жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Пәні: Әдебиеттік оқу Сыныбы: 4 сынып Тақырыбы: Табиғаттың суреті
Пән: Әдебиеттік оқу |
Мектеп: №15 гимназия |
|||||||||||||||
Күні: 31.01.2019 |
Мұғалімнің аты-жөні: Шымырқызы Мөлдір |
|||||||||||||||
Сынып: 4 «В» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||
Бөлім. |
Табиғат құбылыстары |
|||||||||||||||
58-сабақтың тақырыбы
|
Табиғаттың суреті Төлеген Айбергенов. «Пейзаж» Жүсіпбек Аймауытов. «Шөптегі шық» Сәбит Мұқанов. «Шыбынсыз жаз» |
|||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме |
1.5 – тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру; 2.7 – әдеби көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтау. |
|||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
4.1.4.2 – сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеоролик жасау; 4.2.7.1 – шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану. |
|||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар: оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, пікірін білдіреді. Көптеген оқушылар: шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды тауып, оларды қолданады. Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданып презентациялар жасайды. |
|||||||||||||||
Бағалау критерийлері:
|
Әдеби көркемдегіш құралды қолданады Көркем шығарманы иллюстрация нұсқасымен салыстырады |
|||||||||||||||
Құндылық |
Туған елдің көрікті жерлеріне деген қызығушылық. |
|||||||||||||||
Пәнаралақ байланыстар |
Дүниетану |
|||||||||||||||
АКТ-ны қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта, үнтаспа |
|||||||||||||||
Алдыңғы білім |
Мәтіннің түйінді ойын өмірмен байланыстыра алады. |
|||||||||||||||
Жоспар |
||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин |
Қызығушылықты ояту. (МК) «Миға шабуыл» әдісі бойынша «Шық» дегеніміз не, «Шыбынсыз жаз» дегенді қалай түсінесің? Оқушылар өздерінің ойларын ірікпестен ортаға салады. Барлық жауап қабылданады. Қажет болған жағдайда жауаптарын толықтыру. Шық – ауа температурасы 0С-қа шамалас кезде қалыптасатын атмосфералық ылғал. Негізінен түнде және таңертең топырақ бетінде, өсімдік үстінде, тағы басқа байқалады. Шық – ауаның күрт салқындауының нәтижесі. Шық әсіресе ауа райы ашық және самал жел ескен кезде көбірек жиналады. Шыбынсыз жаз. Жайлау – жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз болады. Күндіз ыстық, кешке тоңазыйтындай суық болады. Мұндайда маса, шыбын болмайды. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы суретті сипаттау, суретте берілген сәттің алдында және кейін не болып, не болатынын болжау, әңгіме тыңдауға қызығушылықтарын ояту және назарларын шоғырландыру мақсатында суретке қарап, қиял-ғажайып әңгіме құрастыру ұсынылады. Дескрипторы: Оқушылар бірлесе отырып оқулықта берілген суретті негізге алып, қиял-ғажайып әңгіме құрастырады. ҚБ: Өзара бағалау жүзеге асады. Сабақтың тақырыбын хабарлау, сабақ мақсатын оқушылармен талқылау. Жетістік критерийі:
|
Слайд
Оқулық
|
||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 мин |
Мағынаны тану. (Т) «Қойын дәптер» әдісі бойынша Жүсіпбек Амауытов пен Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады
(Ж) «Түсініп оқы» айдары бойынша әр оқушы «Шөптегі шық» мәтінін түсініп оқиды. Дескрипторы:
«Шыбынсыз жаз» мәтінін тыңдау.
(Т) «Орында» айдары бойынша Мәтіндерден табиғат көрінісін көркемдеп әсірелеп, берген тұсын табу. Дескрипторы:
2. Әңгімелеу барысында иллюстрацияны қолданады. ҚБ: «От шашу» әдісі арқылы жүзеге асыруға болады |
Сызба
Ақпарат жазылған жазба қағаздар
Үнтаспа
|
||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин |
Рефлексия. (Ж) «Қорытындыла» айдары бойынша жұмыс істейді. «Табиғатты аялаңдар!» тақырыбында топтар 1-топ мәтін, 2-топ хабарландыру, 3-топ иллюстрациялық суреттер салу, 4-топ жарнама, 5- топ хабарландыру жазады. Дескриптор:
«Қабырғадағы оқу» әдісі бойынша ұжымға жариялайды Үй тапсырмасы. Хрестоматиядан М. Әуезовтің «Жетім» әңгімесін оқып көр. «Тазалық» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты жүргізіледі.
|
Дескриптор жазылған жазба
Жұмыстар
Слайд
|
||||||||||||||
Қосымша мағлұматтар |
||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс |
||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асты ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||
|
||||||||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты): 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
||||||||||||||||
Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.
Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Құлболды бөлімінен шыққан.
Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.
1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.
«Қартқожа»,«Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар», Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» шығармалары жарық көрді.
Сәбит
Мұқанұлы Мұқанов (13
сәуір (26 сәуір) 1900,
Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі - 18
сәуір 1973,
Алматы) — қазақтың әйгілі жазушысы,
ақыны, қоғам
қайраткері,
Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі.
Өмірі мен шығармашылығы
Сәбит Мұқанов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар (бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі, Таузар болысына қарасты екінші ауыл) деген жерде кедей отбасында 13 сәуір (26 сәуір) 1900 жылы туған. Сәбит жеті жасқа келгенде әкесі – Мұқан, сегізге толғанда шешесі өледі де, Мұстафа деген ағасының қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді.
Жоқшылық зардабынан Сәбит әркімнің есігінде жүріп, отыншы, сушы, қойшы, жылқышы болып күн кешіреді. Тапқаны тамағына жетпей, мұқтаждық қолын байлаған ол – жасында оқи алмайды. Бірақ, оқысам, білсем деген арманы ойынан бір кеткен емес. Өз бетінше ұмтылып, ауыл молдаларынан хат таниды, 15 жасында қисса, дастандар оқи алатын халге жетеді.
Ол 1918 жылдың күзінде Омбықаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, онда бір жыл оқиды. Осы жылдары «Көңілім» (1917), «Зарығу» (1918), «Жоқшылыққа» (1918) өлеңдерін жазды, «Менің мектептерім» (1940), «Балуан Шолақ» (1941), «Жетім» әңгімесінің авторы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген