Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Өзіңді жақсылықпен таразыла

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Жамбыл атындағы орта мектебі

Мерзiмі:

9 сабақ

Тақырып: Өзіңді жақсылықпен таразыла

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: қайырымдылық, қамқорлық, жауапкершілік

Мұғалiм:Батанова Д.

Сынып: 2

Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: оқушыларға жақсылық жасаудың мәнін ұғындыра отырып, қайырымдылық, қамқорлық, жауапкершілік қасиеттері туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушыларды өзіне және өзгелерге жақсылық жасауға баули отырып, жауапкершілікке үйрету.

Тәрбиелік: оқушыларды қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

1 Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Сабақтың 5 Т ережесін еске түсіру.


2.Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

Ескерту



















2. Үй тапсырмасын тексеру

9 сабақ «Жүре алмайтын бала» мәтінін сұрақтар қою арқылы сұрау, бет


Сұрақтар:

Павлик Василекті қалай қуантты?

Көмекке мұқтаж адамдарға жақсылық жасау қаншалықты маңызды деп ойлайсыңдар?

Жақсылық жасау арқылы адам нені үйренеді?

Басқаларға жақсылық жасаған кезде қандай сезімге бөленесіңдер?

3. Дәйексөз

Мұғалім өзі дауыстап оқып береді, сосын балаларға бірге хормен айтуға ұсынады. Бірінші ұл балалар қайталайды, содан соң қыз балалар қайталайды.Дәйексөзді дәптерге жазғызу.


«Жақсылықтың үлкен - кішісі болмайды»

Нақыл сөз

Сұрақтар:

Дәйексөзден не түсіндік?

Өздерің жақсылық жасағанда қандай сезімде боласыңдар?

4.Әңгiмелеу.«Түсті түймедақ» ертегісі


Бір бала келе жатқан бір апайға үйіне баруға ауыр заттарын апарысады. Әжей баланың ізеттілігіне риза болып, оған түсті түймедақ гүлін сыйға береді. Ол гүл жай гүл емес сыйқырлы болады. Бала гүлдің әр күлтесін жұлып өзіне қажетті нәрсені сұрайды екен. Бірінші тәттілер, ойыншықтар, суық солтүстікке барғысы келетіні сұрайды. Бірде ол балалар бақшасында келе жатып отырған бір баланы көреді. Балаға жүр ойнаймыз, десе ол ойнамаймын, мені қуала десе қуаламаймын деп отыра береді. Сен неге өзінше боласың деп оған өпкелейді. Мен саған өкпелеп отырған жоқпын менің аяғым жоқ деп, орнынан тұрып балдағын алып жүріп кете барады. Баланың аяғы жоғын көрген ол жүрегі қатты ауырады, соңғы гүлдің күлтесін осы баланың аяғы жүріп кетсін деп арманын айтады. Сол сәтте ол баланың аяғы жазылып жүріп кетеді. Екі балада қуанып бір- бірін қуалап жүгіріп ойнап кетеді.


Сұрақтар:

Аңыз әңгімеден не түсіндік?

Баланның бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

Өздеріңе осындай мүмкіндік туса қандай тілек тілер едіңдер?

Жақсылық жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?


5.Шығармашылық жұмыс.

Дәптермен жұмыс.

1-тапсырма: Кестені толтырыңдар. Оларға қандай жақсылық жасар едіңдер?

Үлгі сөздер: Әкеме, анама, ініме, сіңліме, мысыққа, балыққа, күшікке, торғайға

2-тапсырма: Оқулықта берілген жағдаяттарды шешу және сахналап беру.


6. Топпен ән айту. «Болайықшы осындай»

сөзі, әні Айымгүл Меңжанова


7. Үй тапсырмасы

10 сабақ «Сәтемір хан» мәтінін оқу.


8. Сабақтың қорытынды сәтi.

Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
663
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12