400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу мақсаты 7.1.2.4 түзулердің параллельдік белгілерін дәлелдеу 7.1.2.5 түзулердің параллельдік белгілерін есептер шығаруда қолдану Сабақтың мақсаты 1.түзулердің параллельдік белгілерін дәлелдеу; 2.түзулердің параллельдік белгілерін есептер шығаруда қолдану; 3.түзулердің параллельдік белгілеріне есептер құрастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Түзулердің өзара орналасуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Есенкелді Қалман

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Параллель түзулер, олардың белгілері және қасиеттері

Оқу мақсаты

7.1.2.4 түзулердің параллельдік белгілерін дәлелдеу

7.1.2.5 түзулердің параллельдік белгілерін есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

1.түзулердің параллельдік белгілерін дәлелдеу;

2.түзулердің параллельдік белгілерін есептер шығаруда қолдану;

3.түзулердің параллельдік белгілеріне есептер құрастыру.

Бағалау критерийлері

-түзулердің параллельдігін дәлелдейді

-түзулердің параллельдік белгілерін қолданып, есептер шығарады

-түзулердің параллельдік белгілеріне есептер құрастырады.

Тілдік мақсаттар


Бөлім бойынша оқыту, оқытудың тілдік: параллель түзулердің белгілерін қолданып есептер шығарады, теоремаларды дәлелдеу мен есеп шығаруды түсіндіреді

Бөлім бойынша лексика және терминология: « ішкі айқыш бұрыштар», «ішкі тұстас бұрыштар», «сәйкес бұрыштар», «паралелль»

Диалогқа/ жазылымға қажетті тіркестер: екі параллель түзулерді қиюшы арқылы қиғанда ... пайда болады; егер ішкі айқыш бұрыштар ... ;егер ішкі тұстас бұрыштардың қосындысы ... ;егер сәйкес бұрыштар

Құндылықтарға баулу




Топтық жұмыста өзара ынтымақтастыққа жұмыс жасай отырып Қоғамдағы ұлттық бірлікке, оқушылардың бойында тарихтың, мәдениеттің біртұтастығы қасиеттерін тапсырмада қолдану арқылы баулиды.

Пәнаралық байланыс

Алгебра пәнімен байланыс,сызудың техникалары олардың рәсімдеу ережелерінің паралелль түзулер, перпендикуляр түзулер

Алдыңғы білім


7.1.2.3 екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштарды танып білу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыу кезеңі:

Сәлемдесу

Психологиялық ахуал, «1,2,3,4 санақ» тәсілі арқылы сыныпты топқа бөлемін.

«Айырмашылығы неде?» әдісі

Өткен тақырыпқа қатысты сызбалар арқылы жаңа тақырыптың мақсатымен таныстыру.

Әуен,слайд

Сабақтың ортасы

1-тапсырма. «Джигсо» әдісі мәтінмен жұмыс істей отыра, берілген мәтінді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Бірінші белгі:Егер екі түзудің әрқайсысы үшінші бір түзуге паралелль болса, онда бұл екі түзу өзара паралелль болады.

Екінші белгі: Егер екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде айқыш бұрыштары тең болса, онда берілген екі түзу өзара паралелль болады.

Үшінші белгі: Егер екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде сәйкес бұрыштары тең болса, онда берілген екі түзу өзара паралелль болады.

Төртінші белгі: Егер екі түзуді үшінші түзу қиып өткенде тұтас бұрыштардың қосындысы 180 0 – қа тең болса, онда берілген екі түзу өзара паралелль болады.

ҚБ «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар тақырыпты түсінгенін білдіреді.

Саралау. «Қарқын» тәсілі арқылы. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.


2-тапсырма « Ақылдың алты қалпағы» әдісі

мәселені барынша мұқият талқылап, баланың жалпы ойлау қызметін жетілдіру үшін мақсатында қолданамын.

Есепті шығарыңыз:

Суретте AB=BC, EC=ED болса, AB мен ED түзулерінің параллельдігін дәлелдеңіз.



Picture 70 Бағалау критерийі: түзулердің параллельдігін дәлелдейді

Дескриптор

- тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін пайдаланады;

- вертикаль бұрыштардың теңдігін қолданады;

- ішкі айқыш бұрыштардың теңдігін пайдаланады;

- түзулердің параллельдігін дәлелдейді.

ҚБ. «Сыныптастарды бағалау» әдісі арқылы оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Саралау. «Қарқын» тәсілі арқылы. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.


Екі параллель түзуді қиюшымен қиғанда шыққан бұрыштардың бірі 770. Қалған бұрыштарды табыңыз. (Сызбасын салып көрсетіңіз).

Бағалау критерийі: түзулердің параллельдік белгілерін қолданып, есептер шығарады

Дескриптор

- сызбасын салады;

- түзулердің параллельдік белгілерін қолданады;

- қалған бұрыштардың мәндерін табады.


ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

3- тапсырма.

Қазақстан Республикасы мен Астана қаласының 2000 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі халық санының өсу диаграммасын сызып, өсудің қай жылдарын параллель түзулер арқылы көрсетуге болады.


Бағалау критерийі: түзулердің параллельдік белгілеріне есептер құрастырады.

Дескриптор

- халық санын анықтайды, диаграммаларды сызады;

- диаграммаларды салыстырады;

-паралелль кесінділерді көрсетіп тұжырымдайды.

Сергіту сәті: «Қаншайым, самурай, айдаһар» әдісімен оқушыларды

Сызбалар ,таратпалар

Сабақтың соңы


Рефлексия: БББ әдісімен

«Бес қадам»

Жетекші сұрақтар:

1.Өтілген белгілер не туралы?

2.Түзулердің паралелль белгілері нешеу?

3.Тұтас бұрыштардың қрсындысы неше градус?

4.Екі түзуді үшінші түзу қиғанда қандай шарттар орындалады?

5.Тұтас бұрыштар туралы не айтуға болады?





Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Диалог және қолдау көрсету

  • Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.

  • Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл атқарады.

Қорытынды

  • Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады.




«Екі жұлдыз бір тілек», «Бас бармақ »


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
6063
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі