Патриотизм-бұл ата-анаңды құрметтей білуің

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Патриотизм-бұл ата-анаңды құрметтей білуің

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл-тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

АҚСУКЕНТ ГУМАНИТАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ








07150500 - «Дәнекерлеу ісі» мамандығы

Д-241/2 1- курс тобы





Тәрбие сағат

Тақырып: «Патриотизм-бұл ата-анаңды құрметтей білуің»




«Әзірлеген»

Д-241/2 тобының жетекшісі

_______________М.Мирзахматова

«___»____________2025 жыл



«Келісілді»

Директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

_______________ Наурузова.С













АҚСУКЕНТ ГУМАНИТАРЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Д-241/2 топ студентермен өткізілген тәрбие сағаттың

Баяндамасы


Қатысқандар: Д-241/2 топ студенттері

Күн тәртібі:

Сабақтың тақырыбы: «Патриотизм бұл-ата-анаңды құрметтей білуің»

Мақсаты:Елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер аға-апалардың ерлігін үлгі ету,ата-ананы құрметтеуге,оларды қадірлеуге және бағалауға үйрету.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Өз бойымызда және бабаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек». Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады», - деген сөзінің өзі «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен дәлме-дәл келгендей. Қазақстандық патриотизмнің негізі – ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз - ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады. Осыған орай бүгінгі кешімізді 3 кезеңге бөліп отырмыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың кезеңдері: 1. Ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз-ертегілер, жырлар сыр шертеді (сұрақ-жауап) 2. Негізгі ұғымдармен жұмыс 3. Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері – Қазақстандық батырлардың ерліктері... Алғашқы кезең. Ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз-ертегілер, жырлар сыр шертеді (сұрақ-жауап) 1. «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» өлеңінің авторы кім? (Жұбан Молдағалиев). Міне керемет,бұл өлеңнің тарихы өте жақсы қазақтың қазақ екенін білдіреді.Олай болса келген қонақтарға осы өлеңнің бірер шумақ аитып жіберсеңіз. 2. Қазақтың ұлттық оййындарын ата? (Ханталапай, қыз қуу, бәйге, аламан күрес, көкпар, тоғызқұмалақ, асық) 3. Қазағымыздың әйгілі үш данасын кім біледі? (Абай, Шоқан, Ыбырай) 4. Қасиетті киіз үйдің құрылысы (шаңырақ, уық, кереге, иіні, түндік, туырлық т.б.) 5. Қазақтың ұлттық аспаптарын ата (Домбыра, қобыз, сазсырнай, дауылпаз, жетіген) Ия дұрыс достар, соның ішіндегі домбыра – сан ғасырлардан бері қазақтың сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра демекші Жанаман ұлдарыңыздың қолынан қасиетті домбыраның үнін тыңдайық. Күй «Адай» 6. Қазақтың үш биін ата (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) 7. Мақал, мәтел халықтың барлық өмір тәжірибелерін үлгілі, қысқа түрде айтады. Туған жер, отан, еңбек туралы қандай мақал – мәтелдер білесіздер? («Еңбек түбі-мереке», «Ат-ер қанаты», «Еңбегі аздың – өнбегі аз», «Туған жердің тауы ыстық», «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі», «Елін сүйген ер болар» т.б.) 8. Батырлар жырын тудыратын халық десек, батырлардың халықтық сипаттары қандай болған? (Олар халықты езушілерге қарсы күрес жүргізеді, еңбек адамын азаптан, құлдықтан, ауыр өмірден құтқару үшін халықты бақытқа жеткізу үшін әрекет етеді) 9. Батырлар туралы қандай жырларды білесіз? («Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ертарғын батыр», «Қамбар батыр», «Ертөстік»). 10. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін атаңыз (беташар, жар-жар, түйемұрындық (ғұрып), өңір салу (дәстүр), шаңырақ көтеру (салт), қыз ұзату (салт, той), тұсау кесу, бесікке салу, тілашар, асату, қазан шегелеу т.б. )Патриотизмі жоқ халық-ешқашан дамымайды,дамудан артта қалады,мемлекет құрдымға кетеді.Мемлекетті құрдымға кетірмеу үшін ел азаматтары ерлік көрсете білуі керек,батыр және қайсар болып өсіп,дамуы керек.Жастайынан жақсы тәрбиелеп,батырлық жырларын миына құю керек.Сонда ғана болашағы зор мемлекет қалыптасады,себебі,батыр да қайсар азаматтары көп болады.Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, әрбір азаматтың мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау; - отаншылдық патриотизм – бұл елдікті, мемлекеттілікті саналы түрде сезіну. Мәселен, кез келген адамның өзі туып-өскен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отанының мүддесін ойлау, туған жеріне деген адалдық, өз елінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени саладағы жетістіктерін мақтан ету, өз Отанының бостандығы мен Тәуелсіздігін қорғау, ата-бабаларың мен Отанының тарихына құрметпен қарау, сондай-ақ, өзіңнің табанақы, маңдай теріңді туған еліңнің гүлденуіне арнау – бұлардың да қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне сияды. - әскери патриоттық тәрбие – жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және дене бітімі жағынан даярлау болып табылады. Әрбір жасөспірім жасынан «Қазақстан – менің Отаным», «Ол мен үшін жауапты болғаны сияқты мен де ол үшін жауаптымын» - деген қарапайым ойды меңгеруі керек. Әскери-патриоттық тәрбие – жас өренді Отанды қорғауға ұдайы әзір болуға моральдық және дене бітімі жағынан даярлау болып табылады



Ақсукент гуманитарлық техникалық колледжі

«Патриотизмі жоқ халық-жаны жоқ тәнмен тең»

Хаттама№


Күні « » 2025 ж. Ақсукент ауылы

Уақыты: 09:00

Өткізілу орны: колледж аудиториясында

Қатысқандар: Д-241/2 тобының студенттері


Мақсаты:Студент ерді Отанды сүюге,ана жердің топырағын қадірлеуге және

Міндеттері: қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың Қазақстандық Патриотизм жайындағы білімдерін одан әрі дамытуға көмектесу, өз беттерінше білімдерін, шығармашылық әрекеттерін дамытуға жағдай жасау.

Тәрбиелік: қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.

Нәтижесі Жастардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастырып, Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру қажеттілігін түсінеді.


Топ жетекшісі: Мирзахматова М

Хатшы: Назаркулова Д



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.06.2025
137
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі