400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пәтер іздеп жүредік

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Заман шындығы

Мектеп:

Сынып: 11 ЖМБ

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Е.Әбікенұлының «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінің тарихи және көркемдік құндылығы

Оқу мақсаттары

11.2.1.1 - әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау;

11.3.1.1 - шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

Сабақтың мақсаты

Ерболат Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесінің жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау, шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

Бағалау критерийлері

  • Жанрлық ерекшелікті анықтайды;

  • Шығарманы өзге жанрлармен салыстырады;

  • шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырады;

  • тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Талдау, жинақтау

Құндылықтарды дарыту

Зайырлы қоғам және жоғары руханият (3-құндылық)

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика және терминология:

Менің ойымша.....Мен келісемін… Мен келіспеймін…

Пәнаралық байланыс

Тарих, психология

Алдыңғы білім

«Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.

ІІ.Қызығыушылықты ояту.

«Жетім бұрыш» дегенді қалай түсінесіз?

Елімізде 2,5 миллион қазақ баспанаға зәру. Демек, 2,5 миллион адам Қазақстанда  "квартирант" болып жүр.  Бұл - Қазақстан халқының 14 пайызы.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.

Оқушылар сабаққа аударады.

Қалыптастырушы бағалаулар


ҚБ




Сабақтың ортасы











10+6 минут










14 минут








ІІІ. Мағынаны тану.

Баяғыда Жиренше шешен салтанатты хан сарайынан қырық жамау лашығына оралғанда «Қайран менің өз үйім – кең сарайдай боз үйім» деп масаттанады екен. «Өз үйің – өлең төсегің». Алайда, бүгінгі Жиренше шешеннің ұрпағы «кең сарайдай боз үйге» емес, шағын баспанаға жете алмай, бас ауыртып жүр. Ауылдан келген қазақты жатырқаудың басы да осы баспана төңірегінен басталады.

Тапсырма. «515» әдісі

Сипаттамасы: Оқушылар әңгіме бойынша 5 минутта 1мәселе бойынша 15 идея айтуы тиіс.Спикер топтың идеяларын жазып алып, үлкен топқа таныстырады. Бұдан әрі айтылған идеялар негізінде топтық талқылау жүргізеді.

Дескриптор:

  • Оқушылар әңгіме бойынша 5 минутта 1мәселе бойынша 15 идея айтады;

  • топтың идеяларын жазып алып, үлкен топқа таныстырады;

  • идеялар негізінде топтық талқылау жүргізеді.

Тапсырма. SWOT-ТАЛДАУ

Оқушыларға салыстыру мақсатында

    1. топқа Жеңіс Есейұлының «Пәтерақы уақтылы бер, сұратпа!» өлеңі

3-4 топқа « Пәтер іздеп жүр едік...» әңгімесі беріледі.

Екі шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстырады.

Поэзия жанры

Проза жанры

жанры

жанры

түрі

түрі

формасы

формасы

Тақырыбы

Тақырыбы

Идеясы

Идеясы

Автор қолданысы

Автор қолданысы

Дескриптор:

  • Шығарманың жанрын анықтайды;

  • Туындының жанрлық ерекшелігін талдайды;

  • Тақырыбын, идеясын ажыратады;

  • Автор қолданысын түсінеді.

Бекіту тапсырмасы

«Төрт сөйлем» әдісі арқылы келесі сұраққа жауап беріңіз:

Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығы неде?

Менің ойымша...

Себебі, мен оны мен былай түсіндіремін...

Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...

Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...

Дескриптор:

  • Шығарманың тарихи құндылығын анықтайды;

  • Шығарманың көркемдік құндылығын анықтайды;

  • Қорытынды шығарады.







Оқушылар әңгіме бойынша 5 минутта 1мәселе бойынша 15 идея айтуы тиіс.











ҚБ





























ҚБ










ҚБ





Жаңа материалды бекіту

5 минут

Ойтолғаныс

Қазақстандағы баспанасыздар саны күн санап артып келеді. Бұл мәселе түбегейлі шешілуі мүмкін ба?

«Қолжетімді баспана» расымен де қолжетімді ма?


Сабақтың соңы


Кері байланыс «3-2-1»

Сабақта алған 3 маңызды ақпарат

Қиындық келтірген 2 мәселе

Сабақта ұнаған 1 аспект


Үй тапсырмасы

Тұрғын үй бағдарламасының маңызы мен мақсаты



Сабақ бойынша рефлексия

Сабаққа рефлексия жасау кезінде берілген сұрақтарға жауап беруге тырысыңыз. Сұрақтың құрылымын жабасаңыз болады.

  1. Оқушылардың барлығы оқу мақсатына жетті ме? Жетпесе, неліктен?

  2. Қолданылған дифференциация сабақтың мақсатына жетуге қалай ықпал етті?

  3. Сабақ кезеңдері уақытқа сай жүзеге асты ма?

  4. Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды? Неліктен?

  5. Сабақты жақсартуда не ықпал етер еді (оқыту мен оқу туралы ойланыңыз)?

 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
20.11.2023
998
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі