
əрекеттері зұлымдықпен байланысты ойларды тудырады.
М. Маклоэн «Понимание медиа: внешнее расширение человека» атты еңбегінде,
адамның мінез-құлқы мен өзінің əдеттеріне байланысты іс-
əрекеттердің ауыспалық,
күшейтпелік іс-əрекеттеріне байланысты болып келеді:
а) модельдің еліктеуі – адам сюжетті іс-əрекетін айқындайтын, ұнататын кейіпкерлер
болып табылатын телекейіпкерлерге еліктей бастайды. Өзін-өзі кейіпкерлермен теңестіруі,
оған жаны ашуы – бұл оның шынайы өмірде еліктеп сондай əрекет жасауы ықтимал.
б) сенсибилизация эмоционалды-сезімталдық реакция кезінде пайда болатын
айналмалы өзіндік əсер. Жеткіншектер
экранда болып жатқан оқиғалардан қатты əсер алып,
көргендерін кейіннен қорқынышпен елестету кезінде болады. Осындайдан кейін балалар
көрген киноның əртісіне еліктеуі екі талай. Бұндай көріністер көбінесе қорқыныштық,
ұайымшылдықтың жəне балалардың түрлі фобияларының себебі болып табылады.
с) десенсиблилизация (сезімталдықтың бəсеңдеуі) – бұл көрермендердің терең
эмоционалды реакциясының əсері пайда болған көріністер, бірақ бұл көріністер
кейіннен
күнделікті, кəдімгі, үйреншікті құбылыс болып кетеді. Оған мысал ретінде – күнделікті
төбелесетін, қорқынышты фильмдерді көру жəне т.б.
д) жəрдем - психологияда бұл сөздің мағынасы өте зор, себебі реакциядан кейінгі кез-
келген оқиғаны мінездейді. Егер жəрдемдесу болса, реакцияның қайталануы ықтимал.
2. Когнитивті (конструктивті) теория – келесі еске түсіруде ақпаратты қабылдау мен
алу үдерісінде
«кестелер» болады. Осының нəтижесінде индивидтің адамдар мен оқиғаларды
еске түсіруді қалыпқа келтіреді. Бұл ақпараттың барлық түрлерін, (БАҚ да қосқанда)
қорытқандағы, алған ақпарат туралы санадағы білімнің барлық түріне жалпы мінездеме. Осы
теорияның негізінде экраннан көргенді қабылдау жүреді (теледидар, компьютер ойындар

жəне т.б.). Индивид, əр түрлі сценарилермен танысқанда, оларды ұзақ мерзімді есте
сақтайды.
3. Культивирование (өсіру) теориясы – бұл теорияның негізгі ережесі болып, БАҚ
көп реттік ұзақ мерзімді əсерлер (негізінде теледидар, компьютерлік ойындар) балалардың
шынайы жəне əлеуметтік əлем туралы көріністерін əрдайым өзгертіп отырады. Унификация,
яғни адамдардың əр түрлі көзқарастарының əлеуметтік шындықтың бірегей
арнасына
бағытталған құрастырылымы. Құрастыру үдерісі арқылы іске асады. Бұл жерде көрермендер
əлемдегі жаңалықтардың барлығын телебағдарламалар арқылы біліп отырады. Сақталған
ақпараттар негізінде индивид шынайы əлем туралы өз көзқарасын қалыптастырады. Бұндай
«шынайылық» неше түрлі пішінді қабылдап жəне сонымен қатар көзқарастар мен
қалыптастыққа, гендерлі рөлдер туралы түсінікке, жастардың өмірлік жолдарын
таңдауына, адам денсаулығына
əсер ететін əдеттерге əсер етеді.
4. Əлеуметтену теориясы – Культивирование теориясымен ұқсастықтары көп, БАҚ
əсерінің ұзаққа созылу процесімен ерекше байланысты, адамдардың əлем туралы білімдерін
қанағаттандырады – сол əлемдегі орнын анықтауға көмектеседі, тұлғаның адамгершілік-
моральды қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді.
5. Идентификация (теңдестіру) – белгілі – бір телебағдарлама нəтижесінде пайда
болады. Адамның эмоционалды күйі, кейіпкер мен өзін
салыстыру жəне эмпатиялық күйді
сезіну нəтижесінде болады. Көбінесе «идентификация» түсінігі балалардың ересек
адамдардың іс-əрекетін түсіну үдерісімен түсіндіріледі. Қазіргі психологияда бұл түсінік
белгілі бір іс-əрекет типіне итермелейтін модельдің үдерісі болып табылады.
6. Пайдалану жəне қанағаттану теориясы – адамдардың БАҚ түрлерін таңдауды
туғызудың факторларына үлкен мəн береді, сонымен қатар аудиторияның бір өнімді
пайдалану мақсаттарын анықтауды жəне шешім қабылдаулары.
Зерттеу əдістері. Зерттеудің теориялық анализдерінің көрсеткіштері бойынша, бұл
кезеңде психодиогностика (аспаптарын) құралдарын жинап солардың көмегімен
жеткіншектерге БАҚ-ң əсері мен девиантты мінез-құлықтарды анықтау. Əсіресе жалпы-
ғылыми əдістермен қоса ғылыми-психологиялық əдістер топтамасын пайдаланған жөн.
а) салыстырмалы əдіс;
б) психологиялық диогностика əдістер кешені;
в)
педагогикалық бақылау;
д) əңгімелесу;
е) матиматикалық статистика əдістері жəне компьютерлерге СТАТИСТИКА 5.0
бағдарлама көмегімен нəтижелерді өңдеу.
1. Анкета 12-15 жас аралығындағы жеткіншектер арасындағы телебағдарламалар
қойылымының танымалдық рейтингісін құрастыру үшін жасалған. Ол жеткіншектер
арасында бағдарламалар қалауларын, сонымен қатар кинофильмдер жанларын таңдауды
анықтайтын сұрақтардан құралған.
Сұрақтар келесі формада құрастырылған:
1. Сенің үйіңде телевизор бар ма?
2. Қай каналдарды көргенді ұнатасың
3. Сенің сүйікті телебағдарламаларың бар ма?
4. Кинофильмдердің қандай жанрларын қалайсың?
5. Соңғы 1 жылда көрген бірнеше киноларыңды атап берші жəне ішінде ең қатты
ұнағаны.
