Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пәндік кеш 3 сынып Наурыз жыл басы

Материал туралы қысқаша түсінік
көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Мектеп директоры:

............................ Н. Жораев



Наурыз - жыл басы

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, ұлттық тағамдар, ұлттық бұйымдар, шарлар, гүлдер.

Өтілу барысы:

Мұғалім:

  • Армысыздар, ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміз асыға күткен

Наурыз мерекемізде келіп жетті. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Наурыз- «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – бізідің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы меркесі. 1989 жылы Наурыз мемлекеттік мереке болып жарияланды.

Сондықтан 22- наурыз – мереке думан күні. Наурыз мерекеміз құтты болсын. Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын.

-Келер күнге бар үмітті табынтып,

Бар халықты қуантатын бұл қай кез?

Хормен: Наурыз

Наурыз - көктем меркесі,

Наурыз - жыл басы.

Наурыз жаңа серпін жаңа леп.

Наурыз қуаныш мерекесі

Бақыт пен шаттық мерекесі.

Армысыздар халайық.

Бармысыздар халайық.

Наурыз мерекесін жұп жазбай

Жылда қарсы алайық.

Хор: «Қазақы дастарханым»

Айбар: Қыс өтіп қар кетті,

Жырлайық жаз жетті.

Мейрамы ежелден

Құтты болсын Наурыз!

Ерқанат: Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлар еліме,

Күлімде Наурыз, күлімде.

Абдуллаһ: Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Қуанышта ел енді.

Наурыз келді салтымыз,

Көгерсін деп халқымыз.

Көшеге тал егеді.

Наурыз тойы –береке,

Наурыз тойы –жыр аңыз.

Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

Жауқазындай жайқалған гүлдеріміз бар

Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз

Бақыт,шаттық , көңілге арман тілеп

Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз

Кім жеңеді жеңіске , үміт алда

Қобалжу бар, жүректе күдік бар да,

Қарсыластар бір-біріңе сәттілік тілеп

Жүректерге арман мен бақыт бақыт жолда,- дей отырып сайысымызды бастайық.

Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.

Руслан: Ақпан кетті араз боп Наурызбен,

Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.

Көктем жетті көрісіп жанын үзген

Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.

Азим: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірім танысын деп тасып өткен.

Наурыз сән-салтанат, ұлттық рух,

Бақытты Наурызы бар халқым неткен!

  1. Кезең: «Бәйге» / сұрақ-жауап/

Бұл кезеңде әр пәндер бойынша сұрақтар беріледі.

Дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріледі.

Сұрақтар: А

  1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері. / Тоқтар Әубәкіров /

  2. Абайдың шын есімі кім? / Ибрахим /

  3. Заттың атын білдіретін сөздер недеп аталады? /Зат есім/

  4. Әтеш екі аяғымен тұрғанда салмағы 4 кг. Ал бір аяғымен тұрғанда салмағы қанша: / 4кг /

  5. Ұя салмайтын құс /Көкек /

  6. «Кел, балалар оқылық!» өлеңінің авторы? / Ы.Алтынсарин /

  7. Қазақтың үш биі кімдер? / Төле, Қазыбек , Әйтеке/

  8. 1м-де неше сантиметр бар? / 100 сантиметр /

  9. Құлагер кімнің аты? / Ақан сері/

  10. Күн мен түн қай күні теңеледі? / 22 наурыз/

Б. 1. Көктем айлары: / наурыз, сәуір, мамыр /

2. Абайдың әжесінің есімі / Зере /

3. қимыл іс-әрекетті білдіретін сөз табы / Етістік/

4. 1 жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? /4 мин/

5. «Орман дәрігері» атанған құс /Тоқылдақ/

6. Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді: / Үшке: қатаң,ұяң,үнді/

7. Үш арсызда ата. / Тамақ, ұйқы, күлкі /

8. 1 ғасырда неше жыл бар? / 100 жыл /

9. «Ғылым таппай, мақтанба» өлеңінің авторы кім? /Абай /

10. 1м-де неше дециметр бар? / 10 дециметр /

С. 1. Адам өміріне қажетті бес жағдай? / ауа, тағам, жылу, жарық, су /

2. Абайдың анасының есімі / Ұлжан /

3. Заттың сынын білдіретін сөздер не дап аталады? / Сын есім /

4. Тұңғыш ғарышкерді ата. / Ю.Гагарин/

5. «Әнші құс» атанған құс / Бұлбұл /

6. Қазақ тілінде дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді. / Екіге: жуан, жіңішке/

7. Тірі табиғатты ата. / Адам, жануар, өсімдік /

8. 1 жылда неше ай бар? /12/

9. «Білім керек бәріне» өлеңінің авторы / Фариза Оңғарсынова /

10. 1дм-да неше сантиметр бар? /10 сантиметр /

Мирас: Наурызым ғажап туыпсың,

Ұлыстың ұлы күнісің.

Жылыттың жердің жүрегін,

Жүрегі елдің жылысын.

Дархан: Наурызым тойлы нұрлы күн,

Мерейің асып тұр бүгін.

Жерімнің жүзін жылыттың

Елімнің сақта бірлігін.

Диас: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,

Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.

Көк бөрілі байрағын желбіретіп,

Көк түріктер тойлаған Наурызым.

Диана: наурыз достық, наурыз күн,

Барша халық бірлігі.

Тағы келді Ұлыс күн,

Жалғасып ғалам тірлігі.

Зарина: Наурыз тойы береке,

Наурыз тойы жыр аңыз.

Қызық думан мереке,

Қызық думан құрамыз.

Айда: Наурыз келді өлкені гүлге бөлеп,

Наурыз тойы шалқуда бір керемет.

Ырыс-құтқа кенелсін ел мен жер деп,

Аппақ нұрын аямай тұр себелеп.

Нүргүл: Жақсылыққа бас болып,

Алдымызға ас болып

Келген Наурыз құт болсын,

Берері тағы мол болсын.

Айбота: Наурыз келді құт болып,

Мына сізге нұр болып.

Аққа аузымыз толады,

Бар жақсылық болады.

Айгерім: Салт –дәстүрім жарасса

Қайта түлеп жаңаша.

Жарыса өнер көрсетіп,

Той-тойлайық тамаша.

Тұсау кесу.

  • ............................... атты қызымызды ортаға шығарамыз, оның аяғына иірілген әртүрдегі жіпті байлаймыз.

Ортаға ....................................... және де ............................ атты қыздарымыз шығып тақпақтарын айта отырып ................................... тұсауын кеседі.

Диера: Қаза-қаз балам,қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейік,

Тұсауыңда кесейік.

Қаз-қаз балам қаз балам

Тақымыңды жаз балам.

Қадамыңа қарайық,

Басқаныңды санайық.

Аяулым Ш: қаз-қаз балам жүре ғой

Балтырыңды түре ғой

Озып бәйге ала ғой

Тәй- тәй балам тәй балам.

Аяулым Ө: Құтты болсын Наурыз тойы,

Барлық жанның орындалсын арман-ойы.

Тауық жылы құт береке әкеліп,

Еліміздің ұлассын тойға тойы.

Жібек: Наурыз құтты болсын ағаларға

Наурыз құтты болсын аналарға

Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи

Наурыз құтты болсын баршаңызға!

Мұғалім:

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
463
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12