Ұжымдық
жұмыс «Миға шабуыл»
әдісі
- «Функция» дегеніміз
не? Оны қалай түсінесің?
- Функцияның
математикада және өмірде маңызы қандай?
- Функцияның
программадағы қызметі қандай деп ойлайсың?
Жаңа тақырыпты
түсіндіру.
Функция – программаның кез
келген жерінде шектеусіз қолдануға болатын программа бөлігі.
Функцияның анықтамасын былай нақтылауға болады.
Мысалы:
def testfunc
(myname):
print('Salem, %s'
% myname)
testfunc('Samal')
Бұл
мысалда,
testfunc –
функцияны атауы, ал myname
– оның аргументі. Функция денесі def қатарына кейінгі қатардан басталады.
Аргумент – функция жұмысына қатысатын арнайы айнымалы. Программаның орындалу барысында функция жұмысын аяқтаған соң, есептелген мәнді негізгі программаға қайтып алу керек. Функция жұмысын аяқтап, оның мәнін негізгі программаға қайтару үшін Return командасы қолданылады.
1-тапсырма.
- Функция және
процедурамен жазылған программа кодтарына талдау жасаңдар. Талдау
барысында:
1) Функция және
процедураның жұмыс істеудегі айырмашылығы мен ұқсастықтарын
анықтаңдар.
2) Қайсысы тиімді? Не
үшін? Дәлелді мысалдар келтіріңдер.
Дескриптор:
- Python программалау
тіліндегі функция және
процедураларды
анықтайды.
- Функция және
процедураларды қолданып құрылған программаны
талдайды.
2-тапсырма.
- Функция қызметін
пайдаланып берілген төрт
санның ең кішісін
анықтайтын программа кодын ұсыныңдар:
min={t,p,q,l}
Дескриптор:
Процедураларды қолданып
программа кодын жазады
3-тапсырма.
- Программалауда
функцияның қызметін процедура қызметімен салыстыра отырып
бағалаңдар.
Дескриптор:
Python программалау
тілінде функцияларды
қолданудың маңыздылығын
тұжырымдайды.
Оқушылардың
іс-әрекеттері бояу арқылы
бағаланады. Оқушылардың
аты-жөні жазылған
кесте ұяшықтарын қызыл,
сары, жасыл түспен бояу.
Сабақты
бекіту:
1) Программалауда
функцияның қандай қызметі бар?
2) Функцияны
программада қалай таныстырады?
3) Return-ның қызметі
қандай?
4) Функция мен
процедура қызметіндегі негізгі
айырмашылық қандай?
|