Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

пай-пай, қыздар-ай!

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

14.12.18

Сабақтың тақырыбы: Пай-пай, қыздар-ай!

Сабақтың мақсаты: ұстаздар мен қыздарға құрмет көрсету, қазақ қыздарына тән адамгершілік пен эстетикалық рухта тәрбие бере отырып, қазақ тілін дамыту, тілге құрметпен қарауға үйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу интонациясына көңіл бөлу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, музыка. карточкалар

Жүргізуші:

Құрметті жиналған қауым!

Біздің мектепте дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді ғой.

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,

Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой

«Іске сәт» дей келе байқауға қатысатын аруларымызды ортаға шақырайық.

  1. Бекмачева Екатерина

  2. Бисенбаева Зарина

  3. Загребина Алла

  4. Рогова Лилиана

  5. Дмитриева Александра

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.

Кім өнерлі, кім тапқыр, шешу қиын,

Қазылар алқасы болмаса сынға алар.

Сайысымыздың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

  1. Мектеп директоры: Бактығалиева Аймекен Бактыгалиевна

  2. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Габдешова Галия Наримановна

  3. 9 сынып оқушысы: Чернухина Милана

Ендігі кезекте сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.

  1. Өзін-өзі таныстыру

  2. Мақал сөздің мәйегі

  3. Өз өнерін көрсету

  4. Қазақтың ұлттық тағамдары



Қыз сыны, қыз әдебі,

Тал бойы жарасқан, күлкі әдемі.

Сайысқа келген қыздарымыз кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе дейміз.

Өзін-өзі таныстыру

Қыз емес қыздың аты-қызыл алтын,

Көрінер туған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халықтың сақтай білген ата салтын

Келесі, «Мақал сөздің мәйегі» бөлімін тамашалайық. Алдарыңызға карточка беріледі. Сол карточканы суырып алып мақал-мәтелдің жалғасын жалғастырамыз.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыста бәйге алуға

Қыздарымыз аянбай-ақ жан салыпты ,дей келе келесі бөлімімізді тамашалайық.

Өз өнерін көрсету.

Ей, халайық, халайық,

Бар өнерге салайық.

Ас ұсынып, бас тартқан

Жайылып тұр дастарқан.

Дастарқан-ау, дастарқан,

Берекелі дастарқан,

Мерекелі дастарқан келесі соңғы бөліміміз «қазақтың ұлттық тағамдары» оқушы өзінің дайындаған тағамын неден жасалғандығы, қалай жасалғандығы туралы түсіндіріп кетуі тиіс.

Жеткізбес шегі айтылар саған тілектің,

Сен жүрген жерге келеді менің гүл еккім.

Үйдің де сәні, түздің де сәні өзіңсің,

Сен тіпті үлкен әлемге мынау тірексің.

Ән:

Қазылар алқасы сөз сөйлейді. (Марапаттау кезеңі)

Назарларыңызға көп рахмет!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2019
459
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12