2. Телебағдарламалар мазмұнының тақырыптық талдау əдісі (жеткіншектер
арасындағы танымалылық рейтингі). Құрамындағы материалдарды ақпараттарды зерттеуге
бағытталған материалдардың талдау бірлігі болып оны толық мінездейтін
сипат:
а) ақпараттық (жаңалықтар, саяси бағдарламалар);
в) оқу-танымдық;
с) дене тəрбиесі;
д) ойын-сауықтық (көркем фильмдер, мультфильмдер, музыкалық бағдарламалар, шоулар)
3. «Контент - анализ» əдістемесі. Талдаудың бірлігі болып мəтіннің бөлек фрагменттері
(сөздер, кейіпкер, талдау, абзац жəне мəтіннің нақты тұрақталмаған бөлігі).

Телебағдарламалардың мəтіндерінің санына санақ жүргізу болып (бұның құрамына кез-
келген ақпарат, мазмұн, жəне т.б. кіреді). Бұлардың барлығы іс-əрекет девиациясысына
тікелей немесе жанама əсер етеді.
1. Зұлымдыққа бейімдеу – БАҚ зұлымдық жинақтарын белсенді беймдену;
2. Девиантты іс-əрекетті ақтау – девианты мінез-құлықты кешірім сұрап, түсіндіріп
ақтайтын тұжырымдар;
3. Девиантты мінез-
құлықтың батылдылығы – үлкен бір тапсырманы орындауда
девианттық мінез-құлықтың беделін көтеріп көрсету;
4. Девианттық іс-əрекеттерді жария ету – девиациялық іс-əрекеттердің айқындалуына
бағытталған əр түрлі көзқарастардың, ойларды, оқуларды, білімдерді тарату жəне түсіндіру;
5. Девиантты мінез-құлық жолағын иемденіп алу иемдену адам (кейіпкер) зұлымдықпен
байланысты жəне т.б. істерді атқаруды өз мойнына
ашық алады;
6. Девиантты мінез-құлыққа итермелеу –артынан девианттық – мінез-құлыққа əкеліп
соғатын іс-əрекеттерге итермелеу.
4.Эмпатиялық тенденциялар деңгейін зерттеу əдістемесі.
Бұл əдістеме И.М. Юсуповпен эмпатияны (уайымдасу), яғни өзін басқа адамның
орнына қоя білу, басқа адамдардың уайымына ортақтаса білу. Себебі уайымдасу
тұлғааралық қарым-қатынасты реттеуі, адамның іс-əрекетін əлеуметтік
қолайлы етеді.
Берілген əдістеме құрамында 5 варианты жауаптары бар 36 мақылдаудан тұрады,
«білмеймін» (0 балл), «Жоқ», «ешқашан» (1 балл), «кей-кезде» (2 балл), «əрдайым» (3 балл),
«үнемі» (4 балл), «иə, үнемі» (5 балл). Əдістемеде дəлелдеу шкаласы бар. Нəтижесін
жауаптарға бекітілген баллдардың қосындысымен шығарады:
2,5,8,9,10,12,13,15,16,19,21,22,24,25,26,27,29 жəне 32. Нəтиже эмпатиялық тенденциялардың
даму шкаласымен теңестіріледі.
а) 82 ден 90 баллға дейін – эмпатия өте жоғары
деңгейде;
в) 63 тен 81 баллға дейін – эмпатия жоғары деңгейде;
с) 37 ден 62 баллға дейін – эмпатия қалыпты деңгейде
д) 12-ден 36 баллға дейін – эмпатия төмен деңгей;
е) 11 жəне одан төмен – эмпатия өте төмен деңгей.
9 тақырыптың сұрақтары:
1. БАҚ жəне олардың девианттық мінез-құлыққа тигізетін əсері.
2. БАҚ девиациалық мінез-құлыққа əсерін зертеу əдіс-
тəсілдері.
3. БАҚ жеткіншектерге арналған бағдарламаларының жағымды жəне жағымсыздары.
Тақырып №10 Виктимология ғылымының қалыптасуы мен даму тарихы.
1. Кəмелетке толмағандардың "құрбан болушылығы" жəне олардың əлеуметтік-
психологиялық себептері. Жəбірленуші жасөспірімдердің мінездемелік ерекшеліктері.
2. Кəмелетке толмағандардың "құрбан болушылығының" индивидуалды психологиялық
ерекшеліктері.
3. Кəмелетке толмағандардың жəбірленушілік (құрбандық) мінез-құлқын психологиялық-
педагогикалық түзету
.
Құрбандық бір ауыз сөзбен айтқанда «құрбан туралы оқыту» (лат. сөз. аударғанда
vikmima – құрбан, грек. logos – ілім). Виктимология деп құрбан болғандарды зерттейтін
ғылымды айтады. Тар мағынасында қарастыратын болсақ виктимология, немесе қылмыстық
виктимология қылмыстың құрбанын зерттеу болып табылады.
Виктимділік немесе виктимогенность – бұл адамның жүре қалыптасқан физикалық,
психикалық жəне əлеуметтік қасиеттері. Бұл қасиеттер адамды қылмыстың
құрбанына
əкеледі. Виктимизация – виктимділікті қабылдайтын үдеріс.
«Қылмыстың құрбаны» - «жəбірленуші» деген түсінікке қарағанда анағұрлым
тереңірек түсіндіріледі. Қылмыстың құрбаны болып зардаптың қай түрін болмасын:
моральдық па, физикалық па, заңды түрде жəбірленуші болып тіркелмесе де құрбан болып
қарастырылады. Басқаша айтқанда, «құрбан» виктимологиялық түсінік, «жəбірленуші» -
қылмыстық – процессуалды. Бұл түсініктер өз арасында үйлеспеуі де мүмкін
. Жеке бастың

виктимділігі деген құрбан болуға, жəбірленуші болып қалуға əрдайым ұрынып қалатын,
қылмыс болған жерден соған араласпай кетіп қалуға болса да, сол жерде қалып қоятын
адамдардың тұзы жеңіл қасиеттерін айтады.
Соңғы жылдары қылмыстық зерттеулерде қылмысты ашуда жəне зерттеу жүргізгенде
қылмыстан зардап шеккендерге көп көңіл бөлініп жүр. Виктимология, криминологияның
негізгі бағыты ретінде зардап
шеккен адамды зерттеп, оның байланыстарын, қылмыскермен
қарым-қатынастарын, қылмыс кезіндегі жəбірленушінің іс-əрекетін толық зерттейді.
Виктимология бөлек ғылыми бағыт ретінде туындағанына көп уақыт болған жоқ, тек
қана 1947 жылдан кейін (Л.В. Франк). Қылмыс жасау механизміндегі құрбанның атқаратын
рөлі туралы түсінік, көптеген заң жəне əдеби туындыларда ежелден-ақ орын алуда.
