Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Пәнаралық байланыс ролі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Пәнаралық байланыс ролі»
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәнаралық байланыс ролі

Пәнаралық байланыстар әлеуметтік-педагогикалық, әдістемелік, дидактикалық және психологиялық аспектілерде қарастырылады. Педагогтар пәнаралық байланысты қарастыруда байланыстың үш негізгі типіне бөледі: мазмұнды-ақпараттық, операциялық-қызметтік және ұйымдастыру-әдістемелік. Мазмұнды-ақпараттық байланыс білім мазмұны негізінде орналастырылады және деректік, ұғымдық, түсініктер және теориялық болып бөлінеді. Операциялық-қызметтік байланыс оқу үрдісінде қалыптасқан іскерлік негізінде құрылады және практикалық іскерлік пен дағды өңдейтін деректікке; ойлау қызметінің оқу іскерлігін қалыптастыратын танымдыққа; дүниетанымдық көзқарасты бағалауды, коммуникативті және басқа да қызмет түрлерін қалыптастыратын бағалы-ориентациялыққа бөлінеді. Ұйымдық-әдістемелік байланыс студенттердің жалпы қалыптасқан байланыстар мен іскерліктерді меңгеруін қамтамасыз етеді, меңгеру тәсілдеріне, орындалу уақытына және оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру формасы мен деңгейіне байланысты генетикалық, құрылымдық және хронологиялық болып бөлінеді.

Пәнаралық байланыстың студенттерді кәсіби-педагогикалық дайындауда ерекше мәні бар. Бұл түсінікті де, себебі болашақ оқытушының өз пәні бойынша ғана емес, сонымен қатар басқа пәндер бойынша да дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыратын білімдері болуы керек.

Ақпараттандыру білімді жетілдіру барысына елеулі әсерін тигізді. Ақпараттық және коммуникациялық негізде оқытудың жаңа технологиялары оқу барысын күшейтуге, түсініп қабылдауды жылдамдатуға, кең көлемді білімді түсініп терең меңгеруге мүмкіндік береді.

Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологиялар - компьютерлік техника мен программалық құралдардың көмегімен студентке ақпаратты дайындауды және беруді жүзеге асыратын үдеріс. Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологияларда ақпаратты беріп үйренуде мыналарды бөліп айтуға болады: техникалық құралдар, оған компьютерлік техника, байланыс жолы, және әртүрлі жүктеме бойынша берілетін программалық құралдар. Оқытушы компьютердің көмегімен берілетін сабақты өңдеуде оның функционалдық мүмкіндіктерін және жоғарыда аталған компоненттердің әрқайсысын қолдану шартын білуі тиіс. Техникалық құралдардың да программалық құралдардың да өз ерекшеліктері бар және оқу барысына айтарлықтай әсерін тигізеді.

Қазіргі кезде студенттердің білімін тексеру үшін тест бағдарламаларын қолданып жүрміз. Кез-келген курстар бойынша тест бағдарламасын құруда ақпараттану пәнінен біліміміз болуы керек. Онлайн - тесттерді құруға HTML, JavaScript тілдерін пайдалануға болады. JavaScript – программалау тiлi “Java” тiлiнен туындағанымен, оған қарағанда бiршама қарапайым болып келедi. JavaScript-тi қолдану, кәсiпқой программист болып табылмайтын HTML-құжатының авторына, динамикалық парақтарды құруға және клиентпен толтырылған формаларды өңдеуiне мүмкiндiк туғызады. JavaScript – клиенттiк және серверлi желiлiк қосымшаларды құруға арналған ықшамды, объектiге бағытталған программалау тiлi болып табылады. Бір жауап таңдауға арналған тесттерді құру үшін радиобатырмаларды пайдаланған ыңғайлы. HTML-да олар мынадай түрде сипатталады: <input Name="имя" Type="radio" Value"номер"> жауап. Скриптегі аты объектінің экземплярына қол жеткізу үшін қолданылады. Өзара біріккен топқа кіретін батырмалардың аттары бірдей болуы керек (мысалы, Radio1 радиобатырмалардың бірінші тобын білдіреді).

Қорыта келгенде, пәнаралық байланыс – бұл тек дидактикалық шарт немесе білім мен іскерлікті меңгеру нәтижесін жоғарылататын құрал ғана емес, сонымен бірге оқу үрдісінде студенттерді тәрбиелеудегі кешенді де тиімді педагогикалық құрал болып табылады

Таным теориясы тұрғысынан ұғымдар қалыптастырудың логигалық жолы

Таным үрдісінде теориялық түсініктеме таным теориясы аркылы беріледі, ол нысанды дүниетану үрдісі адам сана-сезіміндегі шындық құбылыстардың бейнесін көрсетеді. Таным теориясы бойынша танылмайтын. заттар — теқ құбылыста жоқ әлі де танылмаған заттар ол да ертелі кеш танылады.

Оқушылардың білім алу мен дүниетаным қалыптастыру үрдісінде олардың логикалық заңдылықтарды пайдалана білу дағдыларын да дамыту керек.

Басқа ғылымдар сияқты бейорганикалық жоне органикалық химияны оқып-үйрену барысында оларды салыстыру, таддау мен синтез, дерексіздендіру, қорытындылау жоне тағы сол сияқты логикалық операцияларды пайдалануға тура келеді.

Алайда білім беру мен дағдылар, ұғымдар қалыптастыру, дамудың қол жеткен деңгейіне қарамастан, бүл үрдістер әр уақытга д үрыс нәтиже бере бермейді. Оқушылар пікір айтқанда не логикалық ұғымдарды дәлелдегенде қателер жібереді. Логика мектепте оқу пәні ретінде өтілмейтіндіктен, оқушылардың логикалық ойлауын дамыту міндеті белгілі-бір дәрежеде оқу пәндерінің еншісіне тиеді. Заттар мен құбылыстарды танып-білудегі бірінші логикалық тәсіл — салыстыру, яғни зерттелетін нысандардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарың айқындау. Затты түсіну — ең алдымен оны басқалардан ажыратып айқындау, оған туыстас заттардың үқсастық пен айырмашылықтарын саралау керек. Мысалы метан, этан-алқандар, ал этилен мен ацетилин-алкендер, олар ковалентті, және П-байланыстар түзеді, құрылымдық изомерлері бар. Олардын, қасиеттерін сызбанұсқа түрінде көрсеткенде салыстыру тәсілі жеңілдетіліп, оның көрнекілігі артады.

Таным үрдісінде талдау мен синтез тәсілдерінің, рөлі күшті. Талдау үрдісінде затты элементтерге бөлшектеп, одан әрі элементтер бойынша зерттейді. Ал синтез — бөлшектенген бөліктерді біріктіреді. Талдау жинақтау тәсілі заттар ме құбылыстарды терендей әрі жан-жақты танып білуге мүл береді. Химияны оқып-үйренуде елеуліні-елеусіздеі маңыздыны- маңызсыздан, анықтаушыны-қосалқыдан үнел ажыратып отыруға тура келеді.

Заттарды жеке бөлшектерге ажырату, оларды басқа көптеген заттардан дерексіздендіру — бүл дерексіздендір үрдісі. Дерексіздеңдіре білмейінше, ұғымдарды қалыптастыр мүмкін емес, өйткені ол ұғымдар осы кластағы барлық заттардың жалпы мәнді белгілерін анықтау нәтижесінде түзіледі. Мәселен, ол затты салыстырғанда физикалык қасиеттеріне тоқталып, құрылысын немесе химиялык қасиеттерін тым жалпылама сөз етеді.

Логикалық қорытындылау тәсілі жекеден жалпыға көшіп, танып-білуге мүмкіндік береді. Ғылыми ұғымды қалыптастыру үшін, жеке заттардың елеулі белгілерін бөліп көрсету дерексіздендіру жеткіліксіз, бұл белгілердің қайсысы сол кластағы заттардың барлығына қатысты екенін анықтау қажет. Логикалық қорытындылау заттар класы жөніндегі не гомологиялық қатарлар жайлы ұғымдарды қалыптастыруға неғұрлым жиі қолданылады.

























































«Абай атындағы қазақ орта мектебі» КММ

























Тақырыбы: «Пәнаралық байланыс ролі»











Мұғалім:Тоқтарбек Айгерім Тоқтарбекқызы













2018-2019 оқу жылы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
654
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12