Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып геометрия. Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Бекітемін :

Бөлім:

Түзулердің өзара орналасуы

Педагогтің Аты; Тегі; Әкесінің аты бар болса):


Пән/Сынып:

7 сынып

Күні:


Сабақтың тақырыбы:

Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7.1.2.3

екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштарды танып білу;

Сабақтың мақсаттары:




Құндылықтарды дарыту:

Параллель түзулер белгілерін ажырату

Параллельдік белгілерін есептер шығаруда қолдану. Параллельдік белгілерін дәлелдеп түсіндіру

Ынтымақ пен бірлікке үйрету

Сабақ барысы:

Уақыты

Кезең дері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

5 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсіздерме!

Бүгін, Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері тақырыбын қарастырамыз

Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз: -екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштардың атаулары;

  • -түзулердің параллельдік белгілері.

  • -түзулердің параллельдік белгілерін есептер шығаруда қолдану.

"Миға шабуыл" әдісі

1. Үшбұрыш дегеніміз не?

2. Үшбұрыштың элементтерін ата?

3. Үшбұрыштың периметрі дегеніміз не?

4. Үшбұрыштың биссектрисасы дегеніміз не?

5. Үшбұрыштың медианасы дегеніміз не?

6. Үшбұрыш биіктігі дегеніміз не?

Үйге тапсырмасын тексеру. №5, №6 /есептер жинағынан/




Сұрақтарға жауап береді



белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»




Оқу құралдары; оқулық; слайд; бағалау парақтары










Презентация

15 мин

Жаңа сабақ

Видеотүсіндіру.

a және b түзулерін қиюшы деп аталатын үшінші c түзуімен қиғанда 8 бұрыш пайда болады.

Пайда болған бұрыштардың кейбір жұптарының арнайы аттары бар:

  • 3 және 5, 4 және 6 – ішкі айқыш бұрыштар;

  • 1 және 7, 2 және 8 – сыртқы айқыш бұрыштар;

  • 3 және 6, 4 және 5 – ішкі тұстас бұрыштар;

  • 2 және 7, 1 және 8 – сыртқы тұстас бұрыштар;

  • 1 және 5, 2 және 6, 3 және 7, 4 және 8 – сәйкес бұрыштар.

Түзулердің параллельдік белгілері

Түзулердің параллельдігінің бірінші белгісі. Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған айқыш бұрыштар тең болса, онда бұл екі түзу параллель болады.

⠀⠀Берілгені: a және b – берілген түзулер, AB – қиюшы, 1 = 2.

Дәлелдеу керек: a  b.

Түзулердің параллельдігінің екінші белгісі. Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған сәйкес бұрыштар тең болса, онда бұл екі түзу параллель болады.

Түзулердің параллельдігінің үшінші белгісі. Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы 180°-қа тең болса, онда бұл екі түзу параллель болады.














Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады












Дескриптор:

-Түзулердің параллельдік белгілерін біледі

- Теореманы дәлелдейді


- Сызбасы





Интернет ресурстары

10

минут




















Бекіту тапсырмасы

Тапсырма №1.Сәйкес қабырғалары бірдей немесе қарама-қарсы бағытталған екі бұрыш тең болады. Параллель түзу салу, оны қандай да бір түзумен қияды, пайда болған бұрыштарды нөмірлейді. Айқыш, сәйкес, тұстас бұрыштарды ажыратады.

2. Екі параллель түзу үшінші түзумен қиылысады. Ішкі бұрыштардың бірі мен оған вертикаль бұрыштың қосындысы 2400-қа тең. Берілген бұрышқа сәйкес бұрышты табыңдар.

1.Параллель түзулер сызып, оларды белгіле.

2. Жердің Меридиандары мен параллельдері қиылысқанда, қандай түзулер пайда болады?

1. Сызғышты және үшбұрышты пайдаланып, ұзындығы 3,6 см-ге тең кесінді сызып, оған оның ортасы арқылы ұзындығы 4 см-ге тең перпендикуляр жүргізіңдер.

2. Бір-бірімен әрі параллель әрі перпендикуляр болатын үш түзу сызыңдар

3. Оқулықпен жұмыс. №3.1


Берілген тапсырмаларды орындайды.






Жауабы. 1200




Білім алушы берілген дескрипторға сәйкес тапсырмаларды орындайды.


Оқулықтан тақырыпқа қатысты есептерді шығарады.




Дескриптор:

Білім алушы

- Айқыш бұрыштарды жазады.

-Сәйкес бұрыштарды жазады.

-Тұстас бұрыштарды жазады.











Слайд



Жалпы білім беретін мектептің 7–сыныбына арналған оқулық.

Оқулық авторлары: Ә.Н.Шыныбеков, Д.Ә.Шыныбеков

Алматы «Атамұра» баспасы 2017 жыл




«Топтық әңгіме» әдісі


I

1.Параллель түзулер сызып, оларды белгіле.

2 Жердің Меридиандары мен параллельдері қиылысқанда, қандай

түзулер пайда болады?

II

1 Сызғышты және үшбұрышты пайдаланып, ұзындығы 3,6 см-ге тең

кесінді сызып, оған оның ортасы арқылы ұзындығы 4 см-ге тең

перпендикуляр жүргізіңдер.

2 Бір-бірімен әрі параллель әрі перпендикуляр болатын үш түзу

сызыңдар.


III

1 Түзу сызыңдар. Оны в деп белгілеңдер. Осы түзуде жататын В

нүктесін белгілеңдер. Сызғыш пен үшбұрышты сызғышты

пайдаланып, В нүктесі арқылы өтетін в түзуіне перпендикуляр

болатын а түзуін салыңдар

Дескриптор:


- Параллель түзулердің қасиеттерін дәлелдейді; 1-балл

- Қилысқан түзулер анықтайды; 1-балл


Бағалау:

Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады

ДК экраны


Сұрақтар топтамасы.


Оқулық 7-сынып

10мин

Жеке жұмыс

Оқулықтан оқушылардың орындайтын тапсырмалары



5 минут








Жаңа білімді бекіту кезеңі (сұрақтар қойылады және оқушы білімі бағаланады)

  1. Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?

  2. Параллельдік аксиомасы дегеніміз не?

  3. Берілген түзуден тыс жатқан нүкте арқылы түзуге параллель неше түзу жүргізуге болады?

Бүгінгі сабақта: - екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштардың атауларын біледі

  • -түзулердің параллельдік белгілерін біледі

  • -түзулердің параллельдік белгілерін есептер шығаруда қолданады.

Кері байланыс

Білемін

Білдім

Білгім келеді





Үйге тапсырма.№15.5, 15.6, 15.7







Дескриптор:


- Параллель түзулердің қасиеттерін дәлелдейді; 1-балл

- Қилысқан түзулер анықтайды; 1-балл


Тақтаға шыққан оқушыларды белсенділігіне қарай бағалайды

оқу құралдары; оқулық






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2025
213
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі