400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Патриоттық әндер байқауы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Патриоттық әндер Сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Патриоттық әндер» байқауының сценарийі

Мақсаты:

а) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

б) Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру.


Жүргізуші:

Армысыздар! Бүгінгі еңсесі биік егемен елдің жарқын болашағының үмітін ақтар жас ұрпақ.

Қазақстан – бүгін міне, достықтың туын тіккен жер!Көп ұлттардың бір кісідей маңдай терін төккен жер! Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз.


Сіздердің назарларыңызға мектеп оқушылары арасында өткелі отырған «Патриоттық әндер» байқауына қош келдіңіздер! Бүгінгі байқауымызды ашық деп жариялаймыз! ҚР Әнұраны орындалады.


Жүргізуші: Байқау шарты бойынша оқушылар «Отан», «Туған жер», «Елтаңба», «Ту» тақырыбында ән шырқаулары керек және сахна мәдениеті, орындалатын әнге байланысты киім үлгісі қаралады. Байқау жеңімпаздары әділ қазылар алқасы арасындағы келісім бойынша анықталады. Енді әділ қазылар алқасымен таныс болайық!

1. Әділ – қазылар алқасының төрайымы – Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шинбаева Салтанат

2. Мәдени шаралар жөніндегі орынбасары Қарғынбаева Баян

3. Музыка пәнінің мұғалімі Тлебаева Гүлсара


Жүргізуші: Қазақстаның көк байрақты нұрлы елім,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім,

Өзің менің қуынышым,бақытым

Өзің менің тынысым да тірегім Сіздердің алдарыңызда әнші қызымыз Искендир Асияны «Астана» әнімен қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Мерейім - нұрлана бер азат Күнім!

Көрдік біз бұл бақыттың азаттығын,

Таңымды тамылжытқан әсем әнмен

Тыңдаңыз елін сүйген жастар үнін! Бүгінгі сайысқа қатысушы үміткерлерімізді ортаға шақырамыз. _______________ «_________________» әнімен қарсы алыңыздар.


Жүргізуші: Ел тұрады шаттық, қойып көңілге

Жарқырайды Елтаңбаң да төріңде

Ірге тасын жатыр берік қаланып

Бетті бұрдық алға-жарқын өмірге! Жолмамбет Диасты «____________» әнімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар.


Жүргізуші: Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағының бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім! ________ орындауында «______________» әнін қабыл алыңыздар.


Жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман , жасыл жайлау, көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан –елім менің Ортаға ______________ шақырамыз. «________________» әні. Қабыл алыңыздар!


Жүргізуші: Аман боп халқымыз мәңгілік,

Жүрейік достықта сән құрып.

Бірлік пен ынтымақ нығайса,

Атады әрқашан таң күліп. Ортаға ____________________ «__________» әнімен қарсы алайық.


Жүргізуші: Көк байрағым желбірейді елімде,

Қалықтасын қыран құсы көгімде.

Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,

Әуелесін Қазақстан жерінде ______________ «___________» әнімен қарсы алайық.


Жүргізуші: Астанам –нұрлы астанам, Гүл жайнаған жас қалам Егеменді елімді Болашаққа бастаған.


Жүргізуші:Бүгінгі патриоттық әндер сайысына қатысушы үміткерлерімізді түгелдей тыңдап шықтық. Әділ қазылар әділ баға береді деп сенеміз.


Жүргізуші: Кең далам, көл-дариям, сеңгір тауым, Бабалар жеңді ерлікпен небір жауын. Байрағым желбіреп тұр биіктерде, Байладым тәуелсіздік - өмір бауын! - дей келе ендігі сөз кезегі әділ-қазыларға беріледі.


Жүргізуші: Бүгінгі «Патриоттық әндер» атты байқауымыз өз мәресіне жетті. Байқауымызды жабық деп жариялаймыз! Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
285
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі