Суйербаева Жазира
Едиловна
«Ө.Жаңабаев атындағы орта
мектеп»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Квалиметриялық рәсімді жүзеге
асыру кезеңдер
Квалиметрия (латынша qualitas
– «қандай, сапасы қандай», metreo – «өлшеу») - өнімнің адам қызметі
процестерінің сапасын, өнім сапасын басқару мен стандарттауда
қабылданатын шешімдерді негіздеу үшін қолданылатын, сандық бағалау
әдістерін біріктіретін ғылым саласы.Квалиметрияның міндеті – сапаны
бағалаудың барлық әдістерін әзірлеу және дамыту.Квалиметрияның
басты мақсаттары: сапа көрсеткіштері номенклатурасын негіздеу,
оларды анықтау мен ықшамдау әдістерін жасау, бұйымдардың типтік
өлшемдері мен параметриялық қатарларын ықшамдау, жалпылама сапа
көрсеткіштерін құрұ принциптерін өңдеу және оларды стандарттау
мақсаттары мен сапа басқаруда қолдану шарттарын негіздеу.
Квалиметрия нормативті құжаттардағы сапа көрсеткіштерін
регламенттеу бойынша, периодты, типтік, қабылдаушы-тапсырыстық және
сертификаттық сынаулар процесінде сапа деңгейін бағалау мен сапа
басқару бойынша қызметтің негізінде жатқан мәселелерді шешу
методологиясы мен әдістемелерін зерттейді.
Квалиметрия ғылым ретінде басқару
қызметіндегі басқару шешімдерін негіздеу үшін қолданатын бағалау
сапасының сандық әдістерін және сонымен байланысты басқару
қызметіндегі сұрақтарды
біріктіреді.
Білім беру сапасын басқару, біріншіден, осы
ұғымның барлық құрауыштарын айқын пайымдауы (шарттарды, үдеріс,
нәтиже), екіншіден, бағалау рәсімдерін жүзеге асыра білуі, ал
олардың негізінде адекватты басқарушылық шешімдер қабылдауға
дағдылануы.
Кез-келген өлшемді сандық
бағалау сәйкестендірілген шәкіл негізінде жүзеге
асырылады.
Шәкіл– бұл өлшенетін мөлшер мәнінің
бірізділігіне сәйкес келетін ретті белгілердің
қатары.
Квалиметрияда өлшемдер шәкілі түрлі нысан
сапалары мен жеке қасиеттердің сандық мәнін шынайы салыстыру және
анықтау құралы болып табылады. Тәжірибеде квалиметриялық шәкілдің
бес түрі қолданылады:
1) атаулар
шәкілі;
2) тәртіп шәкілі (дәреже
шәкілі);
3) арақатынас
шәкілі;
4) қатынас
шәкілі;
5) абсолюттік мағына
шәкілі.
Әрбір квалиметриялық шәкілдің өзіндік
мағынасы мен өзіндік қолдану аумағы бар және де олар көбінесе басқа
өлшемдер жағдайында бір-бірін алмастыра
алмайды.
Осылайша, сапаны өлшеуге арналған шәкілді
немесе нысанның жеке сипаттарын таңдау, сондай-ақ оны бағалау
нысанның табиғатына, өлшеу мақсаты мен міндетіне, қолданылатын
өлшеу әдістері мен құралдарына, дәлме-дәлдік талаптарына және басқа
да квалиметриялық зерттеудің нақты шарттарына
байланысты.
Қазіргі қолданыстағы білім сапасын бағалаудың
сандық амалдары аса ортақ және білім беру ұйымдары қызметінің
барлық қырларын толық қамти алмайды, сапалық жағы үлкен дәрежеде
субъективті жағдайда қалып
отырады.
Сондықтан қазіргі білім беру сапасын
басқарудың теориясы мен тәжірибесінде бағалаудың мақсаттары мен
әдістері басты мәселе болып
табылады.
Білім беру квалиметриясы
аясында бағалау рәсімі маңызды екі кезеңнен тұрады: нысан сипатының
өлшемі және жеке өзіндік бағалау өлшемінің сипаты. Бұл білім беру
жүйесі сапасының функционалды-мақсатты тұжырымдамасының
концептуалдық тәсілі болып
табылады.
Ғылыми және тәжірибелік жоспарда төрт
субъектіні бөліп көрсетуге болады - мемлекет, білім беруі жүйесінің
өзі, оның қызығушылығын көрсететін оқушылар мен ата-аналар,
қоғамдық құрылымдар, олардың бағалары әлеуметтік маңызы бар және
білім беру жүйесінің даму тәжірибесінде есепке алуды талап
етеді.
Білім беру жүйесі қоғамдық талаптың негізінде
қалыптасады, тиісті қажеттіліктерді мемлекеттік тұлға ретінде білім
беруді басқару ұйымдары
ұсынады.
Бағалау моделін білім беру жүйесінің толық
қызметінің тиімділігін анықтайтын, жүйенің сапасы жеке
элементтерінің қосындысына аударуға келмейтін әрі басқару және
сыртқы ортамен әрекеттесуде өзара байланысты маңызды басқару
көрсеткіштерінің жүйесі ретінде түсінуге
болады.
Білім беру сапасы
көрсеткіштерінің құрылымы мен тізімін сипаттау үшін біз Г.Н. Мотова
және В.Г.Наводнов сипаттаған ішкіжүйелік көрсеткіштердің бағалау
моделін кіріс көрсеткіштерін бағалау моделі және қызмет нәтижесін
бағалау моделі мақсатқа бағытталған модель, сонымен қатар кешенді
бағалау моделін қолданамыз.
Квалиметриялық рәсімдердің
кезеңдері:
-
Квалиметрияланатын
феноменді таңдау және оның квалиметриялық үлгісін
жасау
-
Квалиметриялық шәкілдердің
баллдылығын таңдау
-
Біртипті феномендерді
іріктеуді қалыптастыру және өлшеу немесе олардың квалиметриялық
параметрлерін өлшеу немесе сарапшылық
бағалау
-
Әрбір квалиметриялық параметр
үшін квалиметриялық шәкілдің түрін анықтау
-
Әрбір квалиметриялық параметр
үшін бастапқы статистикаларын есептеу және квалиметриялық
шәкілдерді құру.
-
Параметрлердің бастапқы
мәндерін бастапқы мәндерге айландыру.
-
Квалиметриялық феноменнің
квалиметриялық үлгісіне сәйкес иерархиялық квалиметриялық
параметрлерді есептеу.
-
Іріктеуге кірген әрбір феномен
үшін интегралды сапа көрсеткіштерінің квалиметрияланатын феноменнің
квалиметриялық үлгісіне сәйкес есептеу.
-
Қорытынды квалиметриялық
хаттама мен іріктеудің рангтелген квалиметриялық тізімін құру.