Өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өзін-өзі тану пәнінің маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала мектеп оқушыларының барлығына қажетті ақпарат көзі болып табылады. 1-11 сынып оқушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін- өзі тану пәнінің маңыздылығы

«Білім беру ісінің басты мақсаты – мейірімді, ақылды, дамыған, адамгершілікті, дені сау, өзінің ойна, сөзіне, ісіне жауапкершілікті, тәрбиелі, бейімді, шығармашылық мүмкіндіктері мен қалыпты өмірін іске асыра алатын білімдер жүйесін иеленген адамды дамыту болуы тиіс деп есептеймін».

Сара Алпысқызы Назарбаева


Қазақстан Республикасының жастарды тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттарының бірі – қоғамға пайдалы, өз елінің қамын ойлайтын, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағын гүлдендіре алатын жас ұрпақты қалыптастыру.

Балалардың кішкентай кезінен ата-аналарына, туған –туысқандарына қоятын «Мынау не?» , «Мынау кім?», «Неге олай?», «Неге бұлай?» деген сұрақтарына дұрыс та нақты, дәлелді де тиянақты жауап беріп, оның танымдық сұраныстарын қанағаттандыра отырып, жан-жақты тәрбиелеудің негізі осы өзін –өзі тануда жатыр. Өзін-өзі тану адамның қоршаған ортаны дұрыс қолдануынан, оларға деген қарым-қатынасынан басталады.

Баланы мәдениеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке баулу – ата-ананың да, мектептің де ең басты міндеті. Бала үйінде де, мектепте де, қоғамдық–көпшілеік орындарда да әдепті, сыпайы болуы керек. Баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, ұйымшылдыққа үйрету –адамгершілікке тәрбиелеудің негізі болып табылады. Балаларды биік адамгершілік рухында тәрбиелеу - ең алдымен адамды қадірлей, адамды сыйлай білуге баулу. Кішіпейілділік- сыпайылық, жанашырлық, тілектестік, мейірімділік, рақымшылдық, адамды құрметтеу, олардың айтқанына көңіл қою, тыңдау, қолынан келгенше адамға көмектесу – мәдениеттіліктің басты белгісі. «Өзін-өзі тану» пәні мемлекетіміздің болашағына, яғни қазіргі жас ұрпаққа жол сілтеуші міндетін атқаруы тиіс. Осындай күрделі де жауапты міндет жүктелген ұстаздар мен баланың арақатынасында ешқандай кедергі болмауы керек, олардың өзара түсіністігі, сыйластығы және бір-біріне деген құрметі көздеген мақсатқа жетудің сара жолы болмақ. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда алға қойылатын негізгі міндеттер:

  • Оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді дамыту, өмірге қоршаған ортаға оң көзқарастарын қалыптастыру, өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру және оны жүзеге асуын қамтамасыз ету:

  • Балалардың қоғамдағы әлеуметтік – мәдени ортамен үйлесімді байланысын, ішкі жан дүниесіндегі мәдениеттілігін, өзіне және қоршаған ортаға жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру;

  • Балаларды мәдениетті адамға тән адамгершілік нормаларымен, үлкенмен, кішімен қарым-қатынас жасау амалдарымен, олардың әр түрлі әдістерімен, жолдарымен таныстыру;

  • Оқушылардың Отан, адам, өмір, денсаулық, отбасы, табиғат, махаббат, достық, еңбек құндылықтарымен таныстырып, олар туралы түсініктерін кеңейту;

  • Жеке тұлға ретінде әр оқушының жеке ой-пікірімен санасып, олардың көңіл күйін, ізгі сезімдерін, рухани адамгершілігін, қоршаған ортаға мейірімді қарым-қатынасын әр түрлі шығармашылық іс-әрекеттер арқылы өзін-өзі айқындауға басшылық жасау.

  • Табиғат пен қоғам байлықтарына жанашырлықпен, жауапкершілікпен қарайтын белсенді тұлға тәрбиелеу;

  • Оқушылардың азаматтық, патриоттық, мәдени қасиеттерін арттыруға күш салып, Отанын, отбасын, достарын, мектебін сүюге тәрбиелеу.

Тұлғаның физикалық, психикалық және рухани дамуында үйлесімге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік білім нақты білімдік тәжірибеге түрлі жолдармен, ең алдымен, «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асырылады.

Біртұтас үдеріс ретіндегі өзін-өзі танудың негізгі объектісі болмыстың физикалық, психикалық және рухани қырлары контексінде қарастырылатын адам болып табылады. Адамның осы қырларының біртұтастығы оның өзін-өзі жігерлендіруін, өзін-өзі жүзеге асыруын және өзін-өзі кемелдендіруін қамтитын үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді. Бұл өзін-өзі танудың пәндік аясын анықтайды, сол сияқты оқу пәнінің танымдық, дамытушылық және тәрбиелік қызметін нақтылайды.

Өзін-өзі танудың пәндік аясы әрбір оқушының өз рухани адамгершілік табиғаты мен шығармашылық әлеуетін оның адами кемелденуінің гүлдениуіне, өміріндегі өз мұратын ұғынуына жағдай туғызу арқылы мақсатты бағытталған білімдік үдерісті ұйымдастыруды көздейді.

Пән мазмұны арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару, рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту және ашуда үйлесімді тұлға дамытудың тұтас үдерісінің түрлі жақтары, адамның қоғамдағы рөлі, адам мен табиғат, Әлемнің бірлігі және үйлесімінің мәні; басқа адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу қамтамасыз етіледі.

«Өзін-өзі тану» пәні – жүрекке арналған пән, ол заманауи білімді ішкі рухани – адамгершілік мазмұны жағынан толықтыруға арналған.

Рухани ұстаз Шәкәрім Құдайбердиев: «Адамды тәрбиелеу барысында ар-ождан ілімі ауадай қажет.

Рухани – адамгершілік білім – бұл білім мазмұнына оқушылардың жоғарғы рухани – адамгершілік болмысын ашуға және толық адам болып қалыптасуына ықпал ететін жалпы адамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы оларды белсенді оқу –танымдық әрекетке ынталандыруды және оны ұйымдастыруды, сол сияқты ойы, сөзі және ісі бір жерден шығатын кемел мінезді адам тәрбиелеуді мақсат ететін педагогикалық үдеріс.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.08.2021
392
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі