жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Пайыз тақырыбына сабақ жоспары
Қысқа мерзімді жоспар
Математика 5 сынып
|
Мектеп: №11 ЖОББМ |
|||||||||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні:Архабаева Ж.К |
||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 5 «а» |
Қатысқандар саны: 24 |
Қатыспағандар саны: 0 |
|||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы |
Пайызы бойынша санды табу |
||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.1.2.36 Берілген пайызы бойынша санды табу |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
5.1.2.36 Берілген пайызы бойынша санды табу |
||||||||||||||||||||||
|
Жетістік критерийлері |
Білім алушы
|
||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
|
||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік және қарым-қатынас жасау қабілеті құндылықтарын қалыптастыру. |
||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Статистика: Сыныптағы қыз балалар 16. Бұл барлық оқушылардың 60%-ын құрайды. Сыныпта неше оқушы бар? Химия: Құйманың 80%-ы алюминий, қалғаны мыс. Құймадағы алюминий мыстан 300г артық. Құйманығ массасы қандай? |
||||||||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақта, флипчартты қолдану |
||||||||||||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Пайыз, бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру,берілген санның пайызын табу. |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 5мин |
Сабақ басында: «Шаттық шеңбері» оқушылар бір біріне жақсы лебіз білдіру арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру Оқушыларды топқа бөлу Мозайка арқылы топқа бөлемін. Тақырыпты ашу. Уәждеу:
Сабақ мақсаттарын белгілеу:
Күтілетін нәтижелерді белгілеу:
|
Сурет қиындылары |
|||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 5мин
8мин
2мин
10мин
5мин |
Ж,Қ 1-тапсырма Пайызын табыңыз: a) 30, 125 сандарының 10 %-ын; b) 16, 400 сандарының 50 %-ын; c) 28, 360 сандарының 25 %-ын; Дескриптор: Білім алушы - өрнекті құрайды; - берілген санның пайызын анықтайды. МК 2-тапсырма(проблемалық) Пайызы бойынша санды (100 %-ын) табыңыз: a) 3 %-ы 12; 36; b) 10 %-ы 0,4; 28; c) 60 %-ы 42; 114. Дескриптор: Білім алушы - өрнекті құрайды; - берілген пайызы бойынша санды табады. - Бұл есепті қалай шығарамыз? Түсіндіріп бере аласыңдар ма? Есепті дұрыс шығардық деп ойлайсыңдар ма? Кездескен қиындықты және оның себебін анықтау - Сендер қандай тапсырма орындауларың керек еді? - Неліктен оны орындай алмадыңдар? - Біз әлі нені білмейміз? (Пайызы бойынша санды табуды) (Ауызша талдау жүргізу. Пайызы бойынша санды табу үшін:
Сергіту сәті «Иә, жоқ» Егер сұрақтың жауабы дұрыс болса, қолдарын жоғары көтерді, қате болса жанына созды. -Cанның жүзден бір бөлігі бір пайыз (иә) -Жиырма бес пайыз төрттен үшке тең (жоқ) -Елу пайыз екіден бірге тең(иә) -Санның пайызын табу үшін оны 100ге көбейтеміз (жоқ) Т Берілген пайызы бойынша санды табу дағдысын қалыптастыру үшін, құрамы ауысып отыратын топта ұйымдастырылатын «Әткеншек» әдісін қолданамын. 5 адамнан тұратын топтар ұйымдастырып, 5 бөліктен (блоктан) тұратын тапсырмалар беремін. №1.Сыныптағы қыз балалар 16. Бұл барлық оқушылардың 60%-ын құрайды. Сыныпта неше оқушы бар? №2.Құйманың 80%-ы алюминий, қалғаны мыс. Құймадағы алюминий мыстан 300г артық. Құйманың массасы қандай? №3. Қант қызылшасының 18%-і қант. 162кг қант алу үшін неше килограмм қант қызылшасы керек? №4. Турист қайықпен 504 км жүзді. Бұл барлық жолдың 36%-і болса, барлық жолды табыңыз. №5. Райхан 145 санын 60%-ке арттырып, оның 25%-ін есептеп тапты. Райхан қандай санды есептеп тапты? Жұмыстың бірінші кезеңінде оқушылар топта тапсырмаларды өзара бөліп алады. Екінші кезеңде таңдап алынған тапсырмалары бойынша оқушылар жаңа топтарға бірігеді. Топтарға біріккен соң, оқушылар есепті талқылайды, шешімін табады, жазады және есептің шығарылу жолын толық түсінеді. Үшінші кезеңде оқушылар бастапқы топтарына қайтып оралады және өз тапсырмалар бөлігінің (блогының) шешімін түсіндіреді. -Өздерің не игергендеріңді білу үшін өзіндік жұмыс жасаймыз. Ө,Қ «Кестені толтыр» тапсырмасы
Дескриптор: Білім алушы - санның пайызын табады; - санды оның пайызы бойынша табады. - Кімде кім тапсырманы қатесіз орындаса «+» қояды. - Кім қате жіберді? Қате қай жерінде? Неліктен қателесті? (оқушы тұжырымы) -Қатені түзетіңдер. Есеп шығаруға жаттығыңдар. Оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып, деңгейлік тапсырмалар беру, саралап оқыту Пайызға байланысты есептер: 8,10,11 жаттығу |
Қалыптастырушы бағалауға арналған нұсқаулық
флипчарт.
Тапсырма жазылған парақтар
Интерактивті тақта
|
|||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 5мин
5мин
|
Жаңа білімді білім қорына қосу - Игерілген білімді қайда қолдануға болады? (Есептер, мысалдар, теңдеулер шығаруда). - Балалар, пайызға арналған есептердің өмірде қолданылу ауқымы өте кең. - Мен сендерге сендердің ата-аналарың дүкенге барғанда шығаруға тура келетін бір есепті ұсынайын. Сендер соны шығарыңдар (Есеп экраннан көрсетіледі) Есеп Егер дүкенде барлық тауарға 20%-дық акция жарияланған болса, 365000тг тұратын теледидарды қаншаға сатып алуға болады? Дескриптор: Білім алушы - өрнекті құрайды; - берілген санның пайызын анықтайды. - Амалдарды орындайды - Есептің жауабын жазады Рефлексия: Ақылдың 6 қалпағы Ақ қалпақ: - Біз сабақ басында алдымызға қандай мақсат қойдық? Сабақта не білдің? Сары қалпақ: - Сабақта ең қызықты болған не? Қызыл қалпақ: - Сабақты қандай көңіл-күймен аяқтамақсыңдар? Қара қалпақ: - Бүгін сабақта қандай қиындықтарға кездестік? Не қиын болды? Жасыл қалпақ: - Жағдаяттан қалай шықтық? - Сабақтағы жұмыстарыңа қандай баға бересіңдер? Көк қалпақ: Неге қол жеткіздік? - Немен жұмысты жалғастыру қажет ? |
Интерактивті тақта |
|||||||||||||||||||||
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||||||||||||||
|
Оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып, деңгейлік тапсырмалар беру, саралап оқыту |
|
Өзін-өзі бағалау Қалыптастырушы бағалау |
«Иә немесе жоқ» сергіту сәті Интеркативті тақтаның қолданылу уақыты |
||||||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген