Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Өзіңді тану -өмірді тану

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтыңмақсаты:«Өзін – өзі тану» пәнінен үйренгендерін жинақтап, қорыту. Міндеттері: - «Өзін – өзі тану» пәнінен меңгерген білімдерін тиянақтау; - өз бойларындағы құнды қасиеттерді көрсете білуге жетелеу; - достық көмекке, ұжымда жұмыс істей алуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысты Мақтаарал ауданы

Әл- Фараби атындағы №47 жалпы орта мектебі







Тақырыбы: Өзіңді тану -өмірді тану

9-сыныпта ашық сабақ







Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі: Лепесова Г.Д.



2018-2019 оқу жылы



Мектеп:_Әл-Фараби № 47 ЖОМ КММ

Мерзiмі:_05.09.2019жыл.

Тақырып: Өзіңді тану - өмірді тану

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер:_сыйластық, адамгершілік, қамқорлық

Мұғалiм: Лепесова Гулжамал Дүйсеновна

Сынып: 9 А

Оқушылар саны: 17

Сабақтыңмақсаты:«Өзін – өзі тану» пәнінен үйренгендерін жинақтап, қорыту.

Міндеттері:

- «Өзін – өзі тану» пәнінен меңгерген білімдерін тиянақтау;

- өз бойларындағы құнды қасиеттерді көрсете білуге жетелеу;

- достық көмекке, ұжымда жұмыс істей алуға тәрбиелеу.



Сабақбарысы:

Ұйымдастырукезеңi.

Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жәймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!


Ресурстар:

Үй тапсырмасы.

Өткен тақырыптар бойынша сурет салып келу.

  1. Өткен сабақтарда не өтілді?

  2. Өзін – өзі тануда қандай құндылықтармен таныстық?

Сабақ барысын талқылау:

Әңгiмелеу (сұхбат).

Н. Абрамцева ізімен «Қолшатыр» әңгімесі.

1. Қолшатыр мен мысық неліктен ойланып қалды?

2. Олар бір – бірін ұға ма?

3. Олардың бір – бірін түсінуі үшін қандай кеңес берер едіңдер?



Дәйек сөз.

Үйренгенің өзіңе жақсы,

Жасағаның елге жақсы.

Халық даналығы.



Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жазғы демалысты қалай өткізетіндері туралы айтқызу.



Топпен ән айту

Әрқашан күн сөнбесін

Сөзін жазған: Л. Ошанин

Әнін жазған: А. Островский

Күн әдемі, көк әлемі,

Бұл – суреті жас баланың.

Ақ қағазға салған ізі,

Қалдырған бұл сөзі:

Қайырмасы:

Әрқашан күн сөнбесін!

Аспаннан бұлт төнбесін!

Қасымда болсын мамам,

Болайын менде аман.



Үй тапсырмасы.

Өткен тақырыптар бойынша сурет салып келу.



Бағалау

Оқушыларға рахмет айта отырып,сабақ барысында алған жүрекшелерін есептей келе бағалау.








































Shape1

Shape2 Shape3

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
413
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12