Ортаңғы (3 жастан бастап),
ересек (4 жастан бастап) жастағы топтарға арналған ҰОҚ
конспектісі
Тәрбиеші:Сыздықова
А.М
Өткізген
күні:18.05.21ж
Білім беру
саласы: «Таным»
Пән:Математика
негіздері,көркем
әдебиет.
Өтпелі
тақырып: Көктемгі
егістік
Тақырыбы: «Сыйқырлы
қорапша»
Мақсаты: геометриялық фигуралар туралы
білімді бекіту.Геометриялық
пішіндер,айналадағы заттардың көлемін,формасын түсін тікелей
бақылата отырып меңгерту, логикалық ойындар ойнату. Ертегі
кейіпкерлерін ажырата білу
Педагогикалық
технологиялар:
Сұрақ−жауап, көрініс, ертегі
кейіпкерлерін жандандыру.
Ресурстармен қамтамасыз
ету: Сыйқырлы қорапша ,пішіндердің
суреттері.дидактикалық ойындар
Билингвалдық
компонент:ұшбұрыш-триголник,шаршы-
квадрат,дөңгелек- круг.
Ұйымдастырылған оқу
қызметінің барысы:
Шаттық
шеңбер:
Қуанамын
менде
Қуанасын
сенде
Қуанабер
достарым
Арайлап атқан
күнге
Балалар қарандаршы мен
таңертен бала бақшаға келсем әдемі сыйқырлы қорапша тұр
екен.
Қане қарайықшы бұнда не
бар?
Қорапшаның ішін ашқанда
бауырсақ шығып әндете жөнеледі.
Бауырсақ
сөзі: Менің атым
бауырсақ.
Қаймаққа иледі, майға
пісірді.
Мен атадан, әжеден
кеттім.
Тыңдамадым атамды
Балалар мені
таныдындарма?
Тәрбиеші: Бауырсақ қай ертегінің
кейіпкері?
Балалар: Бауырсақ ертегісінің
кейіпкері.
Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі
қандай?
− Сары.
Тәрбиеші: Бауырсақтың пішіні
қандай?
−Дөңгелек.
Қоян: Ой, ненің тәтті иісі
шығып тұр. Манадан сонына келем.
Бауырсақ менім қарным аш сені
жимін
Тәрбиеші; Бауырсақты жемеші қоян сенің
барлық тапсырмаларынды балалармен бірге
орындаймыз.
Қоян; Балалар менің тұратын үйім
жоқ.(көнілсіз айтады)
Тәрбиеші: Біз саған көмектестік. Мынау
геометриялық пішіндер.
Балалар мынау қандай пішіндер,
сендер білесіңдер ме?
Балалар: Төртбұрыш (
оның төрт бұрышы бар).
Балалар мынау үшбұрыш ( оның
үш бұрышы бар).
Мынау шеңбер (ол дөңгелек болады)
Балалар қоянның үйін құрастыруға
көмектеседі.
Қоян: Балалар сендерге көп−көп рахмет.
Менің енді үйім болатын болды.
Рахмет мен енді өз жөнімен
кетейін.
Тәрбиеші: Қоян кеткен сияқты еді ғой. Ненің даусы
шығып жатыр.
(Аю келеді музыка
ойналады).
Аю: Ой мында балалар отыр ғой. Бауырсақ сенде
осыңда жүрсің бе?
Бауырсақ: Иә мен балаларға қонаққа келдім. Сенің неге
көңіл күйің жоқ.
Аю: Менім қарным аш көніл
күйім жоқ.
Д/О «Аңдар немен
қоректенеді»
Аю: Рахмет, балалар менім қарным тойды
көнілім көтерілді.
Сергіту сәті:
Бала, бала балапан
Кәне қайсы алақан
Саусақтары әйбат
Былай, былай ойнат.
Қорапшадан түлкі
шығады.
Түлкі: Мен бауырсақты
жеймін!
Тәрбиеші: Түлкі сен бауырсақты
жеме ,сен бізге тапсырма бер сол тапсырманы орындасақ бауырсақты
жемейсің ал орындай алмасақ жейсің.
Ойын: Шеңберге түстермен пішіндерді
салу.
Қандай түс шеңбер болады
балалар сол түске үшбұрыш қызыл шеңберге,көк дөңгелек терді
салады.
Балалар тапсырмаларды
орындайды.
Түлкі жақсы балалар
тапсырмаларды жақсы орындадыңдар бауырсақты
жемеймін.
Қортындылау
− Балалар бүгін біз
ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде не
істедік?
Қоянға
көмектестік.
Біз геометрилық пішіндерден үй
жасадық .
Аюды
тамақтандырдық.
Шеңберге пішіндерді
салдық
Сыйқырлы қорапшадан бауырсақ
алып балаларға тарату.