Материалдар / ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІНДІК ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІНДІК ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Қазіргі қоғамдағы тәрбие процестері арқылы өзін-өзі дамыту жолдары Қазіргі қоғамдағы тәрбие процестері білім ордасы, қоғам, отбасымен тікелей байланыста жүзеге асады. Әр жеке тұлға өзіндік мақсат – мүдделеріне сай өмір сүреді. Тұлға болып қалыптасу үшін біліммен бірге тәрбие егіз қозыдай қатар жүру керек. Әл Фараби айтқандай «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» демекші, тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Сәуір 2022
400
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасын іске асыру бойынша
«ТжКББ жүйесінде жастарға рухани-адамгершілік білім беруді іске асыру жолдары» атты Республикалық педагогикалық оқулар

3 секция

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІНДІК ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

(ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДЫ ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ МАЗМҰНЫНА ИНТЕГРАЦИЯЛАУ).

Кундукова Маншук Тлеугазыевна

«Бизнес және сервис колледжі» КМҚК, Семей қаласы

Тақырыбы: Қазіргі қоғамдағы тәрбие процестері арқылы өзін-өзі дамыту жолдары

Қазіргі қоғамдағы тәрбие процестері білім ордасы, қоғам, отбасымен тікелей байланыста жүзеге асады. Әр жеке тұлға өзіндік мақсат – мүдделеріне сай өмір сүреді. Тұлға болып қалыптасу үшін біліммен бірге тәрбие егіз қозыдай қатар жүру керек. Әл Фараби айтқандай «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» демекші, тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс.

«Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» - дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.

Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.

Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез – құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.

Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым – қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру құралы.

Олай болса, тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік – жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.

Сонымен қатар тәрбие – адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылық процесі.

Н.К.Крупская «Тәрбие» атты мақаласында (1929ж.): «Тар мағынада алып қарағанда, «тәрбие» деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез – құлқына әдетте ересек адамдардың алдын ала ойластырылған және жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы», ал кең мағынасында «... қоғамдық мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді» - деп түсіндіреді.

Осы жағдайға байланысты К.Д.Ушинский «... мектеп, тәрбиеші және ұстаздар – адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері: табиғат, отбасы, қоғам, халық ... және оның тілі болады», - деген осы мәселеге қатысты тұжырымдамасы тәрбие жайындағы ұғымның мәні зор екенін дәлелдейді.

Олай болса, тәрбие көптің ісі. Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана ол нәтижелі болмақ. Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес, кең мағынасында, бір жақты емес, кең көлемде, яғни табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата – аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жөн.

Сондықтан да тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін – оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым – қатынас жасай білуге үйрету.

Олай болса тәрбие процесі деп – қоғамның талап – тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл – ойын, сана сезімін, ерік – жігерін, мінез – құлыұ ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.

Қазіргі білім беру ісі жаңаша бағытта, адам санасын тазарту, оны жоғары деңгейге көтеру үшін жүмыс істеуі тиіс. Ұлы адамдар, данышпандар, ағартушылар, ғалымдар мен жазушылардың барлығы дерлік осы ыңғайда іс атқарған. Отбасы, мектеп, қоғамдағы игілікті тәрбие беру үшін жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес адамның тұлғалық дамуына, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет ететіндігіне баса назар аудару қажет. Жас ұрпақтың өзінің ішкі әлеміне терең бойлау арқылы рухани адамгершілік тұрғысынан кемелденуін, рухани тағылымды меңгеруін, өзін-өзі жан-жақты зерттеуін, түсінуін, бойындағы құндылықтарды бағалай білуін, өмірден өз орындарын табуға және өз күштеріне сенетін жан-жақты жан ретінде қалыптастыру көзделеді. Осы орайда, болашақ мамандар өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен өзін-өзі тани білуі тиіс. Өзін-өзі тани білу өзіндік сананың қалыптасуынан туады. Өзіндік сана дегеніміз - ең алдымен тұлғаның өзінің рухани және дене күшін, әрекеттері мен ой-сезімдерін тануы. Ол тұлғаның өзін қоғам мүшесі ретінде, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынасын тануы.

Өзін-өзі тану курсы біздің күнделікті өміріміздегі көкейкесті мәселелерді шешуімізге, қарым-қатынас жасауымызға көп көмек көрсетеді. Мінез-құлқы, көңіл-күйі, мақсаты, өмірлік бағыты, болмысы әр түрлі адамдарды түсіне білгенде, олардың жақсы қасиеттерін аша білгенде ғана өмір қызықты да мәнді болады. Қоғамда қалыпты өмір сүруді өзгеден үйрене алмайсың, ол әрбір адамның жеке тәжірибесінен алынады.

Өмірде алуан түрлі тағдырлы, мінезді адамдар кездеседі. Олармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа не адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Өмірді сол қалпында қабылдап қадірлей біледі. Өзімен де, басқамен де жарасымды өмір сүре алатындай тұлға ретінде қалай қалыптасуға болады ? Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін- өзі тану. Өзін-өзі тану курсы адамгершілік тақырыптарын қамтитын материалдар жинағынан тұрады. Өзін - өзі тану курсы бір күндік емес, ғұмыр ұзақтығындай жол. Сондықтан бүл пәнде берілген даналардан шыққан ұлы сөздер, би- шешендердің айтқандары біздің өмірімізге бағыт - бағдар береді.

Мысалы: Ертеде Фейербех танымның субектісі сана деп түсіндірді, сана адамға тән рухани құбылыс екен көрсеткен. Ал адам Фейербех түсінігінен кеңістік пен уақытта өмір сүретін адамға ешқашан жете алмайды «адам» деген абстракциядан өте алмайды, тек сезім санасындағы «шын, тәні бар, адамды мойындаумен шектеледі.

Өзін -өзі тану мен өзін-өзі дамыту өз уақытында қолдау көрсете отырып, кеңес беруді, көмек көрсетуді, өзінің тәжірибесіне немесе өзге адамдардың тәжірибесіне сүйенуге үйрететін оқытушылардың тактикалық сүйемелдеуін қажет етеді.

Өзін - өзі тану дегеніміз не?

Өзін-өзі тану - бұл өзге адамдармен қарым-қатынасын, мінез-құлық ерекшеліктерін, жеке тұлғалық, ақыл-ой ерекшеліктерін, жалпы өзін-өзі тану процесі.

Өзін-өзі танудың көптеген негізгі маңызды жақтары психологияда ашылады:

  • өзін-өзі тану - жеке тұлғаның психологиялық денсаулығы мен психикалық хал жағдайын тануы;

  • өзін-өзі тану - ішкі үндестік пен психологиялық жетілудің әдіс тәсілі;

  • өзін-өзі тану - жеке адамның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жетілдіруінің негізгі жолы.

Өзін-өзі тану мәселелерінде негізінен гуманистік психологияға ерекше мән беріледі. Мұнда өзін-өзі тану жеке тұлғаның дамуының қажеттілігі, өзін-өзі актуализациялау ретінде қаралады, яғни, өзі кім болғысы келсе, сондай болуға қабілеттілігі, басқалардың айтуымен немесе әлеуметтік ортаның әсерінен болуы емес (К. Роджерс).

Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әр түрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті - оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер. Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” - ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен бірге жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым- қатынас, қоғамдағы қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.

Өзін-өзі тану - бұл өз бойындағы қасиеттерді көре білу, оны жан-жақты анализ жасап қабылдау және бағалай білу. Жеткіншек жастағы маңызды психологиялық процесс - бұл өзіндік сананың қалыптасуы мен жеке тұлға образының, өзіндік “Меннің” қалыптасуы.

Өзінің ішкі жан-дүниесінің ашылуы - жасөспірім өзінің эмоцияларын сыртқы ортаның әсері деп емес, өзінің “Мені” деп қабылдай бастайды, басқаларға ұқсамайтын жеке ерекшеліктері, кей кезде жалғыздық сезімі де пайда болады.

Өзі туралы толық көзқарас, өзіне деген қатынас, біріншіден, адамның денесінің, сыртқы келбеті, өз тартымдылығы бағаланады, содан соң моральды- психологиялық, интеллектуалды, еріктік сапалары туралы түсінік қалыптасады. Өзін-өзі бақылау, өзі туралы басқа адамдардың ойы, өзінің мүмкіндіктері мен өз бойындағы қасиеттерін есепке ала отырып және жеткен жетістіктерінің нәтижесінің негізінде адамда өзін-өзі сыйлау, өзіне деген жан-жақты қатынас қалыптасады.

Өзін-өзі тану” бағдарламасын дер кезінде ендіру мен қажеттілігі өмір талабынан туып отыр және де барлығы да соңына дейін жеткізіледі деген сенімділік пайда болады.

Мен кіммін? Мен қандаймын? Мен неге талпынамын?” деген сұрақтарды өзіне қоя отырып, оларға өзі жауап бере отырып жеткіншектер :

  • өзіндік сана - өзі туралы көзқарас, өзіне деген эмоциональды қатынас, өзінің сыртқы келбетін, ақыл-ой, моральдық, сапалық қасиеттерін, өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін білу негізінде өзін-өзі тәрбиелеу өзіндік өсуге мүмкіндік туады деген пікір қалыптастырады.

  • өзінің жекелік қасиеттерін және ерекшеліктерін өзі бекітеді, өмірдің мәні туралы - бақыт, махаббат, саясат және т.б. туралы өзіндік теориясын құрады және жалпы қоршаған орта туралы критикалық талқылаулар жасап өмірді жаңадан тануға талпынады.

Адамның жеке бағыт-бағдары, арманы, құмарлығы, әр түрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті - оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер.

Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниет-тілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізуі үшін дұрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді. Адам өзін-өзі тануда өзімен-өзі болуға тәуекелге барады және басқадан артық немесе кем көрінуге тырыспайды. “Өзін-өзі тану” - ол өзін-өзі тану туралы білім ғана емес, сонымен қатар жеке тұлға ретінде қоғамдағы қарым-қатынас, қоғамдық қатынас жүйесінде өзін-өзі меңгеру әдебі.

Өзіндік сана-сезім — сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады. Өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның өзін-өзі тани алуы. Өзін жанама тану өз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Адамның өзін-өзі тануында, оны басқаның бағалауы мен коллективтік бағаның маңызы ерекше. Erep бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат алса, онда сол адам өзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады.

Өзін-өзі тану өзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды роль атқарады. Өзін-өзі тану — адамның өз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін зерттеп білуі. Адам өзін тікелей де, жанама түрде де танып біледі. Жанама таным неғұрлым күрделірек тікелей танымның алғашқы сатысы іспетті.

Өзіндік сана үрдісін зерттеуге арналған көптеген жұмыстар бар. Ол зерттеулер екі топқа бөлінген сұрақтар аумағында шоғырланған. Б.Г. Ананьев, Л.И. Божови, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, А.Г. Спиркин И.И. Чеснокова еңбектерінде өзіндік сананың дамуы туралы сұрақ тұлға дамуының мәселелері контексінде жалпы теориялық және әдіснамалық тұрғысынан талданған.

А. Бодалевтің зерттеулерінде әлеуметтік перцепцияға бағыттталған басқа адамдарды және өзін тануға байланысты сұрақтарға қызығушылық танытқанын көруге болады.

И.С. Конның еңбектерінде философиялық, жалпы және әлеуметтік- психологиялық, тарихи-мәдени аспектілер, теориялық мәселелер мен нақты эксперименталды алынғандарды талдаулары жоғарыда аталған психологиядағы бұрыннан қарастырылып келген сұрақтың жаңа қырлары ашылған. Сана психологиясына шетел ғалымдарының У. Джеймс (сананың тұрақты және айнымалы күйлері бар деп түсіндірген), К. Роджерс (тұлғаның өзінің ұғымы мен өмірлік тәжірбиесінін тұрақтылығы конгруэнттік (сәйкестік) мәселелері туралы зерттеулер жүргізген), Р.В. Бернс (Мен-тұжырымы мен өзін-өзі тәрбиелеуге байланысты пікірлер айтқан), Э. Берн еңбектерінде де өзіндік санаға қатысы бар әр түрлі көзқарастар жеткілікті.

Өзіндік сана сананың ең жоғарғы деңгейі. Өзіндік сана - пікірлер мен әрекеттердің қалыптасуына негіз болатын ақыл-ойдың іс-әрекеті. Өзіндік сананы өзі және өзіне қатынасы туралы бейнесі деп анықтауға болады. А.Г. Спиркиннің пікірі бойынша, өзіндік сана адамның өз әрекеттерін, олардың нәтижелерін, ойларын, сезімдерін, өнегелілік бейнесін және қызығушылықтарын, идеалдары мен қылықтарының түрткілерін (мотивтерін), өзін және өмірдегі өз орнын толық бағалай алуынан көрініс береді дейді.

Өзіндік сана, өзінің «Менін» ұғыну адамның тұлға ретінде жетілуінің нәтижесі.

Зерттеуде өзіндік сананың теориялық талдамасы, өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде талаптану деңгейі мен зейіннің қасиеттерін эксперименталды зерттеулерге негізделіп келесі тұжырымдар қарастырылды:

1. Өзіндік сана - бұл:

  • өзінің теңдестігін ұғынуды;

  • белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз «менін» ұғынуды;

  • өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды;

  • өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. 

Бұл элементтердің барлығы бірімен-бірі функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты.

2. Мотивациялық байланыстардың қалыптасуы, жеткіншектің саналы іс- әрекетінің құралы ретінде оның өзіндік анықталуының және қажеттіліктер иерархиясында із қалдырады. Жеткіншекте шығармашылық сынап ойлау қабілеті пайда болып, дүниетанымы қалыптасады, өйткені дербес өмір сүру кезеңі ерекше түрде, оның алдына мен не істей аламын, не нәрсеге жараймын, қабілеттері мен бейімділіктері неге сәйкес деген сұрақтар, оны өзі туралы ойланып өзіндік санасын айрықша дамуына жетелейді.

З. Жеткіншекте ересек адамның бағыттылығы қалыптаса бастайды, оған ересек сезімнің дамуы және жеткіншектің ересектігін басқа адамдардың тануы негіз болады. Бұл бағыт жеткіншектің өмірдегі объективтік жағдайына әлі сай келмесе де, оның пайда болуы жеткіншектің өз айналасындағы ересек дүниесімен жаңа қатынастарға субъективті тұрғыда аяқ басқанын білдіреді. Жеткіншек бұл игіліктерге белсенді не болады, бұлар оның сана-сезімінің жаңа мазмұнын құрайды, мінез-құлық пен іс-әрекеттің максаттары мен себептері, өзіне және басқаларға қойылатын талаптар, бағалау мен өзін-өзі бағалаудың критерий болады.

4. Мотивациялық, интеллектуалдық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік және т.б. оқушының тұлғалық шығармашылық қабілеттерін зерттеу үрдісінде кешенді, жүйелі және тұтастық қатынастарды іске асыру қажет. Сыналушылардың дамуындағы даралық ерекшеліктерін, сонымен қатар ішкі қайшылықтарын және кейбір құрамдастықтарының дамуының біркелкі боямауын анықтап, соның негізінде әрі қарай жетілдіреді.

5. Жеткіншектік кезеңде мақсаттылық, дербестік және адамгершілік сезімінің дамуы байқалады. Өзін-өзі тәрбиелеуге көптеген мотивтер мен себептер кемшіліктерді жою, сыныптың әлеуметті сыйлы мүшесі болу жатады. Мұндай талап-тілектерді іске асыруға өзін тәрбиелейтін оқушыны мүғалімдер, ата-аналар қолдап, тәрбиелеу тәсілдерін талдап, оларды іске асыруға өз үлестерін қосуға тиіс.

Л.Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі - бүлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін — өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады.

«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім болғым келеді?» — міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді.

Филип Роистың «Психология подроскового и юношеского возраста» - оқулығында: жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері мен қызығушылықтары, арман тілектері мен талпыныстары нақты зерттеу мен зейін салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді ашады, субъективті уайымдарына «Өзіндік меніне» қызығушылық таныта бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына төмен жеткіншектерге қарағанда, жасөспірімдердің өзін-өзі тануы, өзіндік сана-сезімі белсенді және өз тұлғасын өз өзіне бағындыруы туа бастайды.

Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың басқаға ұқсамауы және құрбылыстарымен ересек адамдардың арасында ерекше болуы, әр түрлі бағытта өз — өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі тән.

Осыларды қорыта келе, әрбір адамның тұлғалық кәсіби қалыптасуы - түрліше болғанымен, олардың ортақ байланысы жасөспірім кезеңде алған тәрбие-тәлім, біліміне қатысты екенін көре аламыз. Келешекте тұлға болып қалыптасуы үшін қажетті базалық қорының бастауы әр адам осы кезеңде жинақтайды. Бұл процестер тұлғаның психологиялық және физикалық дамуымен қатар жүретіндіктен, жасөспірімдік жастың тұлғаның кәсіби қалыптасу барысында маңызы зор.

Әдебиет:

  1. Сабыров Т. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. - Алматы, 2012

  2. Уманов Ө.А., Парфенов В.А.. Бала бақыты. - Алматы, 2009.

  3. Крутецкий А.В. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 20011.

  4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Астана. 2013.

  5. Қыдыршаев А. Балалардық жас ерекшеліктерін ескеру. «Ұлағат», 2000.

  6. Петровский А.В. Педагогикалық жэне жас ерекшелігі психологиясы. Алматы. 2014

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!