Материалдар / "Озық ойлы" танымдық сайысы

"Озық ойлы" танымдық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай шығармашылығынан алған білімдерін шыңдай отырып, өлеңдері мен қарасөздерінің мазмұнын меңгертуге, мағынасын аша білуге, мәнерлеп жатқа айтуға, талдауға бейімдеу;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2020
372
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Озық ойлы  Абайтанушы» танымдық сайысы.

Сайыстың мақсаты: білімділік: Абай шығармашылығынан  алған білімдерін шыңдай отырып, өлеңдері мен қарасөздерінің мазмұнын меңгертуге, мағынасын аша білуге, мәнерлеп жатқа айтуға, талдауға бейімдеу;

Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын, ой өрісін, өз ойын айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге дағдыландыру, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, адамгершілікке, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру.

Көрнекілігі: Абай портреті, слайд, бейнебаяндар, өлең, нақыл сөздер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар, жоспар.

Сайыстың барысы: Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай мұралары - адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы. Осыған орай Абай шығармашылығын жинақтау, жүйелеу мақсатындағы сайысымызды бастайық.

 

I.                   Мұны білген  жөн.

1-топқа:

1. Абай Құнанбайұлы қай жылы, қай жерде дүниеге келді? 1845, Ш.Қ. обл, Абай ауд. Қасқабұлақ деген жер.

2. Абайдың  мұражайы  қай жерде? Семейде

3. Абайдың поэмасын ата. 3

4. Абай ең алғаш дәріс алған  татар  молдасы?    Ғабитхан

5. Абай алғашқы өлеңдерін кімнің атынан жариялап отырды? Көкбай

6. Абайдың жолын қуған ұлдары? Әбдірахмен, Мағауия.

7. Биыл Абайдың неше жылдығы тойланғалы тұр?  170ж.

8. Абай өлеңдері алғаш кімнің қолжазбалары түрінде тарады?  Мүрсейіт Бікеұлы.

9. Абайдың қанша әні бар? 20 шақты

10. Абай жақсы көрген кәсіп? Саятшылық пен мергеншілік.

2-топқа.

11. 70 жасқа толған Құнанбай Меккеге барып, сол жерде өз ақшасына тәуіп етуге келген адамдар үшін үй салдырған. Ол қалай аталды? Тәкия

12. Абай кімдердің шығармаларын аударды?

13. Абайдың  руы. Тобықты

14. Абай жақсы көрген ұлттық ойын.  Тоғызқұмалақ.

15. Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш өлеңі?   Жаз

16. Абайдың  алғашқы  өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты? 1909, Санкт-Петербургте.

17. Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? 13

18. Ақын неше жыл өмір сүрген? 59

19. Ақынның «Көзімнің қарасы» өлеңі кімге көңілін білдіру үшін шығарылған?

20. Абай Семейде білім алған медреселер? Ахмет Риза, Ғабул-Жаппар.

3-топқа:

21. Абай Семейде 3 ай қандай мектепте оқыды? Приходьская школа

22. 1870 жылы Семей кітапханасында жүріп, Петербургтен жер аударылып келген төңкерісшілмен танысады. Ол кім? Е.П.Михаэлис

23. Абай ақындық жолға қай жылы біржола бет бұрады? 1886

24. Абайдың кішкентай кезінде Телғара деп аталу себебі? Ұлжан мен Айқыздың ортасында өскен.

25. Абай болыс та болған. Ол Қоңыр Көкше деген жерде неше жыл болыстық қызмет атқарды? 1875-1878

26. «Абай – қазақтың бас ақыны» деген кім? А.Байтұрсынов

27. Абайдың әйелі Әйгерімнің шын есімі? Шүкіман

28. Абай неше ағайынды болған? 7. Құдайберді, Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла, Ысмағұл.

29. «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің кішкентай кезімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан». Кімнің сөзі? М.Әуезов.

30. Абай қай жылы қайтыс болды? 1904ж.

 

Мұғалім: Абай өлеңдері - құты қашпас қазына, аудармасы - осының айғағы, жақсы аударма халық  пен халықты жақындастырады, ұлт пен ұлтты бауырластырады. Абай ақындықты ерекше жоғары бағалап, қадір тұтқан. Ақын жастардың оқу оқып, білім алып немесе белгілі бір өнер үйреніп, халыққа пайдасын  тигізетін азамат болуын аңсаған  ақын.

 

II. Поэзия - жүрек тілі.

Мұнда  оқушылар  Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

 

III.              Асыл  сөзді  іздесең,

                   Абайды  оқы, ерінбе!

                   Адамдықты  көздесең, 

                   Жастан  тоқы  көңілге! - деп Сұлтанмахмұт айтқандай, Абай - туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі  тәрбиешісі, ана тілінің, қазақ поэзиясының өсіп-гүлденуіне зор үлес  қосқан  қамқоршысы. Даналық  ойға  құрылған, шешендік қасиеті  мол өнегелі  сөздеріне  назар  аударайық.

 

1. Жұмысы   жоқтық,

    Тамағы  тоқтық,

    ...................................                       ( Аздырар  адам баласын.)

2. Үш - ақ нәрсе адамның  қасиеті.

    ......................................................     ( Ыстық  қайрат, нұрлы  ақыл, жылы  жүрек)

3. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

    ......................................                      ( Еңбегің мен ақылың екі жақтап.)

4.      Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

     .........................................                   ( Кетігін тап та, бар, қалан..)

5. Досы  жоқпен  сырлас,

    ..........................................                   ( Досы  көппен сыйлас.)

6.  Өткірдің  жүзі,

     Кестенің  бізі,

     ...........................................                  ( Өрнегін сендей  сала  алмас.)

7. Ақырын жүріп, анық бас. Еңбегің кетпес далаға.

     .............................................................. ( Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға.)

8. Бөтен  сөзбен былғанса  сөз  арасы,

    .............................................................   ( Ол - ақынның  білімсіз  бейшарасы.)

9. Толғауы  тоқсан  қызыл  тіл,

    ..................................................               ( Сөйлеймін  десең  өзің  біл.)

10.Еңбек  етсең  ерінбей,

     .................................................               ( Тояды  қарның  тіленбей.)  

 

 

ІҮ. Бір  әні -  бір  әлем.   

Мұғалім: Абай  атамыз ән де  жазған. Абайдың  музыкалық  мұрасын  зерттеуде  інісі Ысқақтың  баласы Архамның  үлесі  зор. Абай  қазақ  халқының  рухани  әлемін өзінің  терең  мағыналы әрі  әуендік  құрылымы  жағынан  мүлдем  тосын  ырғаққа  құрылған  әндерімен  де  байытты. Біржанның, Ақанның, Жаяу Мұсаның әндерін  жоғары  бағалады. Ақын  музыка  өнеріне  аса  қатты  зейін  қойып, оған  қатты  талап  та  қоя  білген.

Ән.

 

Ү. «Өлең – сөздің патшасы».

Мұғалім: Абай  ақындықты ерекше жоғары  бағалаған. Ол өзінің өлеңдерін таза  халық  тілінде  жазды. Өлеңге  басқа  тілдерден  орынсыз сөздер енгізуге, тіл шұбарлауға  мүлде  қарсы  болды.

Абайдың  өлеңдерінен  оқылады. Оқушылар  әрі қарай өлеңді жалғастырып  айту  керек.

1. Қайрат  пен  ақыл  жол  табар,

    Қашқанға  да  қуғанға.

Әділет, шапқат кімде бар

Сол жарасар туғанға.

 

2. Ызалы  жүрек, долы  қол,

    Улы  сия, ащы  тіл.

Не жазып кетсе жайы сол,

Жек көрсеңдер өзің біл.

 

3.      Туғанда дүние есігін ашадлы өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

Ойласаңшы бос қақпай елең-селең.

 

4.      Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ер жеткен соң түспеді уысыма,

Қолымжы мезгілінен кеш сермедім.

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.

 

5.      Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін

 

6. Бойы бұлғаң, Сөзі жылмаң, Кімді көрсем мен сонан.

Бетті бастым, Қатты састым. Тұра қаштым жалма-жан.

 

7. Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,

    Ұстарасыз  аузыңа  түсті  мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Бірі – қан, бірі – май боп енді екі ұртың.

 

8. Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

 

9. Құлақтын кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сұйсең менше сүй.

 

ҮІІ. «Абай қарасөздері – даналықтың шыңы».

Мұғалім: Абай XIX ғасырдың 90 жылдары  өзінің  ой  толғаныстарын  қарасөздермен  жазған. Абайдың  қарасөздері - көркем  әңгіме  емес, ғақлиялық  даналық  сөздер.

Оқушылар қарасөздерін жатқа айтады.                                   

 

ҮІІІ.  Абай мұрасы – асыл қазына.

Лирикалары.

10 – «Қыс» өлеңі арқылы қазақ әдебиетіне қандай жаңалық енгізді? Кейіптеу.

20 - Ақын қай өлеңінде ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді? «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

30 – Ақын өлеңдерінің жүйелі, ақындық үлгіде жазылуы 1882 жылдан басталды. Сол жылы жазылған қай өлеңі еді? «Қансонарда...»

40 – Біраз жылдар бойы Көкпай сөздері деп жариялап жүрген ақын қай өлеңінен бастап өз атынан шығара бастады? «Жаздыгүн шілде болғанда»

Поэмалары.

10 – Ақынның қай поэмасы аяқталмай қалған? «Әзім әңгімесі»

20 – Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған поэмасы? «Ескендір»

30 – Қай поэмасында әйелді қоғамның ерлерге тең адамы деп тану, оның әлеуметтік орнын бағалау жағына көбірек көңіл бөлінген? «Масғұт»

40 – Ақынның қай поэмасы «Мың бір түн» ертегісінен алынған бір оқиғаның өлеңмен жазылған түрі? «Әзім» әңгімесі»

Қарасөздері.

10 – Қарасөз жазудағы мақсатын нешінші қарасөзінде түсіндіреді? 1

20 – Ақын қарасөздерді қай жылдары жазды? 1890-1898ж

30 – Абай нешінші қарасөзінде қазақтың кейбір ма



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