Өткен тақырып бойынша
сұрақтар:
С-1: Пайыз деп нені
айтады?
С-2: Пайыз бөлшекпен қалай
жазылады?
С-3: Бөлшек пайызбен қалай
жазылады?
С-4:
Берілген санның пайызы қалай
табылады?
С-5:
Пайызы бойынша санды қалай табамыз?
Пайыз сөзі
- «жүзден бір үлес» дегенді
білдіреді . Процент – Кез келген
шаманың жүзден бір үлесі: жол, масса,
аудан, көлем… «процент» сөзінің белгісі де берілген -
%
Процентті
ондық бөлшек ретінде өрнектеу үшін, бұл санды 100
бөлу немесе 0,01 көбейту
керек
Мысалы :
125%=
125:100=1,25 немесе
125%=125 * 0,01=
1,25
Презентациядағы сұрақтарға балалар жауап көрсетіп
отырады.
Ондық бөлшекті процент
ретінде өрнектеу үшін, бұл санды 100 көбейту керек
Мысалы :
0,7 = 0,7 * 100% =
70%
0,45 = 0,45 * 100% =
45%
Презентациядағы сұрақтарға балалар жауап көрсетіп
отырады.
Жалпы бөлік, үлестер арқылы
50,25,75 проценттердің шамасына бірнеше мысалдарды оқушылардың
өзіне өмірден мысалдар келтіруін талап етеді.
1.Есеп.Тігін фабрикасы 1500 костюм
шығарды. Оның 40% жаңа костюмдер түрі . Фабрика неше жаңа костюмдер
шығарды? Шешуі:
1500-і -100%-ті
құрайды
-
1500:100 =15 костюм 1%-ті
құрайды.
-
15*40=600 жаңа костюм
түрі
Жауабы: 600 жаңа костюм
түрі
2.Есеп.
Математикадан бақылау
жұмысында «5» деген бағаны 15 оқушы алды,бұл барлық оқушының 50%.
Сыныпта неше оқушы?
Шешуі :
Белгісіз сан
-100%
-
15 : 50 =0,3 оқушы 1%
құрайды
-
0,3*100 = 30
Сыныпта оқушы
Жауабы: 30
Сыныпта оқушы
3.Есеп.
1800 га жердің 558 га жеріне
картоп егілді. Жердің қандай бөлігінің процентіне картоп
егілді?
Шешуі:
1800 га -100%- ті
құрайды.
1) 1800: 100 =18 га 1%
құрайды
2) 558 : 18 = 31; 558 га 31%
құрайды.
Жауабы : 558 га картоп
31%құрайды
4.Есеп.
2008 жылы қалада 40000 адам
тұрды.
2009 жылы қала тұрғындары
8%-ға өсті. Ал 2010 жылы2009 жылмен салыстырғанда –9%-ға
өсті.
2010 жылы қалада қанша адам
тұрды?
Шешуі:
2009 ж. тұрғындар : 100% +8%
=108% (1,08)
400*1,08 =43200
(адам)
2010 жылы тұрғындар: 100%
+9% =109% (1,09)
43200 *1,09= 47088
(адам)
Жауабы : 47088
адам
Жұптық
жұмыс.
Есеп
1. Мектепті
жөндеу кезінде 28 әйнектің 10 пластикаға ауыстырды. Барлық әйнектің
қанша процентін пластикалы әйнек құрайды?
Есеп 2.
«Элекс» дүкені компьютерлі
техникаларды 12%жеңілдікпен жаппай сатылым туралы хабарландырды.
Мен ата-анамнан 118000 теңгенің ноутбугын сатып алуын сұрадым.
Ноутбук канша тұрды?
Оқушылар жұптаса отырып
«Карусель» әдісі бойынша бірін – бірі тексеріп
бағалайды.
|