Афиндік маман
жəне атақты саясаткер Демосфен (384-322 б.з.д.) қылмыстық өлімдерге
байланысты істерінде соттық сөзінде былай деген екен: «Менің ойымша, осы істер туралы
құқықтық түсінік еңгізген соттар мен адамдар, ең алдымен барлық қылмыстық өнімдерді
қылмыс деп санау керек пе, жоқ əлде кей-кезде ол қылмысты дұрыс деп түсіну керек пе?
Мысалы, Орест
өзінің шешесін өлтіргенін мойындаса да, ақталып шықты. Ол тəңірлер
сотына барып, олар кейде қылмыстың жасалуын ақтау керек деп шешкен... (Аристотель.
«Афинская политика». – М., 1937, с. 76-79). Бұл аңызда зардап шегушінің кінəсі
қылмыскердің ісін жеңілдетеді немесе мүлдем ақтап шығарады, себебі оның жасағанына
біріншінің өзі кінəлі. Бұл жерде тағы құрылым жақсы көрсетілген «қылмыскер - құрбан»,
«құрбан - қылмыскер». Аңызда көрсетілген өлімдердің əрекеті ең жақын туыстық қатынаста
туындайды. Əкесі құрбандыққа туған қызын береді..., əйелі күйеуін өлтіреді.., баласы анасын
өлтіреді.
Виктимогенді көріністің басқа түрі атақты библия кітабындағы Авельдің өзінің туған
бауыры Каиннің қолынан өлгені туралы көрінісі (Зенон Косидовский. «Библейские
сказания». М. 1968, с - 21). Бұл жерде жəбірленушінің өзі осы қылмысқа
итермелеп тұр,
белгілі бір себептермен ренжіп жүрген Авель Каинның жаман көңіл-күйін көре тұра, бір келе
жатқан қауіптің жақындағанын біле тұра, өзін өлім күтіп тұрған жерге шақыруына көне
қалады. Жоғарыда сипаттаған құрбанның күйі, «Авелдің синдромы» ретінде анықталады.
Əдеби туындылар ғана емес, құқықтық дүниелер де, құрбанға, жəбірленушіге тікелей
қатысы бар нормалардан тұрады
. Ең бірінші олар қандық кек, өзін-өзі қорғау, бергенін
қайтарып алу сынды үйреншікті құбылыстардан тұрады. Осылайша, қанды кек алу алғашқы
қауымдық құрылыста тайпа мен рудан бөлек тұратын, адамдарға бағытталған болатын. Бұл
бүкіл отбасылық, ру мен тайпалық іс болып табылады. Бұндай кездерде қиын жағдайлар
туындайтын, зардап шеккендердің қатарына бүкіл тайпа кіретін,
оның арасынан бір ғана
адам жəбірленсе де, ал кінəлілер жəне оның көмекшілері кек алу əрекетінің жəбірленушілері
болып есептелетін.
Бұндай көзқарастарға римдік құқықтық нормалар да қызығушылықтарын білдірген. ХІІ
кестелік заңнамаларында былай жазылған екен: «Егер бір адам екіншісіне қастандық жасап,
жəбірленушімен кейіннен табыспаса, оған тура сондай жаза қолдансын» (кесте, УІІІ, п.2).
Римдік құқық
жəбірленушіден де, заң бұзушыдан да үлкен дəрежедегі қамқорлықты талап
еткен. Римдік заңгерлердің қылмыс мүшелерінің сұрақтарын дигестаны басшылыққа ала
отырып шешкен. (Дигесттер – классик-заңгерлердің құқықтық жəне заңдық күші бар
сұрақтар бойынша тақырыптық бірлескен шығармалары мен жүйелі құрылған заңдар
жинағы: даладағы түнгі төбелес туралы).
Қылмыстардың виктималогиялық аспектілерінің ашық көріністері атақты
жазушылардың еңбектерінде
орын алған: «Братья Карамазовы» Ф.М. Достаевскийдің, «Не
убийца, а жертвы виноваты» Ф. Верфель, «Причина» Л. Франка, «Американская трагедия».
Т. Драйзера жəне т.б.
Сонымен қатар ежелгі заманда адамның тағдыры өз қолында екендігі байқалған. Бұл
халықтық фольклорда көрініс тапқан: «Əр адам өз бақытының ұстасы», «Қысқа қылыш
батырдың қолында ұзарады» жəне т
.б. Тарихта «мүмкін емес» деген сөзді қолданбайтын
адамдар көп кездескен. Сонымен қатар басқа категориялық адамдарды кездеседі: əрдайым
жолы болмайтын, ісі алдыға баспайтын адамдар; Н.В. Гогольдің айтуынша «Тарихи
адамдар» қай жерде қашан болмасын əрдайым бір нəрсеге ұрынатын адамдар.

ХІХ ғ. соңы – ХХғ. басында құрбан тақырыбы əдебиетшілер мен заңгерлердің ғана
емес, сонымен қатар психологтар мен криминологтар еңбектерінде де көріне бастады.
Виктимологияның туындауын неміс ғалымы Ганс фон Хентингпен байланыстыраған. Ол
белгілі бір қылмыскер мен белгілі құрбан типінің арасындағы бір-біріне тəуелділік
болатындығы туралы ойды ұсынды («Қылмыскер жəне оның құрбаны», 1948). Бұл
тақырыптың алғаш ашылуына үлес қосқандардың қатарына Ф.Т. Дэлос кіреді. («Убиство и
его мотивы»), ал 1958ж. М.Е. Вольфганг «Типы убиств» атты жұмысын жарыққа шығарған.
Бұл еңбегін шығаруға көптеген зерттеулер нəтижесін, көптеген оқиғаларды қосқан.
Ғалымдардың қазіргі қылмыстық виктимологиялық аспектілерінде мынандай қылмыстар
көңіл аудартқан: алдап-арбау, ұрып-соғу, зорлау, бұзақылық, жəне т
.б. 1967ж. израйль
ғалымы Менашем Амир зорлау нəтижесінде болатын оқиғаларды зерттеген («Зорлау
типтері», 1971).
Ресей ғалымдары (Ю.М. Антонян, А.П. Дьяченко, В.П. Коновалов, Л.Ф. Франк жəне
т.б.) виктимділікте зерттеуге белсенді атсалысты. Кеңес виктимологиясының патриархы
болып Лев Вольфович Франк есептеледі. Ол 1972ж. Өзіндік орны бар ғылыми
монографиясын «Виктимология
и виктимность» жариялаған. Л.Ф. Франктің ойлауынша,
адамның іс-əрекеті тек қана қылмыстық емес, сонымен қатар виктимді болып; байқаусыздық,
тəуекелдік, еркіндік, өз-өзіне қауіпті.
Қазіргі кездегі виктимология бірнеше бағытта дамиды:
1. Жалпы «фундаментальды» виктимология теориясы, құрбанның феноменін əлеуметтік
қиын айқындалуы, оның əлеуметіне бағыныштылығы жəне басқа əлеуметтік институттар
мен үдерістерге байланысты. Осыған
орай виктимологиялық жалпы теорияның дамуы 2
бағытта жүргізіледі.
біріншісі виктимділік пен виктимизация тарихын зерттейді, олардың туындау
заңдылықтарын талдап, виктимділіктің девианттық белсенділік формасы етіп көрсетеді.
екіншісі əлеуметтік үдеріс күйі ретінде зерттейді (виктимділік пен қоғамның
байланысы), сонымен қатар жеке бастың ауытқушылық мінез-құлқын да есепке алады.
2. Орта деңгейдегі жеке виктимологиялық
теориялар (қылмыстық виктимология,
шетінді виктимология, зақымдық виктимология жəне т.б.)
3. Қосалқы виктимология – виктимологиялық техника (эмпирикалық анализ,
жəбірленушілермен жұмыс істеу үшін арнайы техникалық жəне т.б.).
Виктимділіктің деңгейлеріне сүйене отырып, құрбандардың келесі типтерін анықтап
көрсетеді:
1. Əлеуметтік-мінездік деформациямен мінезделетін үлкен ықпалды қасиеттері бар
құрбан. Зорлық қылмыстар көбінесе девиантты ортада жасалады
. Бұндай қылмыстардың
мотивтері – кек алу, бұзақылық жəне т.б. болуы мүмкін, дегенмен де олар тұлғааралық
қарым-қатынас салдарымен болатыны мəлім. Алкоголь ішу, нашақорлық жезөкшелік,
гомосексуализм, заңсыз бизнес, қылмыстық орта мүшесі жəне т.с.с бағыттар зорлық құрбаны
болуға жақындатады.
2. Төтенше жағдайларға ұшырап қалатын жоғарғы ықпалды қасиеттері бар құрбан. Оларға
юститциялық бақылаушыларды жəне басқа да кəсіптік виктимділігі бар адамдар. Олар
өздерінің жұмысына байланысты, сырт киімдерімен көзге түсуі мүмкін. Сонымен қатар
олардың қатарына жүйке жүйелік ауруына шалдыққан адамдарды жатқызуға болады.
3. Ықпалдық қасиеттері аса айқындалмаған құрбандар кəдімгі жағдайда өмір сүріп,
арнайы жəне тұлғалық мінез-құлықтық ерекшеліктері білінбейді.
4. Эвентуалды (кездейсоқ) құрбан. Бұған
терроризм, өлтіру немесе ерекше ауыр түрмен
жасалған қылмыс үшін біреулер зардап шеккенде болады.
Жекелік виктимділікті анықтайтын мінез-құлқына байланысты жəне тұлғалық қасиеттеріне
байланысты құрбандардың келесі бірнеше типтерін көрсетеді.
1. Əмбебапты тип. Бұл типке анық айқындалған тұлғалық қасиеттері бар, олардың
қылмыстың əр түрлеріне деген көзқарастары. Бұл типтің құрбандары виктимді мінез-
құлықтың
активті де пассивті болуы мүмкін.

2. Таңдалы типі. Бұл типке жəбірленушілердің белгілі бір түріне үлкен сезімталдықпен
қарайтын құрбандар. Əлеуметтік-демографиялық мінездеме бойынша құрбандар
классификациясы:
- жыныстық ерекшелікке байланысты;
- жас ерекшелікке байланысты;
- олардың рөлдік статусына байланысты
- қылмыскерге деген көзқарасқа байланысты;
- жасалған залалдық деңгейіне байланысты;
- мінездік-психологиялық түрлерге байланысты;
- қылмыстың деңгейіне
байланысты;
- «кінəнің» деңгейіне байланысты;
- олардың мінез құлықтарына байланысты
Құрбан болып қалудың деңгейін анықтап алу жəне оның типін анықтап алу
қылмыскерлерді іздестіру органдарының жұмыстарын, құрбандарды тауып олармен жұмыс
жасауларын əлдеқайда жеңілдетеді.
10 тақырып сұрақтары
1. Қылмыстың құрбаны туралы психологиялық-құқықтық оқыту негіздері.
2. Виктимологиялық ғылымның пайда болуы мен дамуы
.
3. Жəбірленушілерді топтау.
Тақырып №11 Жасөспірімдердің ауытқы мінез-құлқының негізгі түрлерінің
психологиялық сипаттамасы.
1. Мінез-құлықтың бұзылуының əлеуметтік шарттары. Кəмелетке толмағандардың жас
ерекшеліктері.
2. Агрессия, аддикция, криминал, суицид – делинквентті мінез-құлық. Жасөспірімдік
вандализмнің психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.
3. Суицид өзекті əлеуметтік психологиялық мəселе (А.Е. Личко, К. Леонгард, Б.Н
.
Алмазов, А.А. Александров, Л.Я. Жезлов, Г.В, Старшенбаум жəне т.б.).
4. Диагностикалық жəне терапиялық іс-шаралар.
Адамзаттың бүкіл тарихы агрессия тұлға мен қауымның бөлінбейтін бір бөлігі екенін
дəлелдеп келе жатыр. Сонымен қатар, агрессия күшті тартымдылық күш пен жұққыштық
қасиетімен ерекшеленеді: көп адамдар сөз жүзінде агрессияға қарсылық білдіріп,
ал
күнделікті іс-əрекетінде осы қасиетті кеңінен айқындайды.
Латын тілінен аударғанда «агрессия» сөзі «шабуыл жасау» деген мағына береді. Бұл
феноменді жағымсыз эмоциямен байланыстырады (мысалы. ызамен) жəне жағымсыз
мотивтермен (мысалы. Жаманшылық жасауға тырысу), сонымен қатар жағымсыз
нұсқаулармен (мысалы, нəсілдік ұстанымдармен) жəне талқандау əрекеттерімен.
Психологияда агрессия деп шынайы іс-əрекетінде немесе қиялында көрсетілген
, біреуді
өзіне бағындыру үшін немесе оған басшылық жасау үшін жасалған əрекеттермен түсіндіреді.
Бұның мінездемесі өте көпжақты.
Ал «агрессия» термині жалпы əрқилы мағына береді. Мағынасына қарай агрессия
жағымды, өмірлік қызығушылықтары мен өмір сүруге қажет деп түсіндірілсе, сонымен қатар
жағымсыз да болуы мүмкін өзінің мінез-құлқындағы агрессияны қанағаттандыру үшін
жағымсыз қылықтар жасау.
Агрессия психологиялық шынайылықта нақты сипаттарға ие: бағыттылық, айқындалу
түрлері, қарқындылық. Агрессияның мақсаты болып тегінде құрбанына азап шеккізу
(қастандық жасау), жəбірлеу (қастандық - агрессия) болуы мүмкін, жəне де мақсатқа жету
жолындағы агрессия (инструментальды агрессия). Агрессия сыртқы қоршаған объектілерге
бағытталған болады (адамдар, заттар) немесе өзіне (дене, тұлға). Қоғамға ерекше қауіпті
агрессия, басқа адамдарға
бағытталған агрессия. А. Бандура жəне Р. Уолтерс бұндай
агрессияны асоциялды деп атайды жəне де əлеуметтік – деструктивті сипаттағы іс-əрекетпен
байланыстырады.

Агрессивті іс-əрекеттің əлеуметтік – жағымсыз бағасы ретінде «басқа тірі жанға, ол
қаламайтындай балағат сөздер айтып қастандық жасау» (Бэрон Р., Ричардсон Д. «Агрессия»).
Бұндай агрессивті-асоциальды мінез-құлық міндетті түрде зорлаудан тұрады – ауыр тиетін
вербальды немесе физикалық іс-əрекеттер. Ол əрине агрессордың жағымсыз эмоциялар
күйінде өтеді (ашу, ыза, садистік қанағаттану, немқұрайлық),
жəне өз ретінде құрбанын
жағымсыз (қорқыныш, қорлануын) күйге ұшыратады. Бұндай мінез-құлық агрессивті
мотивтермен бағытталады: бұзу, жою, пайдалану, зиян келтіру). Когнитивті деңгейде
осындай əрекеттерді қолдайтын негіздемелер бар (соқыр наным, аңыздар, сенушілік.).
Агрессивті мінез-құлық сипаты көбінесе жасерекшелікке байланысты болып келеді. Əр
жастық кезең өзінше бір өзіне лайық даму жəне тұлға деген
белгілі бір анық талаптар қояды.
Жеткіншек жастағы агрессивті мінез-құлықтың жеке ерекшелігі болып үлкендердің
беделін түсіруге бағытталған құрдастар тобына тəуелділігі болып табылады. Бұл жаста
агрессивті болу «мықты болу немесе солар алдында көшбасшысы қойған аңыздары мен
дəстүрлері болады. Мысалы, топқа жаңа адамды қабылдау дəстүрі кең тараған (немесе жаңа
адамдарды сынау). Көзді
таңқалдыратын топтың «бірдей үлгісі» (жеткіншектік сəн)
дəстүрлеріне жатады. Дəстүрлер топқа деген қатынасты күшейтеді, ал аңыздар өмірлік
əрекеттің негізіне айналады. Аңыздар топтарда негізгі орын алып оның топ ішіндегі жəне
сыртқы агрессияны ақтайды. Мысалы, «топ мүшелері емес» деген адамдарға жасалған
зұлымдықтың барлығы бір сөзбен түсіндіріледі: олар сатқындар біз өзіміздің
адамдарымызды қорғауымыз керек..., біз
барлығына өзімізді сыйлатуымыз керек». Топтық
мифпен «жігерленген» зорлық-зомбылық, жеткіншетердің өз күштерінің бекуін уайымдауы,
ерлік тəрізді жəне тобына берілгендікті көрсетеді. Сондай-ақ кей-кезде зорлық-зомбылықтың
басты жасаушылары топ мүшелері де болмауы мүмкін, олар жеткіншек-аутсайдерлер. Олар
агрессияның арқасында қоғамда өз орындарын табуға тырысады.
Осылайша, агрессивті мінез-құлық балалар мен
жеткіншектерге тəн қалыпты құбылыс.
Сонымен қатар, тұлғаның əлеметтену процесінде агрессивті мінез-құлық біршама маңызды
қызмет атқарады. Ол қорқыныш сезімінен босатады, өз қызығушылықтарын қорғап қалуға
мүмкіншілік береді, ішкі қобалжу мен қысылудан арылуға үлесін тигізеді. Осыған
байланысты агрессияның екі түрін бөліп көрсетуге болады: жақсы-жайлы-адаптивті жəне
деструктивті-дезадаптивті.
Агрессия мен делинквентті мінез
-құлық өзара келісілген. Шынында да, қоғамға қарсы
заң бұзушылық əрекеттердің барлығы агрессивті мінез-құлықтың арқасында жүзеге асады.
Ол жоспарланып жасалған қылмыс болуы мүмкін, агрессия оның ішіндегі аспапты мінездеме
береді, яғни белгілі бір алға қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған (баспананы иемденіп
қалу мақсатында өлтіру, тонау кезіндегі ұрып-соғу, ақша талап еткендегі қорқытулар).
Басқа
кездерде, күш қолданған қылмыстарда ерегес тудыратын əрекеттер айқындалады. Қысым
көрсетіп, зорлық-зомбылық күш қолдану əрекеттер агрессивті мінез-құлықтың ең қауіпті
формасы болады, заңмен тыйым салынып, мемлекеттің бақылауында болады.
Тұлғаның делинквентті мінез-құлқы мен агрессия біртұтас. Заң бұзуға дейін барған
агрессивті мінез-құлық еліктеуден туындауы мүмкін. Еліктеу нысаны ретінде туысқандары,
қатарластары
, басқа көрнекті тұлғалар болуы мүмкін. Агрессивті мінез-құлықта маңызды
рөлді делинквентті субкультура алады. Ассоциалды топ, банда, жабық мекемелер – барлық
осы əлеуметтік институттар тұрақты агрессивті мінез-құлықты қалыптастырады.
Заң бұзушылық əрекеттерде əр түрлі əрекеттер мен түсініктеме аппараты қолданылады.
Психологиялық əдебиеттерде оны көбінесе «делинквентті» мінез-құлық, яғни «қоғамда
қойылған талаптарға қарап шығып,
əлеуметтік тəртіпті бұзу, басқа адамдарға қорқыныш
келтіретін белгілі бір тұлғаның іс-əрекеттері. Заң бұзушылық əрекетке баратын тұлға,
деликвентті тұлға, (делинквент) деп, ал оның əрекеттері – деликталар деп аталады.
Қылмыстық іс-əрекеттер делинквентті мінез-құлықтың бір формасы болып табылады.
Толығымен алғанда делинквентті мінез-құлық мемлекет орнатқан заңдарға қарсы іс-
əрекеттер жасау, қоғамда орнатылған
нақты талаптарды орындамай, заңдарын бұзу.
Арнайы əдебиеттерде қарастырылып отырған термин əр түрлі мағынада
қарастырылады. А.Е. Личко, жеткіншектік психиатрияға «делинквентті» деген ұғымды
енгізіп, оны майда қоғамға қарсы, ешқандай жауапкершілікке тартылмайтын іс-əрекеттер деп

атап өтті. Ол мысалы, сабақтан қашу, мектепке себепсіз бармау, шағын бұзақылық,
мотоциклдер мен заттарды ұрлау. В.В. Ковалев делинквенттікке осындай берілген
түйіндемеге қарсы шығады, оның айтуынша делинквентті іс-əрекеттер қылмыстық деп
есептеледі. Шетелде кең таралған бұл термин, кəмелетке толмағандар жасайтын
қылмыстарды айқындаудағы атау.
Өте күрделі жəне көп түрлі «тұлғаның ауытқушылық
мінез-құлықтық»
категроияларында тəуелділік мінез-құлықтар жəне тəуелділіктер деген атаулар
қарастырылады. Тұлғаның тəуелділік іс-əрекеттері үлкен əлеуметтік жұмысқа күштерін
жоғалту, қоршағандармен қарама-қайшылықтар, қылмыстар жасау сынды формалар
көрінеді. Сонымен қатар, бұл девиацияның кең таралған, əр отбасына зардап келтіретін түрі.
Бұрыннан-ақ тəуелділік əрекеттердің əр түрлі формасы жағымсыз əдеттермен
түсіндіріледі, яғни ішімдікке
салыну, тамақты көп мөлшерде жеу, құмар ойындарға салыну
жəне басқа да жағымсыз əдеттер. Қазіргі медициналық əдебиеттерде патологиялық əдеттер
термині кең қолданылады. «Тəуелділік» түсінігі медицинадан алынған, қазіргі кезде кең
тарап, қолданылып жүр.
Барлық адамдар ауа, су, тамақ сынды маңызды объектілерден кəдімгі тəуелділік
тартады. Көп адамдар, ата-аналары, достары жəне жұбайларына кəдімгідей
тəуелді болады:
Мысалы, ауытқушылық шизоидтық, əлеуметке қарсы тұлғаның бұзылыстары басқа
адамдарға деген жеткіліксіз тəуелділіктен туындайды.
Аса тəуелділікке деген бейімділік, керісінше қиын симбиотикалық қарым-
қатынастарды тудырады, немесе тəуелді іс-əрекеттерді. Осылайша, тəуелді мінез-құлық
біреудің немесе бір нəрсенің ықпалымен туындаса, сонымен қатар сол заттардың
жетіспеушілігінен де туындауы мүмкін. Арнайы əдебиеттерде шынайылықтың тағы
да бір
атауы аддиктивті мінез-құлық пайдасы, ағылшын тілінен аударғанда «бейімділік, жағымсыз
əдет» деген мағынаны береді.
Тəуелді (аддиктивті) мінез-құлық, тұлғаның девиантты мінез-құлқы сияқты, өз
кезегінде аддикция түрлендіретін көптеген түрлері бар. Арнайы жағдайларда ол
белсенділіктің кез-келген объекті мен формасы болуы мүмкін – химиялық заттар, ақша,
жұмыс, ойындар, физикалық жаттығулар
жəне секс.
Шынайы өмірде тəуелділіктің келесі объектілері кең тараған: 1) психобелсенді заттар
(заңды жəне заңсыз наркотиктер); 2) алкоголь (көбінесе бірінші топқа жатқызады); 3) тамақ;
4) ойындар; 5) секс; 6) дін жəне діни орталықтар.
Аты аталған объектілерден тəуелді іс-əрекеттердің келесі формаларын бөліп көрсетеді.
-химиялық тəуелділік (темекі тарту, токсикомания, нашақорлық, дəрі-дəрмектік
тəуелділік, ішімдік тəуелділік);
- асқорту
əрекетінің бұзылуы (көп мөлшерде тамақ жеу, аштық, тамақтан бас тарту);
- гэмблинг - ойындық тəуелділік (компьютерлік жəне басқа да ойындарға аса
қызығушылық).
- сексуалды аддикциялар (зоофилия, фетишизм, пигмалинизм, трансвестизм,
эксбиционизм, вуайеризм, некрофилия, садомахизм (глоссариді қарау);
- діни деструктивті мінез-құлық (діни фанатизм, сектаға кіру).
Адамдардың өміріндегі кез-келген өзгерістерге қарай тəуелді əрекеттердің кейбір
формалары шыға береді, мысалы қазір аса қарқынмен компьютерлік тəуелділік дамуда. Бірақ
та девианттылықтан да арылып жатқан сəттер бар. Осылайша, біздің ойымызша, қазіргі
əлеуметтік сəттерде гомосексуализмді девианттылыққа жатқызбауға да болады, бірақ та
əрине ол маргиналды мінез-құлық қатарында болады (норманың тыс шектен шығу жəне
адамдардың қалауында болмау). Күнделікті өмірде кездесетін тəуелділіктің
барлығын
тəуелді мінез-құлыққа жатқыза беруге болмайды, мысалы, кофе ішу əдеті мен тəттілікке
құмарлықты.
Сонымен, тəуелді (аддиктивті) мінез-құлық – бұл тұлғаның мінез-құлқындағы
ауытқушылықтың бір түрі тəуелділіктің арқасында өзін-өзі ретке келтіру мен бейімдеу
мақсат болады.
Өлім тақырыбы жас келген сайын бізді терең ойға салады. Кейбір адамдар үшін ол
ерекше мағынада
болады. Суицидті мінез-құлық қазіргі таңда үлкен қоғамдық мəселе болып

саналады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының көрсеткіштері бойынша, əлемде жыл
сайын 400-500 мың адамдар өзіне-өзі қол жұмсаумен өледі, ал соған барып, бірақ жасай
алмағандар саны адан он есе артық.
Өзіне-өзі қол жұмсау немесе суицид (латын тілінен «өзін өлтіру») - ол өзін өмірден
айыруға саналы түрде бару. Басқалардың байқаусыздан немесе өзіне-өзі
есеп бере алмайтын
жағдайдағы адамның жасаған өлтіру əрекетінен болған оқиғалар, байқаусыздық оқиғаларға
жатады.
Қазіргі таңда суицидтік əрекеттер патологиялық деп саналмайды. Көбінесе бұл
психикасы қалыпты адамдардың əрекеттері. Сондай-ақ суицид өзін-өзі жоятын мінез-
құлықтың соңғы нүктесі ретінде пікір таралған.
Суицидті іс-əрекет – өзін-өзі өлтіруге бағытталған саналы түрде қалыптасқан ойлардан
туындаған
əрекеттер. Қарастырылып отырған мінез-құлық түрінен төмендегілерді бөліп
көрсетеді:
а) жеке суициалды іс-əрекеттер
в) суициалды анықтаулар (ойлар, сезімдер, ойларын айту).
Суицидті іс-əрекеттерде жас ерекшелік ерекше орын алады. Мысалы, жеткіншектік
немесе қарттықтың басталуы сынды кризисті кезеңдерінде жоғарғы суицидтілікпен
сипатталады.
Жеткіншектердің арасында өлімге бару балаларға қарағанда көбірек кездеседі. А.Е.
Личконың айтуынша жеткіншектердің 10% ғана өзіне қол жұмсауға нақты шешім болады, ал
90% - ол көмек сұрау əрекеті. Б.Н. Алмазов 14-18 жастағы жеткіншектер тобын зерттеп,
олардың өз-өздерін əдейі тілетін кезде 4% ғана суицидті ойларының нақты болғаны.
Көпшілігі өз қатарластарымен болған ұрыстан кейін, ал кейбіреулері ұжымға кіру алдындағы
дəстүрден. А.Е. Личко мен А.
А. Александров 14-18 жастағы жеткіншектер тобына зерттеу
жүргізе отырып, олардың 49%-і аффективті реакция кезінде суицидттік əрекетке барғаны
туралы қорытынды жасады. Сонымен қатар жеткіншектер тобының психикалық
ауытқушылықтарының рөлі біршама көбейеді, мысалы, депрессия. «Балалық» депрессияның
белгісіне зерігу мен шаршау, ұсақ-түйекке мəн беру, бүлік жасауға бейімділік жəне
тыңдамау, алкоголь мен наша шегу сияқты қасиеттер
қосылады
Жеткіншектердің суицидті іс-əрекеттерінде құрдастары мен ата-аналары тұлғааралық
қарым-қатынастары зор. Л.Я. Жезлованың айтуы бойынша, пубертатты жас алдында
«отбасылық» мəселелер басым болады, ал пубертатты жасты – «сексуалды» жəне
«махаббат».
Өкінішке орай, тағы бар негізгі фактордың бірі жеткіншектер қарым-қатынас мəдениеті
болады. БАҚ айтуынша, 1999ж. «Иванушки Интернешнл» тобының
көшбасшысы Игорь
Саринның өлімінен кейін – бірнеше – жеткіншек қыздар да дəл солай жасаған.
14 жастан кейін суицидті мінез-құлық қыздар да, балалар да бірдей айқындала
бастайды. Жастық кезеңде бұндай əрекеттерге көбіне махаббаттан алданғаннан кейін
барады.
Жағдаяттарға байланысты суицидті əрекеттердің көп мотивтері көрінеді: қарсы тұру,
кек, шақыру, зейін, жəрдем, жазадан қашу, өзін-өзі
жазалау, өмір сүруден бастарту.
Мысалы, суицидті əрекеттерде жеткіншектердің келесі тұжырымдамаларын бөліп
көрсетуге болады. Ол дисстрестің сигналы болуы мүмкін: «Маған назар аударыңызшы,
маған сендердің көмектерің өте қажет». Осылайша жеткіншек басқалармен басқару үшін
əрекеттер жасауы мүмкін. Мысалы, қыздар дос баласын қайтарып алу үшін көп мөлшерде
дəрі ішуі мүмкін. Басқа түрі – басқаларды жазалау мақсатында
ата-анасына: «Мен өлгенде
өкінесіңдер» деп айтуы мүмкін. Ұят пен кінəлі сезімдер реакциясының нəтижесіндегі, басқа
да ауыр ситуациялардан құтылу; ЛСД əрекеттері жəне басқа наркотиктер – осы барлығы
итермелейтін факторлар.
Осылайша, суицидті іс-əрекеттер диагностикасы өлімді қажет ету деңгейіне
байланысты болады.
11 тақырып бойынша сұрақтар

1. Агрессия мəселелерінің жəне агрессивтіліктің шетел ғалымдарының еңбектеріндегі
орны.
2. Тəуелді мінез-құлықтың негізгі формалары.
3. Суицидті іс-əрекеттердің мотивтері мен себептері.
Тақырып №12 Кəмелетке толмаған девиантты жасөспірімдермен жүргізілетін
психологиялық-педагогикалық түзету іс-шаралары.
1. Жағдайы нашар отбасыларындағы психологиялық əлеуметтік жəне түзету-
реабилитациялық жұмыс.
2. Ауытқы-мінез-құлықтың негізгі жүйелері
. Психологиялық-педагогикалық
превенциямен интервенцияның негізгі бағыттары.
3. Психодиагностикалық əдістемелерді тиімді қолдану. Психогимнастикалық
жаттығулар жəне олардың маңызы. Жасөспірімдермен жүргізілетін əлеуметтік жəне
психологиялық тренингтер.
4. Кəмелетке толмағандардың мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтардың алдын алу
мен оны түзету.
Тұлғаның мінез-құлқындағы ауытқушылықтары əр түрлі əлеуметтік институттармен
қадағаланады. Қоғамдық араласу құқықтық рұқсаттамалар, медициналық араласу,
педагогикалық үстеу,
əлеуметтік қолдау жəне психологиялық көмек бола алады. Ауыр
мінездің күшіндегі мінез-құлықтық бұзылулар, олардың алдын алу жəне оларға төтеп беру
үшін əлеуметтік араласу жүйесі жақсы ұйымдастырылған болуы керек.
Қарастырылып отырған жүйенің негізгі деңгейлерінің бірі психологиялық көмек беру
болып табылады. Ол байланыстырушы жəне гуманисттік бағыттылығымен ерекшеленеді.
Бұл жұмыстар психологиялық қағида жұмыстары, құпиялылық
, еріктік жəне жеке
қызығушылықпен айқындалады. Бұл жұмыстар нəтижесінде адам өз өміріне деген
жауапкершілікті, басқаға сенімділікті қолдауды, тұлғаны сыйлауды жəне жекелікті сезінеді.
Психологиялық көмек беру екі бағытта жүреді: психологиялық превенция (алдын-ала,
прафилактика) жəне психологиялық интервенция (төтеп беру, түзету, емдеу). Психо-
диагностика жұмыстың өзіндік бағыты болады, психологиялық көмек берудің мақсаты
болмауы
керек. Бұл əрекеттің қосалқы түрі, маңызды, бірақ міндеті емес.
Мінез-құлықтың ауытқушылық профилактикасы көбінесе жеткіншектік жасқа көп
сүйенеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемесі бірінші, екінші жəне үшінші түрде
профилактиканы анықтауды ұсынады. Бірінші түрдегі профилактика қолайсыз факторларды
жоюға, сол факторлардың тұлғаға əсерінде соған төтеп бере алуды айқындап тəрбиелеуге
бағытталған. Бірінші түрдегі профилактика жеткіншектер
арасында көп қолдануға болады.
Екінші түрдегі профилактика міндетті ерте анықтау жəне жүйке-жүйесін бұзылыстарды
қалыпқа келтіру жəне «қауіп-қатер тобымен» жұмыс жасау.
Профилактиканың үшінші түрі арнайы міндеттерді, яғни жүйкелік-психикалық
бұзылыстарды емдеу, мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды жою сынды міндеттерді
атқарады.
Психопрофилактикалық жұмыс үш түрлі деңгейлерде іс-шаралар топтамасына кіре
алады. Психопрафилактикалық
жұмыстардың түрлі формалары бар:
- Əлеуметтік ортаны ұйымдастыру (отбасы, əлеуметтік топ, нақты тұлға); салауатты
өмір салттың қалыптасу түрлері. Əлеуметтік жарнама, БАҚ, жастардың субмəдениетімен
жұмыс жасау кіреді.
- Ақпараттандыру (дəрістер, əңгімелер, арнайы əдебиеттерді тарату, бейнефильмдер
жəне теледидар);
- Керекті нақтылықтарға белсенді əлеуметтік үйрету.
Берілген модель топтық тренингтер формасында жүзеге асады. Қазіргі кезде
келесі
формалары кең тараған:
1. Резистенттілік тренингі (жағымсыз əлеуметтік ықпалға төтеп беру). Тренинг барысында
девианттық мінез-құлыққа берілген ұстанымдар өзгертіледі жарнамалық бағдарламаларды
тану білімі қалыптастырылады, құрдастарының қысым көрсету жағдайында «жоқ» деп айта

алу, ата-аналар мен үлкендердің жағымсыз қысымдары туралы ақпараттар беріледі (мысалы,
ішімдікке салынғандар).
2. Ассертивтілік тренингі немесе аффективтілік-құндылық оқытулар. Ол девианттық
мінез-құлық эмоционалды бұзылулармен тікелей байланысты деген түсінікте негізделген.
Берілген мəселенің алдын-алу үшін жеткіншектердің эмоцияларын ажыратуға, оларды
жеткілікті деңгейде көрсетуге жəне күйзеліспен күресуді үйретеді.
3. Өмірлік тəжірибелерді
қалыптастыру тренингі. Өмірлік тəжірибелер тұлғаның аса
маңызды əлеуметтік мəселелері түсінеді. Алдымен – ол қарым-қатынас жасай білу, достық
қатынастарды құра білу жəне тұлғааралық қарама-қайшылықтарды шеше білу. Сонымен
қатар бір нəрсеге жауапты бола алуды, мақсат қоюды, өз қызығушылықтары мен ойын
қорғай алуды үйрету;
- Девиантты мінез-құлыққа байланысты іс-əрекеттерді ұйымдастыру (тану
, өзін сынау,
қарым-қатынас, махаббат, шығармашылық, іс-əрекеттер);
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру (таза өнімді тағам, күнделікті денешынықтыру
жаттығулар, еңбек күн тізбесін сақтау жəне т.б.).
- Тұлғалық ресурстарды белсендіру (спортпен шұғылдану, шығармашылық жұмыстар,
топттық тренингтерге қатысу, арттерапия) жəне т.б.
- Девианттық мінез-құлықтың жағымсыз салдарының минимизациялануы
(ақпараттандыру, топтық
пікірталастар, тренингтік жаттығулар, рөлдік ойындар, əлеуметтік
іс-əрекетті қалыптастыру, психотерапевттік əдістемелер) жəне т.б.
Əдістемелерді қолдануға байланысты психопрофилактикалық жұмыстар тренинг
формасында, ағарту бағдарламалары (мектептік арнайы курс), психологиялық кеңес беру,
кризистік көмек (сенім телефоны), сонымен қатар жүйке-психикалық бұзылыстар
психотерапиясы.
Девианттық мінез-құлық ерекшелігіне сай психопрпрофилактикалық жұмыстардың
келесі қағидаларын бөліп көрсетуге
болады:
- Топтық (тұлға, отбасы жəне əлеуметтік кеңістікке əсер етудегі түрлі əрекеттері)
- Ақпараттың жағымсыздығы;
- Жағымсыз əрекеттер минимизациясы;
- Мекен-жайлық (жасерекшелік, жыныстық, əлеуметтік мінездемелер тіркемесі);
- Көпшіліктік (топтық жұмыстар формасы);
- Тұлғаның белсенділігінің жоғарылығы;
- Болашаққа ұмытылыс (іс-əрекеттер бағасы болашаққа девиантсыз іс-əрекеттермен
жоспар жасау).
Мемлекеттік саясат бағдарламасында
, нормативті құжаттарында жалпы жəне арнайы
профилактика түсініктерін бөліп көрсетеді. Жалпы профилактика (грек тілінен аударғанда
«сақтау», алдын ала ескерту) жағымды əлеуметтік-экономикалық, əлеуметтік-мəдени жəне
əлеуметтік ағарту шараларына бағытталған. Бұл шаралар тікелей отбасына байланысты
болып келеді. Келесі шаралары білім беру мекемелеріндегі оқушылардың
қызығушылықтары мен талаптарын ауу, сабақтан тыс уақытында жалпыға тиімді
əрекеттермен шұғылдануды қамтамасыз етуге бағытталған.
Əлеуметтік профилактикаға «қауіп-қатер тобындағы» балаларға, девиантты
жеткіншектерге, кəмелетке толмаған заң бұзушыларға арналған түзету-қалыпқа келтіру
жұмыстары кіреді. Ол жеткіншектерге арналған түрлі психологиялық-педагогикалық жəне
əлеуметтік-құқықтық көмектесуді көздейді. Оларға ата-анасының көңілінің
жеткіліксіздігінен, қаталдығынан, зорлығынан жəне ортаның жағымсыз əсерінен туындаған
мəселелерді шешуге көмектеседі. Түзету-
профилактика жұмыстары мектептермен,
отбасымен, ортамен жəне формальды емес топтармен, түрлі əлеуметтік институттармен жəне
қоғамдық мекемелермен тығыз байланыста өтеді.
Осылайша, профилактикалық жəне түзету педагогикалық іс-əрекеттер жеткіншектердің
девиантты мінез-құлықтарын анықтауда, даму мен іс-əрекеттердегі мəселелерді
диагностикалауда маңызды рөл атқарады.
Əрбір аурудың алдын-алу үшін оның түп-тамыры мен бастамасын жою керек
.
Ауытқушылық мінез-құлықтық алдын-алу үшін, біріншіден қоршаған əлеуметтік ортаның
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген