400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өзіндік жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие орынбасарларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚФ

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫСЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ









Өзіндік жұмыс тақырыбы:

«Буллинг агрессивтік мінез құлықтың түрі ретінде»







Тыңдаушы: Қарағанды обл.Қарқаралы ауд.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы

№26 негізгі орта мектебінің

ДТІЖО Г.У. Сапарова

Тексерген: курс жетекшісі

п.ғ.к А.А.Маханбетова









Кіріспе

Буллинг (ағылшын тілінде bully — мазақтау, қорқыту -  ұжымның, әсіресе мектеп ұжымының бір мүшесін агрессивті қудалау) құбылысы бұл – әлеументтанушылар мен психологтар ойлап тапқан жаңалық емес. Бұл проблеманың өзектілігі, бүгінгі күні қазақстандық қоғамда балалар арасында қаталдықтың және  ересектер тарапынан немқұрайдылық байқалуы шынайы сипат алып келеді.



































Негізгі бөлім

Буллинг: Оқушыға бір немесе бірнеше оқушылар тарапынан ұзақ уақыт агрессивті іс-әрекет қолдануы.

Буллингтің белгілері:

  • Күштің теңсіздігі

  • Агрессия

  • Ұзақ уақыт бойы іс- әрекеттердің қайталанбауы

  • Жәбірленушінің әсершілдігі

Буллингтің түрлері:

  • Физикалық

  • Вербалды

  • Қорқыту

  • Шеттету

  • Бопсалау

  • Мүлікті бүлдіру

  • Кибер буллинг

Буллинг құрбаны:

  • Физикалық кемістік, көзілдірік тағатын, құлағы нашар еститін, ДЦП ;

  • Мінез ерекшелігі тұйық, ұялшақ, сезімтал, мазасыз, сенімсіз, өзін- өзі сыйлауы төмен;

  • Түр әлпетінің ерекшеліктері: сепкіл, құлағы үлкен т.б.

  • Әлеуметтік дағдылардың төмен дамуы- досы жоқ, ешкіммен араласпайтын бала.

  • Мектеп қорқынышы- сабақты нашар оқитын т.б.

  • Ауыратындар- кекеш, дислалия т.б.

  • Жаңадан келген балалар.

Буллингті айыру белгісі:

  • Мектепке барғысы келмейді;

  • Мектептен көңіл- күйі түсіп келеді;

  • Себепсіз жылау;

  • Сыныптастары туралы ештене айтпайды;

  • Сыныптастарының үйіне, туған күн кештеріне бармайды;

  • Көп ауырады;

  • Ақша көп сұрайды

  • Көп сөйлемейді.

Педагогтың буллинг жағдайында жүрген балаға көмек көрсету:

  • Педагог осы жағдайдағы сезімін жақсы түсінетінін білдіру. Сонда оқушы өзін жалғыз сезінбейді, қолдау мен көмек алатынына көз жеткізу.

  • Өзін бағалауының көтерілуін қажет етеді. Сен болған оқиғаны айтып нағыз батырлық жасадың” оның батырлығын бағалаңыз.



Буллинг көбіне жасырын үдеріс болып табылады және оның байқалуы айқын жағдайға айналған кезде, оны түзету үшін қандай да бір әрекет жасау аса күрделі, ал кейде тым кеш болып жатады. Қудалау проблемасына ұшыраған кейбір балалардың, жапа шегетіні соншалықты, олар өздерінің барлық дағдыларын ұмытып, тіпті өзін-өзі жек көре бастайды. Мұндай балалар мұқият ойластырылған терапиялық араласуды қажет етеді: өйткені бала тап бүгін күш көрсетуге ұшырап отыр (оның құрбан немесе жай куәгер болғаны маңызды емес), онда қандай жағдайда болсын, бұл болса, баланың болашағы үшін, оның тұлғалық дамуында  су астындағы «айсебергке» айналуы мүмкін.Мектеп қоғамның бөлшегі ретінде, қоғамдағы болып жатқан жағдайлар, оның ішінде жағымсыз жәйттер мектепте де кездеседі.

Мектеп дегеніміз – мектеп қауымдастығының барлық мүшелеріне деген нормативті талап¬тармен реттейтін өмір салты бар мекеме.

Баланы балағаттаған педагог осы жол арқылы баланың ұятын шақырып тұрмын деп есептейді. Шындығында ол өзінің қорғансыздығынан, басқа шешім таба алмағандығынан осы жолға барады. Мектеп директоры мектепте «кіру – шығу» бойынша қатаң бақылауды енгізе отырып, бұл тәртіпке көмектеседі. Дегенімен өзінің басқа жол таба алмағанынан хабардар етеді.

Сондықтан да зардап шеккен балалар мен жасөспірімдерге көмекті ұйымдастырумен қоса, алдын алу шараларын жасау- оқу орындарындағы зорлық жүйесі әрекеттерінің пайда болу ықтималдылығын азайту қажеттілігі туындайды. Мұндай жүйені құру үшін қаталдық, жауыздыққа әкелетін фактор¬ларды анықтап, агрессивтік мінез-құлықты азайтатын жағдайларды анықтау керек.

Баланы жасытатын оқу жүйесінің қаталдығынан басқа мектепте балалар өз құрдастарынан, жоғарғы сынып оқушыларынан көп азап шегеді.

Оқушылар қоғамдастығындағы қаталдықтың дамуына әсер ететін факторлар:

• Оқушылардың тұлғааралық агрессивтілігі.

Бұл жағдай жасөспірімдік дағдарыс кезінде күшейе түседі, ал мектеп оқушыларының 60% -ы осы жастағы балалар болып келеді.

• Жақын қоршаған ортасынан отбасынан, оқу ортасынан, құрдастарынан көрген агрессивтілікке еліктеу ретінде өзіндік агрессияның көрініс табуы;

• қарым-қатынастық дағдылардың болмауы, оның ішінде зорлықсыз қарым- қатынас үлгілерін көрмеуі;

• мектепте қаталдықты көрсететін дәстүрлердің болуы, мысалы:

• а) оқу орнының жалпы психоэмоционалдық жағдайының өзі балаға қобалжу, ширығу сезімдерін тудырады;

• б) мектептегі авторитарлық басқару стилі және педагогтар арасындағы агрессивтік қарым-қатынастың болуы;





Шығу жолдары

Ата- аналарға жадынама

  • Егер бала буллинг жағдайына түскенін мәлімдеп берсе, ата- ана сабырлы болып, ашуды көрсетпеуі қажет, өйткені ата- ана ашу мен мазасыздығын байқатуы- әлсіздіктің белгісі. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып оны жұбату қажет. Бәрін білгішсініп ақыл үйретуден аулақ болу, өйткені баланың өзін- өзі бағалауы, өзіне деген сенімі одан ары қарай жоғалып кетуі мүмкін.

  • Шұғыл түрде әрекет жасау: баланың көзінше мұғалімге телефон шалып сөйлесу.

  • Мұғаліммен сұхбат жүргізу барысында өзін сабырлы ұстау (эмоцияларға ерік бермеу), дегенмен ата- ана ретінде балаңызға жауапты екенін білдіре отырып келеңсіздіктерге жол бермейтінін жеткізу.

  • Балаға зорлыққа жол бермейтінін көз жеткізу. Ата- ана қамқорлығын сезген бала өз ойын басқаға жеңіл аударады. Өзіне сенімділікті оята алады.

Буллингтің алдын- алуының психологиялық көрінісі:

  • Буллингті болдырмау шартын құру.

  • Баланы сәйкес күйзеліс әсерінен жылдам және сауатты бөлектеу.

  • Дені сау және сол сияқты соматикалық немесе психикалық патологиясы бар балаларда және жасөспірімдерде қудалауға қарсы тұруға денсаулықтың және тұлғаның күшін нығайту.























Қорытынды


• Оқушылармен жеке және топтық әңгіме жүргізіңіз. Олардың сезімдерін бағалап, кінәлілердің әрекетіне рухани баға беріңіз.

• Мекепте буллингті құрту, жою комитетін құрыңыз, осы арқылы оқытушылар мен ата-аналарға көмектесіңіз.

• Оқушылар арасындағы жағымды қарым-қатынасқа ықпал ететін іс-шаралар жо¬спарын құрыңыз.

• «Айыптылармен» міндетті түрде әңгіме жүргізіңіз, және де олардың ата-ана¬сымен сөйлесіңіз. Бұл жұмыстың түрі әр түрлі болуы мүмкін: жай әңгімелесу, айыптыларды мәселені шешуге қатыстыру сияқты форма¬ларда болуы мүмкін.

• Жәбірленген балаларды анықтап, оларға көмектесіңіз.

• Ата-аналармен буллинг себептерін талқылаңыз, себебі буллингке барушылардың көбісі «берекесіз» отбасынан шығады.

Түзету жұмысы кезінде екі негізгі бағытты ескеру керек:

• Әлеуетті агрессорлармен (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар) жұмыс істеу;

• Әлеуетті зорлық-зомбылық көрушілермен жұмыс істеу. Агрессиялық жүріс- тұрысты түзетудің негізгі шарттары:

• Қоршаған әлеуметтік ортада жағымды жағдайға бағдарлану;

• Қарым-қатынас мәдениетін дамыту;

• Бірлік, өзара түсінушілік, жылылық сияқты эмоциялық қалыпты ұстап отыру.

Осыған байланысты жасөспірімдерге жақсы көңілде қарап, жайдарылық көрсетіп, оларға сенім білдіріп, белсенді әрекеттерге шақырып, олардың жетістіктерін мақтап, «кері байла¬ныс» жасап отыру керек.















Мектеп психологінің «Сенім» тренингі

























Пайдаланылған әдебиеттер:



1."Қазақ энциклопедиясы", Алматы, 2011

2. Мектеп психологі журналы №2 2015 жыл "

3. Интернет рессурстары



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
300
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі