Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

П дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұстаздарға әдіс тәсілдерді үйреду
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Сауат ашу


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғатқа саяхат


Күні: 29.01.2019жыл


Сынып: 1 «Е»Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы


Табиғаттағы саяхат.Пп дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.2.1Мәтінде автордың кім(не)туралы айтқысы келгенін түсіну

1.2.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін(дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар)ажырату және дұрыс дыбыстау

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке дыбыстарды)дұрыс дыбыстап, ажыратады;

  • Жолдың жоғары және төменгі сызығын сақтап әріп элементтерін байланыстырып жазады;

  • Буынға бөліп немесе тұтас оқиды;

Көптеген оқушылар:

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

  • Автордың не туралы айтқысы келгенінталқылайды;

  • Берілген сөздерді мағынасына қарай түсіндіреді;

  • Жазу жолын, жолақ кеңістікті сақтап әріп элементерін каллиграфиялық талаптарға сай көркем жазады;

Кейбір оқушылар:

  • Мәтін мазмұнын иллюстрация бойынша өз ойынан болжап құрастырады;


Бағалау критерийлері



Тыңдалған мәтіннің не туралы екенін анықтайды.

Сипаттау сөздерін пайдаланып, мәтін құрастырады.

Дыбыстарды түрлеріне қарай (дауысты және дауыссыз, жуан/жіңішке дауыстылар) дұрыс ажыратады.


Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке баулу, табиғатты қорғауға, аялауға қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар


Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

тақта, таныстырылым,аудиожазба




Бастапқы білім




Ж ж дыбысының таңбалануын және дыбысталуын біледі.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

40минут

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы
















  • Зейінді шоғырландыру(оқу құралдарын толық алдырып сабаққа дайындығы)

  • Ширату

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.
Барша адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз!

Топқа бөлу(4 топ сөздер арқылы бөлінеді)

1-топ. П дыбысы сөздің басында келетін сөз(Піл тобы)

2-топ. П дыбысы сөздің ортасында келетін сөз (Арпа тобы)

3-топ. П дыбысы сөздің соңында келетін сөз (Әдеп тобы)

4-топ П дыбысы сөздің барлық тұсында келетін сөз (Піспектеп тобы)

Үй тапсырмасын тексеру

Дыбыс деген не?

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Ж дыбысы қандайдыбыс?

Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?


Сабақтың тақырыбы мен мақсаты


























Суреттер



Сабақтың

ортасы






















Оқулықпен жұмыс

Қорықпайды күшті аңнан,

Қорқады тек тышқаннан.

(Піл,слон,elephand)


Суретпен жұмыс:

Кептер,апан,қақпан, апа,парта, балапан, кірпі, дәптер,доп.


П п дыбысының баспа және жазба түрін оқушыларға таныстыру,көрсету.

Ауада жазуды түсіндіру;

Тақтаға жазу элементі;


1-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқу

Түсіріп қақпанға,

Жыланды ол ұстайды.

Тып – тыныш жатқанда,

Шөткіге ұқсайды.


-Мұғалімнің оқуы

- Түсіндіруі

  • Кері байланыс


Бағандағы сөздерді тізбектеп оқыту

Апа, апан, пана,сап,қап,тап,арпа,апта,теппе,

ақпан, қақпан, кептер, әріп, Әлима, әдеп.

  • Бағалау: мадақтап, жұлдызша беру (жарайсыздар, өте жақсы, бәрекелді)

Мақсаты: Оқушылардың сабаққа белсенділігі, ойын еркін ,ашық жеткізуі және қызығушылығы артады.


  • Топтық жұмыс

І топ: Жаңбыр тамшыларынан сөз құрау.

( Апа, қақпан, парта,балапан, дәптер, кірпі.)

ІІ топ: Суреттермен сөздерді сәйкестендіру.

( Балапан, кірпі, парта, піл)


ІІІ топ: Дыбыстық талдау

Доп- 3әріп,3 дыбыс, 1 буын

Дәптер- 6әріп,6дыбыс,2буын

Апа-3әріп,3дыбыс,2буын

Кітап- 5әріп,5дыбыс,2буын


IV топ: Суреттермен жұмыс

(Қап,пияз,кептер,парта)

  • Кері байланыс

- Сөздерді қалай жіктедіңіздер?

- Неліктен? (п дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында да кездеседі)

- Сөздер неше буынға бөлдіңіздер?(ереже: сөзде неше дауысты дыбыс болса сонша буын болады.)

-Қанша сурет дұрыс емес?

- Бұл суреттерді неге бұлай бөлдіңіздер? Неліктен? (Табиғат анамыз, оны бәріміз аялай білуіміз керек)


  • Бағалау: « Смайлик »

Мақсаты: топтар әділ баға береді және бір-бірінің ойыларын нақты, дәлелмен толықтырып отырады.

Аудиожазба тыңдату:

Әдемі сөзіне мағынасы жуық сөздер-

Сұлу, көрікті,сымбатты.

  • Сергіту сәті: Аяқпенен топ,топ,топ!

Ырғақты-қимылды әуен бойынша

Мақсаты: барлық дене қозғалысқа түсіп, сергек сезінеді

  • Жұптық жұмыс Дыбыстық талдау


Кері байланыс

-Сөзден не құрастырамыз?

-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?

  • Бағалау. «Басбармақ»

  • Мақсаты: тапсырманың дұрыс орындалғаны көрініс табады.

  • Дәптермен жұмыс

Жұмыс дәптердің 21 бетін орындау

1. Берілген сөздерді жалғастырып жазыңыз.

2. Дыбыстық талдау жасаңыз.

  • Кері байланыс

-Дыбыс дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не?

  • Бағалау(дәптерге смайлик жапсыру)

Мақсаты: тапсырманы зейінді, ынталы орындау дағдыларын қалыптастыру




Оқулық

Сурет

























Жұлдызша









































































Жұмыс дәптері


Сабақтың соңы

3 минут







Рефлексия

-Дауысты дыбыстарды қалай ажыраттыңыздар?

-Дауыссыз дыбыстарды ше?

-П дыбысы туралы не білеміз?

- Бүгінгі сабақта не қызық болды?



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабілеті жоғары оқушы

1-тапсырма: Кестедегі әріптердің арасынан берілген сөздерді тауып оқы және боя.
Балалар,серуен,мектеп, отбасы, наурыз, гүл, күн.



Қабілеті төмен оқушы

Тапсырма:сөздерді оқыңыз және сәйкес суреттермен байланыстырып сызыңыз.

ша-на, та-ға, нан, қо-ша-қан, пар-та




  • Мадақтау: жарайсыңдар, бәрекелді, өте жақсы)

Мақсаты: оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады, ойын еркін жеткізеді.

  • « Смайлик»

Мақсаты: топтар әділ баға береді және бір-бірінің ойыларын нақты, дәлелмен толықтырып отырады.

  • «Басбармақ»

Мақсаты: тапсырманың дұрыс орындалғаны көрініс табады.

  • Дәптерге смайлик жапсыру

Мақсаты: тапсырманы зейінді, ынталы орындау дағдыларын қалыптастыру




1.Жазу кезеңінде партада түзу отыру.

2.Оқу құралдарын ұқыпты қолдану;

3.Топта жұмыс жасағанда бір-біріне кедергі тудырмау;


Сабақ бойынша рефлексия






Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз


Түйін сөз

  • Оқушыларға сабақ ұнады.

  • ҚМЖ –да ұжыммен, жұппен, топпен берілетін жұмыс түрлерін ойын түрінде жүргізу тиімді себебі зейіні мен есте сақтауы артады .

  • Сұрақ қою әдісін үйрету керек, өйткені жабық сұрақтар қояды. Сөйлем құру кезінде кемшіліктер де болды, алдын алу үшін суреттермен көп жұмыс жүргізу керек.





.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
486
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12