Материалдар / пастелмен сурет салу

пастелмен сурет салу

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2019
805
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: Тобы:Тақырыбы: Пастелмен жұмыс жасауМақсаты: Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын түрлі-түсті бояулар арқылы арттыра түсу, бояулардың қаншалықты қажет екенін түсіндіре отырып, одан әрі ой салу.Білімділік: Пастельмен жұмыс істеу тәсілдерін оқушыларға меңгерте  отырып, олардың түс үйлесімділігін табу.Дамытушылық: Оқушылардың еске сақтау қабілетін, көру қабілетін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.Тәрбиелілік:   Оқушыларды өзін-өзі бақылауға, бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Түрі: Жаңа сабақӘдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, сарамандық жұмыс, сергіту т.б Көрнекілігі: Презентация, бейнеролик, табиғат көріністері, қағаз, қарындаш, өшіргіш, пастель бояуы т.б
  • Ұйымдастыру кезеңі.
- Қайырлы күн, оқушылар! Көңіл күйлерің қалай? Бүгінгі сабаққа дайынсыңдар ма? Жарайсыңдар! (оқушыларға үйірменің төсбелгісі тағылады) Сабағымызды бастамас бұрын, өткен сабақты есімізге түсірейік.II. Өткен сабақты пысықтау.Сұрақ-жауап.
  • Суға тез еритін, түссіз желімдерге жұғыстырылған, сұлу бояуды білесіз бе? (Акварель)
  • Негізгі үш түсті ата? (қызыл, сары, көк).
  • Қарындашпен жұмыс жасағанда өшіргішті қолданамыз ба? (Аз қолдануға тура келеді).
  • Графиканың тамаша құралын атаңыз. (Түрлі-түсті қарындаштар).
III. Жаңа сабақ. Көркем өнердегі «пастель» сөзінің ұғымы Италияның “pasta” деген сөзінен алынып, «қамыр» деген мағынаны білдіреді. Пигменттің түрлі-түсті ұнтақтарын бор мен шайырдың қосындысын араластырып, илеп, арнайы қамыр жасайды. Сосын осы қамырдан жұмыр таяқшалар жасап, оны кептіреді. Пастель бояуы қарындаштар тобына жатады. Пастель бояуымен жұмыс жасау ежелден белгілі болған. Пастель бояуымен орындалған жұмыс өте ұзақ уақыт бойы сақталып, күн сәулесіне төзімді келеді. Пастель фактурасымен ерекшеленеді. Сұйық бояулардан айырмашылығы, өз түсін мүлдем өзгертпейді. Пастель бояу ұнтағын ұстап қалуға бұдыр немесе түкті негізді талап етеді. Пастельдің жалғыз кемшілігі, ол негізге нашар жұғып, нашар жабысады. Оны папкада сақтауға болмайды. Пастель жұмысты сақтау үшін шыны астына орналастыру керек.  Пастельдің 2 негізгі түрі бар: қатты және жұмсақ.   Жұмсақ пастель негізінен таза пигменттен тұрады. Пастель бояуы кескіндемедегі сияқты әр түрлі реңктердің жарасымдылығында жасалатын көркем жұмыс. Пастель жұмыстары өңдерінің ерекше жұмсақтығымен және нәзіктігімен, барқыт сықылды фактурасымен ерекшеленеді. Көптеген сұйық бояулардан айырмашылығы, ол өз түсін мүлдем өзгертпейді: суретші оны қалай жақса, солай болып қалады. Пастельдің жұмсақ таяқшаларымен жұмыс істеу бояу ұнтағын ұстап қалуға қабілетті бұдыр немесе түкті негізді талап етеді. Көне заманда суретшілер пастельмен жұмысты табиғи күдеріге жасады. Пастельдің өзіндік ерекшелігі мынада: бұл материал бір мезгілде әрі кескіндемелік, әрі суреттік материал болып есептеледі Пастельмен жұмыс істеу техникасын үйренуді әр түрлі табиғат көріністерінен этюд жасаудан бастаған жөн. Сарамандық жұмыс: (Қауіпсіздің ережесі)
  • Мұғалімнің рұқсатынсыз жұмысты бастау
  • Жұмыс үстелімізді таза ұстау
  • Арнайы киім
  • Мұғалімнің рұқсатынсыз құралдарды пайдаланбау
  • Пастель бояуларын ауызға салмау керек
  • Жұмыс аяқтаған соң қолды мұхият жуу қажет.
Қажетті құралдар: А3 формат, пастель бояулары, қарындаш, өшіргіш т.б Сурет салу 3 кезеңнен тұрады1 кезең. Ең алдымен көкжиек сызығын көлденең жүргіземіз. Төмені бөлігі жер болып саналады.2 кезең. Суреттегі көріністерді, ондағы пішіндері бейнелейміз. 3 кезең. Суретімізді форматымызға орналастырып болған соң, суретіміздің түстік шешімін табамыз. Түстік шеңберді есімізге түсірейік (түстік шеңбер көрсетіледі)Сергіту: «Кемпірқосақ» ойыныБекіту.
  • Пастель ұғымы Италияның “pasta” сөзінен алынған, ал қазақша баламасы қалай аталады?
  • Пастель бояуының қанша түрі бар?
  • Пастель бояуы қалай жасалады?
  • Пастель жұмысын сақтаудың бірден-бір сенімді тәсілі қандай?


Қорытынды. «Галереяны шарлау» әдісімен оқушылар салған жұмыстарын ортаға салып, қателіктеріне қарап, келесіде қателеспеуге үйренеді. Ұнаған жұмыстарын айтады, балалармен бірге талдау жүргізу.Жоғарыда айтып өткендей, пастель түрлі-түсті бояу. Біз осы пастельмен жұмыс жасап үйрендік десек те болады. Әрине, бұл өнердің тағы бір қыры.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