жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Пәндік кеш 3 сынып Ең ақылды оқушы
«Бекітемін»
.................. Н. Жораев
Мақсаты: оқушылардың
білімдерін жан-жақты тексеру,пысықтау;ой-өрісін,танымдық
белсенділігін дамыту,түрлі пәнге қызығушылығын,шығармашылық
қабілеттерін аттыру;тапқырлыққа, жылдамдыққа баулу.
Түрі: зияткерлік ойын
Көрнекілігі: интерактивті тақта,әртүрлі
сұрақтар,тесттер
Барысы.
1-кезең «Тест
тапсырмалары»
2-кезең «Кім жылдам?»
3-кезең «Тапқыр болсаң талас жоқ»
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме,құрметті ұстаздар,қадірлі оқушылар!
Бүгінгі бастауыш сыныптар арасында өткізгелі отырған «Ең ақылды
оқушы»зияткерлік ойынына қош келдіңіздер!
Көңілді тапқыштар мен білгіштер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім біледі?Көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Білімімен сайысады ойыншылар,
Алға озар ең мықтысы осы жолы.
Көпшілік өнерлерін қызықтайық,
Сұрайық шығуларын жұрт алдына!
Сонымен қарсы алыңыздар: ең
ақылды оқушылар!
Оқушылар хормен:
Бастауышта оқимыз бәрімізде,
Достық сөзі әрқашан жанымызда.
Жарысуға өзіміз келіп тұрмыз,
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге.
Оқушы:
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар,
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар,
Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп,
Ойламаңдар «Қорқып бізден қашар» деп.
Дайынбысың жарысуға,достарым,
Көрсетіңдер өздеріңде қандай күш барын.
Біз ойынымызды бастаймыз.
Жүргізуші: Балалар, орындарыңа жайғаса қойыңдар.
Жалпы ойынның тәртібімен таныстырып өтейін.
Ойынға 10 ойыншы қатысады.
Ойын ережесі
Ойын 3 кезеңнен тұрады.
Ойынның 1-кезеңінде сендер білімнің әр алуан саласынан алынған
сұрақтарға жауап бересіңдер.
Әрбір сұрақтың жауабы сендер үшін 5 секунд уақыт
беріледі.
Барлығы тест түрінде сендерге
ортақ 20 сұрақ қойылады.
Әрбір сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
Ең көп ұпай жинаған 6 ойыншы келесі кезеңге өтеді.
Сонымен барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!
1-кезең «Тест
тапсырмалары»
1-кезеңде 10 ойыншыға экран арқылы 20 сұрақ қойылады.Әрбір ойыншы
дұрыс жауап нұсқасын көрсету керек.Ең көп ұпай жинаған 6 ойыншы
келесі кезеңге өтеді.
-
Сәкен Жүнісовтің «Кімнің мекені жақсы?» мәтініндегі «Өзі тар,өзі қараңғы,өзі қауіпсіз» ненің мекені? (ТЫШҚАН)
-
Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
-
Қалың киімді ұнады,шешіндірсең жылатады.(ПИЯЗ)
-
Жыртқыш құстарға қайсысы жатады? (БҮРКІТ)
-
Уақыттың өлшем бірлігі (САҒАТ,МИНУТ)
-
«Жаңбыр жаумаса-жер жетім» деп басталған шешендік сөзді кім айтқан? (ТӨЛЕ БИ)
-
Дауысты у дыбысы бар сөзді тап. (СУСЫН)
-
Телефонда 103-ті теріп қай қызметті шақыра болады? (ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ)
-
Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал (ТҰСБАҒАР)
-
«Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан» не? (ТҮЙЕ) -
Екі шеті тұықталған сызық. (КЕСІНДІ)
-
Шыншыл ертегілер тобына жататын ертегіні көрсет.(«БАЙЛЫҚ ПЕН АҚЫЛ)
-
Қай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? (КӨКЕК)
-
Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады? (ЖАПЫРАҚ)
-
Төмендегі жануарларпдың қайсысы қысқы ұйқыға кетеді? (АЮ)
-
Тұңғыш Президент күні қай күн? (1-ЖЕЛТОҚСАН)
-
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін кім жазған?(АБАЙ)
-
Ең үлкен бір таңбалы сан. (9)
-
Үш сомға бір қой сатып алған қай кейіпкер? (АЛДАРКӨСЕ)
-
Күні бойы тынбайды,
Дәмді тағам жинайды. (АРА)
Жүргізуші: Ойынға қатысып,бірақ 2кезеңге өте алмаған оқушыларға алғысымызды айтамыз. Ал келесі кезеңге өткен оқушыларға сәттілік тілейміз!
2-кезең «Кім жылдам?» ойыны
Ойынды ең ұпайы көп ойыншы
бастайды.
Экраннан 6 тақырып көрсетіледі.
1. Қазақ тілі
2. Математика
3.Дүниетану
4. «Кім тапқыр?»
5. «Мақал-сөздің мәйегі»
Әр ойыншы өзінің қалаған
тақырыбы бойынша берілген 1 минут ішінде экранда көрсетілген
сұрақтарға жауап қайтаруы керек.
Бұл кезеңде ұпайды көп жинаған 3 ойыншы келесі кезеңге
өтеді.
Қазақ тілі
1. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)
2. Дауыссыз дыбыстыр нешеге бөлінеді? (3)
3. Ұйқасын тап.
Сатып алдық кеше
Шай ішетін............... (кесе)
4. Заттың атын білдіретін
сөздерге қандай сұрақ қойылады? (Кім,не)
5. Батыр,ержүрек, батыл,ер.Бұлар қандай сөздер.(Мәндес)
6.Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді? (3)
7. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін не дейміз?
(Түбір)
8. Өзім сөзден тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын.(Сөйлем)
9. Отырды, жазды, ойнады күлді деген сөздер заттың несін білдіреді?
(Заттың қимылын)
10. Міне,нағыз жігіт! Қандай сөйлем? (Лепті сөйлем)
11. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны не дейміз? (Жұрнақ)
12. «Уақыт» сөзінде у қандай дыбыс?
(Дауыссыз)
Математика
-
Математикада неше амал бар? (4)
-
Барлық қабырғалары тең болатын геометриялық пішін (Шаршы)
-
Бұрыштары жоқ геометриялық пішін (Дөңгелек)
-
Сантиметр қай бірлікке жатады? (Ұзындық)
-
Төрт тышқанның құлағы нешеу? (8)
-
Қосындының компоненттерін ата. (Қосылғыш,қосылғыш, қосынды)
-
1 кг мақта , әлде 1 кг темір ауыр ма? (Екеуі тең)
-
Стол бетінің бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрышы қалады? (5)
-
Бір тәулікте неше сағат бар? (24)
-
Түзу сызық сызу үшін қолданатын оқу құралы? (Сызғыш)
-
1 ғасырда неше жыл бар? (100)
Дүниетану
-
Өсімдіктің топырақ арасындағы мүшесі қалай аталады? (тамыр)
-
Орман емшісі атанған құс? (тоқылдақ)
-
Жылдың неше мезгілі бар? (4 мезгіл)
-
Көкжиек тұстарын ата. (Солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс)
-
Табиғатта өздігінен тіршілік ететін жануарларды қалай атаймыз? (Жабайы жануарлар)
-
Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік қалай аталады? (көкжиек)
-
Түнде көзі жақсы көретін құс (жапалақ)
-
Үрленген шардың ішіңде не болады? (ауа)
-
Бақа жануарлар тобының қай түріне жатады? (қосмекенді)
-
Жердің өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ қабаты қалай аталады? (топырақ)
-
Бу қайдан пайда болады? (судан)
-
Сәбіз неше жылдық өсімдік? (2 жылдық)
«Кім тапқыр?»
-
Тұла бойы –ине,
Тұмсығында түйме. (кірпі)
-
Ақ көрпесін тұйықтап,
Қыстай жатыр ұйықтап. (қар)
-
Тілдерімен жүреді,
Уақытты біледі. (сағат)
-
Өртесең күймес,
Теңізге батуды білмес.(мұз)
-
Күндіз көрінбейді, түнде көлбейді. (жұлдыз)
-
Күнді жабады, жаңбыр болып жауады. (бұлт)
-
Сыртта қапырық болып тұр,
Үйде ол селкілдеп тоңып тұр. (тоңазытқыш)
-
Құйттай ғана бойы бар,
Кілем тоқыр ойы бар. (өрмекші)
-
Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұксайды. (үкі)
-
Жарқ етсе сабау қамшы,
Нөсерлетіп жауар қамшы. (найзағай)
-
Тал басында түндіксіз отау. (ұя)
-
Тарбаң-тарбаң тарбиған,
Түрі жаман барбиған. (бақа)
ІІІ-кезең «Тапқыр болсаң талас жоқ»
Финалда 3 ойыншығы жалпы сұрақтар қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі.
-
Аспанда құстар ұшып жүр: торғай, инелік, қарлығаш, шыбын, қарға, ара. Аспанда неше құс ұшып жүр? (3- торғай,қарлығаш,қарға)
-
«Кірпік қақпады» деген сөз тіркесінің мәнін түсіндір.
-
Бұлттан бөлініп жерге түсетін су тамшылары (жаңбыр)
-
Қалың ағаш өсетін жер қалай аталады? (орман)
-
Есеп-жұмбақ
Айдын көлге екі ақуу
Ұшып келіп қонысты.
Үш қаз және бір үйрек
Жүзіп жүрген жолықты.
Қарсы алуға оларды
Төрт балапан шығысты.
Жауабын тез айта салшы,
Барлық құс нешеу болысты? (10 құс)
-
Берілген сөз тіркесінің мәнін түсіндір.
Қол ұшын берді.
-
Қандай ұлттық ойындарды білесің? (Көкпар, асық, тоғызқұмалақ, алтыбақан, ақсүйек, теңге ілу)
-
Қырық өтірікті айтқан бала (Тазша бала)
-
Самаурындағы су қайнағанда азайып ортаяды. Неге?
-
Жұмбақ-есеп.
Шегірткелер он жеті,
Бірлесіп хорға ән салған.
Жетеуі оның кенеттен
Айырылады дауыстан.
Екеуі қайта қосылды
Бірлесіп ән салуға.
Есептеңдер енді тез,
Естиміз неше дауыст? (12 дауысты естиміз)
Қорытынды:
Ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады.
Марапаттау.
Тексерілді: Л.Алғазиева
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген