Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өзін-өзі танудан ашық сабақ,Ойнайық та,ойлайық!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен тәрбишілер үшін пайдалы көмекші құрал деп білемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы







Shape1



Рисунок 7



Shape2







Шығармашылық жұмыс



сәттері









Сабақ қорытындысындағы кері байланыс



«Жүрек жылуы»







Төртеу түгел болса,



төбедегі келеді







Өзіндік жұмыс үстінде «Тыныштық сәті»















«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» (топтық жұмыс сәттері)







«Өзіңді де, өзгені де аяла»



Picture 24























Өткізген: Ж.С.Өскінбаева.















Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мерзiмі: 13.11.2018жыл.

10- сабақ

Тақырыбы: Өзіңді де, өзгені де аяла

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттері: мейірімділік, адалдық, қайырымдылық.

Мұғалiм: Өскінбаева Жадыра Сайлыбайқызы

Класс 3 Оқушылар саны 22


Сабақ мақсаты: Өзін де, өзгені де аялау сүйіспеншілік құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • қайырымдылықтың мәнін ұғындыру;

  • мейірімділік қасиеттерін дамыту;

  • адал болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер

(аудио,видио жазбалар)

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.

Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

2.Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры» (3 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырма :

10-сабақ, 43-44 беттегі Т.Айдархановтың «Жанашыр» мәтінін оқып келу берілді.

  • Дастан қайдан келе жатты?

  • Ол көше бұрылысында кімді көрді?

  • Дастан қандай көмек көрсетті?

  • Дастанның бойындағы қандай қасиеттер жақсылық жасауға көмектесті?

  • Дастан үйіне қандай көңілмен қайтты?

Сергіту сәті

Сүйіспеншілік болса адамда, табады ол тыныштық

Сүйіспеншілік бар әлемде, болады әркез бейбітшілік.

Сүйіспеншілік бар жерде,ынтымақ, бірлік болады.

Сүйіспеншілік айналаға нұр боп жауды.


Сабақ барысын талдау:

1.Дәйексөз.


«Сүйіспеншілік – баға жетпес құндылық. »

Лев Толстой (1828-1910)


Неліктен сүйспеншілік – баға жетпес құндылық?

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

Бәріміз қосылып айту.

Дәптерге дәйексөзді жазып алу.


2.Мұғалімнің сыйы

Сүйіспеншілік пен Өмір

(Аңыз әңгіме)


Баяғы өткен заманда бір аралда түрлі сезімдер өмір сүріпті. Олар:Бақыт, Мұң және Сүйіспеншілік. Бір күні аралды су басатын болып, олар кемеге отыруға әзірленіпті. Барлығы кемемен кетіп, аралда тек Сүйіспеншілік қана қалыпты. Сүйіспеншілік мәңгі қалғысы келеді. Бірақ, аралды су түгел басқан шақта Сүйіспеншілік Байлықты көмекке шақырады. Сүйіспеншілік одан кемесіне отырғызуын өтінді.Байлық әдемі кемемен келіп:

-Менің кемемде ақша мен алтындарым көп,саған орын жоқ,сені ала алмаймын деді,

Сүйіспеншілік енді Тәкаппардан көмек сұрады.Тәкаппар әдемі кемесімен өтіп бара жатып:

-Сүйіспеншілік, мен саған көмектесе алмаймын.Сенің үстің малмандай су, кемемді бүлдіресің,- дейді.

Сүйіспеншілік мұңнан көмек сұрайды.Мұң айтады:

- Ooо...Сүйіспеншілік, менің мұңым жетерлік, жалғыздықты қалаймын,-дейді.

Сүйіспеншілік арал жанынан Бақыттың өтіп бара жатқанын көрді. Бақыттың бақытты болғаны сонша ,Сүйіспеншілікті естімеді.

Бір кезде бір дауыс естілді: «Сүйіспеншілік, кел, мен сені бірге алып кетемін»-деді.Мұны айтқан қария еді.Сүйіспеншілік өзін қуанышты сезінгені сонша, қарияның атын сұрауға да ұмытып кетті. Олар жерге жеткен соң,қария кетіп қалды. Сүйіспеншілік Білімнен оған көмектескен адамның кім екенін сұрады.Сонда Білім: Ол-Уақыт,-деді.

- Уақыт? – деді Сүйіспеншілік, - Онда маған Уақыт неге көмектеспеді?-деді.

Білім күліп,ақылмен жауап берді: -Тек Уақыт қана Сүйіспеншіліктің Өмірге аса қажет екенін біледі-деді.

  • Аралда қандай сезімдер өмір сүріпті?

  • Кімнен сүйіспеншілік көмек сұрады?

  • Көмекке кім келді?

  • Өмірдегі игі істердің бастауы неде?

  • Сүйіспеншілікті неге теңейміз?



3.Шығармашылық жұмыс.Балалар түрлі –түсті қағазға алақандарының суретін салып, қиып алып барлығы бірігіп «Сүйіспеншілік гүлін » жасайды.





4.Топпен ән айту.

«Бала тілегі»

Әні: Ф.Жолдасова

Сөзі:С. Молдасланұлы


Бал балалық балдырған шақ сан арман,сан арман

Барлық бала армандауға жаралған,жаралған.

Кел, достарым әндетіңдер билеңдер,билеңдер

Гүлденсін деп атамекен, қара орман. 2-рет


Болашақтың иесіміз бәріміз, бәріміз

Туған жердің түрлендірер нәріміз,нәріміз.

Алтын бесік ұлан байтақ елімде, елімде

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз,әніміз. 2-рет


Қалықтаған көгершіні көгінде, көгінде

Мұңаймасын ешбір бала елінде, елінде.

Ата берген батаменен көркейсін, көркейсін

Ұлы Отаным тілегім сол менің де, менің де. 2-рет



  1. Үй тапсырмасы.

10-сабақ ,дәптерден 25-беттегі ребусты шешу және шешуін жазу.

11-сабақ. А.Асылбековтың «Сүйіспеншілік» мәтінін оқып келу.


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
447
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12